Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы icon

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы



НазваниеМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
страница1/21
Дата конвертации11.02.2013
Размер4.03 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
1. /4.docМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 22, 23, 26, 29, 30, қаңтар 2010 ж., № 18-20, 21-23, 24-25, 30-32, 33-35; "Казахстанская правда" от 28, 30 января 2010 г., № 18, 21; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 59, 519-құжат


      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәлiктер беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiнiң конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру үшiн паспорттар, жеке куәлiктер беру рәсiмi.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны iшiнара автоматтандырылған. Қызметтi Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн пайдаланып та аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органының қызметкерi де, Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы қағаз тасымалдағыштар арқылы көрсетедi.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысы 10-тармағының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң аяқталу нысаны Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар және (немесе) жеке куәлiктер беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектелу мерзiмдерi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт және жеке куәлiктер) құжат алуға өтiнiш ресiмделген күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
      Мемлекеттiк қызмет 7, 10 және 15 жұмыс күнi мерзiмдерiне дейiн жедел түрде көрсетiле алады.
      2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету ақылы жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын беруге 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi үшiн 0,2 айлық есептiк көрсеткiш мемлекеттiк баж алынады.
      Растайтын құжаты төлем туралы түбiртек немесе «электронды үкiметтiң» төлем шлюзы арқылы берiлетiн төлем туралы чек болып табылады.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн беру кезiнде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi; Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарын алған адамдар; «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурстарында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету: «Халықты құжаттандыру  және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiн пайдаланып, сенбi, жексенбi, мереке, демалыс күндерiн қоспағанда сағат 13.00-ден сағат 14.30-га дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейiн ұсынылады.
      Қағаз тасымалдағышты толтыру арқылы Орталыққа жүгiнгенде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда түскi асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiн жұмыс кестесi бекiтiледi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналастырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар тұрғылықты жерi бойынша тiркеуде екенiн растайтын азаматтарды тiркеу кiтабын, құжат үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар - растайтын құжаттарын), фотосуреттерiн және келесi құжаттардың бiрiн ұсынады:
      1) туу туралы куәлiк (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлiк  алған кезде, 16 жасқа дейiн паспорт алған кезде);
      2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (құжат ауыстырған кезде);
      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толуына байланысты алғаш рет паспорт алған кезде);
      4) Iшкi iстер органдарымен берiлетiн белгiленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты құжаттар алған кезде);
      5) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiмен берiлетiн қайтып оралу куәлiгi (уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты жоғалған кезде).
      Жеке куәлiк және/немесе паспортқа ресiмдеген кезде өтiнiш берушi көлемi 3,5x4,5 см. 2 фотосурет ұсынуы қажет.
      Фотосурет өтiнiш берушiнiң құжат ресiмдеу кезiндегi жасына  сәйкес болуы, қатаң түрде жарық жерде, алдынан, бет-бейнесi нейтралды, аузы жабық күйде түсiрiлген болуы керек, сонымен қатар, адамның бетi фотосуреттiң жалпы аумағының 75% жуығын алуы тиiс.
      Фотосуреттер бiр негативтен тығыз фотоқағазға фотобаспа әдiсiмен басылған болуы қажет. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған бейнелердi пайдалануға жол берiлмейдi.
      13. «Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесi арқылы мемлекеттiк қызмет алу үшiн бланктер толтыру талап етiлмейдi.
      Қағаз тасымалдағышты пайдаланып мемлекеттiк қызметтi алу кезiнде жеке басты куәландыратын құжаттарды алу үшiн өтiнiш бланкiсi оны толтыруды жүзеге асыратын Орталық инспекторында болады.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» атқаратын қызметтерi мен оның мiндеттерi туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ уәкiлеттi орган қызметкерiнiң және/немесе Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi «Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесi арқылы алған кезде уәкiлеттi органның қызметкерлерi азаматтардың өтiнiштерiн жөнелтудi автоматтандырылған режимде жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызмет қағаз тасымалдағыш арқылы көрсетiлген кезде Орталық инспекторы құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексередi, журналға тiркеу және жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына тапсыруды жүзеге асырады.
      Жинақтаушы бөлiмнiң инспекторы құжаттарды жинап, тiзiлiм жасап, уәкiлеттi органдарға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттарымен уәкiлеттi органға және керi қарай жеткiзудi осы құжаттар қабылданған күнi курьерлiк байланыс арқылы күнiне кем дегенде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган орталықтан құжаттар пакетiн алған соң, оның осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, тiзiлiм жасайды және құжаттар пакетiн Әдiлет департаментiне жiбередi, онда құжаттар тексерiледi және азаматтардың паспорты пен жеке куәлiктерiн жасау үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiне жолданады.
      Дайындалған құжаттар тiзiлiм бойынша оларды уәкiлеттi органға жiберу үшiн Әдiлет департаментiне жiберiледi.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi керек.
      15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берiлген жерi, күнi және уақыты;
      4) 1-нысандағы өтiнiштi ресiмдеген Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты;
      5) құжатты беру үшiн өтiнiштiң жыртылмалы түбiртегi бар құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      16. «Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесi арқылы қабылданған дайын құжаттарды беру «терезе» арқылы уәкiлеттi органның қызметкерiмен сенбi, жексенбiнi қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн түбiртек пен қолхат негiзiнде көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
      Орталықтың инспекторы толтырған өтiнiш негiзiнде қабылданып, дайындалған құжаттарды беру Орталықтағы «терезе» арқылы Орталық инспекторымен қолхат негiзiнде көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуден қателiктердi анықтаған кезде, құжаттар пакетiн алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде бас тарту себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарады.
      Орталық дәлелдi бас тартуды алған соң бiр жұмыс күнi iшiнде  өтiнiш берушiнi хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша негiздемесiн бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделген және сыпайылық, түбегейлi және толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк орган, мекеме немесе өзге де субъектiлер жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерiнiң және Орталық инспекторларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнен мына телефон: 58-00-58 арқылы алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкiлеттi органның және Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Уәкiлеттi органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және түскен уақытынан бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Қаралған шағымдардың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi уәкiлеттi орган мен Орталықтың және осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      Уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетiлген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерiнде және уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      Уәкiлеттi органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшаларында көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәлiктер беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша              

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәлiктер беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-1-қосымша              

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекен-жайы

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький, 37 үй

25-13-42

25-09-39
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан, 51 «а» үй

56-30-80

55-09-59
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесi, 69 «а» үй

24-00-64

21-08-15
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 «а» үй

35-47-19

45-64-69
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6 үй

22-21-97

47-87-17
қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

45-22-89

43-05-05
қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208 үй

51-52-73

51-80-43
қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1 үй

41-20-40

42-05-33
қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38 үй

54-55-78

54-82-23
қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29 үй

26-21-25

26-24-03
қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 үй

43-31-68

42-05-70
қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18 үй

32-73-31

32-32-58
қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавловск қаласы, Конституция көшесi, 72 үй

31-00-11

33-23-80
қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16 үй

23-77-97

23-23-76
қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287 үй

392-15-74

392-25-75
қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15 үй

32-15-75

39-12-13
қабылдау бөлмесi
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Похожие:

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы