|
Содержание /home/server/kzgov.docdat.com |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы « » № ___ қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау». 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері. 4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі); 2) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпараттарды – www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы алу. 5. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі: мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың (құжаттың) жоғы анықталған жағдайларда – 30 жұмыс күнінен аспайды, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы жоқ құжаттарды уәкілетті ұйымның бөлімшесіне ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі; тапсырылған құжаттарда қателіктер анықталған жағдайларда – 5 жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымның бөлімшесі қателікті жойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
порталда: уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және қағаз түрінде. 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемін тағайындау туралы не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама. Зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру – көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өзі барған кезде жүзеге асырылады. Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді. 2) порталда: осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған зейнетақы төлемін тағайындау туралы не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат. Портал арқылы өтініш білдірген кезде зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Жұмыс кестесі: 1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін дүйсенбіден сенбіге дейін, бұл ретте, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді. Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу көзделмеген. 2) порталда – тәулік бойы. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші мына құжаттармен бірге ұсынылады:
білімі туралы құжат; әскери билет немесе аудандар мен қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы; балалардың тууы туралы куәліктері (немесе тууы туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі: жеке куәлігі; неке туралы куәлік (азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме; орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат; орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы; балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат; балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама); Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңінде сақтандыру жарналарының төленгені туралы салық органының анықтамасы ("Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) және 17) тармақшаларына сәйкес стажды есепке алу кезінде); ақталу туралы анықтама; әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы; бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ ауыратын он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі; 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат; егер еңбек қызметі туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтама; бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің және халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әйелдерінің (ерлерінің) шетелде тұрғанын растайтын анықтама; әскери қызметшілердің әйелдерінің (ерлерінің) жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама; неке және (немесе) некені бұзу туралы (тегін өзгерткен кезде) куәліктің көшірмесі не азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар пакетін растайтын құжат мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон болып табылады. 13. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы мына жағдайларда: 1) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағанда; 2) өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыда төлем тағайындау немесе зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш берген фактілерінің болуы анықталғанда осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қабылдаудан бас тартады және хабарлама береді: 14. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартылады: 1) ерлерге 63 жасқа толғанға дейін; 2) әйелдерге: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап – 58 жастан; 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанға; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанға; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанға; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанға; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанға; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанға; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанға; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанға; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастар – 63 жасқа толғанға дейін. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелегендерге – 53 жаста;
5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы; 6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады. 16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
__________________________ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша ____________________________________ тағайындау туралы (төлем түрі) № _____ хабарлама 20___жылғы «____»________________ Азамат (ша) _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Туған күні ______ жылғы «____»_________________ Тағайындау туралы шешім № _________ 20___жылғы «___»______________ Тағайындалған сома:_________(________________________________)______ (сомасы жазбаша) 20___ жылғы «____» __________ бастап Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған ______________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы және ТАӘ) ________________________ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша ___________________________________ тағайындаудан бас тарту туралы (төлем түрі) № _____ хабарлама 20 ___ жылғы « ____» _____________ Азамат____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Туған күні 20___ жылғы «____» _______________ ____________________________________________________ __________________________________________________________________ (негіздемені (себебін) көрсету) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ тағайындаудан бас тартылды. Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған ______________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы және ТАӘ) ______________________ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша ^ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің ________________________________ бойынша бақылау (облыс, қала атауы) және әлеуметтік қорғау департаменті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы АҚПАРАТ Азамат ____________________________________________________________ (ТАӘ, туған күні) _____ жылғы «____» _____________ № ____________ шешімімен __________ теңге мөлшерінде зейнетақы төлемі тағайындалды _____ жылғы «____» _____________ № ____________ шешімімен __________ теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі тағайындалды Төлемді тағайындау күні _____ жылғы «____» _____________ Зейнетақы төлемін тағайындаудан ____________________________________ (бас тарту себебі) бас тартылды Базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан _____________________________ (бас тарту себебі) бас тартылды * штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды Штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Ауданның коды__________ Қазақстан Республикасы __________________ облысы (қаласы) бойынша Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаменті Өтiнiш Азамат ________________________________________________________ (өтініш берушінің ТАӘ) Туған күнi: ______ ж. «_____»________________ ЖСН: _____________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________ Құжат сериясы: __________ Құжат нөмірі ___________ Кім берген:________ Берілген күні: ______ ж. «_____»________________ Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________________ Облыс ____________________________ қала (аудан) __________________ ауыл: ____________________________ көше (шағынаудан) ____________________________ үй ______ пәтер ______ Банк деректемелері: Банктің атауы ______________________________________________________ Банк шотының № ________________________ Шот түрі: ағымдық __________________ карталық шот __________________ (қажетін сызу) Маған _______________________________ (жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлем, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, №1, №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын. Әлеуметтік міндетті сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын қайтыс болған асыраушы әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болған/болған жоқ _______________________________ (қажетін сызу) Ескертпе: мемжәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін. Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын. Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын). Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды. Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде ҚР тыс жерге шығуым), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін. Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|