2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
страница1/4
Дата конвертации30.09.2012
Размер416.12 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы « »_ __ ______

қаулысымен

бекітілген

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

Әзірлеудің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы

^ Негізгі әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Негізгі қоса

орындаушылар

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдері

Бағдарламаның

мақсаты

Халықты қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның

міндеттері

Сумен жабдықтайтын жаңа объектілер салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік әдісті енгізу.

Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін тиімді пайдалануды қамтамассыз ету.

Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.

Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;

Сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру.

Су шаруашылығы секторының жағдайына мониторинг жасау жүйесін құру.

Су шаруашылығы ұйымдарын тиімді жұмыспен қамтамасыз ету үшін тариф құру.

Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ мерзімді тарифтер белгілеу.

Тұтынушыға жеткізуде өнімсіз су жоғалту деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету.

^ Бағдарламаның іске асырылу мерзімі мен кезеңдері

2011 – 2020 жылдар

I кезең – 2011 – 2015 жылдар

II кезең – 2016 – 2020 жылдар

^ Нысаналы индикаторлар

Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, кіші қалаларда 100 %-ға қол жеткізу;

әр аудан орталығында сумен жабдықтау объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;

жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде жасалған су шаруашылығы ұйымдарының санын 15 бірлікке дейін арттыру;

суды есептеу аспаптарымен қамту: қалаларда - 100 % және ауылдық елді мекендерде - 80%;

3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету;

қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су арнасы үшін 15 кен орнын қайта барлау;

86 қала мен 7002 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;

Халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтау.

Қаржы көзі мен қаржыландыру көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру 2011 – 2020 жылдар аралығында даму институттарының қаражаты, су шаруашылығы ұйымдарының жеке қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялардың және мемлекеттік бюджетте көзделетін 951 490,3 млн. теңге қаражат есебінен жүзеге асырылады, оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 631 940,3 млн. теңге сомасында;

жергілікті бюджеттер есебінен – 319 550 млн. теңге сомасында.

2. Кіріспе

Халықты сумен қамтамасыз етудің 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.

Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының басым бөлігі толық көлемде ауыз сумен жабдықталмаған.

Осыған байланысты, Бағдарлама пайдаланудағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, су шаруашылығы секторын дамытуды, су шаруашылығы саласына жеке капиталды тартуды, халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласына жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды қарастырады.

Бағдарламаны іске асырудағы жүйелі әдістердің біріне орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдардың тиісінше өзара іс-қимыл жасауы мен олардың арасындағы іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру жатады.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

^ 3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын талдау

Ауылдық жердегі жағдай

2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.

Осы бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:

жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20 – 25 %-ға арттыру;

жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға арттыру.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 13 288 км-ден астам су құбыры мен сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңғыртылды және күрделі жөнделді. Халқының жалпы саны 3,5 млн. адамды құрайтын 3 153 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды.

Ауыз суға бірдей үнемді деңгейде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауыл халқы үшін субсидиялаудың сараланған нормативтері енгізілген, олар ауылдық жерлердің тұрғындарына суды жеткізу қызметтеріне бірыңғай тариф бойынша төлеуге мүмкіндік берді.

Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарып, 82,9 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.

Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелеріне қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздеріне қол жеткізуі 12 %-ға ғана артып, 41 %-ды құрады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-дің жалпы санынан 7 002 – ауыз сумен жабдықталғандарына (проблемалық) барлық ауыл халқының 40 %-ын құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 849 АЕМ жатады.

Бұл ретте, осы АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

^ Ауыз сумен жабдықталған АЕМ санаттары

Р/с №

АЕМ санаттары

АЕМ саны

Үлес салмағы, %

1.

Тасымалданатын суды пайдаланатындар

143

4

2.

Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер

386

10

3.

Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)

114

3

4.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары

3 206

83




Барлығы

3 849

100
  1   2   3   4



Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы