Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
страница3/8
Дата конвертации01.01.2013
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАРЫ


Негізгі бағыттар:

  1. Азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.

  2. Профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру.

  3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру.

  4. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыруды жетілдіру.

  5. Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу.

  6. Халыққа дәрі-дәрмектің сапасы мен қол жетімдігін арттыру.



^ 5.1. Азаматтардың қоғамдық денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық ықпалдастықтың тиімділігін арттыру


Қазақстан Республикасында қазіргі жағдай қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және барлық қоғам деңгейінде денсаулық проблемаларына назардың жоғарылауын талап етеді. Денсаулықты қорғау мәселелері денсаулық сақтаудың тек мемлекеттік жүйесі құзырын маңызды арттырғандықтан бұл жұмысқа қоғамның басқа құрылымдарын өзіне қосу талаптарын енгізеді, осы мәселелерді шешуге ведомстволық емес, жүйелі сектораралық бағыт қажет.

Осыған байланысты денсаулық қорғау саласында стратегияны әзірлеуде қоғамның барлық секторларын, барлық деңгейдегі мемлекеттік ведомстволар, бизнес-құрылымдар және қоғамдық ұйымдарды қоса есептегенде және бірінші кезекте қоғамның денсаулық жағдайына маңызды әсер ете алатын құрылымдарының күштерімен келісу қажет. Бұл жағдайда, стратегия деп белгіленген басымдықтар есебімен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған тәртіпке келтірілген және келісілген қимылдар түсіндіріледі.

Бұл үдерісте жетекші рөл денсаулыққа жауапты мемлекеттік орган, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жатады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша денсаулық өлшемдерін жақсарту жөнінде үйлестіруші рөлді жүзеге асыру және денсаулық қорғау саласында стратегияны іске асыру үшін басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылға көмек көрсету керек.


Мақсаты: мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметтерін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту.


^ Негізгі міндеттер

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және енгізу.


Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу мақсатында:

1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіруші кеңестің мәртебесін көтеру;

      1. жергілікті деңгейде өзара іс-қимылдың тетіктерін әзірлеу орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасында, бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және үкіметтік емес ұйымдастырды (ҮЕҰ) қатыстыруды қоса есептеп, жауапкершілікті шектеуді нақты келіседі;

      2. қоғамдық денсаулықты жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде бөлінген бюджеттік бағдарламаның (жеті секторалық кіші бағдарлама шеңберінде) бірыңғай бюджеттік жіктеліміне енгізу;

      3. қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту мәселелері бойынша бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігінің бағалау және мониторинг жүйесін әзірлеуді жоспарлайды.



    1. мына сұрақтар бойынша сектораралық кіші бағдарламаларды әзірлеу және енгізуді көздейтін қоғамдық денсаулықты жақсарту мәселелерінде мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдардың ықпалдастығын күшейту:



1) салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету;

2) дұрыс тамақтану;

3) мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы;

4) жол-көлік қауіпсіздігі;

5) ТЖ кезінде шұғыл медиицналық-апат көмек;

6) туберкулез, АИТВ/ЖИТС-пен күрес;

7) аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы.


Бірінші кіші бағдарлама: салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл

^ Ағымдағы жағдайға талдау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сай Қазақстанда қауіптің жеті жетекші факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығы дерлік 60 %: темекі шегу (13,4 %), алкогольді қауіпті дозада тұтыну (12,8 %), жоғары артериалды қысым (12,3 %), гиперхолестеринемия (9,6 %), артық дене салмағы (7,4 %), жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну (5,5 %), төмен дене белсенділігі (3,5 %).

Қазақстанда жүргізілген социологиялық зерттеулер мен скринингтік тексерулер нәтижелері бойынша (СӨСҚПҰО, 2007 ж.) темекі шегудің таралуы

27 %-ды, алкоголь – 18,5 %, артық дене салмағы (36%), жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну (87,7 %), төмен дене белсенділігі (88 %).

Қауіп факторларының жоғары таралуы созылмалы инфекциялық емес аурулардың жоғары таралуын құрады. Атап айтқанда, осы аурулар, сондай-ақ қайғылы оқиғалар мен уланулар Қазақстан халқының сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің рейтингісінің басында. Бұған мыналар:

салауатты өмір салтын жүргізу, аурулардың профилактикасы және дұрыс тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттануы мен уәждемесі;

білім беру жүйесінде дене тәрбиесі сабақтарының жеткіліксіз саны;

спорттық-сауықтыру және жаттықтыру залдарына қаржылық жетімсіздік;

дене тәрбиесі сабағы және спортпен айналысуға жеткіліксіз жағдай, велосипед жолының болмауы және арнайы жарақталған аула алаңдарының жетіспейтінін қосқандағы жеткіліксіз жағдайлар себепші болады.

Әр түрлі елдердің тәжірибесі бойынша және халықаралық зерттеулердің деректеріне сәйкес адамдардың өмір сүру салтына белсенді және жүйелі әрекеттер олардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда мына оң әсерлерді алуға мүмкіндік береді:

  • алкогольді денсаулыққа қауіпті мөлшерде 10 %-ға төмендету ерлер арасындағы өлім-жітімді 20 %-ға және қайғылы оқиғалардан өлім-жітімді 5 %-ға қысқартуға;

  • жемістер мен көкөністерді күніне орташа алғанда 400 грамға дейін тұтынуды көбейтсе жүректің ишемиялық ауруынан өлім-жітімді 20 %-ға, инсульттан – 25 %-ға, қатерлі ісіктерден – 20 %-ға қауіпті төмендетуге болады;

  • холестерин деңгейін 1 %-ға төмендету жүректің ишемиялық ауруынан өлім-жітімді 2-4 %-ға төмендете алады;

  • дене белсенділігі және спортпен айналысуды көбейту жүректің ишемиялық ауруы мен инсульт, инсулинге тәуелді диабет, тоқішек және остепороздың даму қаупін төмендетеді.

Осыған байланысты Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі салауатты өмір салты қағидаларын көпшілікке тарату жөніндегі жалпықамтитын және кешендік бағдарламаны әзірлеу және енгізу жолымен алдын ала өлім-жітім және созылмалы патология сырқаттанушылығы ауыртпалығын қысқарту қажеттілігі болып табылады.


Мақсаты: қауіптің мінез-құлық факторларына бақылаудың алдын алу және күшейтуге жүйелі және кешендік бағыт жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыру


Міндеттері:

  1. темекісіз салауатты өмір салтын насихаттауда еліміздің көшбасшылары мен атақты адамдарын тарта отырып, қоғамда темекі шегу әлеуметті қолайсыз имиджін құру

  2. салауатты өмір салтын қалыптастыруда бизнес-қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын жандандыру

  3. алкоголды тұтыну салдарлары, денсаулыққа активті және пассивті темекі шегу және есірткіні тұтыну туралы халықтың ақпараттануын арттыру

  4. темекі бұйымдары мен алкоголді шектен тыс тұтынуды төмендету

  5. халықты спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтуын көбейту


Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

  1. СӨС туралы тұрғындардың ақпараттануын арттыру:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және биліктің жергілікті органдар арасында БАҚ-пен жұмыс сапасын арттыру және күшейту үшін ұзақмерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру;

медициналық бағдарламаларды жетілдіру үшін медицина қызметкерлері мен журналистердің күшін біріктіру (проблеманың өзектілігі есебімен тақырыптарды әзірлеу, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім беру, темекі шегудің профилактикасы мен емдеудің жаңа технологияларын көпшілікке тарату);

медициналық теле- және радиобағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тапсырыс бөлу, медициналық бағдарламаларды көруге ең қолайлы уақытта көрсету (жұмыс күндері кешке, сенбі және демалыс күндері таңертеңгі уақытта).

  1. салауатты өмір салтын қалыптастыруда бизнес-құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдардың мына жолмен қатысуын жандандыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатыстыру және ынталандыру;

бизнес-қоғамдастықтың корпоративті әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін қаражатты тарту.

  1. Темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету

экономикалық шараларды қолдану жолымен

темекі бұйымдарына кіріс деңгейімен жыл сайын индексациялап акциздерді кезең-кезеңмен арттыру;

дамыған елдердің тәжірибесі бойынша темекі бұйымдарын сату ережелерін жетілдіру (сату орны мен уақыты, сату ережесін бұзған жағдайда лицензияларын қайтарып алу).

Елде профилактикалық іс-шараларды жүргізу тұрақтылығына темекі бұйымдарына салықтан 2-3 % аудару жолымен Ұлтты сауықтыру арнайы қорын (денсаулық қоры) қалыптастыру;

темекі индустриясы тарапынан жанама жарнама және демеушілікке тыйым;

таза ауаға темекі шекпейтіндердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету жолымен:

қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым зонасын кеңейту (қоғамдық көлік аялдамалары, жаппай демалуға арналған қоғамдық орындар ашу;

темекі шегудің зияны туралы тұрғындарды ақпараттану жолымен:

темекі бұйымдарында ескертпе жазудың алаң көлемін көбейту;

пиктограммалар мен графикалық бейнелеуді енгізу және жиі жаңартып отыру;

тұрғындар арасында, әсіресе МСАК деңгейінде темекі шегудің профилактикасы жөнінде медицина қызметкерлерінің жұмысын күшейту арқылы

темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетіндерді қолдау және уәждемені пысықтау;

темекіні тастағысы келгендерге медициналық-психологиялық көмек жүйесін ұйымдастыру;

темекіні тастағысы келгендерге өңірлік және ұлттық телефон желілерін ұйымдастыру.

  1. Алкоголь мен есірткіні тұтынуды төмендету:

4.1. экономикалық шараларды қолдану жолымен:

Кіріс деңгейін жыл сайын индексациялап дамыған елдердің деңгейіне дейін алкоголь өнімдеріне салықты кезең-кезеңмен жоғарылату;

қол жетімді баға бойынша дәстүрлі ұлттық сусындарды (қымыз, шұбат және т.б.) іске асыру және өндіріс жөнінде шағын бизнесті дамытуды басымды қолдау;

4.2. нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жолымен:

алкоголды тұтынуды реттейтін барлық қолданыстағы заңнаманы сақтап және іске асыруға бақылауды күшейту;

өндірілетін алкоголь өнімдерінің сапсы мен бақылауын реттеу және Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және контрабандалық алкоголь бұйымдарын әкелуіне бақылауды күшейту жөнінде нормативтік базаны жетілдіру;

    1. алкогольге қарсы насихаттауды жүйелі жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен:

қоғамда алкоголь сусындарын шектен тыс тұтынуға қатысты атмосфераны, БАҚ-ны қоса алып құру;

алкоголь сусындарына жасырын және оның түрлерін қоса жарнамаға толық тыйым салу;

алкоголь және оның салдары туралы халықты ақпараттандыру, өз денсаулығына, әсіресе балалар, жасөспірімдер және жастарда жауапты қатынасты оқыту және қалыптастыру;

профилактикалық алкогольге қарсы және есірткіге қарсы бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;

ІІМ жүйесінің кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекторлармен ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізу;

ІІМ қызметкерлерін (полицейлер, учаскелік инспекторлар) мас болу күйіндегі (есірткілік, уыттылық) тұлғаларға қатысты қабылданатын шараларға дифференциалды оқыту; ҚАЖ медициналық қызметінде қатыстырылған медициналық және медициналық емес бейін мамандарына ақпараттық-әдістемелік ілестіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінде наркологиялық жағдайды бағалау және мониторингі жүйесін құру

    1. алкогольге қарсы профилактикалық әрекеттерді жүргізуде МСАК рөлін күшейту жолымен.

5.спорттық-бұқаралық іс-шаралармен халықты қамтуды көбейту:

5.1. дене белсенділігі, спорт және белсенді демалыспен айналысу үшін инфрақұрылымды дамыту жолымен:

қол жетімді спорттық-сауықтыру клубтарын құру;

спорт залдарды, жалпы білім беретін мектептердің алаңдарын спорт мүлкімен жарақтандыру;

аула алаңдарын спорт құралдарымен жарақтандыру;

саябақ және ойын алаңдарының жағдайын жақсарту;

велосипед қозғалысын велосипед жолдарын жасау арқылы, велсипедшілерге ережелер әзірлеп тұрақтарды жаппай тарату.

    1. дене тәрбиесі және спортпен айналысуға халықтың уәждемесін арттыру жолымен

халықты дене тәрбиесін дамыту жөнінде аудио-бейне роликтердің прокаты және әдістемелік және ақпараттық-білімдік бағдарламаларды әзірлеу арқылы ақпараттандыру;

дәстүрлі спорт шараларын, спорттық ұлттық түрлері мен ұлттық ойындарды БАҚ тарта отырып, халықтың барлық жіктерін қатыстырып республика масштабында өткізу;

    1. халықтың барлық жіктері арасында спортпен айналысу және дене белсенділігін көтермелейтін жағдайлар жасайтын ұйымдар мен тұлғаларды ынталандыру жолымен:

білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, ішкі істер ұйымдарында, кәсіпорындар және басқа меморгандарда әкімдіктер, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдарды белсенді көмегімен 10-15 бойы міндетті өндірістік гимнастика енгізу;

азаматтардың денсаулығын қорғау, кәсіпорын қызметкерлері мен дене тәрбиесі-сауықтыру ұйымдары және спорт қызметтерін қоса жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.


^ Нысаналы индикаторлар:

жүрек-қантамырлық аурулардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету;

күн сайын дене тәрбиесімен айналысатын тұлғалардың үлесін 30 минуттан кем емес көбейту;

онкопатологиядан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету;

темекі және алкогольді тұтынуды пайдалануды төмендету;

жарақаттанушылық және қайғылы оқиғалардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету.


^ Екінші кіші бағдарлама: Дұрыс тамақтану мәселелері жөнінде сектораралық өзара іс-қимыл


Ағымдағы жағдайға талдау

Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қоғамдық денсаулық, өмір сапасы, ұзақ жасау, еңбек және әлеуметтік белсенділік деңгейін анықтайтын негізгі факторларға жатады. Тиімсіз және сапасыз тамақтану иммунитеттің төмендеуіне және еңбек өнімділігін төмендетуге, дене және ақыл-ой дамуының бұзылуына, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың денсаулыққа қауіпті тұтас қатарының пайда болуына әкеледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша өлім-жітімнің барлық себептерінің 60 % тамақтанудың сондай және өзге де бұзушылықтарымен, ал 75-80 % зиянды экологиялық факторлардан, соның ішінде канцерогендерден, адам ағзасына тамақ өнімдері және ауызсумен түседі. Қазақстанда халықтың тамақтануы қазіргі уақытта мына негізгі көрсеткіштермен сипатталады:

Ұлттық және өңірлік зерттеулермен жануарлардағы ақуыз, өсімдік майлары, жемістер мен көкөністер, тамақ талшықтары, дәрумендер, әсіресе А,С және В тобы дәрумендері, сондай-ақ минералды заттар, әсіресе кальций, темір, йод, мырыш, сондай-ақ калорияларды, жануарлар майы, тәттілер және тұзды артық тұтыну жеткіліксіз түрінде республика тұрғындарының көп бөлігінің тамақтануында маңызды кемшіліктер анықталды. Бұл осындай қауіпті аурулар жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт, обырдың жеке түрлері, қант диабеті, семіздік, остеопороз, темір тапшылығы анемиясы және т.б. дамуында тамақтану факторлары шешуші болып табылатын тұрақты тенденцияға әкеледі.

Әйелдердің жүктілік уақытында тамақтануында кемшіліктердің тікелей себебі балалардың денесінің төмен салмағымен тууы табылады. Мұндай балаларда жүрек-қантамырлық ауруларды кейін өмірі барысында пайда болу қаупі жоғарылайды.

2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректері бойынша 5 жасқа дейінгі балалар арасында тамақтанудың созылмалы тамақтануының таралуы 12,8 %–ды, тамақтанудың жедел жеткіліксіздігі (немесе гипотрофия) – 4 %, ал арықтау (немесе жүдеп кету) – 3,8 % құрады. Балаларда мұндай кемшіліктер өмірінің барлық кезеңінде денсаулығына маңызды зиян келтіретін ақуыздың-калориялық жеткіліксіздігі ретінде сипатталады.

Республиканың жеке өңірлерінде мектеп жасындағы балалар антропометриялық көрсеткіштер бойынша ДДҰ ұсынған нормативтерден маңызды қалып отыр, ал оларды липидті ауыстыру көрсеткіштері жүрек-қантамырлық ауруларды дамыту жоғары қаупі туралы куәландырады.

2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректеріне сай Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың 56,1 %-нда А дәрумені (ДВА) тапшылығы бар. ДВА және жоғары балалар өлім-жітімінің таралуы арасында тығыз байланыс жақсы белгілі. 20 % артық ДВА-ның таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып саналады және халықаралық ұйымдар (ДДҰ, ЮНИСЕФ) ұсыныстарына сай осы дәруменнің жеткіліксіздігін профилактикасы бойынша тез әрекеттерді талап етеді. Өкінішке орай, Қазақстанда осы уақытқа дейін ДВА-ның алдын алу жөнінде ашқандай да бағдарлама жоқ. Осыған байланысты республикада 5 жасқа дейінгі балалар және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдер А дәрумені саплементациялау бағдарламасын тез арада енгізу, сондай-ақ осы дәруменді фортификациялау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты бастау қажет.

Республикада балалар тамақтануының өз индустриясы жоқ. Балалар сүт асүйлері қосалқы жайларында орналасқан және қол еңбегімен істелетін аз қуатты, ескі жабдықпен жабдықталған желі балалар тамақ өнімдерінде жалпы тұтынудың 10-12 % қамтамасыз етеді. Қалған қажеттілік импортталатын балалар қоспасын есебінен қанағаттандырылады. Сүт асүйі өнімдері өзінің құрамына, сапасы және қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

2008 жылы Қазақстан халқын тамақтанудың ұлттық зерттеулерінің (ТҰЗ-2008) мәліметтері бойынша анемияның таралуы 6 айдан 14 жасқа дейінгі балалар арасында 44,9 %, 15-59 жастағы әйелдер арасында 45,3 %, 15-59 жас арасындағы ерлер арасында 28,1 %, орташа алғанда барлық тұрғындар арасында 41,9 % құрады. Демек, Қазақстанда 6,5 млн. адам анемиядан зардап шегеді. Анемияның таралуы 2008 жылы 1995 жылдың деңгейінде қалды, яғни бұл көрсеткіштің ешқандай да бір төмендеуі жоқ. Анемияның жоғары деңгейінің себебі ана және бала өлім-жітімінің қанағаттанғысыз көрсеткіштері болып табылады, дене және ақыл-ой дамуында жиі тежеліп қалу, диарея және туберкулез ауруларына төмен тұрақтылық, өткізілетін иммунизациялаудың жеткіліксіз тиімділігі және инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың асқынған ағымы.

Фортификацияланған бидай ұны (ФБҰ) өндірісін қалпына келлтіру және тиісті заңасты актілерін қабылдау қажет, Қазақстанда анемияның таралуының төмендеуінде маңызды рөл алады. Микронутриенттерді ұлттық зерттеулер нәтижелері 2006 жылы (МНҰЗ-2006) үй шаруашылығында ФБҰ жоқтарда, үй шаруашылығында ФБҰ бар әйелдер арасында анемия деңгейінің статистикалық маңызды төмендеуі туралы куәландырады.

Сарапшылардың есептері бойынша Қазақстан халқы арасында анемияның таралуын төмендетудің экономикалық әсері 1 жылда бір жолғы 20 % төмендеу жағдайында 146,1 млн. долларды; 4 жылда тең 20 % төмендеу жағдайында 367,7 млн. долларды; 4 жылда тең 30 % төмендеу жағдайында 547 млн. долларды құрады.

Жүктілік уақытында фолий қышқылының тапшылығы (ФҚТ) дамудың туа біткен кемістігінің себебі болып табылады. МНҰЗ-2006 нәтижелеріне сәйкес республика бойынша орташа алғанда ФҚТ таралуы 15,3 % құрады. Балалардың біраз бөлігі 49,0 % шектеулі деңгей және аз бөлігі 35,7 % - қан плазмасында фолий қышқылының қалыпты деңгейі бар.ФҚТ атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт, простата обыры, сүт және асқазан асты обыры, жуан ішек обырының дамуы жоғары қаупі бар тікелей байланыс нақты белгіленген. Фолий қышқылы Қазақстанда бидай ұнымен байыту үшін премикстің құрамына кіреді. Осыған байланысты ФҚТ өндіру осы дәруменнің тапшылық проблемасын шеше алар еді.

Дұрыс тамақтану және қауіпсіз тамақ өнімдері саласындағы жаңа проблемалар сауданың жаһандануы, қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығында пестицидтер, гербицидтер, микробқа қарсы және гормоналды препараттардың кеңінен қолданылуы, жаңа өнімдердің пайда болуы, соның ішінде жаңа технологияларды пайдаланып алынған генетикалық модификацияланған өнімдерді пайдалануға байланысты пайда болады.

Жоғарыда келтірілген жағдай «Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасының шеңберінде 2020 жылға дейінгі уақытқа дейін дұрыс тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын» арнайы қабылдау қажеттілігі туралы айғақтайды.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы