«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon

«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі



Название«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Дата конвертации20.02.2013
Размер78.68 Kb.
ТипДокументы
источник

Алматы облысы әкімдігінің

2011 жылғы 30 маусымдағы № 137 қаулысымен БЕКІТІЛДІ


«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер

1. Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі –Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Басқарма Алматы облысы әкімдігінің атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енеді және өз қызметін оған жүктелген функциялар мен өкілеттілік шегінде ұйымдастырады.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес іске асырады.

4. Басқарма заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз аталуы бедерленген мөрі мен штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкіде есепшоты, дербес балансы бар.

5. Басқарма осы жылға сәйкес бөлінген бюджеттік қаржы шегінде азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің атынан әрекет етеді.

6. Басқарманың заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 үй.

7. Алматы облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тілдегі толық аталуы - «Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Управление внутренней политики Алматинской области».

8. Басқарманың құрылтайшысы және уәкілетті органы Алматы облыс әкімінің аппараты болып табылады.

9. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатының есебінен іске асырылады.

10.Басқарма өзінің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқығы жоқ.

11. Басқарма мен уәкілетті орган, басқарма әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығымен реттеледі.


^ 2. Басқарманың негізгі міндеттері:


1) аймақтағы саяси жоспарлауды ұйымдастыру;

2) аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжау және мониторингті талдауды ұйымдастырады;

3) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру;

4) аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

5) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.


^ 3. Басқарма заңдарда белгіленген тәртіппен

төмендегі фунцияларды орындайды:


1) ішкі саясат саласы бойынша аймақтағы мемлекеттік органдардың стратегиялық, шұғыл, жедел жоспарларын үйлестіру, ішкі саясат саласындағы бірыңғай аймақтық іс-әрекет жоспарын келісіму және әзірлеу;

2)мемлекетік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін қамтамасыз ету;

3) аймақтағы ішкі саясат процестерін, қоғамдық пікірді, азаматтардың электоралдық көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмысын жан-жақты зерделеп, талдау;

4) саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, шағын топтары, тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталықтары, қоғамдық пікір қөшбасшылар және миссионерлер жөнінде деректер базасын қалыптастыру;

5) монитринг жүргізуді жетілдіру бойынша әдістемелік жұмысты, төменгі жүйелердегі қызметкерлермен мониторинг мәселелері бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру, елдегі және шет мемлекеттердегі талдау жұмыстарының тәжірибесін зерделеу;

6) оқиғалық қатар және ішкі саясат саласындағы іс-әрекет жоспары тұрғысынан аймақтағы мемлекеттік органдардың медиа-жоспарлауын жүзеге асыру және үйлестіру;

7) аймақтық БАҚ-тардың заңдылықтарды сақтау және лицензиялық шарттарды орындау қызметіне мониторинг өткізу;

8) аймақтық БАҚ-тардың ақпараттық саясатты жүргізуде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруын ұйымдастыру;

9) облыста таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу;

10) мемлекеттік органдардың аймақтық БАҚ-тармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру және үйлестіру, мемлекеттік органдардың қызметін жариялауда нақтылы шаралар даярлау және өткізу, журналистердің кәсіби ұйымдармен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;

11) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысын, «Қазақстан-2030» Стратегиясын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;

12) аймақтағы көкейтесті ішкі саясат мәселелерінің жедел жарыққа шығарылуын ұйымдастыру, «дағдарыстық РR» тобын қамтамасыз ету;

13)мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етуді, ақпараттық-насихаттау мәселелері бойынша оқыту, семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру;

14) Қазақстан Республикасының ҮЕҰ-дарды мемлекеттік қолдау Концепциясына сәйкес ҮЕҰ-дармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

15)аймақтық ҮЕҰ-дарға ұйымдастырушылық-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету;

16) аймақтағы қоғамдық процестерді демократияландыруға бағытталған ғылыми-практикалық шаралар даярлау және өткізу;

17) облыс әкімінің жанындағы ҮЕҰ-дармен қатынас жөніндегі кеңестердің, өзге кеңестік-мәслихаттық органдардың жұмысын және өзара әрекеттестігін үйлестіру және ұйымдастыру;

18) қоғамдық саяси ахуалға, ҮЕҰ -дардың, басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметіне монитринг жүргізу арқылы облыс халқының қоғамдық пікірін зерделеу;

19) жастар саясатың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

20) өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарын қызметін қамтамасыз етеді;

21)саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу;

22) миссионерлерді және заңдцы тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеуді жургізу.


^ 4. Басқарманың мүлкі.


Басқарманың жедел басқару құқында дербес мүлкі бар. Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен, негізгі қор және айналымдағы құралдардан, сондай-ақ, басқарманың балансында көрсетілген басқа да мүліктерден құралады.

Басқарманы қайта құрылып немесе таратылған жағдайда басқарманың мүлкі меншік иесіне беріледі.


^ 5. Басқарманың қызметін ұйымдастыру


Басқарманың құрылымына бастық және оның орынбасары, бөлім бастықтары және басқарманың басқа да қызметкерлері кіреді, оның штаттық мөлшерін облыс әкімі белгілейді.


Басқарма төмендегі бөлімдерден тұрады:

1) әкімшілік бөлімі;

2) талдау және мониторинг бөлімі;

3) жастар және ҮЕҰ-мен жұмыс істеу бөлімі;

4) ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

5) саяси партиялар және діни бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімі. Басқарма бастығын облыс әкімі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің келісімімен қызметке тағайындап, босатады.

Басқарма бастығы:

1) мемлекеттік органдардың ішкі саясаты саласындағы іс-әрекетін үйлестіруді жан-жақты қамтамасыз етеді;

2) заң, нормативтік және шұғыл ақпарат негізінде басқарма құрылымына жалпы басшылық қызметін атқарады, құрылымдық бөлімдер (бұдан әрі – бөлімдер) қызметінің стратегиялық бағытын қамтамасыз етеді;

3) Басқарма персоналын жалпы басқаруды жүзеге асырады, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері болып табылатын бөлім бастықтарын, бас және жетекші мамандарды қызметке қабылдайды және босатады, өз құзыры шеңберінде марапаттайды және тәртіптік жазаға тартады;

4) ішкі саясаттың басымды бағыттары бойынша мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың жұмысын шоғырландырып, олардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

5) қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар өткізетін шаралардың ұйымдастырушылық және ақпараттық жақтарын тиімді ұштастырып, саяси әсерін қамтамасыз етеді;

6) өз құзыры шеңберінде Алматы облысы әкімінің бекітуіне нұсқаулық, нормативтік-әдістемелік құжаттарды, басқарма қызметі туралы есептер береді;

7) басқарманың жергілікті мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігін ұйымдастырады және жүзеге асырады, өзге ұйымдармен қарым-қатынаста қызметтік және қаржылық мүдделерін қорғайды;

8) аймақтағы шұғыл келісімге келтіруді қажет ететін әзірленген және қабылданған жоспарларды Президент Әкімшілігі мен Үкімет деңгейінде даярланған жоспарлармен үйлестіреді;

9) жүргізіліп отырған саясатты қолдайтын саяси партиялар,саяси ұйымдар және қозғалыстармен өзара әрекеттестікті жүзеге асырып, олардың электоралдық базасын кеңейтіп, әлеуметтік қолдау көрсетеді;

10)ақпараттық-талдау технологиялары негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызатын талдау және мониторинг жүргізуді, ішкі саясат саласындағы процестерді үнемі зерделеп, болжау жүйесін қамтамсыз етуді үйлестіреді;

11) басқарманың арнайы ақпараттарының құпиялығын ұйымдастырып, жүзеге асырады;

12) басқармаға жүктелген өкілеттіктер мен функциялардың орындалуына тікелей жауап береді;

13) басқарманың жүйелік бөлімдері туралы ережені, қызметтік нұсқауларды бекітеді;

14) өз құзіреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, өкімдер береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

15) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарма бастығының орынбасарын қызметке басқарма бастығы тағайындайды және босатады;

Басқарма бастығының орынбасары:

1) жастар саясаты мәселелерін жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) ақпараттық саясатты дамыту мәселелері бойынша атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

3) ақпараттық, жастар саясаты, ҮЕҰ-дарды мемлекеттік қолдаудың аймақтық тиісті бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4) аймақтағы қоғамдық - саяси ахуалды талдау, мониторинг жүргізу және болжауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жұмыстарын үйлестіреді.


^ 6. Басқарма жұмысының тәржімесі


6.1. Басқарма жұмысының тәржімесі 41 сағаттан аспайтын екі демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасымен белгіленеді.

6.2. Алдын ала белгіленбеген және кейінге қалдыруға болмайтын, шұғыл орындалуынан басқарманың алдағы кезеңдегі дұрыс (тоқтаусыз) қызметі тікелей байланысты жұмысты орындау үшін басқарманың жазбаша өкімімен жекелеген қызметкерлер тартылуы мүмкін, олар қызметке демалыс және мереке күндері келуге міндетті, бұл жұмысқа Қазақстан Республикасы еңбек заңына сәйкес өтемі төленеді.


7. Басқарма туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі


Басқарма туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.


8. Басқарманы қайта құру және тарату


Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi»
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«АҚТӨбе облысының ішкі саясат басқармасы» мм
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының пайымдауы – ішкі саяси тұрақтылық, аймақта қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың белсенді...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі iconҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі
Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мм мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ереже
Тік мекемесі (бұдан әрі- басқарма) Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік басқару...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon542 «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы...
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі icon2005 жылғы 2 тоқсанда «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есеп
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы