Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
страница1/4
Дата конвертации12.11.2012
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.07.2011 12:08:43


Елдің 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысы

 

Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Жоспау орындауға жауапты орталық атқарушы органдар және өзге де ұйымдар:

1) Жоспарды орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екі рет, 20 ақпанға және 20 тамызға Қазақстан Республикасы Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Примьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 30 қарашадағы

1291 қаулысымен бекітілген

 

 

^ Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының

салааралық жоспары

 

Кіріспе

1. Ағымдағы жағдайды талдау

2. Жоспардың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру кезеңдері

3. Жоспарды іске асырудың негізгі бағыттары

4. Қазақстан экономикасының мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп секторларындағы ғылымды дамыту үшін қажетті шаралар кешені

5. Жоспардың тиімділігі мен нәтижелігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесі

6. Жоспарга өзекті сипат беру

7. Іс-шаралар жоспары

 

 

Кіріспе

 

Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамыуының салааралық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатына барынша қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ әлемде туындап жатқан жаңа ғылыми білімдер мен технологиялардың негізінде экономикадағы жаңа салаларды дамытуға арналған іргетас қалау үшін экономиканың дәстүрлі салаларын пайдалану үшін бірінші дәрежелі мәнге ие.

Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.

Жоспарды іске асыру еліміздің ішкі мүмкіндіктерін, ұлттық экономиканың даму перспективаларын әлемдегі технологиялық үрдістерді ескере отырып, айқындалған Қазақстан Республикасының негізгі ғылыми және технологиялық басымдықтарын дамытуға мемлекеттің күш жігерін бағыттауға және еліміздің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның негізгі салаларында технологиялық көшбасшылық іргетасын қалауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

^ 1. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Ғылыми ресурстар

 

Қазіргі кезде ҒЗТКЖ-нің барынша көп саны аграрлық-өнеркәсіп кешенінде - 3040, металлургияда - 790 және мұнай-газ саласында - 79. Ал патенттердің абсолюттік саны бойынша басым бағыттарды саралау кезінде мынадай көріністерді байқауға болады: ең үздік нәтижелер агроөнеркәсіп кешенінде (бұдан әрі - АӨК) - 221, металлургияда - 77 және ең аз деңгей мұнай-газ өнеркәсібінде - 7.

Әзірлемелер ғылыми-техникалық жұмыстардың тікелей нәтижесі және олардың нәтижелілігінің индикаторы болып табылады. Талдау салалық құрылымда 2004-2009 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығының - 64(18%), металлургияның — 35 (6°/о) басым болғандығын көрсетті. Енгізуге толықтай дайын, яғни барлық кезеңдерден өткен (бизнес-жоспардың, техникалық құжаттаманың және технологиялық регламенттің, тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгінің бар болуы) әзірлемелердің үлесі төмен болып отыр. Енгізу үшін ұсынылған, мынадай бағыттар бойынша құрылымданған 165 әзірлеме бар, олар: мұнай-газ өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, көмір өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика кешені, агро-өнеркәсіп кешені, биотехнология және медицина.

Жалпы алғанда Қазақстан ғылымының ұйымдастырушылық құрылымында «зерттеу-әзірлеу-жобалау-дайындау» бірыңғай тізбегінің буыны арасында сәйкессіздік сақталған. Ол, барлық ғылыми ұйымдардың 45,1%-ын ғылыми зерттеу институттары (бұдан әрі - ҒЗИ) және тек 6,4%-ын - жобалық және жобалық-конструкторлық ұйымдар құрайтынымен көрінеді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу және конструкторлық құрылымдар жобалық-конструкторлық құжаттама, тәжірибелік үлгілер және сериялық өндіріске игеру бойынша жұмыстар кешені түріндегі зерттеулерді іске асыруды қамтамасыз ететін елдің ғылыми-зерттеулік және жобалық жүйесінің негізгі буынының бірі болып табылады.

Қазақстанда олардың саны ғылыми-техникалық ұйымдардың жалпы санының небары 1,8%-ын құрады. Қолда бар мәліметтер бойынша ғалымдар және ҒЗТКЖ мен ТКЖ-ні жүзеге асыратын маманда, тәжірибелік өндірістердің қызметкерлері арасындағы арақатынасы Қазақстанда бүгінгі күні 25:4:1, салыстыру үшін: шет елдерде 1:2:4 құрайды. Ғылыми-зерттеу институттарының көпшілігі өз құрамында ғылыми идеяларды, әзірлемелер мен технологияларды іске асырумен айналысуға бағытталған қажетті инженерлік-техникалық инфрақұрылымы (конструкторлық және тәжірибелік өндірістердің технологиялық қызметі) жоқ. ҒЗИ-лердің көпшілігі шаруашылық айналымға қатысудың төменгі деңгейімен сипатталады.

2009 жылы зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдар саны 414 бірлікті құрады.

 

^ Кадрлық ресурстар

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылым саласын кадрлармен қамтамасыз етумен байланысты бірқатар проблемалар бар. Ғылыми-технологиялық зерттеу саласында жұмыс істейтіндер санының төмендеу үрдісі байқалады. Бұл аталған саланың ұзақ мерзімді қызметтік өсу үшін тартымды болып табылмайтындығымен байланысты. Сондай-ақ, ғылым докторы, ғылым кандидаты РҺD-докторы және магистр сияқты берілген ғылыми дәрежелер санының жөнсіз өсу қарқыны бар. Кадр әлеуетінің біліктілік құрылымы ғылым кандидаттары мен докторларының арақатынасымен айқындалады. Жалпы қабылданған тәртіп бойынша ғылым кандидаттары мен докторларынын орынды арақатынасы 10:1 тең. Соңғы жылдары аталған көрсеткіштің төмендеуі байқалуда. 2005 жылы бұл арақатынас 4:9-ды құрады. Орташа 1992 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы көрсеткіш 5:1 тең болды.

Ғылыми-техникалық әлеуеті қайта жаңғыртудың маңызды индикаторы оның жас тобы болып табылады. 2009 жылы техникалық мамандық бойынша ғылым кандидаттығын қорғағандардың орташа жасы 37,0 жасты, докторлар -49 жасты құрады. Ғылыми кадрларды «жасарту» проблемасы біліктілігі жоғары кадрларды даярлау жүйесінде әлі де өзекті және барынша маңызды болып отыр.

Қазіргі проблемалардың бірі белгілі бір салалардағы ғылыми зерттеулер шоғырлануының жоғарылығы болып табылады. Мынадай мамандықтар тобы бойынша қандай да бір ғылыми қорғаулар болған жоқ: энергетикалык, металлургиялық және химиялық машина жасау, авиациялық және зымыран-ғарыштық техника, кеме жасау, аспап жасау, метрология және ақпараттық-өлшеу құралдары мен жүйелері, радиотехника және байланыс, энергетика, электроника, құжаттамалық ақпарат және басқалар, алайда осы топтардый ішінен көптеген мамандықтар бойынша республикада кадрлар тапшылығы байқалады және олардың бірқатары жоғары технологиялық салаларға жатады.

 

Қаржы ресурстары

 

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы ішкі өнімге пайызбен санағанда зерттеулер мен әзірлемелерге кететін ішкі шығындардын салыстырмалы көрсеткіштері әлемдегі ғылыми-техникалық және технологиялық дамуды бағалау үшін маңызды көрсеткіштердің бірі деп санау қабылданған. Бұл көрсеткіш 2009 жылы АҚШ-та 4,71%-ды, Ресейде 1,07%-ды құраса, Қазақстанда 0,24%-ды құрады.

Бұл ретте ғылымды қаржыландырудың маңызды көзі барлық экономикалық дамыған елдерде бюджет қаражаты болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттен бөлінетін қаржыландыру көлемінің ЖІӨ-нің 0,10 %-ы деңгейінде сақталуы (2009 жылғы деректер бойынша) жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейді.

 

 

^ 2. Жоспардың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру кезеңдері

 

Жоспардың мақсаты: Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан экономика салаларындағы технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу.

 

^ Жоспардың міндеттері

 

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

1. Қазақстан экономикасының бірқатар негізгі салаларын айқындау (ұзақ мерзімді кезеңде).

2. Ұзақ мерзімді кезеңде технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, ғылыми-техникалық әлеуетпен қамтамасыз етілген ғылым бағыттарын айқындау.

3. Олар бойынша ұзақ мерзімді кезеңде технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті әлеуеті бар Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ғылымды дамыту үшін қажетті шаралар кешенін айқындау.

 

^ Жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары

 

Негізгі нысаналы индикаторлар мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялык дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - ҮИИДМБ) белгіленген нысаналы индикаторлардың экономиканың басым салаларында орындалуын қамтамасыз ету;

2) 2020 жылға қарай ҮИИДМБ-де белгіленген нысаналы индикаторлардың экономиканың басым салаларында орта есеппен 30%-ға өсуін қамтамасыз ету;

3) ғылыми-техникалық және технологиялық дамуға арналған шығыстар құрылымдарын мынаған тепе-тең ету: іргелік зерттеулер - 20%, қолданбалы зерттеулер - 30% және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - 50% болып табылады.

 

^ Жоспарды іске асыру кезеңдері

 

Жоспарды іске асыру 2-кезеңнен тұрады:

1-кезең (2010-2014 жылдар): негізгі салаларды айқындау және ондағы елдің ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін бағалау, ғылыми-техникалық және технологиялық болжау мен жоспарлау жүйесін құру және іске қосу;

2-кезең (2015-2020 жылдар): ғылыми-техникалық және технологиялық болжау саласындағы жүйелі зерттеу нәтижелері бойынша ондағы негізгі салалардың, ғылыми-техникалық және технологиялық басымдықтардың тұрақты жаңару тетігін қалыптастыру.

 

 

^ 3. Жоспарды іске асырудың негізгі бағыттары Қазақстан экономикасының негізгі салаларын айқындау

 

Негізгі салаларды таңдау Қазақстан экономикасының ішкі мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда Қазақстан экономикасының жүйе құраушы салалары қазақстандық материалдық және материалдық емес ғылыми-техникалық және технологиялық өніміне тұрақты сұранысын жасау есебінен республиканың технологиялық құзыреттігі өсімінің негізгі ұйтқысы болуы тиіс.

Ғылыми-технологиялық саясат, өз кезегінде перспективалық технологиялық әдіске арналған қажетті ғылыми-технологиялық негіз құруды қоса алғанда, ұлттық экономика үшін жеткілікті түрде технологиялық тәуелсіздікке және бәсекеге қабілеттілікке негізделуі тиіс. Бұдан өзге, ғылым мен технологиялардағы әлемдік үрдістерді, әсіресе соңғы жылдары күшейіп келе жатқан конвергенция мен жаңа технологиялық көріністерді (био, нано, ІТ) және оларды дәстүрлі салаларда ауқымды пайдалануды назардан тыс қалдырмау қажет.

ҮИИДМБ-да бекітілген салалық басымдықтар тізбесі жеткілікті түрде ауқымды болып табылады. Өнеркәсіптің нақты салаларынан басқа, онда биотехнология, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар сияқты дамудың кейбір технологиялық бағыттары да бар. Жоспарды іс жүзінде іске асыру көзқарасы бойынша салалық бағдарламалардың ауқымын тарылтып, өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті салаларының өсімі мен экспортты ұлғайтуға қабілетті ғылыми-технологиялық сипаттағы нақты бағыттарды айқындау қажет.

Жоспар шеңберінде салалық басымдықтарды ашық және негізді айқындау үшін мынадай экономикалық өлшемдерді пайдалану ұсынылады:

саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

ұлттық экспорттағы үлесі;

саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

сала дамуының ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті.

ҮИИДМБ-ның салалық басымдықтары тізімінде жазылған өлшемдер негізінде Қазақстан Республикасының экономикасына қолданылатын Жоспардың мынадай салалық басымдықтары анықталды:

 

1 -кесте.

 

Сала атауы

ЖІӨ-дегі ұлесі мен өзгеру серпіні

Экспорттағы үлесі мен өзгеру серпіні

Әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі мен өзгеру серпіні

Көмірсутегін өндіру мен оларды қайта өңдеу

2000 ж.- 10%

2009 ж.-15%

2000 ж. - 47%

009 ж. - 60,7%

2000 ж. - 8%

2009 ж. - 9%

Тау-кен металлургия саласы мен қайта өңдеу

2000 ж.- 9,8%

2009 ж. - 2%

2000 ж. - 29%

2009 ж.-13,3%

2000ж.-1,5%

2009 ж. - 2%

Агроөнеркәсіп кешені

2000 ж. - 8,2%

2009 ж.-6,2%

2000 ж. - 7%

2009 ж. - 3,8%

2000 ж. - 8%

2009 ж.-10%

 

Жаһандық технологиялық үрдістер көзқарасы бойынша бұл салалар барынша перспективалы болып табылады. Жоспардың негізгі идеясы Қазақстан экономикасын жаңа технологиялық негізде оңалтудың және жаңғыртудың локомотиві ретінде бұл салалардың басымдығын, басым рөлін ескеру болып табылады.

Басым салаларды таңдау кезінде ғылыми әлеуетті айқындау өте маңызды. Мәселен, талдау көрсеткеніндей, тандап алынған салалар бойынша ғылыми базаның айтарлықтай деңгейі бар.

 

^ Мұнай-газ саласындағы ғылыми база

 

Қазіргі уақытта, мұнай-газ саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелердің негізгі көлемін мынадай шамамен 16 ұйым жүзеге асырады:

«Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы;

«Мұнай» ғылыми-инженерлік орталығы;

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамы;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Ғылыми-технологиялық паркі;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Жану проблемалары институты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты (қиын салалардағы гидродинамикалық және экологиялық міндеттерді сандық модельдеу);

«Гидроприбор» (робот техникасы) ғылыми-зерттеу институты;

«ҚазИнж Электроникс» ационерлік қоғамы (жергілікті есептеу желілерін жобалау, модельдеу және күйге келтіру);

Экономика институты (жекелеген салалар бойынша эконометриялық болжамдар жасау);

«Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қоршаған ортаға арналған биотехнологиялар);

«Физика-техникалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (түрлі функционалдық мақсаттағы аспаптар өндірісінің технологиясын әзірлеу);

«Жүйелік технологиялар зертханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (робот техникасы);

Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университеті жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру);

«Қазмеханобр» акционерлік қоғамы (мұнай өңдеудің қоршаған ортаға ықпалын төмендету);

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Физика-химиялық зерттеу және талдау орталығы (химиялық заттар мен материалдарды талдау әдісін әзірлеу);

Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты.

 

  1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЗырян ауданында билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЖаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconБекітемін аудан әкімінің орынбасары О. Федорова 2010 жылғы «1» ақпан
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЖАҢа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері – Қр президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon«Бекітемі н» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов «8» ақпан 2010 жыл
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon«Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚұрметті кент тұрғындары! Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconІс шаралар атауы
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов