Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
страница8/8
Дата конвертации01.01.2013
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.2. Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мыналарды көздейді:

      1. медициналық ғылымды басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:

корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, медициналық ғылым ұйымдарын басқарудың дербестігін және ашықтығын арттыру;

мультиорталықты зерттеулерді, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтарды дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу.


      1. медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:

регенеративті медицина, молекулалық биология және жасуша технологиясы орталықтарымен бірге Астана қаласында «Өмір туралы ғылыми институт» ғылыми-зерттеу кешенін құру;

көпшілікке арналған, әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін, құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 ғылыми орталық құру;

ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;

денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау, оның ішінде PhD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.


^ 5.6. Дәрілік заттардың сапасын және халық үшін қолжетімділігін арттыру


Мақсаты: халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және еліміздің дәрілік препараттарға қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін отандық өндірістің есебінен 50 %-ға жеткізу.


^ Негізгі міндеттер

1) Халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.

2) денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтау, медициналық озық технологияларды қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.

3) дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.

4) мемлекеттік стандарттарға сәйкес жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамытуға жәрдемдесу.

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.

Пациенттерді барабар дәрі-дәрмекпен емдеу және дәрілік заттардың пациенттердің неғұрлым басым бөлігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың басымдықтарының бірі болады. Халықтың және аурулардың санаттары тізбесінен қолда бар басымдықтарды ескере отырып, сатып алу рәсімдерін өткізуді тоқтата отырып Дәрілік заттар тізбесіне көшу - халықаралық тәжірибесіне сәйкес амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолданыстағы моделін оңтайландыру және дәрілік затқа белгіленген бағаны белгілеу ұсынылады. Бұл тетік фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Мембағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттардың бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, ТММКК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді, және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.


Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

6.1. Халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мыналарды көздейді:

      1. амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жетілдіріледі және пациенттерге дәріхананы және дәрі-дәрмектерді таңдау құқығы берілетін болады;

      2. формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы тиімді фармокотерапия (дәрі-дәрмектерді тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;

6.1.3. ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін, оның ішінде МСАК арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрі-дәрмек көмегіне жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз етуді жетілдіру;

6.1.4. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру.


6.2. Денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, озық медициналық техниканы қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында:

      1. денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз ететін және ұзақ мерзімді тапсырыстарды қалыптастыру бойынша үйлестіруші орталық құру;

      2. медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;

      3. медициналық техника және қымбат бағалы жабдықтар үшін кепілден кейінгі сервистік контракт жүйесін енгізу.


6.3. Дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру үшін:

      1. дәрілік заттардың айналысы саласында нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды өзара мойындау, дәрі-дәрмектердің сапасын Кеден одағының аясында инспекциялаудың және бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру;

      2. дәрі-дәрмектердің сапасы мен мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РММ зертханаларын (оның ішінде өңірлік) қазіргі заманғы зертханалық технологиялармен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;

аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;

Еуропалық фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (OMCL) бойынша ресми зертханалардың еуропалық желісіне ену үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;

фармацевтикалық инспекцияның (PIC/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне ену үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту.

      1. контрафактілік және жалған өнімдердің өндірісі және таратылуына қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:

медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органның өңірлік бөлімшелерінде жалған дәрілік заттарды анықтау үшін экспресс зертханалармен қамтамасыз етуді көздейді.


6.4. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес отандық өндірісті құруды қолдау арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамыту:

      1. халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүргізгенде отандық дәрі-дәрмектерді мемлекет тарапынан қолдау көрсету;

      2. ТММКК-ні қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісіне отандық өндірушілердің ұзақ мерзімді тапсырыстарын қалыптастыру.




  1. ^ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ


Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;

жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;

халықтың мақсатты топтарына Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу;

іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде өткізілетін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;

денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде Кеден одағы және ДСҰ-ның талаптарына сәйкестігіне оларды үйлестіру;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;

әлеуметтік жұмыскерлер институтын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу әдістемесін әзірлеу;

ТММКК көрсетуге республикалық деңгейде шығыстарды орталықтандыру;

медициналық көмек сапасын басқару жүйесін әзірлеу;

БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;

денсаулық сақтауға инвестицияларды қатыстыру тетіктерін әзірлеу;

медицина ғылымын басқару және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;

дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.

Екінші кезеңде (2013-2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;

жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;

негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды емдеу, диагностикалау әдістері мен хаттамаларын, халықаралық стандарттарын енгізу;

азаматтардың денсаулық және өмір сүру үшін қауіп факторларын төмендету, мемлекеттік органдар, қоғам, жұмыс берушілердің тиімді ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылын іске асыру;

жеке және қоғамдық денсаулықты нығайту және қорғауға мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін енгізу;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкестігіне (санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) келтіру;

ТММКК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтер тізбесін кеңейту;

МСАК-ң әлеуметтік бағытталған үлгісін құру;

медициналық қызметтің сапасына бағдарланған денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;

медицина ғылымы инфрақұрылымын жаңғырту;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік статусы мен уәждемесін арттыру;

дәрілік заттардың сапасы мен қол жетімдігін арттыру;

денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жабдықтау және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;

халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту.


  1. ^ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛЕМІ


Бағдарламаны іске асыруға 2001-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 552 160,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттердің нысаналы трансферттерін қоса есептегенде) 528 061,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 3 098,8 млн. теңгені құрайды.

2001-2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.


______________________

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов