Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
страница2/8
Дата конвертации01.01.2013
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ Денсаулық сақтау жүйесі

Денсаулық сақтау динамикасының негізгі көрсеткіштері денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТММКК) қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТММКК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлінген болатын.

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығын көлемі де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейін өскен.

Мембағдарламаны іске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейін төмендеген (2005 ж. – 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2330 бірлікке азайды. Сонымен бірге стационарға емдеуге жатқызылған 30%-ға дейінгі науқастар стационарлық емді қажет етпейді; жедел медициналық көмекті шақырту саны (2005 жылы 4 658 971 болса, 2008 жылы 4 978393-ге дейін жеткен), оның ішінде нәтижесіз және негізсіз шақыртулар саны (сәйкесінше 126 756-тен 189 498-ге дейін) көбейген.

Стационарды алмастыратын технологияның дамығандығы байқалады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарда 445 145 науқас (2005 жылы – 278 813), ауруханалардағы күндізгі стационарда – 64 081 науқас (2005 жылы–56 728), үйдегі стационарда 158 758 науқас (2005 жылы – 155 480) емделген.

2009 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емханалық ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы – 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы деңгейде 6,6 болып отыр.

Қазіргі таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДБАЖ) енгізілді.

Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік 2004 жылдан бастап «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және мобильді медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны іске асырып келеді. Соған байланысты ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгізіліп келеді. Қазіргі таңда 14 өңірде телемедицина енгізілді. Телемедицина сеанстары түрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен телеконференция түрінде өткізіледі: 2009 жылы 13 өңірде 10 611 телемедициналық консультация өткізілді.

Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленді және бекітілді, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісін реттеуге, көпбейінді ауруханалар желісін құруға, МСАК-тың қолжетімділігін, ең алдымен ауыл халқы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ медицина университеті кіреді. 2011 жылы тағы бір объект – Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

2009 жылы австриялық «Вамед» компаниясымен 2 жыл 9 ай мерзімге «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ты ауруханалық басқару қызметі туралы шарт жасалды.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар.

Сонымен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда қосымша салымдарды қажет етеді.

ТММКК қаржыландыру жыл сайын ұлғайтуға қармастан (2003 жылы 64,8 млрд. теңгеден 2009 жылғы 464,1 млрд. теңгеге дейін) олда қосымша шығыстарды қажет етеді.

Сонымен бірге, негізгі проблемалар тек ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты емес, сонымен бірге оларды пайдаланудың төмен тиімділігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, ал желі қуаттылығын ұстауға бағдарланған. Қаржыландырудың тиімді тетіктері (қор ұстау, екі компонентті жан басына шаққандағы норматив) мыналарға байланысты жеткіліксіз пайдаланылады:ынталандыру төлемдеріне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерін нашар даярлау (6%).

Сондай-ақ, тарифті құрудың (аммортизацияны қамтымайтын) объективтік емес қолданыстағы жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дербестігінің төмендігі мен білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді жеткізушілердің бәсекелестігін дамытуды тежейді.

Медициналық қызметтерге әркелкі қолжетімділік пен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Осылайша, Қазақстан халқының 40%-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Алматы және Астана қалаларына шоғырланған.Және бұл әртүрлі өңірлердегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін қиындатады. Сондай-ақ, өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу әлі де байқалады, осылайша 2009 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289 теңгеге дейін құрайды.

Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткіліксіз деңгейге байланысты мәселе күйінде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемді медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51,69 %. құрайды. Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) үлгідегі емес, бейімделген ғимараттарда орналастырылады. Сондай-ақ, 400-ден астам (4,3%) денсаулық сақтау ұйымы апатты ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамиды.

Одан басқа, нормативтік талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтіні байқалады. Бюджеттің болмауына байланысты денсаулық сақтауда арнайы әлеуметтік қызметтер енгізілмеген.

Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, сондай-ақ олардың жұмысының түпкілікті нәтижесіне негізделген еңбек ақы төлеуге сараланған тәсіл жоқ. Одан басқа, жер жерлерде, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл республиканың ауыл халқын медицина қызметтерімен қамтамасыз етуді қиындатады.

БҰДЖ белсенді енгізуге қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялдық инфрақұрылымның төменгі деңгейіне, медициналық қызметкерлердің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі және емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.

Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге сүйенген медициналық жоғары білім берудің жаңа бағдарламалары іске асырылуда. Барлық мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары соңғы он жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85%-ы дербестік алып үлкен дербестік алып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Білім берудің инновациялық технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 400-ден астам оқытушы шетелдерде, ал 350-ден астамы елімізде шетелдік жетекші мамандарды шақыру арқылы қайта даярлаудан өтті. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндерді клиникалық даярлықтан өткізуге мән беруге мүмкіндік туғызып отыр. Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негізделген базалық медициналық білімді институциялық аккредиттеудің ұлттық стандарттары әзірленді.

Кадр әлеуетін реттейтін нормативтік құқықтық база күшейтілді – номенклатура оңтайландырылды, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдары және медициналық және фармацевтикалық мамандықтарға қойылатын біліктілік сипаттары жетілдірілді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде медициналық кадрлардың біліктілігін шет елдерде арттыруға, шетелдік жетекші мамандарды шақырып мастер-класстар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.

Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда шамамен 50 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ға қабылдаудың 9,5%-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылды жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларын бөлудің біркелкі еместігі өте-мөте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.

Салаға жас мамандардың көп келуіне қарамастан, кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.

Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.

Аталған мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап медицина ғылымын реформалаудың салалық тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар үлкен дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқып келді. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.

Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің білім беру, ғылым және адами ресурстарды дамыту салаларындағы негізгі мәселелері мыналар: кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігі, МСАК көрсететін қызметкерлердің тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерін көп шоғырлануы, дәрігерлердің және орта қызметкерлер санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық нәтижелердің жоқтығы.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайына бейімделу үшін фармацевтика саласын қайта құру үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін жүзеге асыру үшін дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы аясын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың сапалы фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемінің және номенклатурасының жыл сайын артуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканы, сондай-ақ олардың жарнамасын тіркеу, сертификаттау, сапасын бақылауды қамтамасыз ету әрекеттері тәртіпке келтірілген. Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.

Заң шығару рәсімдерін Еуроодақ елдерінің нормаларына сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды: Қазақстан Республикасы Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі бойынша ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының толық құқықты қатысушы ел болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясының екі томы әзірленіп, бекітілді.

Республикалық және бюджеттік бюджеттер есебінен сатылып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Бұл олардың бағасын орташа есеппен 30%-ға арзандауына мүмкіндік туғызды. Дәрі-дәрмектердің терапиялық тиімділігіне, фармакоэкономикаға және жанама әсерлер мониторингіне қарай тиімді қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді.

Әлемдік тәжірибенің негізінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесі құрылды, бұл мемлекеттік қаражатты айтарлықтай үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік туғызды. Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімдер, оның ішінде Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы препараттарды өндіретін және экспорттық потенциалын (вакциналар, инсулиндер, қан факторлары және т.б.) өсіретін «ноу-хау» трансфертін болжайтын келісімдер жасалды. Бұл халықаралық стандарттарға сай қолда бар қуатты жаңғыртуға және жаңаларын өндірістік практикаға тиесілі 30 млрд. теңгеден асатын сомаға салуға және 2014 жылға дейін отандық өндірістің есебінен дәрілік препараттарды ішкі тұтынуды 50 % қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл халқына дәрі-дәрмектік көмектің жеке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымы жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекендерде МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды сату ұйымдастырылды.

Фармацевтика секторында қол жеткізген табыстармен қатар бірінші кезекте шешуді қажет ететін белгілі бір міндеттер бар.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа жобасын әзірлеу қажет.

Кеден одағына мүше елдердің фармацевтикалық жиынтық нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде, 17 миллиардтан артық. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін шығарылатын дәрілік препараттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет және халықаралық нарыққа шығу керек, оның ішінде Кеден одағы аясында, ақырғы өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне, дистрибьюторлық және дәріханалық практикаға көшу қажет.

Фармакологиялық қадағалау, фармакоэкономикалық зерттеулер, дәрілік заттардың жанама әсерінің мониторингі жүйесін, фальсифицияланған және контрафактілік дәрілік заттар өнімі мен таралымына қарсы күрес жұмысын одан әрі жетілдіру қажет.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың тиісті сервистік қызметпен қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілу мәселесін шешу қажет.


^ 4. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Бағдарламаның мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

^ Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:

2013 жылға қарай:

Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.

2015 жылға қарай:

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;

туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді;

медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;

халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;

денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді;

тиімді тарифтік саясат енгізілді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады;

стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;

тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты;

денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;

дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді;

дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға көбейді;

халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.

^ Бағдарламаның міндеттері:

азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту жолымен халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

медициналық санитариялық алғашқы көмек әлеуетті бағытталған басымдылығымен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру жолымен медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыру;

бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізуге бағытталған медициналық ғылымды дамыту.


^ Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері




Көрсеткіштердің атауы

өлшем бірлігі

2009 жыл

Жоспарлы кезең

жауаптылар

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы

жыл

68,6

68,7

68,8

69,2

69,5

69,8

70,1

Барлық АҚ және ЖАО,ҮЕҰ және бизнес-құрыл.

2

жалпы өлім-жітім

1000 халыққа шаққанда

8,97

8,81

8,59

8,36

8,14

7,91

7,62

Барлық АҚ және ЖАО,ҮЕҰ және бизнес-құрыл.

3

темекі тұтынудың таралуы

%

21,4

20,9

20,4

20,0

19,5

19,1

18,2

ДСМ, БҒМ, ММ, БАМ, ЖАО, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.

4

алкогольді тұтынудың таралуы

%

16,9

16,4

15,9

15,5

15,0

14,6

14,0

ДСМ, БҒМ, ММ, ІІМ, БАМ, ЖАО, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.

5

күн сайын кемінде 30 минут дене шынықтырумен айналысатын тұлғалардың үлесі

%

14

15,9

17,6

19,7

22,1

23,0

24,9

ДСМ, ТСМ, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.

6

артық дене салмағы бар тұлғалардың үлесі

%

35,6

34,7

33,9

33,0

32,3

31,5

30,5

ДСМ, АШМ, БАМ, БҒМ, ИСМ, ТСМ, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.

7

Спорт залдары бар мектептердің үлесі

%

72,3

73,3

74,3

75

76

77

77,5

БҒМ, ЖАО

8

Оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қызметтерімен қамтылған оқушылардың саны

%

20

21

22

23

24

25

25,5

ЖАО, ТСМ, БҒМ

9

жарақаттанушылықтан өлім-жітім

10 мың халыққа шаққанда

108,4

105,6

103,0

100,3

94,6

94,9

92,1

ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ТЖМ, МТК, ҮЕҰ, бинес-құрыл.

10

мүгедектікке алғашқы шығу

10 мың халыққа шаққанда

29,2

29,0

28,8

28,6

28,4

28,2

28,0

ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ҮЕҰ, бинес- құрыл.

11

жарақаттанушылықтан мүгедек болу

10 мың халыққа шаққанда

4,9

4,7

4,6

4,5

4,3

4,1

4,0

ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ТЖМ, МТК, ҮЕҰ, бинес- құрыл.

12

микронутриенттер:

темір тапшылығы анемиясы тапшылығына байланысты сырқаттанушылықтың төмендеуі


10 мың халыққа шаққанда

2314,0

2274,6

2235,9

2197,9

2160,6

2123,8

2082,0

ДСМ, АШМ, ИСМ, БҒМ, БАМ, ЖАО

13

қауіпсіз ауызсуымен қамтылған халықтың ара салмағы

%

82

82,5

83

83,5

84

84,5

85

ДСМ, АШМ, БАМ, ЖАО

14

2008 жылмен салыстырғанда атмосфераға ластаушы заттарды жалпы шығарулардың ара салмағы

%

1,5

4,3

7,2

10,1

13

14,5

14,5

ДСМ, ҚОҚМ, ЖАО, бизнес-құрыл.

15

алғашқы анықталған жағдайлар арасында кәсіби аурулардың асқынған түрінің үлес салмағы

%

45

40

35

30

25

20

15

ДСМ, ЕХӘҚМ, ЖАО, бизнес-құрыл.

16

нәрестелер өлім-жітімі

1000 тірі туғандарға шаққанда

18,4

17,2

16,1

15

14,1

13,2

12,3

ДСМ, ЖАО, халықар.ұйым

17

ана өлім-жітімі

на 100 тыс. род. живыми

36,9

34,4

32,1

30

28,1

26,2

24,5

ДСМ, ЕХӘҚМ, БАМ, ҮЕҰ, ЖАО, халықар.ұйым

18

жүрек-қантамыры ауруларынан өлім-жітім

100 мың халыққа шаққанда

416,4

406

395,6

385,2

374,8

364,4

353,9

ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ

19

онкологиялық аурулардан өлім-жітім

100 мың халыққа шаққанда

112,7

109,4

106,1

102,8

99,5

96,2

95,8

ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ

20

туберкулезден өлім-жітім

100 мың халыққа шаққанда.

12,9

12,7

12,5

12,2

12,0

11,8

11,6

ДСМ, ЖАО, ІІМ, Әділетмині, БАМ, ҮЕҰ

21

0,2-0,6 шегінде (топтау сатысы) 15 жастан 49 жасқа дейінгілердің тобында АИТВ-инфекциясының таралушылығын ұстау

%

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

0,2 – 0,6

ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ, халықар.ұйым

22

балалардың пневмококк инфекциясымен сырқаттанушылығы

100 мың балаға шаққанда

1349,9

1188

1045

920

809

711

675

ДСМ, ЖАО

23

қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің үлес салмағы

%

2,7

2,3

2,1

1,8

1,6

1,4

1

ДСМ, АШМ, ИСМ, ЖАО

24

төсектермен қамтамасыз етілуі

10 мың халыққа шаққанда

65,9

66,7

65

64,5

64

62

60

ДСМ, ЖАО

25

аккредиттелген медициналық ұйымдардың үлес салмағы

%

96,5

97

97,8

98,5

99,2

99,8

100

ДСМ, ЖАО

26

медициналық ЖОО студенттерінің аралық мемлекеттік бақылаудың орташа баллы

балдар

95

95

97

98

100

100

100

ДСМ, БҒМ

27

рецензияланатын халықаралық басылымдардағы жарияланымдардың үлесі

%

5

6

6,5

7

8

10

12

ДСМ, БҒМ

28

білімдер мен дағдыларды бағалаудың республикалық орталықтарының саны

Бірл

.

-

-

2

2

2

2

2

ДСМ

29

фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінде отандық дәрілік заттардың үлесі

%

10

15

20

25

30

40

50

ДСМ, ИСМ


1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов