Қаулы етеді icon

Қаулы етеді



НазваниеҚаулы етеді
Дата конвертации25.10.2013
Размер221.62 Kb.
ТипДокументы
источник

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде № 3403 тіркелді


      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттері:
      1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      4) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      5) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      6) «Жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      7) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекеме (С.Ш.Урынбаев) (бұдан әрі - Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      ^ Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 224 қаулысымен
бекітілген


«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті


^ 1. Негізгі ұғымдар


      1. Осы «Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - жеке тұлғалар: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар:
      жалғызілікті, жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттар;
      отбасында тұратын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар;
      отбасында тұратын психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар;
      отбасында тұратын психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар.
      2) мүгедек - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
      3) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа дейінгі адам;
      4) «жалғыз терезе» қағидаты - өтініш берушілердің мемлекеттік қызметтерді алуға құқығын растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
      5) халыққа қызмет көрсету орталығы - мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады (бұдан әрi - ХҚКО);
      6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).


^ 2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу.
      3. «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтың мекенжайлары осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Сұраныстың қай тілде рәсімделуіне байланысты, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 23-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің тiзбесін бекiту туралы» қаулысының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394 «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы қағаз жеткізгіште хабарландыру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін, уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ керек жағдайда мемлекеттік қызметтін сапасын бағалауға, тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш жасауына болады, атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы Регламенттің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкілетті органда - он төрт жұмыс күннің ішінде;
      Орталықта - он төрт жұмыс күннің ішінде (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін), 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетуге жол берілетін ең көп уақыты, уәкілетті органда 15 минуттан, Орталықта 30 минуттан аспайды.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартылады:
      1) үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;
      2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;
      3) көрінеу жалған құжаттама беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш береді;
      2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейды, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
      Құжаттар пакетін Орталықтан уәкілетті органына жіберілгенін сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды, құжаттардың қимылын қадағалауға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мүмкіндік береді.
      3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді, және анықтап қарау үшін басқарушыға жібереді;
      4) анықтап қарағаннаң кейын уәкілетті органның басқарушысы жауапты орындаушыға тапсырма береді;
      5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгендігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын басқарушыға қол қоюға жібереді;
      6) уәкілетті органның басқарушысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
      7) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Орталыққа жібереді немесе уәкілетті органға өтініш жасағанда тұтынушыға береді.
      Уәкілетті органнаң алған мемлекеттік қызметтін дайын нәтижесін, Орталық сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды.
      8) Орталық тұтынушыға хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды береді.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілеттік органында және Орталықта жұмыс кестесі бойынша жұмыс күннің ішінде бір қызметкер жүзеге асырады.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


      13. Тұтынушының талапқа сай құжаттарын қабылдау және тіркеу уәкілеттік органның кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады, Орталықта - Орталық инспекторы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдап және рәсімделген құжаттарды береді.
      Тұтынушыға беріледі:
      1) уәкілеттік органда - тұтынушыны тіркеу нөмірі, күні және парақ саны, құжаттарды қабылдаған кеңсесінің қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
      2) Орталықта - өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні; қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; күні, уақыты және құжаттарды берілген жері; құжаттарды қабылдаған Орталық инспектордың тегі, аты-жөні туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы, немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы «Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.
      15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Қабылдау уәкілеттік органда кезек тәртiбiмен, Орталықта-«электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет уәкілеттік органның және Орталықтың үй-жайында көрсетіледі, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сонымен бірге санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді.
      17. Уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс қағидаттары:
      1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау;
      2) қызметтік борышын орындағанда заңдылық;
      3) кәсіптік әдепнаманы және мәдениеттікті сақтау;
      4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну;
      5) тұтынушының белгіленген мерзімде қайтарып алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
      18. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган және Орталық тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ-ның тізбесі:
      1) Орталық инспекторы;
      2) Орталық жинақтау бөлімінің инспекторы;
      3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері;
      4) уәкілетті органның басқарушысы;
      5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
      20. Әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
      21. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген. 


^ 5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


      22. Уәкілетті органның және Орталықтың басқарушысы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртібіне жауапты.


«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,
бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж
мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде
әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша


^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі





^ Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

^ Коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 zanyatostaktobe@mail.ru

8-7132 51-64-18 51-22-49 51-22-41

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін.

2.

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030100, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Балдырған көшесі, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

3.

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030200, Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 4-11-52 4-14-07

4.

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030300, Байғанин ауданы, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

5.

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030400, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

6.

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030500, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 11 а kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

7.

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031000, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 47 hobda6161@mail.ru, hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

8.

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030600, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

9.

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030700, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

10.

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

11.

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030900, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

12.

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031100, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

13.

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031200, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенішбаев көшесі, 13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77



«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,
бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж
      мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде
әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша


«Ақтөбе облыс бойынша ХҚКО» РМК филиалдары





^ ХҚКО атауы (қалалық, аудандық филиалы, бөлімі)

ХҚКО орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, мекенжайы)

^ Код және телефон нөмірі (тікелей/қабылдау бөлмесі)

1.

«Ақтөбе облыс бойынша ХҚКО» РМК филиалы

030019, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі,109

8-7132
55-13-55
56-57-87

2.

Ақтөбе қалалық № 1 бөлім

030019, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі,109

8-7132
57-80-27

3.

Әйтеке-би аудандық № 12 бөлім

030100, Әйтеке-би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10

8-71339
22-3-73
22-3-74

4.

Алға аудандық бөлім

030200, Алға ауданы, Алға қаласы, Киров көшесі 23

8-71337
4-20-79
4-10-96

5.

Байғанин аудандық бөлім

030300, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ-батыр көшесі, 41 «А».

8-71345
23-5-86
23-5-87
23-5-88

6.

Ырғыз аудандық бөлім

030400, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7

8-71343
21-8-28

7.

Қарғалы аудандық бөлім,

Қарғалы ауылы (Жилянка).

030500, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка), Сәтпаев көшесі, 10

8-7132
98-60-05
98-60-06

8.

Қарғалы аудандық бөлім,

Бадамша ауылы.

031500, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке-би көшесі, 27

8-71342
23-4-64
23-4-62

9.

Қобда аудандық бөлім

031000, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанова тұйық көшесі, 2

8-71341
22-1-47
22-1-38

10.

Мартөк аудандық бөлім

030600, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»

8-71331
22-4-13
22-1-14

11.

Мұғалжар аудандық бөлім

030700, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастар» шағын ауданы, 47/ Б

8-71333
30-2-19
30-2-18

12.

Ембі қалалық бөлім

031300, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10

8-71334
23-9-83
23-9-87

13.

Темір аудандық № 8 бөлім

030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15 «А»

8-71346
23-5-83
23-5-84

14.

Ойыл аудандық бөлім

030900, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 64

8-71332
21-1-81
21-1-82

15.

Хромтау аудандық бөлім

031100, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12

8-71336
26-6-33
26-6-34

16.

Шалқар аудандық бөлім

031200, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке-би көшесі, 63

8-71335
23-6-10
23-6-11



«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,
бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж
      мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде
әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша


^ 1 кесте. ҚФБ әрекеттердің сипаттамасы



1) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

2.

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері

3.

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштің тіркеуін жүргізеді.

Құжаттарды жинайды.Тізілім жасайды. Сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды.

Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді, және анықтап қарау үшін басқарушыға жібереді.

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйым-дық-басшылық ету шешімі)

Тіркеу журналына жазу.

Тізілім.

Тіркеу журналына жазу.

5.

Орындау мерзімдері

30 минуттан аспайды.

Бір күнде 3 реттен кем емес.

15 минуттан аспайды.

6.

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

4

5

6

2.

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басқарушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басқарушысы

3.

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Жауапты орындаушыға тапсырма береді.

Құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгендігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды.

Құжаттарды қарайды

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйым-дық-басшылық ету шешімі)

Бұрыштама.

Құжаттарды басқарушыға қол коюға жібереді.

Хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды.

5.

Орындау мерзімдері

15 минуттан аспайды.

14 жұмыс күннің ішінде.

15 минуттан аспайды.

6.

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7




3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеті

1.

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

7

8

2.

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері

Орталық инспекторы

3.

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тіркеу кітабына хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды тіркейді.

Хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды алады. Сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды.

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйым-дық-басшылық ету шешімі)

Хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды Орталыққа жібереді немесе тұтынушыға береді.

Тұтынушыға хабарландыру немесе дәлелденген бас тарту туралы қолхат береді.

5.

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күннің ішінде.

1 жұмыс күннің ішінде.

6.

Келесі әрекеттің нөмірі

8

9



^ 2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс. 



ҚФБ 1 топ
Орталық инспекторы

ҚФБ 2 топ
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

ҚФБ 3 топ
Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 4 топ
Уәкілетті органның басқарушысы

ҚФБ 5 топ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

№ 1 іс-әрекет
Өтініштің тіркеуін жүргізеді.

№ 2 іс-әрекет
Құжаттарды жинайды. Тізілім жасайды. Сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды.

№ 3 іс-әрекет
Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді, және анықтап қарау үшін басқарушыға жібереді.

№ 4 іс-әрекет Жауапты орындаушыға тапсырма береді.

№ 5 іс-әрекет

Құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгендігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді.







№ 6 іс-әрекет Хабарландыруға қол қояды.







 
 
 

№ 7 іс-әрекет Хабарландыруды тіркейді және Орталыққа жібереді немесе тұтынушыға береді.





№ 8 іс-әрекет
Хабарландыруды алады. Сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды. Тұтынушыға хабарландыру туралы қолхат береді.











^ 3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдерісі.



ҚФБ 1.
Орталық инспекторы

ҚФБ 2.
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

ҚФБ 3.

Уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері

ҚФБ 4.
Уәкілетті органның басқарушысы

ҚФБ 5.
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

№ 1 іс-әрекет
Өтініштің тіркеуін жүргізеді.

№ 2 іс-әрекет
Құжаттарды жинайды. Тізілім жасайды. Сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды.

№ 3 іс-әрекет
Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді, және анықтап қарау үшін басқарушыға жібереді.

№ 4 іс-әрекет Жауапты орындаушыға тапсырма береді.

№ 5 іс-әрекет

Құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгендігін тексереді, дәлелденген бас тартуды дайындайды.







№ 6 іс-әрекет Дәленденген бас тартуға қол қояды.







 
 
 

№ 7 іс-әрекет

Дәлелденген бас тартуды тіркейді және Орталыққа жібереді немесе тұтынушыға береді.





№ 8 іс-әрекет
Дәленденген бас тартуды алады. Сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды.

Тұтынушыға дәлелденген бас тартуды туралы қолхат береді.











«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,
бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж
мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде
әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды рәсiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы





Похожие:

Қаулы етеді iconҚаулы етеді
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қаулы етеді iconЖарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қаулы етеді iconҚаулы жобасы зырян ауданы бойынша 2012 жылға арналған нысаналы топтағы тұрғындар үшін қоғамдық
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 науырыздағы «2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» №316 қаулысына сәйкес, әкімдік...
Қаулы етеді iconҚаулы ұзынкөл ауданының селолық округінің құрамына кірмейтін селолық округтердің, селолардың әкімдерін сайлауды
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы Қаулы етеді
Қаулы етеді icon158-49 13. 01. 2012 ж. 2012 жылы жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары мен әлеуметтік
Республикасы Үкіметінің қаулы-ларына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында...
Қаулы етеді icon2013 жыл 2013 жыл Орал қаласы Қаулы және шешім батыс Қазақстан облысының
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №7-5 «Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы»...
Қаулы етеді iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №346 10. 10. 2012 жыл
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Қаулы етеді iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №129 29. 03. 2012 жыл
Жарлығын іске асыру туралы №326 қаулысына сәйкес, 2012 жылы көктемінде (сәуір-маусым), күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді...
Қаулы етеді iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №308 07. 09. 2012 жыл Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып
Заңының 10-бабы 2-тармағының 7, 8 тармақшаларының, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан...
Қаулы етеді iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №308 07. 09. 2012 жыл Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып
Заңының 10-бабы 2-тармағының 7, 8 тармақшаларының, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан...
Қаулы етеді iconӨскемен қаласының Әкімдігі қаулы өскемен қаласы
Заңының 40-бабының 2-тармағының 4 тармақша-сына, 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 та-мыздағы №964 «Нормативтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов