Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
страница1/8
Дата конвертации01.01.2013
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8


ЖОБА


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың

2011 – 2015 жылдарға арналған

«Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы


Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты…………………………………………...

3

2. Кіріспе……………………………………………………………..

5

3.Ағымдағы жағдайды талдау….…………………………..………….

7

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері …………..…..

18

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралары ……………………..……..

24

5.1. Азаматтардың қоғамдық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық ықпалдастықтың тиімділігін арттыру…………………………….

24

5.2. Денсаулықты одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік-елеулі аурулардың деңгейін төмендету

48

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру

52

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру……………………..

56

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу

70

5.6. Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін және сапасын арттыру

72

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері……………………………….

74

7. Қажетті ресурстар …………………………………………….

76

^ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

^ Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі,

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

^ Бағдарламаның мақсаты

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру

Міндеттері

халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;

кадр әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағдарланған медицина ғылымын дамыту.

Іске асыру мерзімі

2011 – 2015 жылдар

бірінші кезең: 2011 – 2012 жылдар

екінші кезең: 2013 – 2015 жылдар


^ Мақсатты индикаторлар

2013 жылға қарай:

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.

2015 жылға қарай:

халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;

туберкулезбен сырқаттанушылық 10 %-ға төмендейді;

дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;

халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы төлем тетігі енгізілді;

денсаулық сақтаудағы инвестициялардың тиімділігін бағалау әзірленді;

тиімді тарифтік саясат енгізілді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-ын жалпы практика дәрігерлері ұсынады;

стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қолжетімділік арттырылды;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;

дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 25 %-ға дейін ұлғайды;

дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға ұлғайды;

халықтың арасында темекі шегу, нашақорлық және алкогольді шектен тыс тұтыну 15%-ға төмендеді.

Қаржыландыру-дың қажетті ресурстары мен көздері

Бағдарламаны іске асыруға 2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат (тар) жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 427 525,9 млн. теңгені құрайды.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

78 894,3

78 313,01

581,2

4200

2012 ж.

109 723,1

104 971,1

552,0

4200

2013 ж.

113 891,6

109 112,2

579,5

4200

2014 ж.

119 970,1

115 111,9

658,3

4200

2015 ж.

129 681,4

120 553,4

727,9

4200

барлығы

552 160,4

528 061,6

3 098,8

21000


2001 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.



2. КІРІСПЕ


Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Одан әрі Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі болуы тиіс. Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс. Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады.

Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және қазіргі заманғы институционалдық даму базалары сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық ықпалдастықты ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Саланың нарықтық қатынастарға бейімдеу көзделген: меншік нысандарының көптұрпаттылығын дамыту, медициналық қызметтердің нарығын құру, медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастар.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.


^ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;

Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдірудің 2008 – 2010 жылдарға арналған шаралары туралы, Қазақстан Республикасында 2006 – 2010 жылдарға арналған ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасында 2008 – 2016 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөніндегі, 2008 – 2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты жөніндегі салалық бағдарламалар әзірленді және енгізілді;

шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты, мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;

жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мәніне балаларды, ересектерді профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау үшін әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізіледі;

дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;

мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, желінің мемлекеттік нормативі бекітілді;

денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;

медициналық тәуелсіз сараптама жүйесі құрылды;

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде;

стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде шоғырландыру жүргізілді, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде жүргізілді;

денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жұмыстары басталды;

Дүниежүзілік банкпен бірлескен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобаны іске асыру жұмыстары басталды;

Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;

денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологияларды енгізу басталды: барлық өңірлерде медициналық ақпараттық-талдау орталықтар құрылды;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, вертикальды басқару құрылды;

денсаулық сақтау саласындағы бақылаудағы тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.


^ Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық


Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде:

демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы;

өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37);

халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. – 8,05) дейін өсуі анықталды.

Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады.

Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың сәл ұлғаю (1,7%) үдерісі белгіленді. Ел өңірлерінде барлық аурулар бойынша сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда Солтүстік Қазақстан - 9,7%-ға, Батыс Қазақстан - 4,0%-ға, Алматы - 3,8%-ға, Маңғыстау – 1,1%-ға, Ақтөбе облыстарында - 0,5%-ға және Астана қаласында– 7,9%-ға ұлғайғандығы байқалды. Тоғыз облыста және Алматы қаласында төмендеу байқалады.

Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.

Демографиялық жағдайдағы оң қозғалыстарға қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы өзекті проблема күйінде қалып отыр, 16%-ға дейінгі некелер бедеу болып отыр. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) кеңінен таралушылығына және аборттардың жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, әсіресе жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен анықталады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-уі жасанды үзумен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үдерісі бар және 2008 жылы 1000-ға шаққанда 31,1 құрады.

Аналар өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж.-40,5; 2009 ж.-36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр. Аналар өлім-жітімінің ең жоғары өлім-жітімі 2009 жылғы 100 мың тірі туғандарға шаққанда Атырау облысында - 57,0. Орта республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысы бойынша 55,9 және Қызылорда облысы бойынша 42,6 құрады.

2005 жылы нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1 құрайды. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізу арқылы нәрестелер өлім-жітімінің 20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі анықталды.

Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәрестелердің өлім-жітімі құрылымында екінші орынды туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігінің, ата-аналарының салауатты өмір салтын сақтамайтындығының және республиканың тұтасымен бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайдың дәледі.

2007-2009 жылғы деректердің талдауы 1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулармен және пневмониядан өлім-жітімі өлім-жітімнің барлық себептерінен 3 орынды немесе инфекциялық аурулардан 1 орынды алады.

2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33 774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала шетінеді. Қазіргі таңда пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы профилактикалық іс-шаралар вакцинация болып табылады. Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне 2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50%-ға дейін, өлім-жітімін 20%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халықтың санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша жақын жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11%-ға артатындығы күтілуде. Егде жастағы адамдарға медициналық көмекті жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.

Өткен бесжылдық кезеңінде әлеуметтік елеулі аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде халықтың сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады. Осылайша, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ауыр күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 94-орынды (2007 жылғы көрсеткіш 130,0) және туберкулездің бизнеске әсер етуі тұрғысынан 111 орынды алады.

Жүргізіліп отырған көлемді құрылысқа, туберкулезді «DOTS-плюс» емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан, туберкулездің таралуын, дәріге төзімділіктің дамуын, туберкулезден болатын өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады, сонымен қатар асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім көрсеткіші жалпы өлім-жітім себептерінің ішінде үшінші орынды алады (12,6%).

Тұтасымен республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі белгіленді. Қатерлі ісіктердің үлес салмағының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан - 44,5% және Павлодар облыстарында - 44,5% байқалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орта әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2%-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан 2 есе артады. Өткен 2009 жылы ең жоғарғы басымдылық Алматы қаласында - 0,326, Павлодар - 0,264, және Қарағанды облыстарында 0,223 белгіленді.

АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының шамамен ¼-н құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 % құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, ал АИТВ/ЖИТС бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіпсіздігі бар күрделену мүмкіндігі жоғары, халықтың АИТВ туралы білім-танымдары төмен.

Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем елдері үшін де қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.

Соңғы жылдар алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс динамикасы қалыптасты (республикада бірінші мүгедектікке шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы – 10 мың халыққа шаққанда 27,7 жағдайды, 2008 жылы – 28,8, 2009 жылы – 29,2-ні құрады), бұл денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығын куәсі болып табылады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен дамыған ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады, маңызды инфекциялық аурулардың бір қатары төмен деңгейде тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминация міндеті жолға қойылған.

Жыл сайын қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылғы қорытынды бойынша 81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың сырқаттанушылығының топтық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдай күрделенгені туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет, аккредиттеу жүйесі нашар дамыған, зертханалық зерттеулердің және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген. Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған. Дезинфекциялаумен және дератизациялаумен айналысатын ұйымдардың қызметін бірыңғай үйлестіруді қалыптастыру бөлігінде олардың қызметін жетілдіруді, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруды талап етеді.

Биологиялық терроризмнің өсу қауіптеріне және аса қауіпті инфекциялардың таралуына байланысты ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін құру қажет.

ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір салтына, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуына тәуелді, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты. Соған байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесін дамыту маңызды болып отыр. Сонымен бірге, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.

Сондай-ақ, халықтың денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының сақталуы, суды пайдалану мен тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, сауаттылығы мен дәйектілігінің, суды тұтыну мен тамақтанудың жеткіліксіздігі, халықтың әлеуметтік әлсіз санатының әлеуметтік экономикалық нашарлығы болып табылады. Одан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.

  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconБекітілген қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов