«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon

«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»



Название«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
Дата конвертации04.05.2013
Размер69.11 Kb.
ТипДокументы
источник

«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1.Жалпы ережелер


1. «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің қызметін ұйымдастыруды, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Село әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің нормативтік-құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені және өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

3. Село әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. Село әкімінің аппараты туралы Ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штатын аудан әкімдігі бекітеді. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

Егер аудан әкімдігі оны осыған уәкілеттік етсе, село әкімі аппаратының мемлекеттің азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып түсуге құқығы бар.

5. Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппаратының заңды мекен-жайы: 130500,Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов селосы, А.Бекенжанов көшесі №17 ғимарат.

6. Мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима села Сайын Шапагатова»

7. Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппаратының құрылтайшысы: Түпқараған ауданы әкімдігі. Село әкімдігін құру туралы Маңғыстау облысының әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілде № 266 қаулысы, Маңғыстау облыстық Маслихатының 2010 жылғы 23 шілде №26/304 шешімі, құрылған село әкімінің аппараты туралы Ереже, осы мекеменің құрылтай құжаттары болып табылады.

8. Село әкімі аппаратын қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.


^ 2. Село әкімінің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары:

Село әкімі:

1). тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2). азаматтардың өтініштерін, арыздарын ,шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

3). салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

4). әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

5). стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

6).азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

7). өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзегі асырады;

8). аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда ( селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

9). шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

10). өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

11). әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгілінген тәртіппен нотариаттық іс – қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

12). тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

13).табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

14). жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

15). қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

16). шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

17). жергілікті өзін- өзі басқару органдарымен өзара іс –қимыл жасайды;

18). шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

19). жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

20).республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

21). өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

22). елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, когалдандыру және санитарлық тазарту қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

23). туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зиреттер мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

24). ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мекетепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.

25). ауыл (село) әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді жатқызылуы мүмкін.


^ 3. Село әкімі аппаратының өкілеттігі


3.1. Село әкімі аппаратының ,өз функцияларын жүзеге асыруы үшін өз құзыреті шегінде мынадай өкілеттікке ие;

мемлекеттік органдардың қарамағында болған кез-келген, соның ішінде құпия ақпараттық деректер банкісін пайдалануға;

Село әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасулар жүргізуге;

Село әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптауды жүзеге асыруға;

Алқа мәжілістерінде оларды қарау кезінде, туындаған келіспеушіліктерді жою жөнінде тапсырма берілген жағдайда, оларды пысықтап тиянақтауға қатысуға;

Президенттің актілерін, үкімет қаулылырының облыс, аудан әкімдігінің және әкімінің өкім, қаулы, шешімдерінің орындалысына тексеру жүргізуге қатысу;

Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің нормативтік-құқықтық кесімдерінің облыс әкімдігі қаулылырының, облыс әкімі, сонымен қатар аудан әкімі шешімдерінің орындалу мерзімін бақылауды жүзеге асыру.

3.2. Село әкімі аппаратының қажетті материалдары, хабарламаларды мемлекеттік органдардың табыс етуі жөніндегі талаптары, егер тапсырмада орындаудың басқадай мерзімі айқындалып белгіленбесе, заңнамамен белгілінген мерзімде орындалуға жатады.


^ 4.Село әкімі аппаратының мүлкі


4.1. Село әкімі аппаратының оралымды басқару құқығында оның активтерінен құрылатын, құны село әкімі аппаратының баланысында көрсетілетін оқшауланған мүлкі болады.

Село әкімі аппаратына бекітілген мүлік, аудандық коммуналдық меншікке жатады.

Село әкімінің аппраты, егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес.


^ 5. Село әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру


5.1. Село әкімі аппаратын аудан әкімі қызметке тағайындайтын село әкімі басқарады. Село әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.

5.2. Село әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуымен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.

5.3. Село әкімі осы мақсатта:


Село әкімі аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;

Село әкімі аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Заңдарда белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету сонымен бірге тәртіптік жаза қолданады;


Село әкімі аппаратының өкім, шешімдеріне қол қояды;

Ұйымда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге жеке жауаптылықта және сыбайлас жемқорлықтық қандай да бір бұзушылықтарға дербес жауап береді.


Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


6. Село әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату.


6.1. Село әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Сайын Шапағатов селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі мемлекеттік қызметкерлерінің міндеттер бөліністері
Селодағы әлеуметтік мәдени нысандардың жұмысын қадағалап, жалпы басшылық жасайды
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Cенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» iconТүпқараған аудан әкімдігінің 2012ж ақпан № қаулысымен бекітілді
«Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – село әкімінің аппараты), селосы әкімінің қызметін ұйымдастыруды,...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Құрық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережес І
«Құрық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Көрініс –«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің сапалы және өз уақытында...
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» icon«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов