Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon

Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті



НазваниеҚазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті
Дата конвертации31.01.2013
Размер85.4 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы


«Октябрь кент әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


Лисаков қаласы Октябрь кенті

2008 жыл


Қостанай облысы

“Октябрь кенті әкімінің аппараты”

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы” Лисаков қаласы

әкімдігінің 2008 жылғы

«____»________№ _____ қаулысына

қосымша


Октябрь кенті әкімінің аппараты”

мемлекеттік мекемесінің Ережесі



  1. Жалпы ережелер



1. “Октябрь кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекеме, бұдан әрі «Әкім аппаратты» Октябрь кентінің аумағында мемлекеттік басқармасының атқарушы орган болып табылады, Лисаков қаласының құрылымына енгізіледі. Лисаков қаласының әкімдігіне және әкіміне, Лисаков қаласының аймағына және құрылымына бағынады.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес кент әкімінің аппараты өз қызметін жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген лимит шегінде кент әкімі аппаратының құрылымы Лисаков қаласының әкімдігімен бекітіледі. Кент әкімі аппаратының штат кестесі кент әкімімен бекітіледі.

4. Кент әкімінің аппараты заңды тұлға болып есептеледі, дербес балансы, өз атауымен мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерде белгіленген үлгі бойынша бланктар және де заңнамаға сәйкес банк шоты болады.

5. Кент әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіреді. Мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынас жағынан сөйлеуге құқығы бар.

6. Кент әкімі аппаратының құрылтайшысы Лисаков қаласының әкімдігі болып табылады.

7. Лисаков қаласының әкімдік қаулысы және осы Ереже кент әкімі аппаратының құрылтай құжаттары болып табылады.

8. Кент әкімі аппаратының қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырады.

9. Кент әкім аппаратының мемлекеттік тілде толық атауы:

«Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима поселка Октябрьский»

10. Кент әкімі аппаратының заңды мекен-жайы:

111203, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Буденный көшесі, 5 а үй, телефон 5-01-71


2. Кент әкім аппаратының тәртіп құруы, заты, мақсаты,

қызметтері және құқықтары

11. Кент әкім аппараты Лисаков қаласының әкімдігімен ұйымдастырылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.

12. Кент әкімінің аппараты қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ақпараттық- талдау, ұйымдық- құқықтық және материалдық-техникалық кент әкімінің қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асырады.

13. Кент әкімі аппаратының ақпараттық- талдау, ұйымдық- құқықтық және материалдық-техникалық кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету тиімділігін көтеру.

14. Әкім аппараты мынадай қызметтерді орындайды:

1) кент әкімінің аппараты және кент әкімі сапалы жұмысын жүргізу үшін іс жүргізуді және құжат айналымын жүзеге асырады, құжаттардың сақталуына және мұрағаттандыруына жауап береді;

2 ) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалар шегінде азаматтарға анықтамалар мен көшірмелерді ресімдейді;

3 ) кенттегі әскерге шақырылушы мен әскери міндетті алғашқы есепке алуды қамтамасыз етеді;

4 ) статистикалық шаруашылық есепті жүзеге асырады;

5 ) заңнама шегінде бюджетке салық жинауды және басқа міндетті төлемдерін жүзеге асырады;

6 ) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалар шегінде көзделген халыққа нотариалдық түрінде көмек береді;

7 ) кент әкімі өткізілген азаматтардың жиылыстар мен жиналыстардың материалдарын дайындайды;

8 ) кент әкімінің шешімдері мен өкімдері, азаматтардың жиылыстар мен жиналыстардың шешімдері орындаушыға уақытылы жеткізуін қадағалайды;

9 ) кент әкімі аппратының негізгі активтер мен материалдар, қаржы қаражаттарының бухгалтерлік- талдау есебін жүргізеді;

10 ) кент әкімі аппаратының жұмысын жоспарлайды, кент әкімінің азаматтарымен кездесулердің, кеңестердің, семинарлардың дайындығын ұйымдастырады;

11 ) Қазақстан Республикасының тапсырыстары мен актілерінің, облыс пен қала әкімдерінің әкімдік қаулылары мен шешімдердің, кент әкімінің шешімдері мен өкімдердің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалу бақылауын жүзеге асырады;

12 ) заңнаманы сақтамау және анықталған бұзуларын жою және жол бермеу бойынша шаралар қолданады;

13 ) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметті өтуімен байланысты сұрақтарды шешеді, кент әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің аттестатауын ұйымдастырып, өткізеді;

14 ) кент әкімімен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады, азаматтардың өтініштерін және қызметті құжаттарын қарастырады;

15 ) мемлекеттік тілді кең қолдануға бағытталған шаралар қолданады;

16 ) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес басқа міндеттерді жүзеге асырады.

15. Кент әкімі аппараты өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мынадай құқықтары бар:

1 ) әкім аппараты және кент әкімінің құзыретті мәселелер бойынша лауазымды адамдардан және ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды басқа материалдарды мемлекеттік органдардан алуға және сұрауға;

2 ) кент аймағында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қоғамдық өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара байланыста болады;

3 ) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес басқа құқықтарды және қызметтерді қамтамасыз ету;

16. Кент әкім аппаратын Октябрь кентінің әкімі басқарады.


3. Кент әкімі


17. Кент әкімі Қазақстан Республикасы Президенті анықталған тәртібі бойынша әкім қызметіне тағайындалады немесе сайланады.

18. Қазақстан Республикасы Президенті анықталған тәртібі бойынша кент әкімі өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатылады.

19. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кент әкімі:

1 ) Октябрь кентінің аймағында Лисаков қаласының әкімдігінің лауазымды тұлға болып есептеледі және мемлекеттік органдармен, азаматтары мен ұйымдармен қалалық әкімдік және кент әкімі аппаратының атынан сенімхатсыз қарым-қатынасқа кіреді;

2 ) азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарастырады, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау үшін шара қолданады;

3 ) бюджетке салық және басқа міндетті төлеулерін жинауына жәрдемдеседі;

4 ) бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын кент әкімі аппараты бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және бекіту үшін Лисаков қаласы әкімдігінің қалалық мәслихатына енгізеді.

5 ) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормасын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Презинденті мен Үкіметінің актілерін, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актлерін орындауына көмектеседі;

6 ) құзыреті шегінде жер қатынастарды реттеуді жүзеге асырады;

7 ) кентегі автомобиль жолдарын ұстауы мен жөдеуін, қайта құруын, құрылысын және де кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді;

8 ) кәсіпкерлік қызметтің дамуына, шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыруына көмектеседі;

9 ) құзыреті шегінде жұмылдыру және жұмылдырушы дайындық, азаматтық қорғаныс, жалпыға бірдей әскери міндеттілік мәселелер бойынша заңнамаларды ұйымдастырып орындалуына қамтамасыз етеді;

10 ) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу нотариаттық іс-әрекеттер жасауын ұйымдастырады;

11 ) тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;

12 ) табысы аз адамдарды анықтайды, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуін, жалғыз қарт адамдарға қызмет көрсетуді ұйымдастырады, еңбекке жарамсыз азаматтарға үйлерінде көмек көрсету жұмыспен қамтамасыз ету ұсыныстарын жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынады;

13 ) жергілікті әлеуметтік инфақұрылымның дамуына әсер етеді;

14 ) қоғамдық көліктің жүрісін ұйымдастырады;

14-1 ) шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайында денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілуін дәргерлік көмек көрсетуін ұйымдастырады;

15 ) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланыс жасайды;

16 ) статистикалық шаруашылық есепті жүзеге асырады;

17 ) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;

18 ) мәдени мекемені, мектепке дейінгі ұйымдарды қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

19 ) құзыреті шегінде кентті сумен жабдықтау және су пайдалану мәселелерін реттейді;

20 ) кентті санитарлық тазарту және көгалдандыру абаттандыру, жарықтау жұмыстарын ұйымдастырады;

21 ) тексіз адамдарды жерлеуін, бейіттер және басқа жерлеу орындарын керекті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады;

19-1 ) Кент әкімінің құзыреті шегінде қаламен көліктік қатынас ұйымдастыру, керекті жағдайларда оқушыларды мектепке дейін әкелуіне қайтар жолын тегін ұйымдастыру туралы ұсыныстарын қала әкімдігіне ұсыну;

20. Кент әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқа да сұрақтар шешуі мүмкін.

21. Кент әкімінің құзыретігіне жататын мәселелер бойынша қалалық мәслихаты, Лисаков қаласының әкімі алдында жүктелген қызметтерді жүзеге асыруына жауапты.

22. Кент әкімі нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдерін шығарады және әкімшіл – өкімшілік сипаттағы, жеке жедел мәселелер бойынша өкімдерін шығарады.

23. Кент әкімінің құзыреті шегінде қабылданған актілер кент аумағында міндетті күшін жоймайды.

24. Азаматтардың бостандығы мен міндеттерін, құқықтарын қозғайтын кент әкімінің актілері міндетті ресми жариялауына жатады.

25. Ведомстволықаралық сипаттағы жалпыға бірдей маңызы бар немесе азаматтардың бостандығы мен міндеттерін, құқықтарын қозғайтын кент әкімінің актілері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.

26. Кент әкімінің актілер күші Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Президентімен, жоғарғы тұрған әкімдігімен немесе әкімімен, кент әкімінің сот шешімімен жойылады, немесе тоқтатылады.


^ 4. Кент әкімі аппаратының мүлігі.


27. Кент әкімінің аппараты оқшау мүлігін жедел басқару құқығы бар.

28. Заңнамада белгіленген тәртіппен кент әкім аппратының мүлігі бюджеттік сатып алу есебінен мекемелер мен ұйымдар кент әкімі аппаратының балансына және басқа кәсіпорындар баласынан материалдық құндылықтарды мен объектілер беріледі, жеке және заңды тұлғалардың демеушілік көмегімен қалыптастырады.

29. Кент әкімі аппараты өз бетінше бекітілген мүлігін иеліктен айыруға құқығы жоқ немесе басқа тәсілмен де мүлікке билік ету. Кент әкім аппаратының мүлігі мақсат пен міндеттерге қарама-қайшылық және заңнамаларда көзделмеген мақсаттарда қолданбауы тиіс.

30. Әкім аппараты мүлігінің құны кент әкімі аппаратының балансында көрсетіледі.


^ 5. Кент әкім аппратының қызметкерлерімен

өзара қарым-қатынасы.


32. Кент әкім аппаратының қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңнамаларымен реттелген.

33. Кент әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет мәселелері кент әкімінің өкілеттігі тоқтатылуына байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамаларымен айқындалған жаңа әкім тағайындалады.


6. Кент әкім аппаратының таратуы және қайта құрылуы.


34. «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің таратуы және қайта құрылуы Лисаков қаласының әкімдігімен қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес өткізіледі.




Похожие:

Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті iconОктябрь кенті әкімінің 2011 жылда орындалаған жұмыстары туралы есеп беруі
Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізіп жатыр. Бүгін 2012 жыл 1ақпанда Октябрь кентінде...
Қазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы