«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»



Название«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
Дата конвертации02.03.2013
Размер300.5 Kb.
ТипДокументы
источник

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар


  1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі- Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.


  1. Бағдарламаның іске асырылуына қанша уақыт қажет?

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

  • 1-ші кезең - 2010 - 2014 жылдар аралығында.

Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж. міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

  • 2-ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.




  1. Жобаларды іріктеу кезінде қандай саладағы кәсіпорын қызметіне басымдық берілетін болады?

«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:

    1. Агроөнеркәсіп кешені;

    2. кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;

    3. жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;

    4. құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;

    5. металлургия, металлөңдеу, машина жасау;

    6. өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)

    7. көлік және қойма қызметі;

    8. туризм;

    9. ақпарат және байланыс;

    10. кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

    11. білім;

    12. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

    13. өнер, көңіл көтеру және демалыс;

    14. қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.

* Осы техникалық қызмет түріне сыйақы үшін немесе шарт негізінде ұсынылатын тау-кен өндірісі өнеркәсібіне ілесіп жүретін мамандандырылған көмек жатады. Оған:

- руда үлгілерін өндіру және геологиялық зерттеулер жүргізу сияқты барлау жұмысының дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, кен іздеу-барлау жұмыстары;

- ұңғыма және бұрғылау жұмыстарын игеру, мұнай ұңғымаларын бұрғылау сынағы немесе қайтадан бұрғылау,

- металл және металл емес минералдар өндіру,

- мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі өзге қызметтер және олардың негізін құру жұмыстары, мұнай–газ ұңғымаларын цементтеу, тау жыныстарын алу, ұңғымалардан суды тартып шығару және оларды сваб арқылы шығарып алу, дренаж және суды насостармен шығарып алу,тау жыныстарын тазарту және т.с.с. қызметтер жатады.

Мынадай техникалық қызметтерге:

- операторлардың мұнай және газ өндіру орындарындағы қызметі,

- тау-кен өндірісі техникасына мамандандырылған жөндеу жұмысы,

- өндіру орындарынан тыс жерде жүзеге асырылатын табиғи газды тасымалдау мақсатында, оны сұйылту және газсыздандыру,

- геофизикалық, геологиялық және сейсмикалық зерттеулер,

-кенішті немесе жерасты өндіру орындарын келісім-шарт негізінде басқару,

- келісім-шарт негізінде геофизикалық зерттеулер сияқты қызмет түрлері жатпайды.

Толық ақпарат Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының (ГК РК 03-2007) 9- бөлімінде берілген.


  1. Кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

Бағдарламаның іске асырылуы:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:

1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.



  1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз нені білдіреді және де жаңа жобаларды іске асырушы кәсіпкерлер қандай қолдауға иек артады?

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:

  • кредит бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау*;

  • кредит бойынша ішінара кепілдік беру*;

  • өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

  • бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу;

  • кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады.

* ^ Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.

* Кредит бойынша ішінара кепілдік беру тек бірінші бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, яғни жаңа кредит алған кезде ғана жүзеге асырылады.


  1. Жаңа жобалар бойынша субсидия алу шарттары қандай?

«Жол картасы» аясындағы субсидия дегеніміз - бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін кредит бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау Банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады.



  1. Жаңа жобалар бойынша субсидия қанша уақытқа беріледі?

Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.



  1. Жаңа жобаларға субсидия берілген жағдайда, кредиттің ең көп сомасы қанша?

Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.



  1. Пайыздар төлемі бойынша шығыстардың қандай бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі?

2010 жылы жылдық номиналды ставкасы 12%-дан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет өтейді. Кредит бойынша сыйақының жылдық номиналды ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.

Кәсіпкер сыйақының жылдық номиналды ставкасын 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылдығы 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуына болады.


  1. Субсидиялау кезінде Банк қандай комиссия және алым өндіріп алады?

Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек:

  • кредиттеу шарттарының Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;

  • кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.



  1. Кәсіпкер жобаға өз қаражатымен қатысуы тиіс пе және қандай мөлшерде қатысуы тиіс?

Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.



  1. Егер жаңа жобаға кредит берілетін болса, онда Кәсіпкер субсидия алуы үшін қайда өтініш жасауы қажет?

Субсидия беру механизмі мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды;

  2. Банк кредит беру/кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарған жағдайда, Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі жергілікті атқару органына (ЖАО) яғни Үйлестірушіге (Әкімдік жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына) өтініш етеді;

  3. ЖАО барлық құжат пен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарастыруына шығарады.

  4. АҮК субсидиялаудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы өткізілген күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделінеді, және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген Кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

  5. ЖАО АҮК хаттамасы әзірленгеннен кейін мақұлданған жобалар тізбесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне – ЭДСМ-ге (мақұлданған жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру үшін);

- Банктерге және «Даму» Қорына (Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін) жібереді;

  1. ЭДСМ АҮК хаттамасы мен Кәсіпкерлер бойынша (мақұлданған/бас тартылған) құжаттар пакетін алған соң жекелеген жобаларды бекітеді я болмаса оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді;

  2. Жергілікті деңгейдегі ЖАО Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде барлық Кәсіпкерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді;

  3. Банк Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер және «Даму» қоры арасында үшжақты субсидиялау Шарты жасалынады;

  4. Жергілікті деңгейдегі ЖАО ЭДСМ-нен келісім хатын алған соң «Даму» Қорына 2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаражаттың 30%-ы мөлшеріндегі соманы аударады. Одан кейінгі аударымдар төлемдердің келісілген кестесі бойынша жүзеге асырылады;

  5. Банк бекітілген субсидиялау Шарттары бойынша субсидия сомасын аудару үшін «Даму» Қорына жаңа есеп шот ашады. Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидия сомасын есептен шығарып отырады;

  6. Субсидиялауға қарастырылған қаражатты «Даму» Қоры Банктегі жаңа есеп шотқа тоқсан сайын алдын ала төлем түрінде келер тоқсан басталғанға дейін аударып отырады;

  7. Кәсіпкер субсидияланбайтын сыйақының бөлігін Банкке банктік қарыз Шартында көрсетілген кестеге сәйкес төлеп отырады;

  8. Кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген соң Банк Кәсіпкердің субсидияланатын сыйақы ставкасының бөлігін жабу үшін «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидияланатын соманы есептен шығарады.

  9. Егер Кәсіпкер өзінің кредиті бойынша төлемдерін, оның ішінде субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бөлігін төлеуді кешіктірсе, Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан Кәсіпкер қарызын төлегенге дейін қаражат алмайды, және бұл туралы «Даму» Қорын құлағдар етеді (субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданбаған жағдайда).




  1. Қандай жағдайда жаңа жобалар бойынша субсидиялау тоқтатылуы мүмкін?

Қаржы агенті:

  • субсидияланатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы;

  • Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтататуға құқығы бар.

Субсидиялауды тоқтату Кәсіпкер Банк алдындағы кредитін мерзімінен бұрын және толығымен өтеген жағдайда тоқтатылады, сондай-ақ, ЖАО немесе «Даму» қоры берген өтініш/хабарлама негізінде ЭДСМ-мен келісілген АҮК шешіміне сай тоқтатылады.


  1. «Бизнестің жол картасы2020» Бағдарламасының бірінші бағыты: «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында ішінара кепілдік алудың шарттары қандай?

Кепілдік беру ішінара болып табылады және кепілдік шарты кредит сомасының 50% аспауы шарт, яғни бір Өтініш берушіге 1,5 млрд теңгеден аспайтындай болуы қажет. Қор кепілдігін беру Өтініш берушінің кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуының қамтамасыз етілуі жөнінде Қор, Банк және Өтініш беруші арасында үшжақты Кепілдік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Банктер беретін кредит бойынша ішінара кепілдік берудің басты шарттарына мыналар жатады:

1. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша жаңа кредиттер сегменті;

2. Кепілдік берілетін кредит сомасы –Кәсіпкердің жекелеген әр Жобасы үшін 3 млрд теңгеден аспауға тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер ішінара кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір Жобасына ғана алуға құқылы.

3. Кепілдік беру мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс;

4. Өз қаражатымен қатысу – Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;

5.Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% аспауы тиіс.



  1. Қандай кәсіпорындар кредит бойынша кепілдік ала алмайды?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2008 ж. № 1344 Қаулысына сәйкес мониторинг жүргізілуі тиіс ірі салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын металлургия секторы кәсіпорындарының Жобаларына; акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін Жобаларға; субсидияланатын ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді көздейтін Жобаларға қаржы ұйымдары беретін кредиттерге кепілдік берілмейді.


  1. Кредитке кепілдік беру кезінде кімдер артықшылыққа ие болады?

Бағдарламаға қатысу үшін Кәсіпкер өз қызметін Бағдарламада анықталған экономика секторларының бірінде жүзеге асыруы тиіс. Жобаларды Аймақтық үйлестіру кеңесі қарастырған кезде әрбір аймақ үшін экономиканың басым секторларына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкес, аймақ үшін мейлінше маңызды болып табылатын жобаларға артықшылық берілетін болады.


  1. Ішінара кепілдік алудың шарттары қандай?

  1. Ішінара кепілдік тек жаңа кредиттерге ғана беріледі.

  2. Кредиттің нысаналы мақсаты – негізгі қор сатып алу және/немесе жаңғырту, соның өзінде кредит сомасының 20% айналым қаражатын толықтыруға жіберілуі мүмкін.



  1. Егер кәсіпкер жаңа кредитке ішінара кепілдік алғысы келетін болса, онда ол мынадай әрекет жасауы тиіс:

1. Кәсіпкер қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Банкке өтініш жасайды, одан кейін қажетті кепілдік сомасын көрсете отырып, Кәсіпкерге тиісті хат ұсынылады;

2. Кәсіпкер Банк хатын бірге қосып, жергілікті деңгейдегі Жергілікті атқару органына (ЖАО) өтініш жасайды;

3. ЖАО жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына шығарады;

4. АҮК кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

5. ЖАО мақұлданған жобалар тізбесін «Даму» Қорына және Банктерге жолдайды;

6. ЖАО Кәсіпкерді хабардар етеді;

7. Кәсіпкер АҮК-нің жобаны қарастыру нәтижесі туралы хабарламасын алғаннан кейін толық құжат пакетін Банкке тапсырады;

8. Банк қажетті құжаттарды кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруы үшін, «Даму» Қорына тапсырады;

9. «Даму»Қоры оңтайлы шешім қабылдаған жағдайда, Қор Банкке кепілдік беру алдындағы хатын жолдайды;

10. Банк, «Даму» және Кәсіпкер Кредит шартын жасасқаннан кейін кепілдік шартына қолдарын қояды;

11. Жергілікті деңгейдегі ЖАО Қаржы агентінің функцияларын жүзеге асыру туралы «Даму» Қорымен жасалынған шарт аясында «Даму» Қорына төлемді жасайды.



  1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» дегеніміз нені білдіреді және субсидияны қаржылық сауықтыру аясында алудың шарттары қандай?

Қаржылық сауықтыру «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының екінші бағыты болып табылады, оған сәйкес, қолданыстағы кредит бойынша сыйақы ставкасының жылдық мөлшерлемесі 12%-дан аспауы керек, осы мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет субсидиялайтын болады, қалған бөлігін борышкер-Кәсіпкердің өзі төлейді. «Даму» Қоры осы шығыстарды мемлекет қаражаты есебінен айсайын тікелей Банкке аударып отырады. Бұдан бөлек, борышкер-Кәсіпкер салық берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) өтеу бойынша мерзімін шегеруге өтінім бере алады. Ол сонымен қатар қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары аясында жоспарға енгізілген, оның ішінде Қазақстан Қор биржасындағы облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектеріне қатысты өзге іс-шаралар бойынша да қолдау ала алады.

Екінші бағыт шеңберінде борышкер-Кәсіпкерлер мынадай бағдарламаларға қатыса алады:

• Бір кредит желісі аясында бұрыннан бар және жаңа берешек бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау;

• Төлемақы өсімін есептеместен 3 жыл мерзімге дейін салық төлемі бойынша берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) шегеру;

• Қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары аясындағы өзге іс-шаралар.


  1. Бағдарламаға қатысушылар кімдер?

  • Тұрақтандыру және Дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алған борышкер-Кәсіпкерлер;

  • экономиканың секторларында жұмыс істеп жүрген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес (одан әрі – ЭҚЖС) борышкер-Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

Минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар қаржы –экономикалық ахуалдары және кредиттері бойынша толық ақпарат беруге келіспейтін кәсіпорындар, сондай-ақ қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын өз кредиторларымен келіспеген кәсіпкерлер жобаға қатыса алмайды. Екінші бағыттың басты шарты қарыз алушы өзі кредит алған банкпен немесе бірнеше банктермен тіл табысуы тиіс. Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы жанынан орын алған берешек туралы толық ақпаратты және қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын тапсыратын Кредиторлар комитеті құрылады. Жоспарды кредиторлармен келіскеннен кейін борышкер-Кәсіпкердің құжаттары «Даму» Қорына жіберіледі, оның негізінде Қор ЭДСМ-ге ұсынылатын ұсыныс әзірлейді, олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде құжаттарды екінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасына» кіретін борышкер-Кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қарауына жібереді. Мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау жөніндегі ақырғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдайды.


  1. Қаржылық сауықтыру үшін кәсіпорындардан қанша өтінім келіп түсті? Сала бойынша қалай бөлінеді?

Қазіргі күнге банктер екінші бағытқа (қаржылық сауықтыру) сай келетін борышкер-Кәсіпкерлерден өтінім жинауда. Қаржылық сауықтыруға ұсынылған Жобалар саны туралы толық ақпарат 2010 жылдың соңына қарай белгілі болады. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қолдауға жобаларын агроөндіріс кешенінде, жеңіл өнеркәсіпте және жиһаз өндіруде, құрылыс материалдары мен металл емес өзге өнім өндіруде, химия және фармацевтика өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінде, машина және жабдықтар өндіруде іске асырып жүрген борышкер-Кәсіпкерлер ғана ие бола алады. Бұдан бөлек өнеркәсіптің өзге секторларында: электрмен жабдықтау; суды өңдеу және тарату; көлік, туризм, ақпарат және байланыс салаларында қызмет көрсетіп жүрген кәсіпорындар, білім, денсаулық және әлеуметтік қызмет саласында ғылыми-техникалық қызметпен кәсіби түрде айналысып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетін болады.



  1. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы компаниялардың ішінен қанша кәсіпорын қаржылай қолдауды қажет етіп отыр?

Бүгінде өңдеуші өнеркәсіптің несие портфелі 1 023 млрд теңгені құрап отыр. Оның кредит бойынша мерзімі өткен берешегі 144 млрд теңге сома, немесе портфельдің 13%. Егер субсидиялануы тиіс қарыз сомасы 3 млрд теңгені құрайтын болса, онда Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының саны Қазақстанда 110 жоба болмақ. Жалпы алғанда, Бағдарламаға осы бағыт бойынша 16 млрд теңге бөлініп отыр және 320 млрд теңгені құрайтын портфельдің субсидиялануы жоспарланып отыр. Субсидиялау мемкомиссия шешім қабылдаған кезден басталатынын ескерсек, бұл портфель екі есеге өсуі мүмкін, себебі кәсіпорындарды 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап Бағдарламаға енгізу жоспарланып отыр.



  1. Кандидатты бекіту кезеңінен тікелей қаржылай көмек /преференция алғанға дейін қанша уақыт қажет?

Кандидат субсидия алу үшін екінші бағыт бойынша Кредиторлар комитетіне өтініш ететін және Кредиторлар комитетімен келісу кезеңін өтетін болғандықтан, құжаттарды «Даму» Қорының ЭДСМ-не ұсынуы және мемкомиссияның субсидия беру мүмкіндігін қарастыруын қоса алғанда 2 айдай уақыт кетеді. Алайда, кредиторлық берешек сомасы өтінімді Кредиторлар комитетіне берген кездегі күйімен тіркеледі және субсидия кандидаттың Банкпен келісілген өтінімін Кредиторлар комитетіне берген кезден бастап есептелінеді.

  1. Қаржылық сауықтыру аясында басымдық тәртіппен қандай жобаларға субсидия беріледі, және кредит төлемі бойынша мерзімін тым ұзартып алған кәсіпкер көмек ала алады ма?

Субсидиялау Банктердің (мақұлдау кезінде) бұрынғы кредиттері және жаңа берешек бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын Жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын қолданыстағы кредит желісі аясында ғана жүзеге асырылады. Өтінімді қаржылық сауықтыру аясында 2010 жылы ғана беруге болады.


Мынадай кредиттер:


  • акцизделетін тауарлар шығаруды қарастыратын Жобаларға берілген;

  • тікелей кредитор - Мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер бойынша;

  • қаржы институттарының ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге берілген субсидияланатын кредиттері субсидиялануға жатпайды.


Мына Борышкер-кәсіпкерлер:


  • минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің және ірі салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген;

  • қаржы –экономикалық ахуалдары және кредиттері мен өзге берешектері бойынша толық ақпарат беруге келіспеген;

  • Сауықтыру жоспарын Кредиторлар комитетімен келіспеген кәсіпкерлер субсидиялануға жатпайды.


Активтер, шартты міндеттер сыныптамасы және провизия құру (резерв) Ережелеріне сәйкес сыныпталған қолданыстағы кез-келген:

  • стандартты;

  • 1- санаттағы күмәнді;

  • 2 -санаттағы күмәнді;

  • 3 -санаттағы күмәнді;

  • 4 -санаттағы күмәнді;

  • 5- санаттағы күмәнді;

  • сенімсіз қарыз деп есептелген қарыздар да субсидияланады.

  1. Қаржылық сауықтыру аясында субсидияланатын кредит сомасы қанша?

Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, борышкер-Кәсіпкердің екінші бағыт бойынша қатыстырылуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады.

  1. Сыйақы ставкасының қандай бөлігі қаржылық сауықтыру аясында мемлекет тарапынан субсидияланады?

Кредит бойынша сыйақының номиналды ставкасы жылдығы 12%-дан аспайтын кредиттер ғана субсидияланады, оның:

  • 7%-дан аспайтын бөлігін борышкер-Кәсіпкер төлейді;

  • ал 5%-ын мемлекет өтейді.

Сонымен қатар, Банк:

  • кредиттеу шарттарының Борышкер-кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;

  • Борышкер-кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа, кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.

  1. Кәсіпкерлер қаржылық сауықтыру аясында субсидия алу үшін қайда өтініш жасаулары қажет?

Борышкер-кәсіпкер ең көп берешегі бар Банкке (егер Борышкер-кәсіпкердің бірнеше Кредитор банктерде бірдей берешегі бар болатын болса, онда ол өз қалауы бойынша солардың біреуіне өтініш жасайды):

  • Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке салық төлеу және өзге міндетті төлемдер (егер осындай төлемдері бар болса) (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) бойынша мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінімін;

  • Даму және қайта құрудың басты бағыттары (оның ішінде болжамды ұйымдық және құрылымдық өзгерістер, ақшалай түсімді көбейту әдістері мен әрекеттері, ұйымдардың шығындарын қысқарту, ұсынылып отырған өзгертулер/қайтақұрылымдаудың болжамды жүзеге асырылу мерзімдері және т.б.), жобаланып отырған өндірістік бағдарлама (егер бар болса), қаржы жоспары (инвестиция қажеттілігі және қаржыландыру көздерін қалыптастыру және т.б.) және т.с.с. тұратын үш жылға арналған сауықтыру жоспарын сауықтыру өтініміне бірге қосып, өтініш жасайды.

  1. Субсидия Борышкерлерге қандай мерзімге беріледі?

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс.


  1. Қандай жағдайда қаржылық сауықтыру аясында субсидиялау тоқтатылуы мүмкін?

Субсидиялауды тоқтату немесе қайта жаңғырту туралы ақырғы шешімді «Даму» Қоры мен Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы (ҚҚҚ) жіберген хабарлама негізінде дайындалған ЭДСМ-нің өтініші бойынша Мемлекеттік комиссия қабылдайды.


Субсидиялау мынадай жағдайлар анықталып жатса:

  • Борышкер-Кәсіпкер Банктік қарыз шартының төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамаған болса,

  • ҚҚҚ/ Кредитор-банк ұсынған, немесе «ДАМУ» Қоры белгілеген деректер бойынша сауықтыру жоспарын орындамаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.




  1. Қандай жағдайда салық төлемдерінің мерзімі шегерілуі мүмкін?

Өсімпұлын есептеместен бюджетке салық төлеу және өзге де міндетті төлемдер (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) бойынша мерзімін кейінге қалдыру тек борышкер-Кәсіпкердің бағдарламаның екінші бағыты аясында субсидиялау туралы Мемлекеттік комиссия мақұлдаған өтініші негізінде ғана беріледі.

  1. Салық төлемінің мерзімін шегеру қанша уақытқа беріледі?

Салық төлемінің мерзімін шегеру 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген тәртіпте қарастырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған кезге дейін қордаланған берешек бойынша беріледі.

  1. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының үшінші бағыты: сыртқы нарыққа бағдарланған өндірістерді қолдау аясында қандай көмек көрсетілетін болады?

Кәсіпкерлер бұрынғы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау бағдарламасына қатыса алады.

2010 жылы субсидиялау жылдығы кемінде 12% болатын сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның кемінде 4%-ын экспортер төлейді, 8%-ын мемлекет өтейді.

Оның ішінде Банк:

  • кредиттеу шарттарының Экспортшының бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;

  • Экспортердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа, кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.


Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12%-дан төмен болатын болса, онда 8% мемлекет өтейді, ал айырмасын Экспортшы төлейді.


  1. Кәсіпкер қолдау алу үшін өндірілетін өнімінің қандай бөлігін шетке шығаруы тиіс?

Экономиканың барлық секторларында өндірілетін өнімінің 10% астамын шетке шығаратын кәсіпкерлер қолдау ала алады. Бұл мәліметтер борышкер-Кәсіпкерлердің «Даму» Қорына ұсынатын тоқсан сайынғы есептері негізінде тексеріледі, өз кезегінде «Даму» Қоры бұл мәліметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында салық органдарына ұсынатын болады.

  1. Шет елге тауар шығарушыларды субсидиялау кезіндегі кредит сомасы қандай?

Бір экспортшы-Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, экспортшы-Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/экспортшы-Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, экспортшы-Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.

  1. Шет елге тауар шығарушыларға субсидия қандай уақытқа беріледі?

Жауап: Субсидиялау мерзімі 1 жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.



  1. Шет елге тауар шығарушыларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі?

Банктерден алынған бұрынғы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі.


  1. Шет елге тауар шығарушы кәсіпкерлер қайда өтініш жасаулары қажет және іске асыру механизмі қандай?

Экспортшы қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды;

Кәсіпкер субсидия алған жағдайда, Банк сыйақының номиналды мөлшерлемесін 12%-ға дейін төмендету/төмендетпеу туралы мәселені қарастырады. Банк қабылданған шешімді экспортшы-Кәсіпкерге жолдайтын жауап-хатында толық көрсетеді.

Экспортшы Банктің оңтайлы жауабы қабылданған хатын алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне төмендегі құжаттарды бірге қосып, өтініш жасайды:





Құжат атауы



Экспортшы-Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (экспортшы-Кәсіпкердің мөрімен/бұрыштамасымен расталған көшірме)



Лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса (экспортшы-Кәсіпкердің мөрімен /бұрыштамасымен расталған көшірме)



Жарғы, құрылтай шарт (бір құрылтайшы бар болатын болса, құрылтай шарты керек емес). Акционерлік қоғаммен шарт жасасқан кезде қосымша акциялар эмиссиясының проспектісі және акционерлер тізілімінен үзінді талап етіледі (экспортшы-Кәсіпкердің мөрі/бұрыштамасымен расталған көшірме)



Бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы Салық комитетінен анықтама, немесе өтініш білдіру кезіндегі салыстырып тексеру актісі, өтінім берер алдындағы 30 күнтізбелік күннен кеш емес.



Экспортшы-Кәсіпкердің салық декларациясы көшірмесі қоса берілген және/немесе қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін, оның басшыларымен куәландырылған, дебиторлық және кредиторлық берешектердің толық жазылуы бар WEB-сайттарда орналастырылған ақпарат (оның ішінде сомасы, берешек пайда болған күндер және тауарлар мен қызмет атаулары) бар соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептері, (экспортшы-Кәсіпкердің мөрі/бұрыштамасымен расталған көшірме).



Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен экспортшы-Кәсіпкердің жобасы бойынша берілген кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету/кредиттеу туралы Банктің оң шешімі бар хат.



Өндірілетін өнім көлемінен кемінде 10% мөлшердегі өнімнің сыртқа шығарылуын растайтын құжаттарды бірге қоса отырып, жекелеген тауарлар тұрғысындағы экспорттық жеткізілімдер көлемі мен бағыттары бойынша ақпарат :

  1. шетке шығарылатын тауарларды жеткізу шарттары (келісім-шарттары);

  2. тауарларды шетке шығару тәртібінде шығарылуын жүзеге асырған кедендік органның белгісі бар жүк кеден декларациясы;

  3. тауарлармен ілесіп жүретін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы жіберу пунктінде орналасқан кедендік органның белгісі бар құжаттар көшірмелері;

  4. тауар өндірісінің жалпы көлемін растайтын, оның ішінде есепті кезең ішінде статистика органдарына өткізілетін құжаттар;




  1. Шетелге шығарылатын шикізат емес өнімдерді қолдау аясында қандай жағдайда субсидиялау тоқтатылуы мүмкін?

Субсидиялауды тоқтату немесе қайта жаңғырту туралы ақырғы шешімді «Даму» Қоры мен Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы (ҚҚҚ) жіберген хабарлама(өтініш) негізінде ЭДСМ ғана қабылдайды.

«Даму» Қоры экспортшы-Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда экспортшы-Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатуға құқығы бар.


  1. Бағдарламаны іске асыру барысындағы «Даму» Қорының рөлі қандай?

«Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын іске асыру барысында Қаржы агентінің функциясын орындайды, атап айтқанда:

  • қаражатты субсидиялау бағдарламасы бойынша Банкке аударуды жүзеге асырады;

  • Бағдарламаға қатысушылардың Банктер алдындағы кредиттері бойынша кепілгер ретінде әрекет етеді;

  • Банктер мен Жобаларға мониторинг жүргізеді.




  1. Бағдарламада осы жылға жоспарланған 30 млрд. теңгенің қандай үлесі жаңа жобаларды қолдауға, кәсіпкерлік секторын сауықтыруға, экспортшыларды қолдауға және басқа мақсаттарға жұмсалады?

«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының аясында 2010 жылға жоспарланған 30 млрд. теңге қаражат үш бағыт бойынша таратылады:

  • жаңа бизнес-бастамаларды қолдау үшін 12 млрд теңге бөлінеді;

  • кәсіпкерлік секторын сауықтыруға 16 млрд теңге бөлінеді;

  • өнімін шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдауға 2010 жылы 2 млрд теңге бөлінеді.

  1. Кәсіпорындардың Бағдарламада қарастырылған қолдаудың барлық түрлеріне қол жеткізулері мүмкін бе?

Иә. Бағдарламаның талаптарына сай келетін барлық кәсіпорындар қолдаудың барлық түрін бір уақытта ала алады. Бағдарламаның шарттары бойынша қолдаудың барлық түрін алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Шикізат емес сектордағы қолданыстағы кәсіпорында, мысалы тамақ немесе химия өнеркәсібінде, іске асыру үшін жаңа жоба бар делік. Олар өз идеясын Аймақтық Үлестіру кеңесіне шығарады, ол жерден кепілдік беру жөнінде қолдау табады, содан кейін банкте жаңа кредит ресімдейді де жұмысқа кіріседі. Осы кәсіпорынның басқа аймақта жұмыс істеп тұрған өндірісі болуы мүмкін делік, ол жобаға алынған бұрынғы бар кредиті бойынша да субсидиялау мүмкіндігі бар.

  1. Айыппұл салынған облигация эмитенттері Бағдарлама бойынша қолдау алуы мүмкін бе?

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағыты бойынша өтінім беретін Банктерге қарызданып қалған корпоративтік клиенттердің көпшілігінде шығарылған облигациялары бар. Осы облигациялық қарыздар бойынша олар қайтақұрылымдау, яғни, өтем мерзімін ұзарту процессін бастан кешуде. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасында Мемлекеттік комиссия жанынан ірі корпоративтік клиенттерді сауықтыруды қарастыратын арнайы топ құрылатыны жайлы анық айтылған.

Бұл облигация ұстаушылары үшін өте пайдалы. Борышкер-Кәсіпорынның қанша және кімге қарыз екендігі Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы жанындағы Кредиторлар Комитеті жинында айқын болады. Банк бұл кәсіпорынның облигациялық қарыздар бойынша сыйақы төлеу мерзімін қанша рет өткізіп алғандығын білетін болады, ал құнды қағаз иеленушілері – Зейнетақы қорлары және өзге инвесторлар – тізімнен олар алған кредитті көріп, сауығу үдерісінің басталғанына көз жеткізеді, ал эмитентті банкрот деп жарияламайды. Бұл келіссөздер үстеліне отыру және қайтақұрылымдау шарттарын қарастыру үшін көптеген инвесторларға сабақ та болатыны анық.

  1. Кандидатты бекіту кезеңінен тікелей қаржылай көмек алғанға дейін қанша уақыт қажет?

Өтінімнің қарастырылуы ұзақ болмайды, қарыз алушы Кәсіпкер ары кеткенде екі ай ішінде қажетті шешімді қолына алатын болады.

  1. Бағдарлама шеңберіндегі қолдауды өндірісшілер, жаңа бизнес бастаушы жобалар емес, банктер көптеп кредиттейтін қызмет көрсету саласындағы компаниялар ғана пайдалануы мүмкін бе?

«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясындағы субсидия – бюджеттен қайтарымсыз берілетін кредит бойынша сыйақының бөлігі. Алайда қарыз алушы негізгі борышты өзі қайтарады, сол себепті барлық қайтарылмау тәуекелі Банкте қалады. Мұндай жағдайда Банктің бастапқы келісімі оның қарыз алушыларды құтқарып қалу және оларды қолдау бағдарламасына тарту ниетін білдіреді.

Егер жоба пысықталған, оның кепілдік қоры жақсы және келешегінің негізі мықты болса, Банктер оны міндетті түрде қаржыландырады.

«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында жаңа бизнес-бастамаларды, оның ішінде старттық бизнесті қолдау үшін, біраз қаржылай қолдаумен қатар қаржылай емес қолдау құралдары да қарастырылған. Біріншіден, мемлекет сыйақы төлемі бойынша шығыстардың біраз бөлігін, атап айтқанда, егер кәсіпкер жобасын іске асыру үшін Банктегі қарыз қаражатын пайдаланатын болса, 12%-дан аспауы қажет жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 5%-ын субсидиялауға дайын. Екіншіден, егер ісін жаңадан бастаушы кәсіпкердің кредит алуы үшін кепілдік қамтамасыздығы жеткіліксіз болса, мемлекет қарыз сомасының 50%-на дейінгі сомаға кредитор алдында тегін кепілгер болуға дайын. Үшіншіден, мемлекет жоба үшін жеткіліксіз инфрақұрылымды (жолдарды, коммуникацияларды) жүргізуді жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырады. Бизнеске консалтингтік қызмет, заңи және бухгалтерлік қызмет көрсету және т.с.с. сервистік қолдау да көрсетіледі. Сонымен, «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының мақсаты, бірінші кезекте, қызметін МҮИИБ-на сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.



Похожие:

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлігі үшін мемлекеттің...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»; «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»; «Валюталық несиелері...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын Қостанай облысында іске асыру туралы 2012 жылы үшін ақпарат «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шңберінде 2012 жылы Қостанай облысына жеке кәсіпкерлікті...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» iconБесқарағай ауданының кәсіпкерлерінің назарына! Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020»
Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғасуда
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (өз бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде ақпарат Атырау облысы әкімдігімен «Бизнес жол картасы 2020»
Атырау облысы әкімдігімен «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аудан көлемінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жай – күйі туралы
С. Т. Ерғазиевтің «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аудан көлемінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жай – күйі туралы»...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» icon«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарлманыжүзеге асыру бойынша Қостанай облысының 2012 жылғы қорытындылар» Жаңа жылдық мерекелер өтті және өтіп бара жатқан жылғы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қорытындыларын шығару уақыт келді.
Жаңа жылдық мерекелер өтті және өтіп бара жатқан жылғы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қорытындыларын...
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020» iconҚостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылға арналған жұмыс жоспары
Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде "кәсіпкерлік қызметті қолдау" бағытын іске асыруды бағалау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы