«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Дата конвертации06.12.2012
Размер58.05 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 393 қаулысымен

бекітілген


«Мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемін тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық бөлімшесі) мекенжайларының тізбесі осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұратын жері бойынша Орталық бөлімшесінің ғимаратында көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1, 2-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің шекті ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталық бөлімшесінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесінің үй-жайында көрсетіледі. Орталық бөлімшесінің үй-жайы қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жарақтандырылған, ақпараттық стенділермен жабдықталған, күту залы бар, сондай-ақ үй-жайда мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Орталық бөлімшесінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай, үй-жай режимі – еркін.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, не мекенжай бюросының анықтамасы, село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

3) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;

5) банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымның есеп шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер.

12. Орталықтың бөлімшесінде өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерлерде болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініш нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталық бөлімшесінің жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмірі туралы мәліметтер Орталық бөлімшесінің мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі ақпарат орналастырылған стендісінде көрсетіледі.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға Орталық бөлімшесінде тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

15. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беру тұтынушы тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне жеке өзі барғанда не пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздеме көзделмеген. Мынадай жағдайларда:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттар ұсынылмағанда;

2) өтініш берушінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы болмағанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.


^ 3. Жұмыс қағидаттары


17. Орталық бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


^ 4. Жұмыс нәтижелері


18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Орталық бөлімшесінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.


^ 5. Шағымдану тәртібі


20. Уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефондары, электрондық поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинетінің нөмірі Орталық бөлімшесіндегі ақпараттық стендіде көрсетілген Орталық бөлімшесінің басшысына беріледі. Орталық бөлімшесінің жұмыс кестесі, электрондық поштасының мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым жазған тұтынушыға жауап алу күні және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурсы: http://www.enbek.gov.kz.


________________________




Похожие:

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты iconБазалық зейнетақы төлемін тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша зтмо-ның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне мынадай құжаттар...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты iconӘскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген
Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов