«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»



Название«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Дата конвертации17.11.2012
Размер74.56 Kb.
ТипРегламент
источник


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2011 жылғы «13» сәуірдегі

№ 127-ө бұйрығына

2-қосымша


«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1.   Жалпы ережелер


1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі –Орталық) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттеген заңды тұлға;

5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;

6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;

7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.

3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының;

2) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы куәлік немесе тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшесінің стендісінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.

Департаменттердің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Орталықтың филиалдары мен бөлімшелерінің жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден бастап 18.00-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін.

Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін.

Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп шекті уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

 Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты шекті – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы мәселені қарау құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

10. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында айқындалған барлық қажетті құжаттарды ұсынбау, не өтініш берушінің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне құқығының болмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушының қағаз жеткізгіштегі және электрондық іс макетін қалыптастырады;

2) Орталықтың филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен электрондық іс макеті мен шешім жобасын қарайды, есептің және шешімнің ресімделуінің дұрыстығын тексереді;

3) департамент бес жұмыс күні ішінде электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Департаменттің маманы шешімді автоматты режимде нөмір бере отырып, электронды журналға тіркейді және электронды байланыс арқылы электрондық іс макетін шешімімен және электрондық хабарламамен қоса Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда департамент шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді;

4) Орталықтың бөлімшесі департаменттің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін іске нөмір бере отырып, журналға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тиісті жазбаларды жазады. Орталықтың маманы департаменттің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушының ісіне тігеді. Департамент мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Орталық бөлімшесі өтініш берушіге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды және өтініш берушіге департаменттің бас тарту себептері туралы хатын қоса отырып, ұсынған құжаттарын қайтарады.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы


12. Өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды Орталық бөлімшесінің маманы арнайы журналға тіркейді. Тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін де қажетті құжаттардың, нысандардың, шаблондардың және оларға қойылатын талаптардың толық тізбесі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында белгіленген.

14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар көзделмеген.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) Орталық бөлімшесінің маманы;

2) Орталық бөлімшесінің бастығы;

3) Орталық филиалының маманы;

4) Орталық филиалының басшысы;

5) департаменттің маманы;

6) департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы;

7) департаменттің басшысы.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі мүдделі органдар қатысады:

1) Орталықтың бөлімшесі тұтынушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап істің қағаз жеткізгіштегі макетін (бұдан әрі – істің макеті) және электрондық іс макетін қалыптастырады. Электрондық іс макетін қалыптастыру үшін Орталық бөлімшесінің маманы іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін тексереді, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің электронды жобасын (бұдан әрі – электронды шешім жобасы) қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетімен сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс есептелуін, электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімімен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы электрондық хабарламасымен Орталықтың филиалына жібереді.

2) Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге департаментке жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

3) департамент электронды шешім жобасымен келіп түскен электрондық істің макетін қарайды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесіне хабарлайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған жағдайда департамент электронды шешім жобасын басқарма (бөлім) маманының және бастығының және департамент басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттердің жүйелілігі мен өзара іс-әрекеттерінің (рәсімдер) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген мәтіндік кестелік сипаттамасы.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.




Похожие:

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» iconМемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» iconБазалық зейнетақы төлемін тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша зтмо-ның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне мынадай құжаттар...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» iconӘскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген
Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов