Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы icon

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

НазваниеМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы

ҮЗIНДI:

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық), сонымен қатар өтiнiш берушiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiк немесе анықтама алуға электрондық өтiнiш беру бөлiгiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      Шалғай жатқан елдi мекендердiң тұрғындарының мемлекеттiк қызмет көрсетуге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтi Мобильдi орталық арқылы көрсетуге жол берiледi.
      Шет елдерден азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар талап етiлген жағдайда аумақтық әдiлет органына жүгiну қажет.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң 178-бабы, «Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 537-бабы, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органдардың үй-жайларындағы стендiлерде;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының (бұдан әрi – «Орталық» РМК): www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталда;
      4) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы да алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
      1) орталыққа жүгiнген кезде:
      қағаз тасығышта қайтадан куәлiк немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтама не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
      2) порталда:
      қайтадан куәлiк алғанда – электронды өтiнiштiң қабылданғаны туралы хабарлама не уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап;
      электрондық нысандағы азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы ЭЦҚ қойылған анықтамалар не электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап алу болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      уәкiлеттi орган арқылы жүгiнген кезде:
      мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ұсынған кезiнен бастап күнтiзбелiк 5 күн iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi), ал дайын құжаттарды беру 5-күнi жүргiзiледi;
      республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк деректер қорының Орталық серверiнде жеке тұлғалар туралы деректер болған кезде анықтамалар 1 жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      азаматтық хал актiлерi жазбалары басқа аумақтық бiрлiкте тiркелген жағдайда, ол туралы мемлекеттiк қызметтi алушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып, қызмет көрсету мерзiмi ұзартылады, бiрақ мерзiмi 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш берген күнi сол орнында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуды күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiш берген күнi сол орнында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 20 минуттан аспайды.
      Портал арқылы жүгiнген кезде – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ақылы.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж белгiленедi. Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiнде белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленедi.
      Мемлекеттiк қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүргiзiледi.
      9. Орталықтың жұмыс кестесi:
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау «электрондық» кезекке тұру тәртiбiмен, жедел қызмет көрсетусiз жүргiзiледi.
      Мобильдiк орталықтар орталық бекiткен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушының тұратын жерi бойынша орталық ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкiлер үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар немесе оның уәкiлеттi өкiлi орталыққа:
      1) қайтадан куәлiктердi немесе мұрағаттық анықтамаларды беру туралы белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 3-қосымшасы);
      2) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты немесе салық жеңiлдiктерiн беруге негiз болатын құжатты;
      3) өкiлдiң уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат ұсынады.
      Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi уәкiлеттi орган немесе орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден орталықтардың ақпараттық жүйелерi арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Қайтыс болуы туралы куәлiктерден басқасы, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан берiлетiн куәлiктер тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ, осы тұлға атынан (сенiм бiлдiрушiден) уәкiлеттiк ету үшiн жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенiмхат) өкiлеттiк берiлген басқа тұлғаға (сенiм бiлдiрген өкiл) берiледi.
      Қайтыс болу туралы қайтадан берiлетiн куәлiктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерiнiң тiзiмiне кiретiн туыстарына берiледi.
      Порталда мемлекеттiк қызмет алу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенi туралы мәлiмет.
      Қайтыс болуы туралы куәлiктердi қоспағанда, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан берiлетiн куәлiктер тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға берiледi.
      Қайтыс болу туралы қайтадан берiлетiн куәлiктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерiнiң тiзiмiне кiретiн туыстарына берiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
      12. Бекiтiлген нысандардағы өтiнiш бланкiлерi орталықтардың күту залындағы арнайы тағандарда, сонымен қатар «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      Порталға жүгiнген кезде электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы жүргiзiледi.
      Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүргiзiледi.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi барлық құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы:
      1) сұрау салудың қабылдаған нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру орны мен күнi (уақыты);
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының аты, әкесiнiң аты, тегi, уәкiлеттi өкiлiнiң аты, әкесiнiң аты, тегi, олардың байланыс телефондары көрсетiлген қолхат берiледi.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушының порталдағы «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызметтi тұтынушының мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген сұрау салуды қабылдау туралы есеп-хабарлама жiберiледi.
      15. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушыға берудi орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды мерзiмiнде алуға келмеген жағдайларда орталық бiр ай iшiнде олардың сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға жiбередi.
      Порталға жүгiнген кезде қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiне» жiберiледi.
      16. Уәкiлеттi орган мен орталық мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.
      Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық ұсынылмағаны анықталған жағдайда (мiндеттi жолдардың толтырылмауын қоса алғанда), мемлекеттiк қызметтi алушыға құжаттар тапсырылғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрдегi дәлелденген бас тарту берiледi.
      Уәкiлеттi органда құжаттарды сақтау және жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып, қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты жазбаша түрде уәкiлеттi органнан немесе электрондық құжат түрiнде порталдағы «жеке кабинетiнен» алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның, орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерiн осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшейдi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы және тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның басшысының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттiк қызметтi алушы әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшiн мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгiнген кезде орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      Орталықта шағым тiкелей орталықтың басшысына берiледi.
      Орталықтың көрсеткен мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Орталық» РМК-ге берiледi.
      22. Орталықтың қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндерi қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсеткенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкiлеттi органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкiлеттi органның кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi журналына тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Мемлекеттiк қызметтi алушы шағымын қолма-қол өткiзген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымды қарау нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа жүгiнген кезде.
      Пошта арқылы да және қолма-қол арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-сi кеңсесiнде тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымды қарау нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде.
      Портал арқылы өзiнiң «жеке кабинетiнен» электрондық өтiнiш жiбергеннен кейiн мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштi мемлекеттiк органда өңдеу барысында (табыс етiлуi туралы белгi, тiркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жаңартылып отырылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзiледi.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
      «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы
қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар
беру» мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           

^ Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
уәкiлеттi органдарының тiзiмi мен мекенжайлары

Р/с

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 37

8 (7162) 41-21-65

25-09-39 қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 51 а

8 (7132) 56-30-16

55-09-59 қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесi, 69 а

8 (7282) 24-43-47

21-08-15 қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 а

8 (7122) 46-53-15
46-53-12

35-75-38 қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6

8 (7232) 55-59-26

22-19-83 қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 а

8 (7262) 43-67-17

43-05-05 қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208

8 (7112) 50-82-91

51-80-43 қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1

8 (7212) 56-64-12

42-05-33 қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38

8 (7142) 50-65-40

54-82-23 қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29

8 (7242) 23-03-57

26-24-03 қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8

8 (7292) 50-32-20

42-05-70 қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18

8 (7182) 32-43-02

32-32-58 қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72

8 (7152) 33-27-53

33-23-80 қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16

8 (7252) 23-31-70

23-23-76 қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287

8 (727) 392-16-16

392-25-75 қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

8 (7172) 48-88-36

39-12-13 қабылдау бөлмесi

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы
қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар
беру» мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша           

  1   2   3

Похожие:

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы