Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! icon

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар!



НазваниеҚымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар!
Дата конвертации28.05.2013
Размер184.97 Kb.
ТипДокументы
источник

Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты

Қазақстан Республикасының Президентi Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар


"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 28 қаңтардағы № 41-42 (27114);


Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi!
Ханымдар мен мырзалар!

      Қазақстан тәуелсiздiктiң үшiншi онжылдығына батыл қадам басты.
      Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкiмет өз жұмысына кiрiстi.
      Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өстi.
      Iшкi жалпы өнiм жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
      Бұрын сатылып кеткен активтердiң бiрқатар маңызды бөлiгi мемлекет меншiгiне қайтарылды.
      Ендi «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» компанияларының басым активтерi мемлекет иелiгiнде болады.
      Кезiнде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазiр жекешелендiру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едiм.
      Мiне, ендi бәрi қайтарылуда. Барлық акциялар пакетi Қазақстанда. Ендi өзiмiз барлығына ықпал жасайтын боламыз.
      Қазақстан халқы бiртұтас, бiрлiгi мызғымас кемел елге айналды.
      Дегенмен, бiз күрмеуi қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмiр сүрудемiз.
      Болжанған жаһандық дағдарыс қаупi шындыққа айналып келе жатқанын көрiп отырсыздар.
      Сарапшылардың пiкiрiнше, жаңа әлемдiк дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкiн.
      Бiздiң мiндетiмiз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.
      Бiз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердiң қатарына қосылуды көздеп отырған елмiз.
      Бiрлiгiмiздi сақтап, осылай еңбек ететiн болсақ, ол мақсатқа да жететiн боламыз.

Құрметтi отандастар!

      Қазақстан жолының жаңа кезеңi – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа мiндеттерi.
      Қазақстан үшiн экономикалық табыстар мен қоғамдық игiлiктердi қамтамасыз етудiң оңтайлы теңгерiмiн табу – өмiрлiк маңызды нәрсе.
      Бүгiнгi әлемде бұл – әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртудың түбегейлi мәселесi.
      Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.
      Мен ел халқына өзiмнiң жаңа Жолдауымды осы көкейкестi тақырыпқа арнаймын.
      Бiз он бағыт бойынша мiндеттер кешенiн жүзеге асыруға тиiстiмiз.
      Бiрiншi. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
      Менiң тапсырмам бойынша Үкiмет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудiң бағдарламасын бекiттi.
      Онда үш маңызды мiндет қойылған.
      Бiрiншiден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудiң тиiмдi жүйесiн жасау.
      Екiншiден, ауылдық жердегi кәсiпкерлiктi дамытуға септесу.
      Үшiншiден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсендi орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.
      2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режiмде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өттi.
      Бүкiл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.
      Ендi бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.
      Үкiметке және әкiмдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.
      Әңгiме сондай-ақ ауылда жұмыс iстейтiндердi шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнiнде болып отыр. Қалада жұмыс iстегiсi келетiндердi мемлекет есебiнен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты бiз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет.
      Екiншi. Қолжетiмдi баспана.
      Бiз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыруға кiрiсiп кеттiк.
      Елiмiзде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлуде.
      Алайда бiз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиiспiз.
      Бұл үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткiзу қажет.
      Ұзақ мерзiмдi жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екi түрлi жолды қарастыру қажет.
      Оған қоса жалға алғаны үшiн жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкiндiгiне сай болуы тиiс.
      Мұнымен бiрге отандық құрылыс саласы үшiн жаңа мүмкiндiктер туады.
      Соның бәрiн жаңа «Қолжетiмдi баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек.
      Мемлекет бұл бағдарламаны тиiстi қаражатпен қамтамасыз етедi.
      Аталған құжатты Үкiметке осы жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей жасап, қабылдауды тапсырамын.
      Үшiншi. Өңiрлердi дамыту.
      Қуатты Қазақстан дегенiмiз – ең әуелi өңiрлердiң қуаттылығы.
      Елдiң болашағы экономикадағы келешегi зор салалардың дамуымен байланысты.
      Бұл үшiн алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтiк инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.
      Бүгiнде әлемнiң көп елдерiнде осылай жасалуда.
      Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңiрлерге қоныс аударуына көмек қолын созуы тиiс.
      Қазақстанда келешегi зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады.
      Үкiмет елдi мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнiнде бағдарлама қабылдауы тиiс.
      Iрi кәсiпорынды немесе бiр саланы тiрек еткен шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
      Жаңаөзендегi жағдай бiр салалы шағын қалалардың әлеуметтiк қатерге жақын екенiн көрсеттi.
      Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтiру бойынша кешендi шаралар жасауға мәжбүр болды.
      Қазiргi уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түстi.
      Мәжiлiс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшiлiгi «Нұр Отан» партиясына дауыс бердi.
      Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсеттi.
      Сондықтан мен Жаңаөзендегi төтенше жағдай режiмiн бұдан әрi созбау жөнiнде шешiм қабылдадым.
      Алайда, бұл оқиғадан тиiстi түйiн жасалып, одан алынған сабақ ұдайы ескерiлуi керек.
      Үкiметке бiр салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын.
      Онда қаланың экономикасындағы әрбiр нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтiк саланы дамыту ескерiлуi қажет.
      Сонымен қатар, жергiлiктi шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн.
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жетiлдiрiп, барша жергiлiктi даму мәселелерiн шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды.
      Биылғы 1 шiлдеге дейiн Үкiмет Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бiтiруi тиiс.
      Төртiншi. Тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру.
      Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттiк органдардың қызметiне сенiмiн арттырудың маңызды қыры.
      Бiрiншiден, Электронды үкiметтi дамыту керек.
      2012 жылдың аяғына дейiн әлеуметтiк маңызы бар мемлекеттiк қызметтердiң 60 пайызы, соның iшiнде лицензиялардың барлық түрлерi, тек қана электронды түрде болуға тиiс.
      2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушiлiк құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиiс.
      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына автокөлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiктерiн тапсыру мәселелерiн де беру керек.
      Екiншiден, жаңғыртудың маңызды мәселесi – әкiмшiлiк ресiмдерiн оңайлату.
      Менiң тапсырмам бойынша рұқсат ету құжаттарының тiзiмi қазiрдiң өзiнде 30 пайызға қысқартылды.
      Үкiмет лицензиялар мен рұқсат ету қағаздарының барлық түрлерiнiң үштен бiрiн қысқартатын заң жобасын дайындады.
      Келесi қадам – рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгiзу.
      Үшiншiден, тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығын, соның iшiнде әр түрлi ынталандырушы бағдарламалардың есебiнен де көтеру қажет.
      Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендiрек игеруге шақырамын.
      Бесiншi. ХХI ғасыр барған сайын күрделенiп бара жатқан бүгiнгi заманғы мемлекеттi басқаруға жоғары талаптар қояды.
      Бiздiң маңызды мiндетiмiз – басқарушылардың бiлiктi саяси табын дайындау.
      Үкiметке, Президент Әкiмшiлiгiне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейiн Президенттiк кадр жасағына кандидатуралар жөнiнде ұсыныстар дайындауды тапсырамын.
      Арнаулы комиссия кандидатураларды бiлiмi мен кәсiбилiгi, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегi жұмысының табыстылығы өлшемдерi бойынша iрiктейдi.
      Олар елдiң экономикалық даму серпiндiлiгiне байластырылған, бизнес-құрылымдармен қарайлас жалақы алатын болады.
      Олар бiздiң Қазақстанымызды ХХI ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиiстi жаңа басқарушы элитаның негiзiн құрайды.
      Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерiн жаңғырту.
      Судьялар сот төрелiгiн тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиiс.
      Судьялар жасағын қалыптастырудың тәртiбiн түбегейлi түрде қайта қарау қажет.
      Апелляциялық инстанциялардың iстердi қайта қарауға төменгi соттарға қайтару жөнiндегi негiзсiз шешiмдерiнiң мүмкiндiгiн заң жүзiнде шектеу керек.
      Жоғарғы Соттан бастап, бүкiл сот жүйесiне өздерiнiң жауапкершiлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыру, сөйтiп өз жұмысын жетiлдiрудi өздерi бастау талабы қойылады.
      Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәрiне жария етiлетiндей төтенше оқиға болуға тиiс.
      Арбитраждық және аралық соттар жүйесiн нығайту керек.
      Биыл жаңа Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн, жеке детективтiк қызмет туралы заң жобасын дайындауды аяқтау қажет.
      Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту.
      2012 жылдың 1 шiлдесiне дейiн олардың бүкiл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткiзу мiндетiн қоямын.
      Одан кейiн құқық қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтiк дестесiн кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелерi қаралуға тиiс.
      Бiртұтас экономикалық кеңiстiкте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестi күшейту үшiн Интерпол үлгiсiмен Еуразпол – Еуразия полициясын құру жөнiндегi мәселе пiсiп-жетiлдi деп санаймын.
      Үкiметке тиiстi ұсыныстарды әзiрлеп, БЭК бойынша бiздiң әрiптестерiмiзге жiберудi тапсырамын.
      Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерiнiң бiрi – сыбайлас жемқорлықпен кесiмдi күрес.
      Бiздiң бұл бағыттағы iс-әрекеттерiмiз мемлекеттiк аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейiн едәуiр төмендеттi. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда.
      Алайда бiзге сыбайлас жемқорлықпен күрестiң жаңа стратегиясын жасау қажет.
      Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткiлiксiз.
      Жаңа құқықтық тетiктердi, ақпараттық мүмкiндiктердi пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртiп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңiнен тарту керек.
      Басқа елдердiң тәжiрибесiн зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кiрiстерiн ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет.
      Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек.
      Үкiметке үш айдың iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешендi бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырамын.
      Жетiншi. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуi.
      Бұл, ең алдымен, бiлiм беру мен денсаулық сақтау.
      Бiлiм беру жүйесiн жаңғырту барысында бiз үшiн келесi iс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
      Бiрiншiден, оқыту үдерiсiне қазiргi заманғы әдiстемелер мен технологияларды енгiзу.
      Бүгiнде халықаралық стандарттар негiзiнде Назарбаев Университетi мен Зияткерлiк мектептер табысты жұмыс iстеуде.
      Кәсiптiк-техникалық бiлiм берудiң озық мекемелерiнiң желiсi дамып келедi.
      Олардың тәжiрибесiн бүкiл қазақстандық бiлiм беру жүйесiне таратып, барлық бiлiм беру мекемелерiн солардың деңгейiне тарту қажет.
      Екiншiден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
      Арқаулық педагогтiк бiлiм берудiң үлгi-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға талаптарды күшейту қажет.
      Әр өңiрде педагогтардың бiлiктiлiгiн арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс iстеуi тиiс.
      Үшiншiден, бiлiктiлiктi бекiтудiң тәуелсiз жүйесiн құру қажет.
      Мемлекет бiр мезгiлде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге әрi олардың сапасына баға беруге тиiс емес.
      Медицина институтын бiтiрген түлек бiрден дәрiгер болып шыға алмайды. Политехникалық жоо-ны тәмамдаған түлек әлi де болса инженер емес. Оған өзiнiң маман екенiн дәлелдеуге тура келедi. Бүкiл әлемдегi тәртiп осындай.
      Үкiметке үстiмiздегi жылы қанатқақты режiмде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсiз Бiлiктiлiктi бекiту орталықтарын құруды тапсырамын.
      Төртiншiден, мемлекет-жеке меншiк әрiптестiгi, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруi мен өмiр сүруiн субсидиялау, жатақханалар желiсiн дамыту тетiктерi арқылы бiлiм берудiң қолжетiмдiлiгiн кеңейту қажет.
      Жұмыс iстейтiн жастар үшiн жұмыстан қол үзбей арнаулы бiлiм алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету – маңызды мәселе.
      Бүгiнде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбiр жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен бiлiм алу мүмкiндiгi болуы керек. Бiлiм және ғылым министрлiгi бұл мәселенi ойластыруы тиiс.
      Бесiншiден, оқу жастарға тек бiлiм берiп қана қоймай, сонымен бiрге оларды әлеуметтiк бейiмделу үдерiсiнде пайдалана бiлуге де үйретуi тиiс.
      Үкiметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнiнен бесжылдық Ұлттық iс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын.
      Алтыншыдан, оқыту үдерiсiнiң тәрбиелiк құрамдасын күшейту қажет.
      Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келiсiм мен толеранттылық, тәннiң де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.
      Бұл құндылықтар, меншiктiң қандай түрiне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сiңiрiлуге тиiс.
      Көп ұлттылық пен көп тiлдiлiк осы құндылықтардың бiрi және бiздiң елiмiздiң басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тiлi, бiздiң Конституциямызға сәйкес, мемлекеттiк тiл болып табылады. Онымен бiрдей мемлекеттiк органдарда ресми түрде орыс тiлi пайдаланылады.
      Бұл бiздiң Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкiмге жол берiлмейдi.
      Қазақ тiлiнiң жоспарлы түрде дамуы орыс тiлiне нұқсан келмейтiндей жағдайда жүзеге асады.
      Бiзге мемлекеттiң келешегi, болашақ дамуы не үшiн керек? Ол үшiн мемлекеттiң ең негiзгi сыртқы саясаты – көршiлермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттiң болашағы бұлыңғыр болады.
      Қазақ тiлi, бiздiң мемлекеттiк тiлiмiз өсiп-өркендеп келедi. 2020 жылға қарай мемлекеттiк тiлдi меңгергендердiң қатары 95 пайызға дейiн жететiн болады.
      Елiмiздегi барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тiлiнде оқыту үрдiсi жүрiп жатыр. Осының бәрiне депутаттар мен мемлекеттiк қызметтегiлер өз үлестерiн қосулары керек. Мәселенi осылай шешу қажет.
      Үкiметке барлық бiлiм беру мекемелерiнде жастардың осы құндылықтарды бiлуiн қамтамасыз ету жөнiнен типтiк кешендi жоспар әзiрлеудi тапсырамын.
      Бiзде тiптi ондай оқулықтар, жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргiзетiн оқытушылар жоқ.
      Бiздiң жастарымыз үшiн бұл өмiрлiк қажеттiлiк.
      Медициналық қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру, саламатты өмiр салтын алға бастыру адами әлеуеттiң деңгейiн арттырудың келесi бiр маңызды бағыты болып табылады.
      Бүгiнде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылуда.
      Денсаулық сақтау жүйесi сапалы дамып келедi. Халық денсаулығы көрсеткiштерiнiң жақсы серпiндiлiгiне қол жеткiзiлдi.
      Бала туу өсiп, өмiр сүру ұзақтығы ұлғайды.
      Қан айналу жүйесi ауруларынан болатын өлiм көрсеткiшi 1,7 есеге төмендедi.
      Бiз онымен жүйелi түрде айналысып келемiз. Бүгiнде жүрек-қан тамырлары жүйесiне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бiрге iс жүзiнде Қазақстанның барлық облыстарында да жасалады.
      Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негiзгi бағыттары, оның iшiнде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көлiктiк медицина дамытылуда. Бiзде медициналық пойыздар, автокөлiк, медициналық авиация пайдаланылады.
      Астанадағы Болашақ госпиталi қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивiне айналмақ.
      Ендiгi жерде онкологиядан болатын ауру мен өлiмдi төмендету мәселесi бiрiншi кезекке шықпақ.
      Үкiметке екi ай мерзiм iшiнде Қазақстанда, бiз жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесi бойынша жасағандай, Онкологиялық жәрдемдi дамыту бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.
      Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесiн де қарастыру қажет.
      Үкiмет үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн азаматтардың өз денсаулығы үшiн ынтымақтастығы тетiгiн енгiзудi ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесiн дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуi тиiс.
      Адам науқастану оның өзiне тиiмсiз екенiн түсiнуi керек. Бiзде денсаулық сақтау iсi тегiн, бiрақ, бүгiнде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзi, оған жұмыс берушi және мемлекет жауапкершiлiкте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазiр адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетiлетiн емдеу мекемелерiн таңдайды. Олар бұл мәселенi анықтап алды, ендi одан әрi қозғалу қажет.
      Әкiмдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшiн спорттық инфрақұрылымдардың қолжетiмдiлiгiн кеңейту туралы мәселенi шешудi тапсырамын.
      Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрiн де қолжетiмдi ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын.
      Сегiзiншi. Зейнетақы жүйесiн жетiлдiру.
      Қазақстан посткеңестiк кеңiстiкте бiрiншi болып жинақтау жүйесiн табысты енгiздi.
      Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
      Жиналымдар көлемi 17 миллиард доллардан асады.
      Сонымен бiрге, бүгiнде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкiндiктерi жоқ.
      Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан.
      Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзiнiкiндей көрiп, көбiне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердiң мүдделерiне қызмет iстейдi.
      Үкiмет Ұлттық банкпен бiрлесiп бiрiншi жартыжылдықтың соңына дейiн зейнетақы жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар қалыптастыруы керек.
      Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
      Индустриялық-инновациялық даму шеңберiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз.
      Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала бередi.
      Барлық мемлекеттiк органдар бұл жұмысты өздерiнiң негiзгi қызметi деп есептеуi тиiс.
      Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берiлдi.
      Соның нәтижесiнде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды.
      Бiз экономикамыздың озық кластерлерiн құруды және дамытуды одан әрi жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиiс.
      Үкiметке инновациялық кластерлердiң инфрақұрылымын дамыту үшiн қажеттi қаржы қарастыруды тапсырамын.

Құрметтi қазақстандықтар!

      Мен бүгiн бiздiң шикiзат ресурстарымыз бен инфрақұрылымдарымыздың жоғарғы бөлiнiстерi саласында, осы бөлiнiстерге қызмет көрсететiн жаңа ғаламат жобалардың бастау алатындығы туралы хабарламақпын.
      Бiрiншi. Оңтүстiк өңiрлердегi энергия тапшылығы проблемасын шешу үшiн Үкiметке үстiмiздегi жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС-iнiң бiрiншi модулiнiң құрылысын бастауды қамтамасыз етудi тапсырамын. Бұл өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстiк өңiрде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Бiз ешкiмге тәуелдi болмауға тиiспiз. Бұл мәселе өте көптеген жәйттердi шешедi. Балқаш ЖЭС-i бойынша барлық мәселелер шешiлдi. Iстi жеделдетiп, осы жұмысты бастау қажет.
      «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлiзiнiң қазақстандық учаскесiнiң құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл шынымен де ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл iшiнде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы салынып едi? Бiз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиiспiз.
      1200 шақырымға созылатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екi темiр жол желiлерi құрылысына кiрiсудiң де маңызы үлкен.
      Бұл жобалар Жезқазған - Арқалық өңiрiнiң дамуына қуатты серпiн беретiн болады.
      Екiншi. Үкiметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешендi минералды тыңайтқыштар өндiрiсiн құру жөнiндегi жобаны жалғастыруды тапсырамын. Бұл тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы үшiн қажет. Жоба Жамбыл облысының және бүтiндей оңтүстiктiң экономикасын көтеруге мүмкiндiк бередi.
      Үшiншi. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенiн құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндiрудi үш есе дерлiк – 1,7 миллион тоннаға дейiн, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейiн ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерiмен қамтамасыз етедi.
      Төртiншi. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенiнiң жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тонна пропилен мен 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етедi. Мұндай өнiмдi бiз Қазақстанда әлi шығарған емеспiз.
      Бесiншi. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететiн зауыт құрылысына кiрiсу қажет.
      Алтыншы. Үкiметке елдiң, астананы қоса алғанда, орталық өңiрiн газдандыруды қамтамасыз ететiн құбырлы өткiзгiш жүйесiн жоспарлап, жүзеге асыруға кiрiсудi тапсырамын.
      Бұл көп қаржыны қажет ететiн, маңызды жұмыс. Газға тәуелдiлiктен арылу үшiн бiз оны жасауымыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндiретiн ел. Бiз елiмiздi газдандыруға мiндеттiмiз.
      Бұл жобалардың көпшiлiгi бойынша инвестициялау мәселелерi шешiлген, ал қалғандары бойынша шешу қажет.
      Үкiмет пен Парламентке жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажеттi қаржы бөлу үшiн бюджеттi қайта қарау жөнiнде ұсыныс енгiземiн.
      Бiзге жобаны жүзеге асыру үшiн Ұлттық қордан несие алуға тура келедi. Мен оны дұрыс деп есептеймiн. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық.
      Бұл жобалардың бәрi бiздiң экономикамыздың, бiздiң елiмiздiң бейнесiн бүтiндей өзгертетiн болады.
      Жоғарыда айтылғандардың бәрi әлемдегi ықтимал деген дағдарыстарға қайтаратын бiздiң жауабымыз болмақ.
      Бiз бүкiл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз.
      Тұрғын үй, iрi кәсiпорындар құрылысы төңiрегiнде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсiбi дамитын болады. Жаңа, жас кәсiпкерлердiң пайда болуына көптеген мүмкiндiктер туады. Олар мұндай мүмкiндiктi жiберiп алмауға тиiс.
      Қаржы шығындарын бақылау үшiн 2008-2009 дағдарыс жылдары кезеңiнде нақты және тиiмдi жұмыс iстеген және өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген комиссия секiлдi арнайы комиссия құруды тапсырамын.
      Бұл жобалардың барлығын бiз осы жылдың өзiнде бастайтынымызды атап көрсетемiн.
      Үкiметке қазақстандық инновациялық жүйенi нығайту қажет.
      Перспективалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырудың бюджеттiк шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.
      «Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелi мемлекеттiк қолдау үшiн негiз қалайды.
      Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
      Назарбаев Университетi төңiрегiнде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететiн инновациялық-интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиiс.
      Астанада жоғары технологиялы кәсiпорындар құра отырып, бiз бұл тәжiрибенi Қазақстанның басқа да ғылыми-бiлiм беру орталықтарына тарататын боламыз. Бiзде заңнамалық негiз бар.
      Бұл менiң тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» жаңа заң.
      Соның негiзiнде мемлекеттiң, бизнес пен ғылымның өзара iс-қимылының инновациялық әлеуетiн өрiстету қажет.
      Үкiметке мемлекет-жекеменшiк әрiптестiгiнiң жаңа пiшiндерiн енгiзудi қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырамын.
      Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерiнiң бiрi Қазақстан экономикасына тiкелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады.
      Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.
      Дамыған елдерде туристiк кластердiң үлесiне IЖӨ-нiң 10 пайызына дейiнi тиесiлi.
      Бiзде 1 пайызға да жетпейдi.
      Тұтастай ел бойынша туризм өсiмiнiң нүктелерiн зерттеу қажет, олар аз емес.
      Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдiк деңгейдегi тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиiс.
      Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бiр турист теңiзге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейдi. Бұл мемлекет үшiн өте тиiмдi.
      Үкiметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелi жоспарын жасауды тапсырамын.
      Өздерiңiз бiлетiндей, менiң қамқорлығымдағы ерекше шаруа – iскерлiк және инвестициялық ахуалды нығайту.
      Қазақстанда «Бизнестiң жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда.
      Қазiрдiң өзiнде көптеген қазақстандықтар оның тиiмдiлiгiне көз жеткiзiп үлгердi.
      Үкiметке бағдарламаға инновациялар енгiзу үстiндегi бастаушы және жас бизнесмендердi қолдаудың қосымша шараларына қатысты өзгерiстер енгiзудi тапсырамын.
      Бүгiнде қаржы-экономикалық, оның iшiнде салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.
      Кеден және салық комитеттерiне, қаржы полициясына құқықтық нормаларды, оның iшiнде қосарланған салық салу бойынша құқықтық нормаларды қолдануда бiрiздi болу қажет.
      Отандық және шетелдiк инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың болжамдылығы мен транспаренттiлiгi Қазақстандағы iскерлiк инвестициялық ахуалдың негiзi болуы тиiс.
      Бiздiң шенеунiктер инвесторларға тосқауыл қоюға емес, қай жағынан да оңды жәрдемдесуге тиiс деп табанды талап етемiн.
      Бiз отандық және шетелдiк инвесторлармен нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын жасау үдерiсiнде тұрақты консультациялар өткiзудiң тетiгiн нығайтуға тиiспiз.
      Кәсiпорындардың бизнестi жауапкершiлiкпен жүргiзудiң қағидаттарын сақтауын ынталандырудың стратегиясын жасап, жүзеге асыру бойынша ұлттық байланыс орталықтарын құру қажет.
      2012 жылы Қазақстанның БСҰ-ға өтуi туралы келiссөздер аяқталуы тиiс.
      Бұл бiздiң экономикамыздың инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жоғарылатады.
      Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.
      Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкiндiктерге және инновациялар енгiзу үшiн жоғары әлеуетке ие.
      Азық-түлiкке деген қажеттiлiк әлемде жыл сайын өсе беретiн болады. Бiзге бұл мүмкiндiктi жiберiп алуға болмайды.
      Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетiп отыр.
      Бiзге жеке инвестициялардың аграрлық өндiрiске тәуекелiн төмендету үшiн заемдарды кепiлдендiру мен сақтандырудың мемлекеттiк жүйесiн жасап енгiзу керек.
      Фермерлердiң қаржыландыруға қолжетiмдiлiгiн кеңейту үшiн балама жолдар табу қажет.
      Үкiметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргiзудi мемлекеттiк қолдаудың тетiгiн жасап, енгiзудi тапсырамын.
      Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, бiртұтас астық холдингiн құру қажет.
      Ет өндiрудiң экспорттық әлеуетiн дамыту жөнiндегi жобаны жүзеге асыруды белсендiрек ету қажет.
      Үкiметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның iшiнде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндiрiсi мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етудi тапсырамын.

Құрметтi қазақстандықтар!

      Бүгiнде бүкiл әлемге және әр мемлекетке қуатты жаһандық және iшкi сын-қатерлерге жауап табу маңызды.
      Әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша мiндеттердi орындап, бiз экономиканы нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етемiз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз.
      Сонымен бiрге, Қазақстан әлемдiк саясаттың лайықты қатысушысы ретiнде бейбiтшiлiктi нығайту мен қауiпсiздiк жолдарын айқындауға белсендi қатысуын жалғастырады.
      Бiз ядролық қауiпсiздiк, Ядросыз әлемнiң жалпыға бiрдей декларациясын қабылдау жөнiндегi бастамаларды iлгерiлеттiк.
      Үстiмiздегi жылдың наурыз айында Сеулде өтетiн Ядролық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi жаһандық саммитте олар нақтыланатын және толықтырылатын болады.
      Осы жылы бiздiң әлемдiк дағдарыстан шығу жөнiндегi «G global» идеясы талқыланады деп үмiттенетiн Астана экономикалық форумы үлкен маңызға ие болады.
      Сондай-ақ осы жылы Астанада халықаралық конфессияаралық үнқатысудың маңызды алаңына айналған Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының IV съезi өтедi.
      Бiз Қазақстан жариялаған Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны жүзеге асыру үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмсауға тиiспiз.
      Бiз «жасыл» технологиялардың трансфертiне бағытталған Астананың «Жасыл көпiр» бастамасын жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты жалғастырамыз.
      Қазақстанның сыртқы саяси ұсыныстары әлемдiк қоғамдастықтан қолдау тапты.
      Оларда бiздiң алдағы ондаған жылдардағы сыртқы саяси стратегиямыздың мәнi кестеленген.
      Бiз теңдестiрiлген сыртқы саясатымызды тек Батыспен ғана емес, сондай-ақ Азия мемлекеттерiмен де өзара iс-қимыл таныта отырып жалғастыратын боламыз.
      Осы жылы менiң Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес шақыру жөнiндегi бастамама 20 жыл толады.
      Үстiмiздегi жылы бiз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымындағы төрағалығымызды лайықты аяқтауға тиiспiз.
      2012 жылы Астана ТМД мен түркi әлемiнiң мәдени астанасы болып табылады.
      Осы шараларды лайықты өткiзу керек.
      Бiз ХХI ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерге еуразиялық интеграцияны тереңдетумен жауап берудемiз.
      Бiз Ресеймен және Беларусьпен бiрге Бiртұтас экономикалық кеңiстiк қалыптастырдық, Еуразиялық экономикалық одақ құруға келе жатырмыз.
      Бұл – жалпыөңiрлiк тұрақтылықтың, бiздiң экономикалардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатудың маңызды факторы.
      Бiз ТМД-ның басқа мемлекеттерiнiң еуразиялық интеграцияға қосылуға ұмтылысын қолдауға дайынбыз.

Құрметтi отандастар!

      Әлеуметтiк жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкiметтiң, Қазақстанның барлық жауапты күштерiнiң – партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, шығармашылық және кәсiби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттары қызметiнiң темiрқазық мәселесi.
      Оның үстiне мен соңғы Мәжiлiс сайлауына қатысқан барлық партиялардың сындарлы ұсыныстарын ескеруге ұмтылдым.
      Бiз барлық күштердi Отанымыздың игiлiгi үшiн бiрiктiруге тиiспiз.
      Бiздiң алдымызда үлкен жұмыс күтiп тұр.
      Барша қазақстандықтарды белгiленген барлық мiндеттерге қол жеткiзу жөнiндегi жұмыстарға аса белсендi қатысуға шақырамын!

Қымбатты достар!

      Бiздi орасан зор, күрделi және қиын, бiрақ баршамыз үшiн, қарапайым адамдар үшiн де, Үкiмет пен Парламент үшiн де, бүтiндей алғанда мемлекет үшiн де қызықты жұмыс күтiп тұр. Осындай үлкен мақсаттар қоймайынша бiз дами алмаймыз. Бiз әрқашанда айтқанымызды жасап келдiк. Бiз өзiмiздiң барлық жоспарларымызды, бағдарламаларымызды орындадық.
      Алда қызу жұмыс күтiп тұр. Әлем сондай, жағдай сондай. Бүгiнгi күннiң сынағы сондай.
      Ендеше, бүкiл қазақстандықтарға үн тастап, өзiмiздi бүкiл қазақстандықтардың өмiрiн жақсартатын осынау ғаламат мiндеттердi орындауға жұмылдырайық!

Қадiрлi отандастар!

      Қазiр елiмiз дамудың жаңа кезеңiне қадам басты.
      Бiз бүгiнде бәсекеге қабiлеттi, әлеуетi зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз.
      Бiз бұдан бұрын да биiк белестердi бағындырдық. Оны бiз 20 жылдықта айттық.
      Сондықтан, мақсатқа жету бiздiң қолымыздан келедi.
      Бiз оған жетудiң жолдарын жақсы бiлемiз.
      Ол үшiн қажеттi ресурстар бүгiн мемлекетте жеткiлiктi.
      Бiздiң мiндетiмiз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс.
      Бұл жолда бiз үшiн ең бастысы – тәуелсiз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы.
      Дана халқымызда «Игiлiк басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар.
      Ендеше, тәуелсiздiгiмiз баянды, тұтастығымыз берiк, елдiгiмiз мәңгi болсын, ағайын!
      Осы мерейлi белесте баршаңызға мол табыс тiлеймiн!

      Назарларыңызға рахмет!



Похожие:

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 27. 01. 2012 г
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 28 февраля 2007 г
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана. 28 февраля 2007 г
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 27 января 2012 г
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н. А. Назарбаева народу Казахстана
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметтi депутаттар мен Үкiмет мүшелерi! Ханымдар мен мырзалар! iconҚымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов