«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»



Название«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Дата конвертации29.05.2013
Размер97.82 Kb.
ТипДокументы
источник


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___» __________

№ ____ қаулысымен бекітілген


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді.

2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың ішкі жүйелері;

2) уәкілетті орган – Маңғыстау облысының аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесі және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде ұсынылады.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар


6. Мемлекеттік қызмет мекен-жайы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органмен көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

8. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен күн сайын 9.00-дан бастап 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша:

1) тұтынушының мүгедектердің кресло-арбалармен қамтамасыз етілуіне қарсы медициналық көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімделуінде қате анықталған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;

2) уәкілетті органның маманы тіркеуді жүзеге асырады және оның мемлекеттік қызметті тұтынушыға тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді, уәкілетті органның басшысына құжаттарды жібереді;

3) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және уәкілетті органның жауапты маманын анықтайды;

4) уәкілетті органның жауапты маманы ұсынылған құжаттарды қарайды, хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын ресімдейді, уәкілетті органның басшысына қол қойдырады және уәкілетті органның маманына жібереді;

5) уәкілетті органның маманы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тұтынушыға береді.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл

(өзара іс-қимыл) әртібінің сипаты


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып,

белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын;

3) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға

таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ қатысады:

1) уәкiлеттi органның маманы;

2) уәкiлеттi органның басшысы;

3) уәкiлеттi органның жауапты маманы.

13. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекетiнiң орындалу мерзiмiн көрсете отырып әрбір ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылы дәйектiлiгiнiң және өзара іс-қимылының мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 2-қосымшасында көрсетiлген.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк іс-қимылдардың қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема осы Регламенттiң 3-қосымшасында көрсетiлген.

15. Хабарламаның не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың нысаны осы Регламентің 4-қосымшасында көрсетілген.


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті органдардың тізбесі





^ Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмірі

1

2

3

4

1

«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы,

11 шағын аудан, ғимарат № 50


8 (7292) 432670

2

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы,

3 а шағын аудан,

«Достар» ғимараты


8 (72934) 42988

3

«Түпқараған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы,

Форт-Шевченко қаласы, Маяулы көшесі,

Жастар орталығы


8 (72938) 22848

4

«Мұнайлы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы,

Маңғыстау селосы,

қоғамдық ұйымдар ғимараты


8 (72924) 66445

5

«Маңғыстау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы,

Шетпе селосы,

аудандық әкімдігінің ғимараты


8 (72931) 21243

6

«Бейнеу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы,

Бейнеу селосы,

М. Бегенов көшесі, 26 «б»


8 (72932) 21275

7

«Қарақия ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы,

Құрық селосы,

Досан Батыр көшесі, 4


8 (72937) 21561



«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының сипаттамасы


1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылы (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және талон беру

Келіп түскен құжаттармен танысу, орындау үшін жауапты маманды анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Құжаттармен танысу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Басшыға құжаттарды бұрыштама қою үшін жіберу

Бұрыштама қою, жауапты маманға құжаттарды жөнелту

Уәкілетті органның басшысына материалдарымен бірге құжаттарды беру

Құжатқа қол қою

Тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды беру

5

Орындау мерзімі

15минут

1 сағат

он жұмыс күні ішінде

30 минут

Жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

5

-
^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс



1-топ ҚФБ

Уәкілетті органның маманы

2-топ ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

3-топ ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

№ 1 іс-қимыл

Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына жөнелту

№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, құжаттарды уәкілетті органның жауапты маманына беру

№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау, хабарламаны дайындау, уәкілетті органның басшысына материалдармен бірге құжаттарды беру

№ 5 іс-қимыл

Хабарламаны тіркеу, тұтынушыға хабарламаны беру

№ 4 іс-қимыл

Хабарламаға қол қою






^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс



1-топ ҚФБ

Уәкілетті органның маманы

2-топ ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

3-топ ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

№ 1 іс-қимыл

Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, уәкілетті органның басшысына жөнелту

№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, құжаттарды уәкілетті органның жауапты маманына беру

№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау, уәкілетті органның басшысына материалдармен бірге құжаттарды беру


№ 5 іс-қимыл

Дәлелді бас тартуды тіркеу, тұтынушыға дәлелді бас тартуды беру

№ 4 іс-қимыл

Дәлелді бас тартуға қол қою






«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара әрекеттестігінің сипаттамасы



^ Уәкілетті органның маманы хабарламаны не дәлелді бас тартуды тіркейді және береді

(жұмыс күні ішінде)




«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша


_______________________________

Т.А.Ә.

_______________________________

мекен-жайы

_______________________________


ХАБАРЛАМА


_________________ аудандық/қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сіздің мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу туралы өтінішіңізді қарап :_______________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________хабарлайды.


_________________ аудандық/қалалық

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бастығы __________________ __________________

(қолы) (Т.А.Ә.)



Похожие:

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі»
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»электрондық мемлекеттік қызметінің осы регламентінің 1 қосымшасында...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Ларға құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік...
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»
Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы