Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы icon

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы



НазваниеТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации23.05.2013
Размер193 Kb.
ТипДокументы
источник

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 31 наурызда тiркелдi. Тiркеу N 4166


"Заң газетi" газетi 2006 жыл 5 мамыр N 80(886)




      "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Бұйрықтың кiрiспесiне өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Табиғи 
монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы
N 77-НҚ бұйрығымен бекiтiлген 

^ Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне
қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар
жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      2. Ереже табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар (бұдан әрi - сараптамалар) жүргiзу жөнiнде тәртiптi айқындайды және оларға қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
      қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
      уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      сарапшы - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
      құзыреттi орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығының және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006.07.19 N 177-НҚ , 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен.

^ 2. Сараптамалар жүргiзудiң негiзгi
қағидаттары мен мiндеттерi

      4. Сараптамалар жүргiзудiң негiзгi қағидаттары мыналар:
      1) өзiнiң кәсiби қызметiн жүзеге асырған кезде сарапшының тәуелсiздiгi;
      2) сараптама объектiлерiн зерделеудiң ғылыми көзқарасы, толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтiлiгi сараптама нәтижелерiнiң негiздiлiгiн қамтамасыз ету;
      3) сараптамаға берiлген материалдарда қамтылған ақпараттың негiзiнде ғана сараптамалар объектiлерi (бұдан әрi - объектiлер) бойынша есеп жасау;
      4) объектiлер бойынша ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және оны сараптамада көзделмеген мақсаттар үшiн пайдалануға жол бермеу;
      5) сараптама жүргiзетiн тұлғалардың құзыреттiлiгi мен жоғары кәсiби деңгейi болып табылады.

      5. Сараптамалар жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар туралы заңнаманың және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметiн талдау;
      2) қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыс жүргiзудiң қажеттiлiгiн, материалдық, еңбек шығындарының, өндiрiс технологиясының белгiленген нормаларының сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмдiлiгiн талдау;
      3) тарифтiк сметаны атқаруды және есепке алу саясатын сақтауды, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды атқаруды тексеру (бағалау);
      4) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн бағалау;
      5) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн қолдануға сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң нақты шығындарын бағалау;
      6) қолданылатын тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне әсер етуiн бағалау;
      7) табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынған есептердегi мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру болып табылады.

^ 3. Сараптамалар жүргiзу тәртiбi

      6. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамаларды уәкiлеттi орган тәуелсiз сарапшыларды, ал қажет болған жағдайда, мемлекеттiк органдарды да тарта отырып, қаржылық сараптама үшiн екi жылда бiр рет және техникалық сараптама үшiн үш жылда бiр рет жиi болмайтын мерзiмдiлiкпен жүргiзедi.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 177-НҚ бұйрығымен .

      7. Сараптама жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган мен сарапшының арасында сараптама жүргiзудiң мәнiн, объектiлерi мен шарттарын, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, сараптама жүргiзудiң мерзiмдерiн, есепте көрсетiлген деректердiң дұрыстығына, сондай-ақ мiндеттердi орындамағаны не тиiстi дәрежеде орындамағанына, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғанына жауапкершiлiктi, сараптамаға жатқызылған табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң ерекшелiгiнен туындайтын басқа да елеулi шарттарды айқындайтын сараптамалар жүргiзу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрi - Шарт) жасалады.

      8. Осы Ережеде көзделмеген сараптамалар жүргiзген кезде талаптарды уәкiлеттi орган Шартқа берiлген техникалық ерекшелiктерде толықтыра алады.

      9. Сараптама жүргiзу барысында сарапшы табиғи монополия субъектiсi (бұдан әрi - Субъект) ұсынған ақпаратты осы Ережеде және Шартқа берiлген техникалық ерекшелiкте белгiленген талаптарға сәйкес зерделейдi және талдайды.

      10. Егер сарапшыға өткiзiлiп отырған сараптамалардың шеңберiнде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектiден және (немесе) уәкiлеттi органнан сұрата алады.

      11. Сарапшы сараптамалар жүргiзген кезде:
      1) сараптамалардың кешендi, объективтi, сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      2) табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтайды;
      3) белгiленген мерзiмдердi және сараптамаларды жүзеге асырудың тәртiбiн сақтайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011.06.28 № 192-НҚ (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығы.

      12. Жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшы Шартта көзделген мерзiмдерде уәкiлеттi органға сараптамалар объектiлерi бойынша объективтi, дәлелдi, ғылыми-негiздi қорытындыны қамтитын аралық және түпкiлiктi есептер ұсынады.

      13. Уәкiлеттi орган сарапшы ұсынған есептердi 30 күн iшiнде қарайды.
      Егер есептердi қарау үшiн қосымша материалдар мен ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны сарапшыдан немесе Субъектiден сұрайды және есептi қарау мерзiмiн ұзарту туралы сарапшыны хабардар етiп, 30 күнге ұзартады.

      14. Есеп осы Ереженiң 17 және 18-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган сарапшыға нақты мерзiмдердi көрсете отырып, есептi осы талаптарға сәйкес келтiру қажеттiлiгi туралы ақпарат жолдайды.

      15. Сарапшы ұсынылған ақпарат бойынша есептi Ереженiң 17 және 18-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып пысықтайды және оны уәкiлеттi органға ұсынады.

      16. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсетудiң салалық ерекшелiктерiне сәйкес мәселелердi қарау шеңберiнде сараптамалар жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн тарта алады.

^ 4. Техникалық сараптамаға қойылатын талаптар

      17. Субъектi қызметiнiң техникалық сараптамасы мыналарды:
      1) негiзгi құралдардың техникалық жай-күйiн талдауын және техникалық сипаттамаларын бағалауды, оның iшiнде:
      жабдықтың сараптама жүргiзу күнiне тозу дәрежесiн;
      негiзгi құралдарды (болған және мүмкiн болатын) осы салада Субъектi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған сыныптау топтары бойынша пайдалану мерзiмдерiн;
      жабдықтың жобалық және технологиялық қуатының, регламенттелген резервтiк қуаттың болуын;
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң есептеу (оның iшiнде коммерциялық) құралдарының болуын;
      субъектiнiң қызметiн сипаттайтын және тарифтi есептеген кезде қолданылатын шығындар деңгейiн айқындауға қажеттi басқа да техникалық көрсеткiштердiң бағалауын қамтиды.
      Техникалық жағдайды талдау негiзiнде регламенттелген пайдалану жұмыстарды (техникалық қызмет көрсету), ағымдағы, орташа және күрделi жөндеулер (негiзгi құралдардың құнын арттыратын және арттырмайтын) жүргiзудiң, негiзгi құралдарды реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi бойынша ауыстырудың, қайта құрудың және жаңғыртудың қажеттiлiгi туралы қорытынды берiледi. Бұл ретте:
      Субъектi белгiлеген жөндеудiң барлық түрлерi мерзiмдiлiгiнiң жабдықтың белгiлi бiр түрiн жөндеуге арналған нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiне;
      олардың iс жүзiндегi жағдайы мен құзыреттi орган бекiткен нұсқаулықтар мен нормативтiк техникалық құжаттардың талаптарын ескере отырып, Субъект жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жөндiлiгi мен жұмыс қабiлеттiлiгiн қолдау мақсатында айқындаған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi бойынша негiзгi құралдарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер жүргiзу көлемдерi негiздiлiгiне;
      Субъектiнiң негiзгi құралына, ғимараттары мен құрылыстарына, Субъектi бекiткен қосымша жабдықтарына жүргiзiлетiн жөндеудiң барлық түрлерiне арналған перспективалық және жылдық (айлық) кестелердiң болуына қорытынды берiлуге тиiс.
      Техникалық сараптамаға жатқызылған кезең үшiн және оны жүргiзу сәтiне негiзгi құралдардың қолданысқа енгiзiлу деңгейi бағаланады, сондай-ақ тиiстi көрсеткiштердiң деңгейi - жабдықтың жиынтықты белгiленген қуаты, қуаттың коэффициентi, нақты тозу коэффициентi, саланың ерекшелiгiн ескере отырып, жүктелiм және (немесе) басқа да көрсеткiштер кестесiн толтыру коэффициентi, пайданың ұйғарынды деңгейiн есептеген кезде пайдаланылатын Субъектi активтерiнiң қолданысқа енгiзiлу коэффициентi бағаланады.
      Реттелiп көрсетiлетiн және тұтастай алғанда реттелiп көрсетiлмейтiн қызметтердiң әрбiр түрлерi бойынша қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленген талаптарға сәйкес келуiнiң бағасы берiлуге тиiс. Егер сарапшының осы мәселе бойынша қорытындысында Субъектi қызметiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi мен тұтастай алғанда реттелiп көрсетiлмейтiн түрлерi бойынша қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлу схемасымен алшақтықтар болған жағдайда, сарапшы негiзгi құралдарды ұсынып отырған бөлуiн негiздейдi.
      Сарапшы жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi бойынша негiзгi құралдарды пайдалануды, негiзгi құралдарды пайдалануға байланысты пайдалану және басқа да шығындарды оңтайландыру жөнiнде ұсыныс жасайды;

      2) шикiзат пен материалдар шығысын, оның iшiнде құзыреттi орган бекiткен шикiзат (отын, энергия және басқа) және материалдар шығысының нормаларын бағалайды. Шикiзат пен материалдар шығысының нақты көлемдерi нормативтерден асып кеткенi анықталған жағдайда, асып кету мөлшерi мен оның туындаған себептерi ашылуға тиiс. Сарапшы бағалаудың нәтижелерi бойынша шикiзат пен материалдар шығысын оңтайландыру жөнiнде ұсыныс жасайды. Бұдан басқа, сарапшы тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) авариялық (азайтылмайтын) қорына тексеру жүргiзедi. Бұл ретте сарапшы Субъектiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн көлемдерде ТМҚ-ны "жиып қою" қажеттiлiгiн және қоймадағы ТМҚ-ның нақты көлемдерiнiң қажеттi көлемдерге сәйкестiгiн бағалайды;

      3) еңбек шығынын және Субъектi персоналының санын бағалауды, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау жөнiндегi нормативтiк талаптардың сақталуы анықталуын ұсынады.
      Сарапшы персоналдың еңбек жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нормативтiк санының, оның Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген еңбек жөнiндегi нормативтерiне сәйкес келуiне баға бередi, сондай-ақ iс жүзiндегi және нормативтiк санның арасына салыстыру жүргiзедi. Iс жүзiндегi санның нормативтерден асып кеткенi анықталған жағдайда, асып кетудiң мөлшерi мен оның туындаған себептерiн ашу қажет. Сарапшы Субъектi персоналының санын Субъектiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн және ескерiлмейтiн персонал санына, оның iшiнде қызметтердiң реттелiп көрсетiлмейтiн түрлерiн көрсетумен айналысатын персонал санына бөлудiң негiздiлiгi бойынша қорытынды ұсынады.
      Еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау жөнiндегi нормативтiк талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын талдау:
      өндiрiстiк процестiң еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк техникалық құжаттамасында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгiн;
      қызметкерлердiң еңбек процесiнде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету көзқарасынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштердi бағалауды;

      4) нормативтiк және коммерциялық ысыраптардың, оның iшiнде құзыреттi орган бекiткен нормативтiк ысыраптар деңгейiн бағалауды, коммерциялық ысыраптардың әрбiр түрi бойынша деңгейi мен пайда болу себептерiнiң анықтамасын қамтиды.
      Егер Субъект электр энергетикасы саласында қызметтер көрсеткен жағдайда, сарапшы кернеудiң әртүрлi кластарындағы электр желiлерi жұмысының схемалары мен режимдерiнiң ерекшелiктерiне сәйкес тұтастай алғанда Субъектiнiң желiлерi не оның элементтерi бойынша құзыреттi орган бекiткен нормативтiк ысыраптарға, оның iшiнде кернеудiң жоғары (220, 110, 35 кВ) және төмен (10,6-0,4 кВ) топтары бойынша, кернеудiң жоғарыда көрсетiлген топтары бойынша олардың көлемiн көрсете отырып, нормативтiк ысыраптарға баға бередi; қоректiк судың (будың және конденсаттың) iс жүзiндегi шығысына және оның құзыреттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен бу мен конденсат ысыраптарының нормаларына сәйкес келуiне талдау жүргiзедi.
      Сарапшы жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша нормативтiк және коммерциялық ысыраптардың деңгейiн төмендету жөнiнде ұсыныс жасайды;

      5) инвестициялық қызметтi бағалауды ұсынады.
      Сарапшы заңнамада белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) iске асырылуына:
      әрбiр уақытша аралығында (жарты жылдықта) Субъектi көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) iс жүзiндегi қол жеткiзiлген көлемдерiн инвестициялық бағдарламада (жобада) белгiленген көрсеткiштермен салыстырмасының
      инвестициялардың салымдарын инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген мақсаттарға бағыттау сәйкестiгiнiң бөлiгiнде талдау жүргiзедi.
      Сарапшы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырған кезде:
      Субъектiнiң қолданыстағы негiзгi құралдарының таратылуының қолда бар деңгейiнiң өсуi не сақталуы;
      нормативтiк және (немесе) нормативтен тыс ысыраптардың (өзгерiстiң серпiнiн көрсету) төмендеуi;
      ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемiнiң және сапасының артуы қалай жүзеге асырылатынына тексерiс жүргiзедi.
      Сарапшы түзету қажеттiлiгiнiң объективтiк себептерi пайда болған кезде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету негiздiлiгiне баға бередi.
      Сарапшы есептеу құралдарын сатып алу мен орнату (құралдардың саны, үлгiсi мен сипаттамасы) қажеттiлiгiн, есептеу құралдарын орнатуға бағытталған инвестициялардың көлемiн бағалайды.
      Сарапшы энергияны үнемдеудi ынталандыратын Субъектi жүргiзiп отырған iс-шараларды жолдайды және оларға қорытынды бередi және энергия үнемдеу, оның iшiнде өндiру мен энергияны тұтыну режимдерiн оңтайландыру, оның есебi мен бақылауын ұйымдастыру, отын-энергетикалық ресурстарды тасымалдау мен тұтыну кезiнде олардың ысыраптарын қысқарту, босатылатын және тұтынылатын энергетикалық ресурстарды есептеу бөлiгiнде нақтылықты, шынайлылық пен өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету аясындағы саясатты iске асыру мақсатында инвестициялар салу қажеттiлiгiн бағалайды .
      Бұдан басқа, сарапшы Субъектiнiң даму жоспарларының болуын тексередi. Субъект электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiндегi қызметтер көрсетсе, сарапшы қолда бар желiнiң нақты схемасымен ұлттық немесе өңiрлiк электр желiсiнiң жылдық жоспарларының болуын тексередi. Бұл ретте электр желiсiнiң жылдық даму жоспарында мынадай негiздi мәселелер:
      қолда бар электр желiсiн оның топологиясы, жүктелiмi, кернеудi реттеу, шектеулер тұрғысынан талдау;
      электр желiсiндегi электр энергиясы ысыраптарының төмендеуiне бағытталған iс-шаралар;
      электр желiсi жұмысының тұрақтылығы мен сенiмдiлiгiн, сондай-ақ электр желiсi жұмысының ең жоғары үнемдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi капитал салымдарының бағасы көрiнiс табуға тиiс;

      6) тиiстi мемлекеттiк органдардың нұсқамаларын орындау, оның iшiнде орындалған нұсқамалардың шығындары сметаларының болуы туралы ақпаратты;

      7) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметада көзделген есептеу құралдарын тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды iске асырудың талдауын;

      8) көрсетiлетiн қызметтер көлемдерiнiң, оның iшiнде олардың сапасына бағалауды ұсынады.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң көлемдерiн айқындаған кезде пайдаланылатын Субъектi деректерiнiң ашықтығы, тексерiлуi мен шынайлығы деңгейiнiң негiздiлiгiн бағалай отырып, көрсетiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң көлемдерiне (серпiн, негiзгi тұтынушылар) талдау жүргiзiлуге, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң нақты және болжамды көлемдерiн төмендету бойынша, оның iшiнде ысыраптар көлемдерiнiң ұлғаю есебiнен мүмкiн болатын тәуекелдер көрсетiлуге тиiс.
      Сарапшы көрсетiлiп отырған реттелiп көрсетiлетiн қызметтер көлемдерiн айқындау өлшемдерi бойынша ұсынымдар беруге тиiс.
      Сондай-ақ субъект көрсететiн қызметтердiң көлемдерi заңды тұлғалармен жасалған шарттарда көзделген көлемдердiң, жеке тұлғалардың тұрғын үй алаңының көлемдерiнiң, тұрғын үй алаңының шаршы метрiн жылытуға арналған жылу энергиясы шығысының үлес нормаларының, ЫСЖ-ға арналған жылу энергиясы шығысы нормаларының, халық саны нормаларының, жылу тасымалдағыштың жылыстауымен жылу желiлерiндегi апаттар санының, жылу энергиясын энергия өндiрушi ұйымдарынан жылу желiлерiне босату көлемдерiнiң сәйкестiгiне талдануға тиiс.
      Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөнiндегi қызметтер көрсететiн субъектiлер үшiн жылу тасымалдағыш температурасының температуралық кестеге сәйкес келуiне тексеру жүргiзiлуге тиiс.
      Егер Субъект су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiнiң, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөнiндегi қызметтердi көрсетсе, тұтынушылар топтарының бөлiнiсiнде iс жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң көлемдерiне талдау мен тексеру және олардың сапасына бағалау жүргiзу қажет.

^ 5. Қаржылық сараптамаға қойылатын талаптар

      18. Субъектi қызметiнiң қаржылық сараптамасы мыналарды:
      1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда Субъектiнiң өзге қызметi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлектеп есебiнiң болуы мен оны жүргiзудi бағалауды қамтиды.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және Субъектiнiң тұтастай алғанда өзге қызметi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлектеп есебiнiң болуы мен оны жүргiзудiң бағалау қызметтiң түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуге және оның қолда бар жүйесiнiң есепте көрiнiс табуына негiзделедi, бөлудiң объективтiлiгi мен негiздiлiгi, сондай-ақ Субъектi өндiретiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша шығындарды бөлудiң уәкiлеттi органмен келiсiлген әдiстемесiнiң болуымен және олардың сақталуымен негiзделедi. Қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн және реттелiп көрсетiлмейтiн түрлерiнен түсетiн табыстардың есебiнен шығыстардың тоғыспалы субсидиялауының болу мәнiне тексерiс жүргiзiледi;

      2) Субъектiнiң қызметiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне бағалауды қамтиды.
      Сарапшы шығындардың есебiн Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 185-НҚ бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2438 нөмiрмен тiркелген) Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiне сәйкес, мыналарды қоса бағалайды:
      есепке алу саясатының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн, оның iшiнде есепке алу саясатында Субъектi өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде басшылыққа алатын нормативтiк және нормативтiк құқықтық актiлерiне сiлтемелерiнiң болуын, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi және Субъектi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметтiң өзге түрлерi бойынша оларды тағайындауға (өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, жалпы шаруашылық тағайындаулар және басқалар) сәйкес негiзгi құралдарды бөлу кезiнде Субъект айқындаған өлшемдердiң болуын қоса бағалайды. Сарапшы материалдық құндылықтарды есептен шығару әдiсiнiң, сондай-ақ күмәндi борыштар бойынша резервтi қалыптастыру жөнiнде iс-шаралардың есепке алу саясатына уәкiлеттi органның келiсiмi мен келiсiлген есепке алу саясатына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың болу мәнiне есепке алу саясатына талдау жүргiзуге тиiс;
      шикiзат пен материалдарды есептен шығарудың заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген энергия мен отынды қоса, шығыс нормаларына сәйкестiгiн. Сарапшы бекiтiлген нормалар мен нормативтердiң болуын (мемлекеттiк орган, бекiту күнi) тексередi, сондай-ақ бекiтiлген нормалар болмаған жағдайда, олардың тiзбесiн жасайды;
      амортизациялық аударымдарды есептеу, негiзгi құралдардың тозуын есептеу әдiстерiнiң қолданылуы мен олардың уәкiлеттi органмен келiсiлген Субъектiнiң есепке алу саясатының талаптарына сәйкестiгiн қоса бағалайды. Негiзгi құралдарға бағалау жүргiзу, уәкiлеттi органмен негiзгi құралдарды қайта бағалау қай уақытта келiсiлдi, мүлiк құнын өндiрiстiк қайта бағалаудың тарифке әсер етуiн бағалауды жүргiзу кезiнде қандай әдiс қолданылады.
      Есептеу құралдары бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу, тексерiлетiн кезеңде қанша есептеу құралдары орнатылды, амортизацияны есептеудiң қандай әдiсi қолданылады.
      Сарапшы талдамалы кезеңде өткiзiлген шығындары тарифтердi қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуiне баға бередi;

      3) қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша амортизациялық аударымдарды нақты пайдаланудың талдауын қамтиды. Сарапшы амортизациялық аударымдарды пайдаланудың мақсатты бағытын, олардың көлемiн, сондай-ақ амортизациялық аударымдарды пайдаланудың құжат түрiндегi (статистикалық есептердiң, қаржы құжаттардың тiзбесi) растауының болуын тексередi; Амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгi бағаланады.
      Сарапшы қосымша қуаттарды қосқаны үшiн төлем түрiнде алынған қаражатқа баға бередi, оларды өтеудiң негiздiлiгi, қосымша қуаттарды қосқаны үшiн төлем деңгейiнiң өңiрдiң, облыстың, қаланың, ауданның желiлерiн дамыту жоспарында бекiтiлген төлемге сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi, қосымша қуаттарды қосқаны үшiн төлемдi мақсатты пайдаланғаны үшiн баға бередi;

      4) еңбекке ақы төлеу шығыстарды бағалауды, белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген нормативтiк санның болуын, сметаларда жөндеу жұмыстарына көзделген нормативтiк көрсеткiштерде (СНжБ) еңбек шығындарының сәйкестiгiн қамтиды. Орташа салалық көрсеткiштермен кәсiпорын персоналының орташа жалақысы деңгейiнiң деректерiне салыстырмалы талдау жүргiзiледi. Қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн және реттелiп көрсетiлмейтiн түрлерiн көрсеткен кезде еңбек ресурстарының пайдалануына бағалау жүргiзiлуге және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсеткен кезде персонал санын оңтайландыру жөнiнде ұсыныстар беруге тиiс;

      5) қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң бөлiгiнде дебиторлық және кредиторлық берешектердi бағалауды қамтиды. Сарапшы дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуға түгендеу жүргiзудiң кезеңдiлiгiн, бухгалтерлiк есепте көрiнiс табуының дұрыстығын, дебиторлық және кредиторлық берешектiң құрылымын, Субъектiмен мерзiмi өткен дебиторлық берешектi иелiктен айыру тәртiбi мен оның негiзiн және иелiктен айырудың уәкiлеттi органмен келiсiмнiң болуын көрсетедi;

      6) тарифтiк саясаттың сақталуы мен тарифтiк сметаның атқарылуын, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 185-НҚ бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2438 нөмiрмен тiркелген) Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнiң талаптарына сәйкес шығындардың баптары бойынша тарифтiк сметаның атқарылуын талдауды, есеп айырысулардың дұрыстығы мен негiздiлiгi тұрғысында қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) қолда бар калькуляциясын бағалауды қамтиды. Сарапшы тарифтiк сметаның атқарылуына талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша тарифтiк сметада бекiтiлген ауытқудың (қаражатты пайдаланбау) сомасын, орындамау себебiн айқындайды;
      нақты техникалық ысыраптарға байланысты шығыстардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк техникалық ысыраптарға байланысты шығыстарға сәйкес келуiнiң сараптамасын қамтиды;
      құзыреттi және уәкiлеттi орган бекiткен (келiсiлген) осы жұмыстардың көлемдерi мен түрлерiнiң салыстырмасын қоса отырып, негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеулер мен басқа да қалпына келтiру жұмыстарына арналған шығыстарды талдауды қамтиды;
      қолданылатын тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының), уақытша төмендету коэффициенттерiнiң уәкiлеттi орган белгiлеген тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) берiлетiн жеңiлдiктердiң уақытша төмендету коэффициенттерiне, ұсынылатын жеңiлдiктерге сәйкестiгiнiң мәнiн талдауды қамтиды;
      табиғи монополия субъектiсi талдамалы кезең iшiнде мүлiк құнына қайта бағалау жүргiзген кезде сарапшының есебiнде уәкiлеттi органмен қайта бағалау жүргiзу бойынша келiсiмнiң, қайта бағалау әдiстерiнiң болуы, осы әдiстердi пайдаланудың негiздiлiгi туралы қорытындыларды, сондай-ақ мүлiк құнын қайта бағалаудың тарифке тигiзетiн әсерiн бағалау көрiнiс табуға тиiс;

      7) уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық жобалардың атқарылуын талдау, мыналарды:
      инвестицияларды және олардың көздерiнiң талдауын;
      уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық жобаларда көзделген көрсеткiштердiң Субъектi қызметiнiң осындай iс жүзiндегi көрсеткiштерiне сәйкес келу мәнiнiң сараптамасын;
      ауытқулардың объективтiк және субъективтiк себептерiн және олардың осы жобаны орындауға тигiзетiн әсерiнiң, тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiткен кезде ескерiлетiн шығындар мөлшерiне әсер ету мүмкiндiгiнiң талдауын қамтиды;
      инвестициялық жобаның Субъектi ұсынатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сұранысының дамуына тигiзетiн әсерiнiң талдауын қамтиды;

      8) қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiне байланысты туындаған ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң сараптауын қамтиды. Сарапшы құрылымды, қарыз қаражаттарды тартудың негiздiлiгiн, оларды өтеудiң толықтығы, дер кездiлiгi мен тәртiбiн, мiндеттемелердi қамтамасыз ету нысанын, пайыздық ставкаларын, тараптардың жауапкершiлiгiн бағалайды. Сарапшы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi атқарудың қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң нәтижелерiне тигiзетiн әсерiн талдайды;

      9) қысқаша мерзiмдi қаржылық инвестициялардың бағасын қамтиды. Сарапшы инвестициялардың түрлерiн, табыстылығы мен олардың қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң нәтижелерiне тигiзетiн әсерiн анықтайды;

      10) қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiн жүзеге асырғанда қолданыстағы негiзгi құралдардың құрылымы мен олардың қолданысқа енгiзiлу деңгейiнiң талдауын қамтиды.



Похожие:

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖылу энергиясын өндiру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 13 қыркүйектегi n 266-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң нормативтiк техникалық ысыраптарын, шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекiту ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы n 191-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconНегiзгi құралдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қайта бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi n 226-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТеңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегi n 280-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconМагистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы n 384-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖалпыға қол жетiмдi почта байланысының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегi n 265-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы n 149-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобалар қарау және бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң өзге қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштерiн ұсыну және оны қарау ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы n 70-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconӘуежайлар саласында қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы n 459-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы