Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі icon

Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі



НазваниеҚазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
страница1/4
Дата конвертации11.02.2013
Размер0.59 Mb.
ТипРеферат
источник
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ

ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

«ҚАЗҒЗСТҚСИ» РМК


ӘОЖ 666.973.2

Мем. тіркеу № 0110РК00162


БЕКІТЕМІН «ҚАЗ ҒЗСТҚСИ» РМК

бас директорының орынбасары


_________ М.С. Абақанов

« » 2011 ж.


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП


«Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден

монолит бетон әзірлеу» (II кезең)

(аралық)


Жұмыстың жетекшісі

техн. ғыл. док., профессор К.А. Нұрбатыров


Жұмыстың жауапты орындаушысы,

техн. ғыл. канд. А.А. Родионова


Алматы, 2011


^ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ



Тақырып жетекшісі

ҚР ҒЗА академигі, техн.

ғыл.докт., профессор



К.А. Нұрбатыров

(жалпы жетекшілік)

Жауапты орындаушы

ЖҒҚ, техн. ғыл. канд.

А.А. Родионова

(1- 3 –бөлімдер, қорытынды)


Зертхана меңгерушісі,

техн. ғыл. докт.


А.А. Беспаев

(1- 3-бөлімдер, қорытынды)


ЖҒҚ, техн. ғыл. канд.

И.М. Дё

(1- 3-бөлімдер, қорытынды)



РЕФЕРАТ


Есеп 42 бет, 3 сурет, 5 кесте, 27 атаудан тұратын әдеби көздер тізімін қамтиды.


^ МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН, ҰСАҚ ТАРТЫЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ, ТЕХНОЛОГИЯ, ӨНДІРІС ПАРАМЕТРЛЕРІ.


Зерттеулер нысаны –ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған жеңіл бетон.

^ Зерттеулердің мақсаты - ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және монолитті құрылысқа арналған жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңіл бетон өндіру технологиясын әзірлеу.

^ Зерттеулердің міндеттері технологиялық параметрлерді оңтайлау, ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және оның негізінде керамзитбетон өндірудің технологиялық регламентін әзірлеу болып табылады.

Негізгі технологиялық параметрлер оңтайландырылды және суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл мен монолит керамзитбетон өндірудің регламенттері әзірленді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон бетон қоспасының салуға қолайлылығымен және қатаю мерзімінің басында-ақ беріктігінің артуымен ерекшеленеді, бұл қоспаны бетонсалғыштарды дірілдетпей-ақ салуға мүмкіндік береді. Механикалық белсендірілген ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің беріктігі бойынша талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, өндірушінің кепілдіктері келтірілген.

Аралық есеп.


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ......………………………………………………………….……


5

^ 1 МОНОЛИТ БЕТОН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН модификацияланған БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ....….…………………

1.1.Цементті механикалық-химиялық белсендіру...…………………...

1.2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру…………………………..

1.3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы..................………………………………………

1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар……………………………………

1.5 Буып-түю және таңбалау.....................………………………………

1.6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары....………….

1.7 Қабылдау ережелері…………………………………………………

1.8 Бақылау әдістері……………………………………………………..

1.9 Тасымалдау және сақтау..........……………………………………...

1.10 Дайындаушының кепілдігі........................…………………………




7

7


10


11


18

19

20

21

23

23

23


2 ұсақ ТАРТЫЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛден МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ...…...


24

2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологиялық регламент…….……


26

2.2 Бақылау әдістері…….……………………………………………….

2.3 Қолдану жөніндегі нұсқаулар……………………………………….


ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ..........……………………..


ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………..


28

29


30


32


35





КІРІСПЕ


Жайлылығы жоғары деңгейлі жылуұстағыш тұрғын үйлер құрылысын дамыту 2010-2014 жылдарға арналған ГПФИИР аясында құрылысты индустриалды дамытудың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өткені тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жылутехникалық қасиеттері және тиісінше жылуұстағыштығы қазіргі заманғы жылутиімділігі жөніндегі талаптарға сай емес. Қоршау құрастырмалары арқылы жылу жоғалту 30-35 % дейін жетеді, бұл 6,82 млрд кВт-сағ. құрайды.

Энергия сақтау және ұзақ мерзімділік бойынша жоғарғы талаптарға жауап беретін тұрғын үйлер салу аумағында климаты суық және жоғары сейсмикалық қаупі бар аймақтардың болуына байланысты Қазақстан үшін айтарлықтай проблема болып отыр. Материал қажеттілігін, құрылыстың құнын төмендетуді және ғимараттарды пайдалану кезінде қажетті энергияның сақталуын қамтамасыз ететін жоғары бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті жаңа технологияларды ендіру қажеттілігі туындады.

Қазіргі кезеңде индустрияландырудың, көпшілік тұрғын үй мен азаматтық құрылыс көлемін арттыру және сапасын жақсартудың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылатын жеңіл керамзитбетонды пайдаланып салған монолитті құрылыс экономикалық жағынан тиімді деп танылып отыр

Портландцементтен және дәстүрлі толтырғыштардан жасалған монолит бетонның жылутехникалық қасиеттері сенімді жылу сақтауды қамтамасыз етпейді. Бұл міндеттерді шешудің анағұрлым перспективалы бағыттарының бірі байланыстырғыш цементкүл жасалатын күл-тозаңды пайдалану болып табылады. Табиғи құмға қарағанда күл химиялық жағынан анағұрлым белсенді, бұл цементті үнемдеуге мүмкіндік береді, ол жеңіл және одан жасалған қоршау құрастырмалары жылы болады. Құрғақ күлді қолданудың болашағы зор, ол өте біркелкі, гидравликалық белсенді және технологиясы жоғары. Құрғақ күл қатпайды және оны өндіріске пневматикалық көлікпен беруге болады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері және көпжылдық құрылыс тәжірибесі тиімді технология құрамына суперпластификаторлар мен бытыраған ұсақ толтырғыштар кіретін көпқұрамды бетондарды қолдануды болжайды. Сондықтан бетон технологиясы үшін күл-тозаңды қолданудың маңызы ерекше, ол гидравликалық белсенді, қиыршықтарының сферикалықтығының арқасында бетон қоспасын қабаттандырады, түйіршікметрлік құрамының жинақталуы есебінен оның байланысуын және салуға қолайлығын арттырады, бұл цемент шығынын азайтуға және құрылыстың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Күлді пластификатордың және суперпластификатордың органикалық қоспаларымен бірге қолдану бетон қоспасының суды қажет етуін одан да төмендетуге және бетон сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жұмыс «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК жасалған 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 03-03/10 шарт бойынша орындалуда. Орындау мерзімі – 2010 жылғы сәуір-2011 жылғы желтоқсан.

^ Зерттеулердің мақсаты - жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңілдетілген монолит бетонның жылусақтағыш технологиясын әзірлеу.

2010 жылы цементті, күл-тозаң мен суперпластификаторды қосып тартудан алынатын, суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл құрамдары әзірленді. Байланыстырғыштың тартылу ұсақтығының бетонның қалыпты шоғырына, қатаю мерзіміне және беріктену қарқындылығына әсері зерделенді.

Байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон қоспасы суды аз қажет ететіндігімен сипатталады, қабыршықтанбайды, бетонның жоғары біркелкілігін қамтамасыз етеді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің және бетонның түрлі температуралық жағдайларда беріктену қарқындылығына суперпластификатор мен қатаюды тездеткіштер қоспаларының әсері зерделенді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетонның бүліну-беріктік қасиеттері, түрлі құмдарды қолданып алынатын керамзиткүлбетонның жылу-физикалық қасиеттері зерттелді.

2011 жылғы қаңтар-наурыздағы аралық есепте алынған керамзитбетон туралы, оның ауаға төзімділігі, суға төзімділігі, аязға төзімділігі жоғары және ылғалдану-құрғау ауыспалы жағдайына төзімділігі туралы мәліметтер берілген болатын. 1450-1430 кг/м3 тығыздық және беріктігі бойынша М200-М250 марка жағдайында керамзитбетонның сусіңіргіштігі 2,5 %, жұмсару коэффициенті 0,91-0,95, аязға төзімділігі F100 құрады. Алма-кезек 90 цикл ылғалдау-құрғату жүргізгеннен кейін бетон құрылымында өзгеру құбылыстары байқалған жоқ.

Бұл есепте шартқа қосымша жасалған күнтізбелік жоспарға сәйкес 2011 жылғы сәуір-шілдеде монолиттік керамзитбетон жасауға арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиясын әзірлеу бойынша орындалған зерттеулердің нәтижелері келтіріліп отыр. Механикалық белсенді байланыстырғыш цементкүлдің беріктігіне қойылатын талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары, дайындаушының кепілдіктері келтірілді.

Алдағы мерзімде монолит бетон жасауға арналған модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл тәжірибелік тобын шығару және оны қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

^ 1 монолит бетон ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН модифиКАциЯЛАНҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ ӨНДІРІСІНІҢ технологиЯСЫН ӘЗІРЛЕУ


Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиясы және технологиялық регламент орындалған зерттеулердің, сондай-ақ байланыстырғыштарға қойылатын нормативтік талаптарды ескеріп техникалық әдебиетке жасалған талдау мен қорытулардың негізінде әзірленді.

Бүгінгі таңда байланыстырғыштар мен бетондар технологиясындағы анағұрлым басымдықты ресурс-және энергия сақтау бағыттары деп мыналарды санауға болады:

- энергияны аз қажет ететін жаңа материалдарды, әсіресе, клинкері аз және клинкерсіз байланыстырғыштар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдану;

- компоненттерді алдын-ала бағыттап дайындау, әсіресе, байланыстырғыштарды механикалық-химиялық белсендіру;

Байланыстырғыштарды механикалық-химиялық белсендіру табиғи және техногендік материалдардың термодинамикаға төзімсіздігін пайдалануға мүмкіндік береді яғни белсендіру барысында олардың ішкі энергиясының кейіннен қатаю процесіне қатысатын бір бөлігі босатылады.


    1. ^ Цементті механикалық-химиялық белсендіру

А.И. Вильшанский, И.А Кудрявцева, Г.С. Ходаковтардың жұмыстары [1-3] ұсақ тартылған материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі бытырату есебінен ғана емес, бөлшектердің беткі қабаттарының кристаллдық құрылымының айтарлықтай өзгеруі есебінен де жүретіндігін дәлелдеді. Ұсақ ұнтақтардағы гетерогендік химиялық процестердің жылдамдығы негізінен олардың өзіндік беттерінің шамасымен емес, құрылымның ыдырауы мен аморфизациясы салдарынан белсенділік қуатының азаюымен анықталады.

Механикалық-химиялық белсендіру кезінде белсенділігі бастапқы цементтікіне тең және одан да асатын белсенділікті аралас байланыстырғыш алуға болатыны белгілі. Механикалық-химиялық белсендіру кезінде минералдардың кристалл торшаларында қабаттардың бүлінуі салдарынан торшалардың астындағы электрондардың қозғалысын арттыратын және материалдың үстіңгі қабаттарының сумен өзара әрекетін жылдамдататын ақаулар пайда болады.

Ұсақ ұнтақтардағы гетерогендік химиялық процестердің жылдамдығы олардың өзіндік беттерінің ұлғаюымен де, кристаллдық және аморфизалық құрылымдардың ыдырауымен де анықталады [4, 5].

Цементті механикалық-химиялық белсендіру түрлі минералдық қоспаларды пайдалануға мүмкіндік береді, мұндай жолмен алынған ұсақ тартылған аралас байланыстырғыштың белсенділігі артады немесе цемент белсенділігінің деңгейінде сақталады, бұл жағдайда өнімнің өзіндік құны айтарлықтай төмендейді. Клинкерді, минералдық қоспаларды және суперпластификаторды қосып тартқанда беріктік көрсеткіштері кең көлемді суды аз қажет ететін байланыстырғыш (САҚБ) алынады.

Ұсақ тартылуы және модификациялаушы қоспалар байланыстырғыштың бірқатар маңызды қасиеттерін болжамдайды: бірінші кезекте суды аз қажет етеді, беріктігі жоғары және қарқынды өсуі, әсіресе қатаюдың бастапқы мерзімінде, осының бәрі құю әдісімен салынатын жоғары қозғалысты бетон қоспаларын алуға және монолитті бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдарын бетондауды айтарлықтай жеңілдетеді. Суперпластификатор қосылған төмен қозғалысты қоспалардың тығыздау кезіндегі дірілдеу қатаңдығы қоспасыз, шоғыры бойынша ұқсас қоспаларға қарағанда едәуір төмен.

Суды аз қажет ететін көпкомпонентті байланыстырғыштар өндірісінің технологиялық тиімділігі қолданылатын минералдық қоспалардың қасиеттерімен, олардың химиялық-минералогиялық құрамымен, бытыраңқылығымен, гидроксидпен және кальций гидроалюминатымен белсенді химиялық әрекетке түсу қабілеттілігімен едәуір мөлшерде анықталады.

Техногендік өнімдердің арасында жоғары гидравликалық белсенді күл-тозаңдар ерекше орын алады. Құрамында шақпақтас пен сазбалшықтың молдығының арқасында мұндай күлдер негізінен алюминсиликаттық шыныдан және аморфизаланған сазды заттан тұрады және пуццоландық қасиеттерге ие.

Алюминшақпақтасты аморфты шынытәрізді фазаның цементтің гидротациясы кезінде бөлінетін әкпен өзара әрекетінің нәтижесінде клинкерлік минералдардың гидротациялық өнімдерінен басқа цементтейтін қосылыстардың- тоберморит гельдің, сондай-ақ гидроалюминаттар мен түрлі құрамды кальций гидросульфоалюминаттардың қосымша саны түзіледі [6, 7].

Байланыстырғыш материалдардың технологиясында механикалық белсендіруді қолдануерекше қасеттері бар цементтер алуға мүкіндік береді және сұраныс жоқ өндіріс қалдықтарын, мысалы ЖЭС шығатын қышқыл күл-тозаңды пайдаланып, сапалы байланыстырғыштар алу мүкіндігіне жол ашады. Құрылысы түрлі қондырғыларда - шар тәріздес, ағыстық, құйындатқыш, роторлық- соққыш және басқа да құрылыс қондырғыларында қосымша үгіп-тарту жолымен аралас цементкүл байланыстырғыштарды белсендіру портландцемент деңгейінде немесе сапасы жағынан одан асып түсетін ұсақ тартылған цементкүл байланыстырғыштар алуға мүмкіндік береді. Цементті минералдық қоспамен және суперпластификатормен қосып ұсату кезіндегі механохимиялық белсендіру аралас байланыстырғыштың клинкерлік бөлігін ғана емес, минералдық қоспаны да байланыстырғыштың бытырауын арттыру (550 м2/кг дейін) есебінен және оның бөліктерінің үстіңгі бетін аморфизациялау мен активациялау есебінен де белсендіруге мүкіндік беретіні анықталды [8-11].

Күл қосып механикалық белсендірілген байланыстырғыштың беріктігінің арту динамикасы клинкерлік минералдардың гидратациясымен қамтамасыз етілген ерте қалыптасқан жоғары беріктікпен қатар жасанды тастың құрылымын қалыптастыруда күлдің белсенді қатысуы есебінен байланыстырғыштың кейінірек одан да жоғары беріктікке ие болатынын көрсетеді [12-14].

Күлшлак қалдықтарын бетонның құрамында кеңінен пайдалану аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруға әрі жылуэлектрстансалары маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға жағдайлар жасайды. Сонымен бір мезгілде бетон дайындауға кететін цемент пен толықтырғыштардың шығыны қысқарады, техникалық-экономикалық көрсеткіштер жақсарады, бетонның құрылыс-техникалық қасиеттерін мақсатты өзгерту мүмкіндігі туады. Күлқұрамды бетондар Қазақстанның климаттық аймақтарына бейімделген, үнемді және экологиялық жағынан таза.

Сыртқы қоршау құрастырмалары үшін қолданылатын кәдуілгі керамзитобетонға қарағанда жылуэлектрстансаларынан шығатын күл мен шлактың негізінде жасалған жеңіл бетондар ұсақ және ірі толтырғыштар құрамының біркелкілігімен, бетон қоспасы қозғалысының жоғарылығымен, қабаттарынының бұзылуының әдәуір төмендеуімен, сондай-ақ жылуфизикалық қасиеттерінің жақсарумен ерекшеленеді. [15,16]. Жеңіл бетондарда күлді қолданудың тиімділігі жылуфизикасы тұрғысынан қарағанда бастапқы материалдардың жылуөткізгіштік коэффициентінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жеңіл күлшлак бетондарда құрамдастарының шығынына қарай жылуөткізгіштік коэффициенті 0,25 тен 0,40 Вт/(м∙К) дейін, ал керамзитбетонда – 0,45 тен 0,6 Вт/(м∙К) дейін өзгереді.

Зерттеулер көрсеткендей [17-20], химиялық қоспалары бар күлді бетон қоспасын дайындаудың қарқынды (турбулентті) технологиясымен үйлестіре отырып пайдаланғанда, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. Күлді суперпластификатормен бірге қолдану:

- ұсақ толтырғыштың тапшы бөлігін күлмен алмастыруға;

- тасымалдау кезінде бетон қоспасының қабаттанып ыдырауын төмендетуге және салу (төсеу) қолайлығын жақсартуға;

- керамзитбетонның жылуфизикалық қасиеттерін жақсартуға;

- құрылымдық беріктігін арттыруға және шекті беріктікке жету мерзімін қысқартуға, бұл қалыптың айналымдылығын арттырады, сонымен монолит ғимараттар мен құрылыстар тұрғылу кезінде бетон дайындау жұмыстарының қарқынын арттырады;

- құрастырмалар беттерінің сапасын едәуір көтеруге мүмкіндік береді.

Күлшлак қалдықтарының шексіз ресурстары және олардың бетон жасаудағы жоғары тиімділігі күлқұрамды бетон және темірбетон бұйымдары мен құрастырмаларын кеңінен қолданудың дұрыстығын белгілейді. Тәжірибе жинақтай келе, мұндай бетондарды қолдану аясы, соның ішінде монолитті құрылыста, кеңейетін болады.


    1. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру

Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін құрылыс нормаларымен және ережелерімен, стандарттармен және басқа да нормативтік, жобалық құжаттамамен көзделген бастапқы материалдарға қойылатын талаптардың, сондай-ақ осы технологиялық регламенттің талаптары сақталуы тиіс.

Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің өндірісі өндірістің барлық кезеңінде технологиялық процестің және бақылаудың қатаң сақталуын қажет етеді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл алудың технологиялық параметрлерін жасау кезінде бастапқы компоненттерді диірменге берудің барынша қарқындылығы, араластыру және тарту ұзақтығы, компоненттердің ұсақ тартылуы белгіленді. Байланыстырғыш компоненттерін араластыру және қосымша тарту зертханалық шар тәріздес диірменде жүргізілді.

Байланыстырғыш алудың үйлесімді технологиялық параметрлерін бағалауға арналған өлшемдер ретінде байланыстырғыштың стандарттық әдістермен анықталатын беріктік көрсеткіштері алынды.

Зерттеушілер компоненттердің тартылу ұсақтығы және байланыстырғыштың белсенділігі бастапқы қомпоненттердің диірменге берілу қарқындылығына және процестің ұзақтығына байланысты екенін анықтады. 1-кестенің деректері модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыштың үлес беті (цемент 70-80 %, күл 28-18 %, суперпластификатор С-3 - 2 %) компоненттерді диірменге беру жылдамдығы 100 кг/мин процестің ұзақтығы 4 мин болғанда 480-500 м2/кг, байланыстырғыштың белсенділігі – 55-62 МПа құрағанын, ал материалдарды беру жылдамдығы 30 кг/мин ұзақтығы 8 мин


1-кесте - Қосымша тарту параметрлерінің ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің белсенділігіне әсері


Байлан. құрамы, мас.%

Материал-ды беру жылдам-дығы

кг/мин

Қосым-ша тар-тудың ұзақ-тығы, мин

Үлестік бет,

м2/кг

Беріктік шегі, МПа

цемент

зола

С-3

Қысу кезінде

при

изгибе

80

18

2

100

4

500

62,0

9,0

30

8

550

68,0

9,8

70

28

2

100

4

480

55,0

8,0

30

8

530

61,0

8,6

70

287

2

100

15

800

68,0

10,0

30

20

900

70,8

11,8


болғанда байланыстырғыштың үлестік беті 530- 550 м2/кг дейін, белсенділігі – 61-68 МПа дейін артқанын көрсетеді. Қосымша тартудың ұзақтығы 15-20 мин дейін артуымен байланыстырғыштың үлестік беті 600-700 м2/кг, белсенділігі 68-70 МПа жетті.

  1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
Жұмыс Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің тапсырысы бойынша орындалды
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы,
Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі арасындағы
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2011 жылы өткізген мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жалпы сомасы 5 825 603,228 мың теңгеге...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 ақпандағы №59 бұйрығы....
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі icon10. 01. 2012ж. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 2 және 3 тармақшаларына, Қазақстан...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі icon10. 01. 2012ж. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құжаттарды бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 2 және 3 тармақшаларына, Қазақстан...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мониторинг...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз алаңдарды
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сейсмикалық тұрғыдан қолайсыз...
Қазақстан республикасының ҚҰрылыс және тұРҒын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов