Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы icon

Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы



НазваниеБекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
страница1/3
Дата конвертации29.04.2013
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Бекітемін:

«Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________________С.Нұрбисалиева

2013 жылғы «___» ____________

_____ бұйрығы


Үкіметтік емес ұйымдарының

2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолданып, конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар бойынша

^ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Ұйымдастырушы және Тапсырыс беруші: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтар к-сі, 31, 218 каб. Тел.87144134137, факс:87144133749, ИИК KZ 13070103KSN3907000, БИК KKMFKZ2А, интернет-ресурс: www. karabalyk.kostanay.gov.kz.

Ұйымдастырушы мен тапсырыс берушінің өкілі: Нурбисалиева Сәуле Берқалқызы, «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы, тел. 8 71441 341 37, факс: 8 71441 337 49, электрондық поштаның адресі: otdel_politiki@mail.ru

Конкурстық құжаттаманың құны

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

Конкурстық құжаттама мына веб-сайтта: www. karabalyk.kostanay.gov.kz.

^ 1. Жалпы ережелер


1. Үкіметтік емес ұйымдардың 2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы, өнім берушілерді таңдау мақсатында мемлекеттік сатып алулар жөнінде конкурс.

2. Қызметтерге мемлекеттік сатып алу конкурсы үшін бөлінген қаржының сомасы  350 000 теңгені құрайды.

Соның ішінде лот бойынша:



^ Сатып алынатын қызметтердің (лоттардың) атауы

Теңгедегі сомасы



«Әр аудан тұрғынының ел жетістіктері мен табыстарына қосқан үлесін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»

350000


3. Осы конкурстық құжаттаманың өзіне қосатыны:

1) осы Конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) осы Конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;

3) осы Конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес форма бойынша заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысу өтінімі;

4) осы Конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес форма бойынша қызмет көрсету үшін әлеуетті өнім берушілердің біліктілігі туралы мәлімет;

5) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» (әрі қарай Заң) Заңының 17 бабының 4 тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, ең сапалы қызметті ұсынатын конкурстың қатысушысын анықтау мақсатымен конкурстық комиссиясының конкурс жеңімпазын анықтауда есепке алынатын міндетті өлшемдердің тізбесі;

4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгеде болуы керек.


^ 2. Сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелері туралы, оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге түсінік беру.


6. Мәліметтері тіркеу журналына енгізілген тұлғалар мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына 2013 жылғы 11 наурызда сағ.12.00-ден кешікпей конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік беру туралы жазбаша сұрау салуға құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрауын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының келесі деректемелері бойынша жолдау қажет: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтар к-сі, 31, 218 каб. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ.

7.  Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге міндетті және сұраудың кімнен келгенің белгілемей:

1) тіркеу журналына мәліметтері енгізілген, конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсініктемені жолдау ;

2) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік берудің мәтіні тапсырыс берушінің www. karabalyk.kostanay.gov.kz. интернет-ресурсінде жарияланған.

8. Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің берілуінің соңғы мезгілі 2013 жылғы 14 наурызға сағ.12.00-ден кешікпей өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім беруші сұрауының жауабына конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту тәртібі сияқты рәсімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші бар және олар конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күннен аспай сатып алудың ұйымдастырушысымен конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге ақысыз негізде жіберіледі. Сонымен бірге әлеуетті өнім берушілермен осы өзгерістерді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде есепке алу үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің берілу мерзімі сатып алудың ұйымдастырушысымен 10 күнтізбелік күн мерзіміне ұзартылады.

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулары белгіленген нақтыланған конкурстық құжаттаманы www. karabalyk.kostanay.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырады.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдердің рәсімделуіне талаптар және конкурс тәсілімен әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді беру


^ Конкурсқа қатысуға өтінімдер

9. Конкурсқа қатысуға өтінім – конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сай қызметтерді атқаруға келісімін білдіру формасы болып табылады. Конкурсқа қатысу өтінімінің мазмұнында әлеуетті өнім берушінің Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулерді бұзушылықтың жоқтығы туралы, оның және мемлекеттік сатыпалуды ұйымдастырушының арасында Заңмен тыйым салынған қарым-қатынастардың жоқтығы туралы, Заңның 37-бабының 9-тармағында көрсетілген фактілердің анықталған жағдайында, Қазақстан Республиксының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім туралы растау болуға тиіс. Конкурстық өтінім күшінің мезгілі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап есептелетін 45 күнтізбелік күнінен кем болмауы керек. Конкурстық құжаттамада белгіленген мезгіл күшінен қысқа болатын мерзімі бар конкурстық өтінім қабылданбайды.

10. Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысына беретін конкурсқа қатысуға өтінімі келесі мазмұнда болуы тиіс:

1) осы Конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес форма бойынша әлеуетті өнім берушімен толтырылған және қол қойылған өтінім;

2) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растауына әлеуетті өнім берушілермен берілетін құжаттардың тізбесі:

құқық қабілетін растайтын нотариус куәландырған құжаттар:

белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітіліп, нотариус куәландырған жарғының көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесін. Егер заңды тұлға белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген Үлгі жарғысы негізінде қызметін жүзеге асыратын жағдайда, нотариус куәландырған мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесі;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді мазмұндайтын (егер құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер жарғыда белгіленбесе) құрылтай құжаттарынан нотариус куәландырған үзінді;

лицензия және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, сатып алынатын қызметтерді көрсетуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын құжаттар көшірмелері;

3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қоса орындаушысының арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

осы Конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес форма бойынша мемлекеттік сатып алу процессіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер. Осы мәліметтерде арнайы біліктілік және басқа талаптардың толық тізбесі болуы қажет. Сонымен қатар мәліметтерде әлеуетті өнім беруші және оның қоса орындаушысының осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар белгіленуі қажет;

егер әлеуетті өнім беруші қызметтердің қоса орындаушыларын тартуын көздейтін болса, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі қажет;

осы Конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың тақырыбы болатын қызметтерді көрсеткенде қоса орындаушылар туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушімен қоса орындаушыларға қоса орындауға қызмет көлемінің үштің екісінен астам жинағында тапсыруға тыйым салу шартының көзделуі қажет;

4) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының, орнын, қызмет көрсету мезгілі, сапа кепілдігінің көрсетілуі мен қызметтерді көрсету кестесі (жұмыс жоспары) белгіленген техникалық спецификация.

5) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығын беретін әлеуетті өнім берушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат. Әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші жетекшісі есептелмейді
^

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің рәсімделуіне талаптар



11. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес толтырылады және әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына тігілген түрінде, нөмірленген беттерімен беріледі. Соңғы бет әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен расталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық спецификациясы (тігілген түрінде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен расталған) бөлек қосылады.

12. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылып немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы қажет және әлеуетті өнім берушімен қол қойылып, мөрмен басылуы қажет.

13. Әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуді есептемегенде конкурстық өтінімде жолдар арасында ешбір кірістірме, сүрту немесе артық қосып жазу болмауы керек.

14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке жапсырады, оның алдыңғы жағында әлеуетті өнім берушіның толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер өтінім «кешіккен» болып жарияланса конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған қалпында қайтару мақсатымен), сатып алу ұйымдастырушысының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сонымен қатар келесі мазмұндағы мәтін жазылуы қажет: «үкіметтік емес ұйымдардң 2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурсы» және «2013 жылғы 20 наурызда сағат 15.00 дейін ашылмауы қажет».


^

Конкурсқа қатысуға өтінімнің берілу тәртібі



15. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конвертке салынған конкурсқа қатысуға өтінімдерін мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына қолма қол береді немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы келесі мекенжайға жібереді: 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтар к-сі, 31, 218 каб. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мен тіркеу жұмысына жауапты – Теплова Светлана Алексеевна, 2013 жылғы 20 наурызда сағат 13.00 қоса алған мезгіліне дейін.

16. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мезгілі өтпейінше мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысымен алынған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және оны берген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер, оның белгіленген деректемелеріне сәйкес қайтарылады немесе әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен беріледі.

17. Әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысының уәкілетті өкілімен тиісті журналда конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың күні мен уақытын белгіленіп тіркеуден өтеді.

18. Егер осы конкурстық құжаттамамен көзделген конкурстық өтінімдері бар конверттердің рәсімделу талаптарының бұзылса, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
^

Конкурстық өтінімдердің өзгеруі және олардың кері шақырылуы



19. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімдердің берілуінің соңғы мезгілі өтуіне дейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімін өзгерте немесе кері шақырта алады. Өзгерістің енгізуі дайындалып, жапсырылуы қажет және конкурсқа қатысуға ұсынылатын өтінім сияқты ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді кері шақыру туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрмен расталған еркінше арыз түрінде рәсімделеді.

Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің ұсынудың соңғы мезгілінің өтуіне дейін мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысымен алынатын болса, конкурсқа қатысуына арналған өтінімге енгізілген өзгерістер немесе конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімді кері шақыру күшінде болады.

20. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттердің берілуінің соңғы мерзімінен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар, конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері шақырылуы рұқсат етілмейді.

21. Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің мезгіл күшінің өтуіне дейін он күнтізбелік күнінен аспай нақты уақыт кезеңіне өтінім күшінің мезгілін создыру туралы әлеуетті өнім берушіларға сұрау жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінім мезгілінің күші бар кезеңінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу құқығын жоғалтпай осындай сұрауды қабылдамауға құқылы.

22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілі арқылы өзінің қатысуымен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға байланысты барлық шығындарды көтереді. Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы, конкурстық комиссия конкурс тәсілі арқылы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына байланыссыз түрде осы шығындардың өтелуі бойынша міндеттемелерді көтермейді.


^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер конкурстық комиссиясымен ашылуы


23. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу конкурстық комиссиясымен барлық келген әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкіл өкілдерінің қатысуымен 2013 жылдың 20 наурызында сағат 15.00-де 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтар к-сі, 31, №218 каб. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының хабарландыруында және осы Конкурстық құжаттамада белгіленген мезгіл мен тәртіпте ұсынылған әлеуетті өнім берушілардың өтінімдері бар конверттері ашылуға тиісті.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға тек қана бір өтінім ұсынылса, аталмыш өтінім сонымен қатар ашылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінде қатысып отырған Әлеуетті өнім берушілардың уәкіл өкілдері өз қатынасын растап, өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынып, әлеуетті өнім берушіларды тіркеу журналында 2013 жылдың 20 наурызында сағат 14.30-да 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтар к-сі, 31, №218 каб. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мекен-жайы бойынша тіркелуі қажет.

25. Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкіл өкілдері конкурстық комиссияны конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін түсіру үшін пайдаланатын аудиожазба және бейне түсірілімнің техникалық жабдығы туралы хабарлама етеді.

26. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысында қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкіл өкілдерінің конкурстық комиссияның, конкурстық комиссияның хатшысының қызметіне кірісуі рұқсат етілмейді.

27. Конкурстық комиссияның аталмыш отырысында:

1) Конкурстық комиссияның хатшысы қатысып отырған тұлғаларға мына туралы хабарлайды:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

конкурстық комиссияның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің сұрауының барлығы немесе жоқтығы, сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысымен конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік беру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесуді өткізу;

фактінің барлығы немесе жоқтығы, сонымен қатар конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу себептері;

тіркеудің тиісті журналында тіркелген, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілар;

конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әр әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеудің тиісті журналына енгізілген мәліметтерді хронологиялық тәртіп бойынша жария етеді;

аталмыш конкурс бойынша басқа да ақпаратты жария етеді;

 2) Төраға немесе конкурстық комиссияның мүшелері арасынан төрағамен белгіленген тұлға:

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімдегі құжаттар тізбесі мен олардың қысқа мазмұның жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

өтінімдері бар конверттерді ашудың тиісті хаттамасын рәсімдейді;

конкурстық комиссияның отырыс хаттамасының көшірмесін алудың мезгілі туралы әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкіл өкілеттерін хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылып, конкурстық комиссияның барлық отырысқа қатысушы мүшелерімен, оның төрағасымен, оның орынбасарымен, сонымен қатар конкурстық комиссияның хатшысымен толық қол қойылады.

Көрсетілген отырыс хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысының өткен күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұратуы бойынша сұратуды алған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-сайтында конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер конверттерін ашудың қол қойылған хаттамасының мәтіні жарияланады.

5. Құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тақырыбына және конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерді кіргізу рұқсаты бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді конкурс тәсілі арқылы конкурстық комиссияның қарауы


 28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурстық комиссиясымен конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілер арасында біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі бар әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурс қатысушылары ретінде тану мақсатында қаралады.

29.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарағанда конкурстық комиссия құқылы:

1) әлеуетті өнім берушілерден жазбаша формада өтінімдерге байланысты материалдар мен түсініктемелерге сұрау жасау. Оның мақсаты – конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарауды, бағалауды және салғастыруды жеңілдету;

2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатымен жазбаша формасымен тиісті мемлекеттік органдарынан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратқа сұрау жасау.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрауы мен басқа да әрекеттері рұқсат етілмейді. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деген түсінік конкурсқа қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға бағытталған конкурстық комиссияның әрекеті, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыру, тиісті емес қалпында рәсімделген құжаттарды сәйкестікке келтіру деп есептелінеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келуі тақырыбына қарайды, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнің қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателердің бар болған жағдайда.

30. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарға лайықты емес деп мына жағдайда таниды:

1) әлеуетті өнім беруші және тартылып отырған қоса орындаушысының біліктілік талаптары сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушімен ұсынбауы немесе тиісті емес қалпында рәсімделген құжатты (құжаттарды) ұсынуы;

2) өзінің сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушімен ұсынылған құжаттардың мазмұнындағы ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатыстырып отырылған оның қоса орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкессіздігі фактісін анықтауы;

3) біліктілік талаптары бойынша жалған ақпараттың ұсынылу фактісінің анықталуы.

Заңның 9 бабының 1 тармағында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға рұқсат етілмеді

31. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді (конкурстың қатысушысы болып танылмайды), егер:

1) ол немесе оның қоса орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп танылса;

2) Заңның 6 бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп анықталса.

Егер осы Заңның 25 бабының, 4 тармағында, 2) тармақшасында көзделген негіздері бойынша әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат етілмесе, онда:

Конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасында әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімі ауытқуының негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6 бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушылары тізіміне енгізіледі.

32.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды, оларға конкурсқа қатысуға рұқсат етіліп, конкурстың қатысушылары болып танылады;

2) Заңның 17 бабының 4 тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық мағынасын қолданады.

Егер әлеуетті өнім берушімен конкурстың баға ұсынысына ықпал ететін өлшемдерді растайтын құжаттар ұсынылмаса, онда конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім берушімен ұсынылған шаттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі қажет.

Қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысатын әлеуетті өнім берушінің (мердігердің) жұмыс тәжірибесінің барлығы мәселесін қарауда, конкурстық комиссия осы конкурстағы қызметтерді көрсету рыногындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарайды. Сонымен бірге конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтер рыногындағы жұмыс тәжірибесінің барлығына әр жылына бір жылдан бастап конкурстық өтінімнің бағасын 0,5 % азайтады, бірақ 5%-дан төмен емес. Егер бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болса немесе жұмыс тәжірибесі болмаса осындай пайыз анықталмайды. Пайыздық ықпалдың жиынтығы аталмыш өлшемдегі конкурстық өтінімнің шартты бағасынан 5% аспауы қажет.

Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда кәсіптік біліктілік деңгейіне ие неғұрлым тәжірибелі және қызметтер рыногында жұмыс тәжірибесі бар мамандарды ұсынғаны үшін конкурстық өтінімнің шартты бағасын 5%-ға азайтады.

Сатып алынатын қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджементі жүйесінің сертификациясын растайтын құжаттың бар болған жағдайында, конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 3% азайтады.

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы көрсетілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларына конкурстық өтінімдердің шартты бағасына ықпал ететін 1% белгілейді. Аталмыш өлшемдердегі конкурстық өтінімнің бағасына жиынтықты пайыздық ықпал 1% аспауы қажет.

Жергілікті қамтудың бар екендігін қараған кезде конкурстық комиссия қазақстандық қамтудың әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімінің бағасын бір пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші қызметтерінің қазақстандық мазмұны бағаның пайыздық мазмұны ретінде анықталады: жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарттарды орындау үшін әлеуетті өнім берушімен алынатын отандық тауарөндірушілердің тауарлары. Олар тура немесе мердігер шарт жасасу арқылы, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім берушімен жалға алған жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері арқылы – тура немесе сатып алу туралы шарттың жалпы бағасынан мердігер шартын жасау арқылы.

Конкурстық комиссия жұмыстар, қызметтердің отандық өнім берушісінің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға шартты азайтады.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын рәсімдейді және конкурсқа қатысуға рұқсат алған әлеуетті өнім берушімен (конкурс қатысушысымен) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына ұсынылатын конкурстық баға ұсыныстарының күні, уақыты, орның белгілейді.

33. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күніненкешіктірмей төраға және отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сонымен қатар конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне қол қойылады (қатысушылардың конкурсты тануы).

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен аспай конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерге аталмыш хаттаманың көшірмесін жолдайды немесе ұсынады. Сонымен қатар, қол қойған хаттаманың мәтінің тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы шешімі Заңның 45 бабында белгіленген тәртібі бойынша шағымдануы мүмкін.


^ 6. Конкурсқа қатысуға рұқсат алған әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын рәсімдеуі


 34. Конкурсқа қатысуға рұқсат алған әлеуетті өнім берушілермен (конкурс қатысушыларымен) ұсынылған конкурстық баға ұсынысы мен шығындар кестесі осы Конкурстық құжаттаманың 6 және7 қосымшаларына сәйкес келесі түрде рәсімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының формасы басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы қажет және әлеуетті өнім берушімен қол қойылып, мөрмен бекітілуі қажет

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушіге грамматикалық қателерді түзету қажеттігін есептемегенде жолдар арасында ешбір кірістірме, сүртіп алу немесе қосып жазу болмауы қажет

3) әлеуетті өнім берушілардың конкурстық баға ұсыныстары теңгеде болуы қажет.

35. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке жапсырады оның алдыңғы жағында әлеуетті өнім берушіның толық атауы мен келесі мазмұндағы мәтін жазылуы қажет: «Үкіметтік емес ұйымдарының 2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі КОНКУРС– ^ КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ – 2013 ЖЫЛЫ (нақты уақыт конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетіледі)САҒАТ 15.00-ге ДЕЙІН АШЫЛМАУЫ ҚАЖЕТ».

Конкурс қатысушысымен бір конкурстық баға ұсынысынан артық ұсыныс рұқсат етілмейді, сонымен қатар конкурстық баға ұсынысын кері шақыру немесе ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізуіне рұқсат етілмейді.


^ 7. Конкурстық комиссияның конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру және конкурстың жеңімпазын анықтау


 36. Конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамамен анықталған күн, уақыт және орында конкурстық комиссия конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салғастыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада белгіленген мерзімнің өтуіне дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынған конкурстың қатысушылары туралы мәліметті енгізеді.

Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссияның төрағасы немесе конкурстық комиссия мүшелері арасынан төрағамен белгіленген тұлға:

Конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді, оларды тіркеу хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тіркеу тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырады;

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салғастыру бойынша конкурстық комиссияның отырысында конкурстың қатысушылары немесе аудиожазба және бейне түсіру құқығымен олардың уәкіл өкілдері қатысады. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілген техникалық құралдардың қолданылатындығы туралы конкурстық комиссияны хабардар етуі қажет.

38. Конкурстың қатысушылары және (немесе) олардың уәкіл өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39. Конкурстық комиссия:

1) егер конкурс қатысушысының конкурстық баға ұсынысында демпинг бағасы болса қабылдамайды;

2) конкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;

3) егер, аталмыш тармақтың 1) и 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамағаннан кейін, конкурсқа конкурс қатысушыларының екі және одан астам конкурстық баға ұсыныстары қатысса, конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық маңызын олардың конкурстық баға ұсыныстарына пайдалана отырып аталмыш конкурс қатысушыларының шартты бағаларын анықтайды;

4) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең аз шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды;

5) конкурстық баға ұсыныстары шартты бағаларының теңдігі жағдайында жеңімпаз болып қызметтерді сатып алу рыногында үлкен тәжірибесі бар қызмет көрсетудің отандық өнім берушісі танылады.

40. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салғастыруды өткізу күнінде қатысып отырғандарға конкурстың жеңімпазын жария етіп, оған конкурстық комиссияның төрағасымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен қол қойылған жазбаша хабарлама береді.

41. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша, конкурс жеңімпазы анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы рәсімдейді. Конкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың әр бетіне конкурстық комиссияның төрағасымен және барлық қатысып отырған мүшелерімен, сонымен қатар конкурстық комиссияның хатшысымен қол қойылады.

42. Мәліметі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушіның жазбаша сұрауын алған күннен бір жұмыс күннен аспай, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін ақысыз негізде беруге міндетті.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруы;

2) мемлекеттік сатып алу веб-порталына өткізілген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпарат орналастыруы қажет.


^ 8. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт


 44. Тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойып, конкурс жеңімпазы болып анықталған әлеуетті өнім берушіге жолдайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамасына, Заң талаптарына сәйкес және қызметтерді мемлекеттік сатып алу Үлгі шарты негізінде (осы Конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасы) қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарты жобасының екі данасын жолдайды. Сонымен бірге тапсырыс беруші шарттың жобасымен конкурс жеңімпазы болып таңылған өнім берушіге конкурс қорытындылары туралы хаттаманың бір данасын жолдайды.

45. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мезгілі мемлекеттік сатып туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жолдаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы қажет.

46. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасынан үш пайыз мөлшерінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету үшін енгізуге міндетті.

47.Өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша өз міндеттемелерін дер кезінде, толық және тиісті қалпында орындаудың кепілі ретінде есептеледі.

48. Өнім беруші шартты орындаудың қамтамасыз етудің келесі түрінің бірін таңдауға құқылы:

1) келесі банк шотында орналастырылатын кепіл ақша жарнасы: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, БСН 060140006706, ЖСК KZ330705034560514001, БСН KKMFKZ2A, КНП 171, КБе 12, «ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті» ММ.

2) осы Конкурстық құжаттаманың 9-қосымшасына сәйкес формасы бойынша банк кепілі.

49. Өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін енгізілген кепілдеме қаражат жарнасын толықтай немесе бөліктеп үшінші тұлғаның талап ету құқығының пайда болуына әкеліп соқтыратын іс-қимылдарды жасауына жол берілмейді.

49. Тапсырыс беруші өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуге енгізілген ақшаны өнім берушімен шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті орындаған мезгілден бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

50. Егер қызметтер мен шарттық міндеттемелердің өнім берушімен орындалмауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылса, тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуге енгізілген ақшаны қайтармайды.

51. Егер, заңмен белгіленген мезгілі ішінде әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе осы конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасап, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбесе, онда ол әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарушы ретінде таңылады.

52. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарушы ретінде таңылса, тапсырыс беруші:

1) оның енгізген конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді ұстай тұрады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады және ондай әлеуетті өнім берушіны мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушысы ретінде тану туралы сотқа арызбен жүгінеді;

2) ондай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға мәжбүр ету туралы, сонымен қатар мемлекетті сатып алу туралы шартты жасаудан жалтару нәтижесінде келтірілген шығындарды өтеу туралы сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

53. Тапсырыс беруші Заңның 11 бабының 5 тармағының 2) және 5) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын әлеуетті өнім берушімен бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап он жұмыс күннен аспай уәкіл органға осындай әлеуетті өнім беруші туралы мәліметті жолдауға және осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы ретінде тану туралы сотқа арызбен жүгінуге міндетті.

54. Шарт мазмұнында мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы шарттар болуы қажет.

55. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауда қызмет көрсетудің атауы, саны, сапасы, техникалық спецификациясы, бағасы, орны және мезгілі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес болуы қажет.

56. Тапсырыс беруші және өнім берушінің аталмыш шарт бойынша өз міндеттемелерінің толық орындалу жағдайында ғана мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалған болып есептеледі.


_________________________


Конкурстық құжаттамаға 1-Қосымша
Үкіметтік емес ұйымдардың 2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстың сатып алынатын қызметтер тізбесі


Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы


Қызмет атауы*

Өлшем бірлігі

Саны,
көлемі


Жабдықтау шарты

(ИНКОТЕРМС
2000 сәйкес)


Қызметті көрсету мерзімі

г

Қызмет көрсету орны


Аванстық төлемнің мөлшері

%


Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген қаржының сомасы

(лот бойынша),
мың теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



«Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ

(бұдан әрі- ІСБ)

«Әр аудан тұрғынының ел жетістіктері мен табыстарына қосқан үлесін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»

Қызмет

1

-

Сәуір- маусым

Қарабалық к.




350,0 мың

* Техникалық спецификацияда қызметтің сипаттамасы мен толық атауы көрсетіледі


«Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы С.Нурбисалиева

М.П.                                «19» ақпан 2013 жыл

Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша


^ САТЫП АЛЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СПЕЦИФИКАЦИСЫ


«Әр аудан тұрғынының ел жетістіктері мен табыстарына қосқан үлесін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»

^ 1 лот бойынша


Үкіметтік емес ұйымдардың 2013 жылға арналған әлеуметтік әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурс


Конкурстық өтінімнің құрамында әлеуметтік қызметтердің сапасын айқындаушы және техникалық мінездемесін айқындайтын құжаттар, жоба ретінде және келесі мазмұнда көрсетілуі тиіс:

^ 1.Ұйымның сатып алынатын қызметінің мақсатын түсіндіру сәйкестігі (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның негізгі қызметтік бағыты, мақсаты):

    1. Жеткізушінің ақпараттық-насихаттау жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек;

    2. Ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді дәл түсіну негізінде аудан тұрғындарын біріктіруге бағыталған мемлекеттікті нығайту және азаматтық әлеуметтік сенімді қалыптастыру бойынша ішкі саясат саласында жеткізушінің жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек;



^ 2. Жобаны іске асыру мақсаты:

- Ұлт бірлігін нығайту және қазақстандық қоғам дамуының тұрақтылығын қолдау бойынша аудан тұрғындарын белсенділікпен қатысуға тарту;

- Елбасының курсын Қарабалық ауданы тұрғындарының кеңінен қолдауын қамтамасыз ету;

- Облыс пен аудан жетістігіне қатысы бар Қарабалық ауданы тұрғындарының жетістіктерге жету тарихын анықтау;

- Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекетті құру бойынша табысты стратегиясын көрсету.


^ 3. Жобаны іске асыру міндеттері:

Осы әлеуметтік жобаның аясында келесі іс-шараларды өткізу қажет:

3.1. Аудандық форум «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!»

Аудандық форум келесі міндеттерді көздейді:

- қазақстандық патриотизмді нығайту, еліне, туған өлкесіне, ауылына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

- қарабалықтықтардың саяси сана-сезімін дамыту;

- ауданда тұрып жатқан этностар мен ұлттардың бірлігін нығайту;

- нысаналы топтан 250-ден кем емес адамды қамту.

3.2. ^ Аудандық және облыстық Форумдардың делегаттарымен кездесу

Кездесулерді өткізу келесі мәселелерді шешуді көздейді:

- Жас ұрпақ алдында қарабалықтықтардың жетістіктерінің тарихын насихаттау;

- аудандық БАҚ-та кеңінен жариялау;

- нысаналы топ өкілдерінен 100-ден кем емес адамды қамту.


3.3. ^ Аудандық фотокөрме.

Аудандық фотокөрме келесі міндеттерді көздейді:

- аудан тұрғындарын өңірдің даму тарихымен таныстыру;

- өңірдің белгілі тұлғаларымен таныстыру;

- оқушылар мен студентердің, жұмысшы тұрғындардың, этномәдени бірлестіктер өкілдерінен 300-ден кем емес адамды қамту.


^ 4. Жобаның орындалу нәтижесінің индикаторлары:

- 250-ден кем емес адам қатысқан бір Форумды өткізу;

- 100-ден кем емес адамды қамтыған кем дегенде 4 кездесу өткізу;

- фотокөрме өткізу, оның материалдарын «Назарбаев орталық» ММ архивіне беру үшін электронды түрде жазыу;

- «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» Форумына қатысу үшін кем дегенде 3 скиперді таңдау.

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы бойынша 30-дан кем емес студент, жұмысшы, шығармашыл жастарды қамтыған семинара-тренингті ұйымдастырып өткізу;

    2. Алдынғы қатардағы 40-тан астам аудан жастарын қамтыған «Алтын жастардың» Қарабалық ауданы әкімімен кездесуін ұйымдастыру;

    3. іс-шара өткізуден 15 күн бұрын құжаттар пакетін әзірлеу және ұсыну:

- жобаның идеологиялық кейсі, мақсат, міндеттері;

- іс-шара бағдарламасы;

- өткізу сценариі;

- қатысушылар мен шақырылғандар тізімі;

- пресс-релиз;

- сайттық ақпарат жобасы;

- қорытынды құжат жобасы.

    1. жоба іске асқасын бес күннен кешіктірмей қорытынды есеп беру:

-шығармашылық есеп;

- фото-есеп;

- буклеттер шығару;

    1. медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, басылымдық және электрондық БАҚ-та кемінде 2 материал шығару;


5. Қызметтердің аумағы және бенефициарлар.

5.1 Жобаны іске асыру орны: Қостанай облысы, Қарабалық к.

5.2 Бенефициарлар: оқушылар, студенттер, этномәдени орталықтардың өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың басшылары, ауыл шаруашылығының жұмысшылары, бизнесмендер, журналистер.

5.3 Жобаның іске асу мерзімі сәуір-маусым 2013 ж.


6. Қызмет көрсету бойынша іс - шаралардың жұмыс жоспары (жұмыс жоспарын іске асыру):





Іс-шара

Өткізу мерзімі

Өткізу орны (елді мекен, ұйым атауы)

Нысаналы топ және қатысушылар санының болжамы

Сәуір































мамыр
















Маусым
















*^ Сарапшының жоспарда қатысыыу туралы жазылуы керек


7. Қолдау базасы:

Ұйымның атауы

Адамдар саны

^ Рөлі/қызметі қандай




















^ 8. Жобаның іске асырылуын БАҚ-та жарыққа шығару медиа-жоспары.




Іс-шара немесе сұхбат тақырыбы

Аты-жөні

^ БАҚ атауы

Басылымның/репортаждың жарыққа шығуының күтілетін мерзімі

















^ 9. Тапсырма берушi белгілеген сомадан аспайтын қызмет көрсетуге арналған жоспарланған шығындар:



^ Шығындар түрлері

Жоспарланған шығындар

(мың тенге)


Тапсырма беруші белгілеген қызметтiң жалпы құнынан%













Барлығы








^ 10. Жобаның iске асыруға қосатын меншiктi үлесінің көлемi: (қаржылық, техникалық, адам ресурстары) ___________________________________________________________


11. Жобаны iске асыруға байланысты қосымша қаражат тарту мүмкiндiгi туралы мәліметтер (қаржылық, техникалық, адам ресурстары):


^ 12. Сандық және сапалық көрсеткіштері күтілетін нәтиже, сонын iшiнде:

жобаны iске асыру нәтижесiнде іс-жүзінде қамтылатын азаматтар саны:____________________________________________________________________;

нысаналы топ өкiлдерiне қатынсты болатын оң өзгерiстердiң сиппатамасы:_____________________________________________;

Қазақстан республикасының 2050 жылға дейiнгі даму стратегиясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымен, басқа да стратегиялық құжаттармен белгіленген мемлекеттiк саясаттың стратегиялық мақсаттарына және міндеттеріне жоспарланған іс-шаралардың күтетін ықпалы,:______________________;


Ескерту. 1-12 тармақтары міндетті түрде толтырылады. Келесі ұсынылатын ақпарат техникалық ерекшеліктердің бөлігі ретінде болып отыр және конкурсқа қатысуы және техникалық ерекшеліктердің мәтінін әзірлеу туралы шешім қабылдау кезінде Өнім берушімен ескерілуі қажет. Ұсынылған мәтін көшірілмейді және орындаушымен әзірленетін техникалық ерекшеліктер мәтініне енгізілмейді.

^ 13. Ерекше шарттар:

- Облыстық және республикалық деңгейде тіл дамыту саласында мемлекеттік сатып алу ды жүгізудің тақырыбы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі (3 жылдан кем емес) болуы;

- жобада көрсетілген іс-шараларды өткізетін жайдың болуы;

- мемлекеттік сатып алудың тақырыбы болатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс істеу тәжірибесі мен кәсіби біліктілік деңгейі бар мамандардың болуы;

- конкурстар (фестивалдер) өткізу және іс-шараларға қатысқандарды марапаттау рәсімдерінің сценариін әзірлеу;

- іс-шаралардың жоспарын, сценариін және өткізу жағдайын Тапсырыс берушімен келісу;

- шығындар сметасын, жүлделік қордың сомасын, шартты жобасын, қатысушылардың, шақырылғандардың және қазылардың (сарапшылар) тізімін, грамоталар мен алғыс хаттардың эскиздерін Тапсырушымен келісу, іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша істеген жұмыс туралы есепті(материалдарды) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша ұсыну;

- іс-шаралар өткеннен кейін 3 күн ішінде видео, фото, орындалған жұмыс туралы есеп пен актіні тапсыруға тиіс

- дипломдарды сапалы және уақытылы дайындау, ескерткіш сыйлықтарды сатып алу;

- Қарабалық ауданы әкімі мен ҮЕҰ орталық ресурстық сайттарында қорытынды және анонстық ақпаратты орналастыруға ұсыну, пресс-релиздердің жеделдігі;

- Тапсырыс берушінің кестесіне сәйкес шығармашылық (видеоматериалдарды және суреттермен қоса электронды түрде) материалдарды және қаржылық есепті ұсынады;

- қызмет көрсету нәтижесі тапсырыс берушіге шартта көрсетілген тәртіп пен мерзімде берілуі керек;

- жеткізуші тарапынан қызмет көрсету кешеуілдесе, көрсетілген қызмет тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі және талабына сәйкес келмесе, ол шартты ҚР заңнамасына сәйкес кез келген уақытта біржақты бұзу құқысын өзіне қалдырады;

- жеткізуші жобаның іске асу туралы мониторингтік ақпаратты, қаржылық есептерді, шығармашылық есепті ( қорытынды қаржылық есеппен бірге ұсынылады және онда бұрынғы мәтіндік мониторингтік ақпараттық мәліметтер: жобаның іске асу талдауы, жобалық қызметтің нәтижесінде жағдайдың өзгеруі мониторингтік материалдарды қоса).

^ 14. Жол берілетін шығындар: жобаға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге байланысты шығындар сомасы салықты есепке алғанда, кеңсе жабдықтар шығындары, жобаны іске асыруға жайды жалға алу, типографиялық шығындар, жарнамалық өнімдер, оның ішінде бейнеөнімдерді дайындау, жайды безендіру, таратылатын материалдарды сатып алу.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат тек жобаны іске асырумен байланысты іс-шараларға, қызметтерге бағытталуы қажет, қаржылық есепте көрсетілген тиісті қаржылық құжаттармен расталуы және шығармашылық есепте белгіленуі қажет.


^ 15. Қаржылық операцияларды іске асырудың талаптары:

- Жобаны орындаушылардың, қатыстырылған мамандардың және сарапшылырдың еңбекақысын төлеуге байланысты шығындар сомасы салықты ескере отырып, ұсынған жалпы соманың 20%-нан аспауға тиіс

- ескерткіш жүлделерге кеткен шығындар әлеуетті жеткізуші ұсынған жалпы соманың 25%-нан аспауы керек;

- Полиграфиялық, кеңсе өнімдерінің шығыны, ұсынған жалпы соманың 15%-нан аспауға тиіс.

- Іссапарлық және көлік қызметіне байланысты шығындар ұсынған жалпы соманың 20%-нан аспауға тиіс.

- Кәсіби фото-видео сүйемелдеуге жұмсалған шығын , жобаның жалпы құнының 15%-нан аспауға тиіс.

- Басқа күтпеген шығындар жобаның жалпы құнының 5%-нан аспауға тиіс.


Конкурстық құжаттамаға 3-Қосымша


Үкіметтік емес ұйымдардың 2013 жылға арналған әлеуметтік жобаларды орындау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану арқылы, өнім берушілерді таңдау мақсатында мемлекеттік сатып алулар жөнінде конкурсына қатысуға.

Өтінім

Кімге________________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысының атауы көрсетіледі)

Кімнен_______________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)


  1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші туралы):




Әлеуетті өнім берушіның заңды, пошталық мекен-жайы және байланыс телефондары

  

Заңды тұлғаның банктік реквизиттары ( БИК, ИИК), заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекен-жайы




Заңды тұлғаның бірінші жетекшісінің Т.А.Ә.

  

2._________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен 2013 жылға Қарабалық аудандық үкіметтік емес ұйымдарымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындаудағы қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім беруші ретінде ықылас білдіреді. Сонымен қатар осы конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6 бабында (онан әрі – Заң) көзделген шектеулердің бұзылмағаның растайды. Сонымен қатар осы өтініммен Заңның 37 бабының 9 тармағында көзделген қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу туралы шартын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртібімен бұзуға әлеуетті өнім берушінің келісімі білдіріледі.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқаның және мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы мен конкурстық комиссияға құқықтылығын, біліктілігін, көрсетілетін қызметтердің сапа және басқа да сипаттамалары туралы, өзінің авторлық және аралас құқықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасында көзделген шектеулер туралы жалған ақпарат берудің жауапкершілігі жайлы мәлімденгенің растайды.

Әлеуетті өнім беруші аталмыш конкурсқа қатысуға арналған өтінімде және оған қосымша құжаттардағы жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін толық жауапкершілікті тартады.

5. Аталмыш конкурстық өтінім ____күн ішінде күші бар.

     6. Біздің конкурстық өтінім жеңімпаз болып таңылса, біз шарттың жалпы сомасынан үш пайызды құрайтын соманы мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету үшін төлейміз.

     7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаған уақытқа дейін конкурсқа қатысуға арналған аталмыш өтінім, оны (өтінімді) жеңімпаз деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқаратын болады.

_______________________________

      ___________________/____________/
(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің бірінші жетекшісі немесе оның орындаушысының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)

   ^ Толтыру күні____________

      М.О.


Конкурстық құжаттамаға 4-Қосымша

  1   2   3



Похожие:

Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconЕсментаева Жанар Сапаржановна Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (2-15-97) келесі тұлғаларға конкурс
Уәкілетті өкілі Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ильминская Вера Яковлевна (тел....
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconБекітемін: «Қарабалық ауданының ішкі саясат бөлімі» мм бастығы С. Нұрбисалиева

Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconБекітемін: «Қарабалық ауданының ішкі саясат бөлімі» мм бастығы С. Нұрбисалиева

Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы icon«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconКонкурсқа қатысуына рұқсат ету туралы хаттама
Комиссия төрайымы – Ильминская Вера Яковлевна, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconКонкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуге қатысудың қорытындылары туралы
Нурбисалиева Сәуле Берқалқызы – «Қарабалық ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, конкурстық комиссияның...
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы icon«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат...
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconБекітемін бөлім бастығы Г. Шестаков 2010 ж
«Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегтялық жоспарын бекіту туралы»...
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconБекітемін бөлім бастығы Г. Шестаков 2010 ж
«Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегтялық жоспарын бекіту туралы»...
Бекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасы
Нурбисалиева Сәуле Беркалқызы – «Қарабалық ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, конкурстық комиссияның...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы