Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін icon

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін



НазваниеӘлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін
Дата конвертации17.11.2012
Размер169.15 Kb.
ТипРегламент
источник


Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің

2012 жылғы « __ » __________

№ ____ бұйрығымен бекітілген


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін

әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар


  1. Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеу мазмұны мен тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:

1) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік рәсімдер мен лауазымды тұлғалардың арасында айқын қисынды қарым-қатынас пен келісімділікті сақтау;

2) қызмет берушінің барлық саласын қамту;

3) қысқа да нұсқа болу;

4) мемлекеттік қызметті ұсыну әдісіне қарай бөлімдерді қамту.


^ 2. Қағаз түрінде ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы


  1. Қағаз түрінде (автоматтандырылмаған) ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Жалпы ереже;

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар;

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты.

  1. «Жалпы ереже» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мынадай сипаттамалары ашылуға тиіс:

- тікелей мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге ұйымдардың атауы;

- мемлекеттік қызметтің анықтамасы (мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы сипатталады);

- қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, автоматтандырылмаған)*;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы және бабы (тармағы)*;

- мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) (анықтама, хабарлама, шешім, жолдама, куәлік және басқалар, ұсынылған қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап) және оның ұсынылу түрлері (қағаз жеткізгіштегі, электронды түрдегі құжат, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер және басқалар)*.

  1. «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

- берілген мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге субъектілердің атауы*;

- мемлекеттік қызмет туралы, оның көрсетілу тәртібі туралы, мемлекеттік қызметтер стандарттарының міндетті жарияланатын орындары туралы (интернет-ресурс, call-орталық, қызу желі қызметі, ақысыз телефон анықтамалығы қызметі және басқалар) ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары *;

- жұмыс кестесі (күндері, уақыты, үзілістері), қызметті алу үшін алдын ала жазылу мүмкіндігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар болуы (шарттар мен талаптарды көрсету)*;

- мемлекеттік қызметтерді көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізімі *;

- мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыдан сауал келіп түскен сәттен бастап және мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері.

  1. «Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты» бөлімі келесі әрекеттер мен талаптардың сипатталуынан тұрады:

- кіріс хат-хабарды (оның ішінде электрондық) ресімдеу тәртібі және мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет алу туралы өз сауалының (өтінішінің) қабылданғаны (тіркелгені) туралы ақпарат алуы;

- қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың толық тізімі және оларға қойылатын талаптар, оның ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін жеңілдіктері бар адамдарға*.

«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті құжаттардың толық тізімі жергілікті атқарушы органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша анықталады;

- ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар (қажет болған жағдайда);

- мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктің (бұдан әрі - ҚФБ) аударылуы және сипатталуы (ҚФБ – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері);

- осы Әдістемелік ұсынымдардың 2-қосымшасына сәйкес әрбір әкімшілік қызметтердің (рәсімдердің) орындалу мерзімдерін көрсете отырып, әр ҚФБ-тің әкімшілік қызметтерінің (рәсімдердің) өзара іс-қимылын және жүйелілігін мәтіндік кесте түрінде сипаттау;

- осы Әдістемелік ұсынымдардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде және ҚФБ әкімшілік қызметтің логикалық жүйелілігі арасындағы байланысты көрсететін сызбанұсқалар;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің қосымшаларында мемлекеттік қызмет көрсету хабарламаларының нысандарын, әр түрлі хаттарды, ескертулер және сол сияқты құжаттарды қосқанда, мемлекеттік қызмет нәтижелері ұсынылатын нысандар, бланк шаблондары және басқа да құжаттар көрсетілген.


  1. ^ Электронды нысанда ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы




  1. Электрондық нысанда (толық немесе ішінара автоматтандырылған)

ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Жалпы ереже;

  2. Электрондық қызмет көрсету бойынша қызмет беруші қызметінің тәртібі;

  3. Электрондық қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы.

  1. «Жалпы ереже» бөлімінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің келесі сипаттамалары берілуі керек:

- осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың (бұдан әрі - қызмет беруші) атауы;

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын мемлекеттік қызмет стандарттарының (бұдан әрі - стандарт) атауы, сондай-ақ стандарт бекітілген актінің нысаны, күні, нөмірі және тақырыбы;

- электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: толық автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттік қызмет) немесе ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет);

- электрондық мемлекеттік қызметі көрсету түрлері: ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық;

- регламентте қолданылатын түсініктемелер мен қысқартулар.

11. «Электрондық қызмет көрсету бойынша қызмет беруші қызметінің тәртібі» бөлімінде:

- осы Әдістемелік ұсынымдардың 4-қосымшасына сәйкес толық автоматтандырылған электрондық қызметті көрсеткен кезде қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері көрсетіледі. Адымдық әрекеттердің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентінің 6, 7 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес іске асырылады;

- электрондық мемлекеттік қызмет бойынша алушының сауалының орындалу деңгейін тексеру әдісі сипатталады;

- электрондық қызмет туралы ақпаратты алу үшін байланыс телефонының нөмірі, сонымен қатар қажетті жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) көрсетіледі;

- электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің қосымшаларында тұтынушыға мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылатын сауалдың және электрондық мемлекеттік қызметке жауаптардың толтырылуы экрандық үлгіде көрсетілуі керек.

12. «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы» бөлімінде:

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – құрылымдық функционалдық бірліктер - ҚФБ) тізімдері көрсетіледі;

- осы Әдістемелік ұсынымдардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың сипатталуына сәйкес әрекеттерінің логикалық тізбектелуі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар келтірілген;

- электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің ұсынылуына сәйкес, оның ішінде хабарламалар, хаттар және ескертпелер үлгілерін қоса алғанда, үлгілік-логикалық тексеру ережелері көрсетілген үлгілер, бланк шаблондары келтірілген;

- тұтынушының құжаттарындағы ақпараттың құпиялылығын, қорғалуын және сақталуын және тұтынушының құқығын қорғауға арналған басқа да талаптарды қамтамасыз ету бөлігінде тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ұсынылатын талаптар сипатталады;

- электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді және қолжетімділігін қолдайтын құрылғылар (компьютер, интернет, ұялы телефон, телефон және басқа да құрылғылар).

13. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы Әдістемелік ұсынымдардың 6-қосымшасына сәйкес сапалылығы мен қолжетімділігі көрсеткіштерімен өлшенеді.


Ескертпе: * - мәліметтер қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандартының мазмұнына сәйкес келуге тиіс.


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

1- қосымша


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету тізбесі


р/с



Мемлекеттік қызмет көрсету атауы

1.

Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу

2.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу

3.

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

4.

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

5.

Мүгедектердi сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшiн оларға құжаттар ресiмдеу

6.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау

7.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау

8.

Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшi беруге және есту бойынша мүгедекетерге қолмен көрсететiн тiл маманын беруге құжаттарды ресiмдеу

9.

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн құжаттарды ресiмдеу

10.

Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу

11.

Қызметтi мемлекеттiк бюджет құралдары есебiнен көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу

12.

Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу

13.

Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу

14.

Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу

15.

Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сапа мамандарына әлеуметтiк көмек тағайындау

16.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама

17.

Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудін белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру



Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

2- қосымша


     ^ 1- кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


  

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

1 ҚФБ

2 ҚФБ

3 ҚФБ

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

Әрекет ету және оның сипаттамасы

...

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік ету шешім)

1-нысан

2-нысан

...

5

Орындау мерзімдері

1-уақыт

2-уақыт

...

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

...


Ескертпе:

Осы кестеде мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің технологиялық тізбегінде келесі әрекеттердің аяқталу үлгілері, орындалу мерзімдері және нөмірлері көрсетіліп барлық ҚФБ әрекеттері (функциялары, рәсімдері, операциялары) атап көрсетіледі.

Осы 1-кестенің негізінде 2- және 3- кестелерде сияқты, пайдалану нұсқаларының кестелері құрылады, олардың ішінде ҚФБ мен ҚФБ топтары іс-қимылдарының қисынды жүйелілігі (әрекеттесуі) көрсетіледі.

Пайдалану нұсқаларының кестелерінде іс-қимыл жүйелілігі орындалу ретіне қарай нөмірленген болуы керек.

     ^ 2 - кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)

1 ҚФБ немесе 1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы

№ 1 әрекеті

  

№ 2 әрекеті

№ 3 әрекеті

...

...

     Ескертпе:
негізгі үдеріс (негізгі сценарий) – ол бір үдерістен басқаға өткенде барлық мәселелер (жағдайлар) оң шешімін алады және бастапқы талап етілген нәтиже беріледі (анықтама, рұқсат пен т.б.)

   ^ 3- кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс.

Балама үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны) немесе кеңейту

1 ҚФБ немесе 1 ҚФБ тобы

2 ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы

№ 1 әрекет

№ 2 әрекет

  

№ 3 әрекет

...

...

    

Ескертпе:

Балама үдеріс (балама сценарийлер) - бұл шарттардың бірі орындалмаған жағдайда (қосымша келісулер, сараптамалар және т.б. талап етіледі) және үдеріс дәлелді бас тартуларды беру аяқталған кезде мемлекеттік қызмет көрсету басқа тәртіппен жүзеге асырылады. Әрбір балама үдеріс үшін 2- кестеге ұқсас 3-кесте толтырылады.


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

3- қосымша


     Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы


^ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (жұмыстар барысы, ағыны)


1ҚФБ немесе 1ҚФБ тобы 2ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы 3ҚФБ немесе 3ҚФБ тобы




 
О-1.Әрекет

(уақыт)

Условие

А-1. Әрекет

(уақыт)
     Примечание:
      диаграммы должны быть построены в соответствии с методологией процессного подхода стандарта Республики Казахстан СТ РК 1.13-2005 "Стандартизация государственных услуг. Основные требования", например, с использованием программного обеспечения, для описания и моделирования организационных и управленческих процессов. Нумерация блоков - процессов должна соответствовать нумерации действий, описанных в приложении 1 (таблица 2) к методическим рекомендациям.





О-2.Әрекет

(уақыт)



О-3.Әрекет

(уақыт)







Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

4- қосымша


Толық автоматтандырылған электрондық қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық iс-қимылының диаграмассы


   




Ескертпе:
      Диаграмманың үлгiлiк рәсiмделуi бизнес үдерiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN-де модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санатын атап көрсетуге болады:
      1) басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;
      2) бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;
      3) рөлдер: пулалар және жолдар;
      4) артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар.
      Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммасын құруға мүмкiндiк бередi. Айрықшалық моделiнiң мәнерлiлiгiн арттыру үшiн «Ескертпелер» деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң жаңа түрлерiн және артефакттарды құруға рұқсат бередi.


_________________________


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

5- қосымша


Iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық iс-қимылының диаграммасы




   Ескертпе:
      Диаграмманың үлгiлiк рәсiмделуi бизнес үрдiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санатын атап көрсетуге болады:
      1) басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;
      2) бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;
      3) рөлдер: пулалар және жолдар;
      4) артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар.
      Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммасын құруға мүмкiндiк бередi. Айрықшалық моделiнiң мәнерлiлiгiн арттыру үшiн «Ескертпелер» деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң жаңа түрлерiн және артефакттарды құруға рұқсат бередi.

_____________________­­__


Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар

көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін

әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдарға

6- қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

____________________________________________________________

(қызметтің атауы)


      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.



      2. Электронды
қ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
     
1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара кана
ғаттанамын;
      3)
қанағаттанамын.


_____________________­­__




Похожие:

Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconӘлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін
Бірыңғай талаптар әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеу...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconМемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу ” мемлекеттік қызмет регламенті
Рде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconӘлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconӘлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Нің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconӘлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconӘлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін icon«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы 2011 жылғы...
Әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін iconСәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов