Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi icon

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi




НазваниеҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
страница7/24
Дата конвертации23.10.2013
Размер3.55 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

                жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң
                жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық
                сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету


      Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -
      айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47 , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      124-бап. Жас балаларды азғындату


      1. Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау, -
      төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      125-бап. Адамды ұрлау


      1. Адамды ұрлау -
      төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
      б) бiрнеше рет;
      в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
      г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
      е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;
      ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
      а) ұйымдасқан топ жасаса;
      б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
      в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескертулер.
      1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
      2) кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
      3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
      4) кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер түсініледі.
      Ескерту. 125-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131; 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру


      1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
      б) бiрнеше рет;
      в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
      г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;
      д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
      е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;
      ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      з) пайдакүнемдiк ниетте;
      и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса,-
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
      а) ұйымдасқан топпен жасалса;
      б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
      в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру


      1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет, егер ол:
      а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;
      б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
      в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      128-бап. Адамды саудаға салу


      1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау –
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
      б) бірнеше рет;
      в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
      г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
      д) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі әйелге қатысты;
      е) екі және одан да көп адамға қатысты;
      ж) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
      з) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
      и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;
      к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
      л) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі адамға қатысты;
      м) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу –
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
      а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
      б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса,–
      мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133-бабында сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін, құқыққа қайшы өтеулі мәміле түсініледі.
      2. Өзге мәмілелер – сыйға тарту (адамды басқа тұлғаға өтеусіз беру), айырбастау (адамды бірдеңеге алмастыру), алмастыру (бір адамды басқа адамға ауыстыру), жалға беру (адамды төлемақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, адамды төлемақы нысанасы ретінде пайдалану, адамды мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында беру және басқалар.
      3. Егер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені пайдаланылған болса, жәбірленушінің жоспарланған пайдалануға берген келісімі назарға алынбайды.
      4. Осы Кодекстiң 113-бабында, 125-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 126-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 128, 132-1, 133, 270 және 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасына байланысты қылмыстар болып танылады.
      Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      129-бап. Жала жабу


      1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату -
      жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


       130-бап. Қорлау


      1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту -
      жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау -
      жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстар


      131-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту


      1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
      екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -
      бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қылмыстық қызметіне кәмелетке толмаған адамды тартуға байланысты әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы
                iс-әрекеттер жасауға тарту


      1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
      жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
      алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен
                  айналысуға тарту


      1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту –
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, оның тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не оны алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға тарту –
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бірнеше рет жасалған әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Мыналар:
      а) ұйымдасқан топ жасаған;
      б) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге адам жасаған, осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген нақ сол әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Кодекс 132-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу


      1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау –
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
      б) бірнеше рет;
      в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
      г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып;
      д) екі және одан да көп адамға қатысты;
      е) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында;
      ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
      з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған;
      и) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
      к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
      л) жүкті күйде екендігі кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған әйел адамға қатысты;
      м) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екендігі кінәліге көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;
      н) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу –
      мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:
      а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
      б) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, –
      мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      134-бап. Баланы ауыстыру


      1. Баланы қасақана ауыстыру -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
      үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


      135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету


      Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -
      айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


      136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24



Похожие:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconЖ о б а қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодекс
Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару...

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Р 2005. 11. 22 N 90 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi (2-бапты қараңыз). Қажет болған...

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың объектілерін және түрлерін белгілеу туралы
Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару...

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр
Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық...

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconКурчатов қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №10 Қылмыстық жазалау және
«Қылмыстық жазалау және қылмыстық-құқықтық әрекет етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ...

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Реcпубликасының Әділет министрлігі Қазақстан республикасының азаматтық кодексi
Республикасы Жоғарғы Кеңесi Жаршысының 1994 жылғы 23-24 номерлерiнiң жеке қосымшасы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Су Кодексi
Егемен Қазақстан 2003 жылғы 23 шiлде n 184-185; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 жыл., n 17, 141-құжат

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Су Кодексi
Егемен Қазақстан 2003 жылғы 23 шiлде n 184-185; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 жыл., n 17, 141-құжат

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconКодекс жобасы баптарына көрсетілген сілтемелер және ішкі сілтемелер Қылмыстық кодекс жобасы әзірленіп болған соң қайта түзетілімді талап етеді
Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Жер кодексi
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., n 13, 99-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 маусым n 156-159

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы