«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» icon

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»



Название«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
Дата конвертации25.08.2014
Размер56.17 Kb.
ТипДокументы
источник

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты»

Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Жалпы ережелер

1. «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

3.Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.Аппарат ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.Аппарат заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.Аппарат өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласы Сарыарка ауданы әкімінің өкімі және шешімі түрінде рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8.Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 11 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

12.Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджеттен (шығын сметасынан) жүзеге асырылады.

13.Аппараттың қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

^ 2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

14.Аппараттың миссиясы: Астана қаласы Сарыарқа ауданы аумағындағы мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

15.Міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, Астана қаласы әкімінің нормативтік құқықтық актілерімен, Аппарат туралы Ережемен белгіленген міндеттерді іске асырады.

16.Функциялары:

1)азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

2)салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

3)аппарат әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, Астана қаласы әкімдігінің қарауына енгізіледі;

4)Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес стратегиялық жоспарды әзірлейді;

5)азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конститутциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдеседі;

6)өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады және кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

7)әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

8)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

9)табысты аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, аталуы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

10)жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

11)шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

12)жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен өзара іс - қимыл жасайды;

13)шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

14)жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Астана қаласы мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

15)мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;

16)өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруды және су пайдалану мәселелерін реттейді;

17)елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

18)туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

19)кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

17.Құқықтары мен міндеттері:

Аппараттар өз құзіретін шегінде өзіне жүктелген өкілеттіліктерін орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгілеген аудандық мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, ауданның шаруашылық, әлеуметтік қызметтеріне және аудан әкімі Аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасайды.

^ 3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

18)Аппаратқа басшылықты, Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына, оның функцияларын жүзеге асыруға және Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болып табылатын Сарыарка ауданы әкімі жүзеге асырады.

19)Аудан әкімі қызметке Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіпте тағайындалады және қызметтен босатылады.

20)Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21)Сарыарка ауданы әкімінің өкілеттігі:

1)мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

2)нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік - өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

3)әкімнің өз құзыреті шегінде қабылданған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады

4)заңнамалармен анықталған тәртіппен Аппаратта гендерлік теңдікті асырады

Аудан әкімі болмаған жағдайда, оны аудан әкімі өз міндеттерін жүктеген аудан әкімінің міндеттерін атқаратын орынбасарларының бірі ауыстырады.

22.Аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімінің Аппарат басшысы өз қызметтерін аудан әкімі белгіленген міндеттер бөлінісіне сәйкес жүзеге асырады, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, оған бағынады және есеп береді

23.Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалған және осы тәртіппен қызметтен босатылатын басшысымен басқарылады.

^ 4. Аппаратың мүлкі

24.Аппаратың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және жедел басқару құқығына тиесілі.

Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25.Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады

26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconАстана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы «Есіл» ауданының аумағында...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconАстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «31» наурыздағы №09-474 қаулысына
...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconАстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «31» наурыздағы №09-474 қаулысына
«Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, төраға
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconАстана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы №
«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Астана қаласының әкімдігі құрған, біріктірген...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» icon863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің...
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» iconАстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «24» шілдедегі №197-1203 қаулысына
Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Сарыарқа даңғылы мен Сарайшық (№12) және Сығанақ
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы