«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»



Название«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
страница1/2
Дата конвертации20.10.2013
Размер483.97 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » .

№ қаулысымен

бекітілген


«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті.

4. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті органның бөлімшесі);

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) бірінші рет өтініш беру бөлігінде;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу.

5. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің шекті ең ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің шекті ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

- уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сұрау салу түскен сәттен 30 минут аспайды.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және немесе қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы не себебі көрсетілген осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады.

Жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесіне немесе орталыққа өзі келгенде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтер нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайларда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

2) порталда:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

Портал арқылы өтініш берген кезде жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойын.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттармен қоса:

  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

2) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауыл әкімдерінің анықтамасын);

3) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

4) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда – сенімхатты;

5) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алуға құқығын растайтын құжатты ұсынады.

Құжаттар түпнұсқада салыстырып тексеру үшін көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың тұпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

12. Құжаттардың қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны – уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы немесе орталық қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады, осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алған кезде;

2) бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде;

3) медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрған кезде бас тартылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) тікелей көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың басшыларына.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» парағы);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

17. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

18. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

20. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


21. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek/gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

23. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны және уәкілетті органның сall-орталығының (1411) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымша


^ Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы

хабарлама № ________


20____ жылғы «_____» _______________


Азамат ___________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Туған күні: 19__ жылғы «___» ________


Тағайындау туралы шешім 20___жылғы «____» ___________ № ___________


Тағайындалған сома (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы): ______________ (________________________) теңге 20 ___ ж. ___________.

(сомасы жазбаша)


Ескертпе:

Оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтама жыл сайын оқу жылының басында «бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар» санаты бойынша «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» көрсетілетін қызмет үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне ұсынылады.


Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған:

__________________________________________________________________

(жауапты тұлғаның лауазымы және ТАӘ)


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

2-қосымша


Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы
№ ________ хабарлама



20____ жылғы «_____» _______________

Азамат __________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)


Туған күні 19___ жылғы «____» _________________________________

Азаматтың ТАӘ және туған күні ___________________________________
_________________________________________________________________


Тағайындаудан бас тартылды _______________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

мынадай себептер бойынша: ________________________________________

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________ (себебін көрсету)


Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған:

________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)


____________________________________


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

3-қосымша


^ Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің

___________________________

(облыстың, қаланың атауы)

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті


Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

тағайындау (тағайындаудан бас тарту)

туралы ақпарат


Азамат __________________________________________________________
(ТАӘ, туған күні)


_____ жылғы «____» ___________ № ______ шешіммен

__________ кезеңге


________ теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды


Азаматтың ТАӘ және туған күні ___________________________________
_________________________________________________________________


Тағайындаудан бас тартылды _______________________________________

(бас тарту себебі)

*штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

4-қосымша


Ауданның коды ____________________

Қазақстан Республикасы

___________________________ облысы (қаласы) бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті


Өтініш


Азамат ______________________________________________________

(өтініш берушінің ТАӘ)

Туған күні 19__ ж. «___» ________________ тұрғылықты мекенжайы:

________________________________________________________________

Жеке шотының № ________________ Банктің атауы ___________________

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________

Жеке куәлігінің (паспортының) мәліметтері: № ________________________,

кім берген __________________ , берілген күні ______________________.


Маған ______________________________________________________

(санаты көрсетіледі)

ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, зейнетақы аламын (керегін сызады)


Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба ______________________________________________________________

(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)


Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін өзгерістер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның ішінде ҚР тыс жерге кету), сауалнама мәліметтері, банк деректемелері өзгерген жағдайда олар туралы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне 10 жұмыс күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.


20__ ж. «___» _______ Өтініш берушінің қолы ______


Азамат _____________________________________________ өтініші


20___ ж. «___» қабылданды. № ___________


Құжаттарды қабылдаған адамның ТАӘ, лауазымы және қолы

________________________________________________________________


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с №


Құжат атауы


Құжаттағы парақтар саны

Ескерту




























________________________________________________________________

(қию сызығы)


Қоса берілген құжаттармен азамат ________________________ өтініші

________ данада 200__ ж. «___» ____ № ____ тіркелді, құжаттар

20___ ж. «___» __________ қабылданды.


________________________________________________________________

(құжатты қабылдаған адамның ТАӘ және қолы)


Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін өзгерістер туындаған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (оның ішінде ҚР тыс жерлерге кету), сауалнама мәліметтері, банк деректемелері өзгерген жағдайда олар туралы уәкілетті ұйым бөлімшесіне 10 жұмыс күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

5-қосымша


^ Көрсетілетін қызметті алуға құқықты растайтын

Құжаттар


Жәрдемақы алуға құқықты растайтын құжаттар мыналар:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің куәлігі;

2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежедегі Даңқ орденінің, үш дәрежедегі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін - награданың куәлігі және (немесе) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігі;

3) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжаты;

4) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар (Осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшалар) үшін:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар үшін - белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар үшін - белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшін - белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлік;

қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері - белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған адамдар үшін - «Ленинградты қорғағаны үшін» медаліне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісіне қоса берілетін немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшін - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер үшін - белгіленген үлгідегі куәлік, әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар үшін - Чернобыль АЭС-індегі аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияның немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтама;

5) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшін — әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшін — белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында іс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшін - белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін - белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары үшін - белгіленген үлгідегі куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысы;

6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлері үшін - әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе хабарлама немесе әскери комиссариаттан хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшіге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелі (күйеуі) үшін - неке туралы куәлігі, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат болып табылады;

8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары үшін - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан алынған анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);

Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан (қайтыс болғандардың) отбасылары үшін - қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ, өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар үшін (осы Ережеге 5-қосымша) - белгіленген үлгідегі куәлік немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;

10) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін - еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтері бар әскери билет немесе анықтама.

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттарға:

жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар;

бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзінді көшірмелер;

коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары;

қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері;

сот шешімдері;

арнайы комиссиялардың шешімдері;

1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік;

фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады;

11) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін - Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі;

12) I, II және III топтағы мүгедектер, оның ішінде 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектік топты белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;

13) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;

14) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшін - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;

15) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) - балалардың туу туралы куәліктері, отбасының құрамы туралы анықтама, сонымен қатар жыл сайын берілетін балалардың оқу фактісі туралы оқу орындарының анықтамалары;

16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар үшін - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектік топты белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамалары, зейнеткерлік куәліктері, ақталған азаматтың куәліктері немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;

17) Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін - дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме.

*Ескертпе: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға мыналар жатқызылады:

«Ерлігі үшін» Ушаков медалі

«Жауынгерлік еңбегі үшін» Нахимов медалі

«Ерен еңбегі үшін»

«Үздік еңбегі үшін»

«Ленинградты қорғағаны үшін»

«Москваны қорғағаны үшін»

«Одессаны қорғағаны үшін»

«Севастопольді қорғағаны үшін»

«Сталинградты қорғағаны үшін»

«Киевті қорғағаны үшін»

«Кавказды қорғағаны үшін»

«Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін»

«Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»

«Жапонияны жеңгені үшін»

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін»


«Арнаулы мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

6-қосымша


___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)

  1   2



Похожие:

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» iconАрнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама №
Тағайындалған сома (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы): ( ) теңге 20 ж
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов