Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында icon

Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында



НазваниеҚазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
страница1/3
Дата конвертации28.05.2013
Размер434.02 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан.

16.02.2005

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА

 

• Біз неден бастадық

•  Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық Біздің өміріміз жақсара бастады.

•  Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.

•  Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық.

•  Біз қайда бара жатырмыз?

3. Қазақстаннның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі

3.1 Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту

3.2 Шағын және орта бизнес туралы

3.3. Аграрлық мәселелер

3.4 Қаржылық сектор мәселелері

3.5 ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау

3.6 Ана, бала, аға ұрпақ

3.7 Тұрғын үй мәселелері

3.8 Рухани даму мен конфессиялар аралық келісім

3.9 Жоғарыда айтылған сөздердің бүгінгі күні әрбір отбасы үшін, әрбір қазақстандық үшін мәнісі неде?

4. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі

4.1 Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы

4.2 Қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін одан әрі пайдалану

4.3 Атқарушы билік реформасы

4.4 Биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейту туралы

4.5 Сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасы

4.6 Сайлау туралы

4.7 Азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы

4.8 Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес туралы

5. Қазақстан қазіргі әлемде

5.1 Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз

5.2 Бізді бүгін не алаңдатып отыр?

5.3 Өңірдегі жағдай туралы

6. Біздің туған Қазақстанымыз үшін жауапкершілігіміз

Құрметті қазақстандықтар! Ардақты ағайын!

1. Біз неден бастадық

Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді. Осы уақыттың ішінде халық менің елімізге басшылық етуіме өзінің шынайы сенімін білдірді. Мен болсам, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысып. біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр жыл сайын өздеріңізбен бірге саралап келемін.

Міне, бүгін, араға он бес жылдай уақыт салып, мен сіздерді біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың қорытындысын шығаруға шақырып отырмын. Біздің мақтан тұтарлық істеріміз жеткілікті.

Біз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегі біздің нақты мүмкіндіктеріміз қандай еді?

Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесі балаң, Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.

Былайғы дүние бізді көзге де ілген жоқ, әлемдік қоғамдастықты біздің ядролық қару–жарағымыз ғана алаңдатты.

Енді 20 – 25 жылдан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының» қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және өзгерістердің нәтижесін елеп-екшер болса: «Шынымен, солай болды ма екен», деп таң-тамаша қалары анық.

Сонда олардың бізге қызыға қарарына көзім әбден жетеді. Біздің батылдығымызға, жігерімізге, қабілетімізге, сайып келгенде, еркіндігімізге қайран қалары анық. Өйткені бүгінгі күні біз жасаған дүниені рухы күшті жандар ғана жасай алатын еді.

Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік.

Өзіміздің төл теңгеміз айналысқа енген, экономикалық тәуелсіздігіміз аныққа шыққан 10 жыл кезеңді алайықшы. Бұл 10 жыл - елімізді тұрақты еткен, экономикамызды өркендеткен төл Конституциямыздың да мүшелді мерекесі.

^ 2. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық

2. 1. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық.

Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.

Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол.

Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда, біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.

Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды . Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян ақиқат.

Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы 7 миллиард доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда, 3 еседен астам өсті деген сөз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті.

Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.

Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік.

^ 2.2. Біздің өміріміз жақсара бастады

Бүкіл дүниежүзілік банктің сыныптамасы бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.

Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Биылғы жылы кепілді тегін медициналық көмек көлеміне жұмсалатын мемлекеттің шығысы 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.

Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дәл орталығында жаңа астанамызды тұрғыздық . Көрген жанның бәрі Астана көркіне тәнті болып жүр. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

2.3. Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.

Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғамыз жоқ. Біз демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік.

Қазақстан мемлекеттілігі біржолата орнықты. Біздің еліміз өз саяси дамуының үлгісі жағынан батыс демократиясына және әлеуметтік ілгерішілдігі мен саяси саналуандығы бүкіл әлемге танылған «жаңа» азиялық демократия дегенге де жақын.

Біз саяси өмірімізді либералдандыру жөнінде де айтарлықтай табыстарға жеттік. Бұл тұста мыналарды айтсақ та жеткілікті:

- Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізіліп келеді; еркін демократиялық сайлаулар үнемі өкізіледі; тежемелік әрі тепе-теңдік негізінде билік тармақтарының ара-жігін ажырату қағидаты жүзеге асырылып жатыр;

- Қазақстанда саяси саналуандық және көппартиялылық орныққан; кез келген қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады;

- 5 мыңнан аса үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам институттары мен құрылымдары жасақталып, жұмыс істеуде;

- Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Біздің қоғамда сот жүйесіне деген сенім барған сайын арта түсіп отыр;

- Қазақстанда сөз бостандығы қаматамасыз етілген, цензура жоқ; мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс істеуде. Осы орайда бұрынғы шақырылған Парламентте БАҚ еркіндігін шектеу әрекеті байқалғанын, сонда мен дүдәмал заң жобасына тоқтау салғанымды естеріңізге сала кеткім келеді, сөйтіп мемлекет өзінің баспасөз бостандығы жолындағы бағытының мызғымайтынын тағы да қуаттап берді;

- Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, елеулі нәтижелерге қол жетті; Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды; Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылды. Құрамы жөнінен көрнекті әрі беделді Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді;

- Қазақстанның кез келген азаматы елден шыға да және қайтып орала да алады;

- бүгін кез келген қазақстандықтың өзінің қалауына қарай қызметпен шұғылдануға құқығы бар;

- әркімнің өз балаларын тиімді деп тапқан жерлерде оқытуға құқығы бар;

- әрбір қазақстандықтың сайлауға және сайлануға құқығы бар;

- Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді. Бізде түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген, әрі діни экстремизмге қарсы дәйекті күрес жүргізіледі. Астанада өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі еліміздің бітімгершілік әлеуетінің өсіп келе жатқанының айқын айғағына айналды;

- Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген;

- біз Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстың туындау тамырын құрттық;

- Қазақстан ТМД-да бірінші болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде заң қабылдады, әрі бұл бағытта алдағы уақытта да жалғаса беретін дәйекті жұмыс жүргізіліп келеді.

Осыдан 10 жыл бұрын мұның бірі де болып көрмеген еді, ал бүгін өмір бойы осылай болып келе жатқан сияқты.Осының бәрі де қуатты президенттік билік институтының сақталуымен ұштасып, елімізге өткен дәуірдің сарқыншақтарын еңсеріп, Достастық мемлекеттерінің көпшілігіне қарағанда, неғұрлым жоғары қарқынмен даму үшін мүмкіндіктер туғызған шығар деп санаймын.

Сөйтіп, біз бүгін саяси жүйені жаңартудың белгілі бір белесіне көтерілдік. Өткен жылы бізге келіп қайтқан ЕҚЫҰ төрағасы Соломон Пассимен кездесуіміз кезінде ол: «соңғы жылдары Қазақстанда демократиялық реформалардың айрықша ілгері басқаны байқалып отыр»,- деп атап көрсеткен еді.

2.4. Біз Қазақстанды өңірдің көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық.

Біз қаруланбау мен ядролық қарусыздану жолын таңдап алып, әлемдік қауымдастықтың алдында өңірлік қауіпсіздік факторына айналдық. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын өз еркімен жапты. Әлемдегі төртінші ракеталық-ядролық әлеуетінен бас тартып, күллі дүниеге үлгі көрсетті.

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бастамашысы әрі белсенді қатысушысы болды.  
Біздің еліміздің әлемдік аренадағы есімі Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы ұсынысымен тікелей астасып жатыр десек асыра айтқандық емес. Өзіндік төлтұма құжат – Сенім шараларының каталогын қабылдаған Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы соңғы кездесуі - мен 1992 жылдың өзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жасаған бастаманың ойдағыдай іске асуының жақсы айғағы.

Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр.

Таяуда белгілі Ресей ғалымы академик А. Аганбегян атап көрсеткендей, «Қазақстан мен Қытай сияқты екі ел бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр».

^ 2.5. Біз қайда бара жатырмыз?

Мен жүзеге асқан бастамаларымызды баяндап бердім. Біз бірлесе отырып, еркін экономика мен ерікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық.

Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат.

Қымбатты отандастарым! Сіздер менің ұлттың бастаушысы болуыма сенім жүктеп қана қойған жоқсыздар, сіздер әрдайым менің жанымнан табылып, сөздеріңізбен де, істеріңізбен де, мені әрдайым қолдап отырдыңыздар, сол үшін де мен сіздерге шын көңіліммен ризамын.

Біздің болашағымызды мен өзіме қалай елестетемін?

Еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру – біздің күн тәртібіміздегі мәселе осындай.

Сондықтан да алдағы уақытта менің күш-жігерім:

- мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамытуға;

- еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;

- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және шикізаттық емес секторларды ілерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға;

- білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы 21 ғасырдың деңгейіне көтеруге;

- азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;

- қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге;

- діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз етуге;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;

- лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаһандық күреске бағытталады.

Ендігі бір айтқым келетін жәйт: Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет - осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін ұтымды пайдалану.

Бүгін мен өзіміздің бұдан былайғы жаңғыруымызды жеделдетудің нақтылы жоспарын ұсынғым келеді. Соған сәйкес біз өзіміздің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-қимылымызды реттейтін боламыз.

^ 3. Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.

^ 3.1.Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту

Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.  
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда, кемінде 5 -7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.  
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.  
Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.

^ 3.2. Шағын және орта бизнес туралы

Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.

Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.  
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.  
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!  
Мен өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын.  
Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет.  
Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдигтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз.  
Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөз бұйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді.  
Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы респубикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.

^ 3.3 Аграрлық мәселелер

Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сома.  
«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылдау қажет.  
Алдағы уақытта Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де, атап айтқанда, агроиндустриалдық саясат арнасында, осында тарту керек.

^ 3.4. Қаржылық сектор мәселелері

Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005 – 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек.  
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconҚазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005 ж., ақпан
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында icon2005 жыл ІІІ тоқсандағы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы
Жолдауының басымырақ бағыттарының іске асырылу барысын; ел Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында icon«Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» мемлекеттiк грантын
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconГеоргиевка ауылдық округінің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы есеп
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясы мен «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы бағыт-бағдарлары...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconШҚо зырян ауданы Серебрянск қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша 2012 жылға есепті баяндамасы
Біздің еліміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жыл сайын, қарқынды жаңғырту және диверсификациялау жолымен экономикалық өрлеуді қамтамасыз...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconЗайсан ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының
Зайсан ауданының әкімдігі орнықты дамуды қамтамасыз етуде қажетті экономикалық және әлеуметтік ресурстарды арттыру жолында жұмыс...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында icon«Қазақстан -2030» стратегиясының 15 жылдығын өткізуде, Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын
Жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында icon2007 жылғы үшінші тоқсан бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси ахуал жайындағы ақпарат
Оңды әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы, белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыстар, мемлекеттік органдардың барлық азаматтық қоғам...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconСелолық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы Мемлекет басшысы Н.Ә
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстар жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына жолдауының міндеттері мен негізгі бағыттарын...
Қазақстан экономикалық, Әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында iconБалқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы қала әкімі Н. Е. Әубәкіровтың 2012 жыл қорытындысы бойынша есебі
Икалық жаңҒырту қазақстан дамуының басты бағыты атты халыққа Жодауын орындау барысында Балқаш қаласы әкім аппарытының құрылымдық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов