Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

НазваниеҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
страница1/32
Дата конвертации28.05.2013
Размер8.11 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.09.05. № 582-587 (27660), 2012.09.08. № 592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05.09.2012 г., № 297-298 (27116-27117), 06.09.2012г. № 289-300 (27118-27119), 07.09.2012г. № 301-302 (27120-27121), 08.09.2012г. № 303-304 (27122-27123); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 893-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттамасын келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Казино қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Ойын автоматтары залы қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Букмекер кеңсесi қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Тотализатор қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Cпорт шеберлiгiне үмiткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бiрiншi, екiншi және үшiншi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 27 шiлдедегi
№ 981 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 19) тармақшасының, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат уәкiлеттi органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға қағаз жеткiзгiште рұқсат беру, не болмаса мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрi - алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы уәкiлеттi органға жүгiнген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет демалыс және  мереке күндерiн қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      10. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органның ғимаратында 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша көрсетiледi. Ғимаратта мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) еркiн нысандағы өтiнiш:
      2) жеке кәсiпкер үшiн – алушының жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды түрде куәландырған көшiрмесi;
      3) заңды тұлға үшiн – жарғының және алушының заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды түрде куәландырған көшiрмелерi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға өтiнiштiң көшiрмесi тiркеле отырып (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi) берiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алушы уәкiлеттi органның қызметкерiнен күн сайын қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде алады.
      14. Уәкiлеттi орган аталған мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалғандық анықталса.
      Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      15. Уәкiлеттi органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
      9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиiмдiлiк;
      14) сыпайылық.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      16. Алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      17. «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      18. Уәкiлеттi органның уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты алу және шағым дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Шағым уәкiлеттi орган төрағасының атына берiледi.
      19. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кестесi мен мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
      20. Уәкiлеттi органның кеңсесiнде өтiнiштiң қабылданғанын растау оның тiркелгенi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, байланыс деректерi көрсетiле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегi көрсетiледi.
      21. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

«Спорттық костюмдер мен басқа
да спорттық керек-жарақтарды
ресiмдеу кезiнде «Қазақстан
Республикасының құрама   
командасы» атауын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына     
1-қосымша          

Нысан

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесi)

100%

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%

2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресiмдеу оқиғаларының (есептеулердi, есеп айырысуларды жүргiзу және т.с.с.) %-ы (үлесi)

100%

3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%

3.2. Алушылардың құжаттарын бiрден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесi)

90%

3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

100%

4. Шағымдану процесi

4.1. Осы қызмет түрi бойынша қызмет көрсетiлген алушылардың жалпы санына қарағанда негiзделген шағымдардың % -ы (үлесi)

0,1%

4.2. Негiзделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесi)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%

4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

«Спорттық костюмдер мен басқа
да спорттық керек-жарақтарды
ресiмдеу кезiнде «Қазақстан
Республикасының құрама   
командасы» атауын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттiк  
қызмет стандартына     
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң мекенжайы мен жұмыс кестесi

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң кеңсесi

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)753427

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

2.

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерi басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1406-кабинет

8(7172)753582
753371

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi Төрағасының қабылдау бөлмесi

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 27 шiлдедегi
№ 981 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттаманы келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 9) тармақшасының, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат уәкiлеттi органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi спорт ғимараттарын салуға арналған жобалау құжаттамасын қағаз жеткiзгiште келiсу, не болмаса мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрi - алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы уәкiлеттi органға жүгiнген сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушының жүгiнген күнiнде сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет жексенбiнi және  мереке күндерiн қоспағанда, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      10. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органның ғимаратында 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша көрсетiледi. Ғимаратта мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендтер) көзделген.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) жобалау-сметалық құжаттама.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
      1) сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi;
      2) сұрау жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi органның қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      13. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алушы уәкiлеттi органның қызметкерiнен күн сайын қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде алады.
      14. Алушы осы стандартқа 11-тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартатын болады.
      Уәкiлеттi органның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiле отырып қолхат берiледi.
      Уәкiлеттi орган осы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалғандық анықталса.
      Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
      9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиiмдiлiк;
      14) сыпайылық.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Похожие:

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi №981 Қаулысы

Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов