«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/3
Дата конвертации12.01.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы «___»____________
№ _____ қаулысымен  
бекiтiлген


«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

1. «Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) осы стандартқа 1 және 2 қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ өтініш берушіде электронды-цифрлық қолы болған кезде (бұдан әрі - ЭЦҚ) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www. elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі –веб-портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 16- бабының, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 7-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29- бабының және «Қауіпті жїктерді тасымалдау жґніндегі ќызметке ќойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2007 жылєы 27 маусымдаєы № 534 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбiнін толық ақпараты:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) веб-порталда;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі –РММ «ХҚКО») интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжайы бойынша;

4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1 және 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органдар мен және Орталық ғимараттарында орналасқан стендтерде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының ақпараттық анықтамалық қызметінің «электронды үкімет» 1414 телефоны арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қауіпті жүктерді тасымалдау қызметін жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензия дубликатын уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электронды-цифрлық қолы қойылған электронды құжат түрінде беру немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.

Әрбір көлік құралына лицензияны ресімдеумен бір уақытта қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның болуын растайтын (бұдан әрі – есепке алу құжаты) құжат ресімделеді. Есепке алу құжаты осы көлік құралын лицензияланатын қызметтерде пайдалануға рұқсат беретін куәлік те болып табылады.

Есепке алу құжаттарын беру тегін жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

Орталыққа өтініш берген кезде:

1) осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажеттi құжаттар уәкілетті органға келіп түскеннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мыналарды құрайды:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiміне кірмейді);

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – он жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiміне кірмейді);

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) тұтынушының өтініш берген күні орнында мемлекеттік қызметті алушыға ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан аспайды.

4) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды.

Веб-портал арқылы өтініш берушіге: тәулік бойы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ставкалар бойынша және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен лицензиялық алым төленеді.

9. Орталықтың бөлімдерінде мемлекеттік қызмет мерекелік және демалыс күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес орталықтың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін күн сайын ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Тұтынушының қажет етсе веб-портал арқылы электронды кезекті «брондау» мүмкін болады.

10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындықтары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар стендтер орналасқан.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлға үшiн – жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi;

3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) жеке кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;

5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмесi;

6) лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

7) осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;

2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;

3) осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Лицензия телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) лицензия телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;

2) жеке кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде қайта ресiмдеуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды (лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген), лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.

12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандары www.e.gov.kz веб-порталында, www.mtk.gov.kz Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталықтың күту залындағы арнаулы стойкада немесе стендтерде орналастырылады.

Веб-портал арқылы өтініш бергенде өтініш берушілерге осы стандартқа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес электронды құжат түрінде сұрау салуды толтыру қажет.

13. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда олардың мақсаты, сонымен қатар орындайтын қызметі мен Орталық қызметкерінің тегі, атауы, әкесінің аты туралы ақпарат орналастырылады.

Веб-портал арқылы өтініш берілгенде:

Электронды сұрау салу тұтынушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұрау салу таңдап алынған қызметке сәйкес мемлекеттік орган-мекенжайына автоматты түрде жіберіледі.

Лицензиялық алымды төлеу өтініш берушімен оның ЭЦҚ-мен куәландырылған «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1)сұрау салудың қабылданған күні мен нөмірі;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталықтың қызметкерінің тегі, атауы, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, атауы, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, атауы, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;

Веб-порталға өтініш берілгенде:

Тұтынушының «жеке кабинетіне» өтініштің (өтініштің нөмірі) қабылданғаны туралы ескерту жіберіледі.

Мемлекеттік орган өтініш жіберілген және нөмір берілген кезден кейін екі күннен кешіктірмей жолдауды тіркейді, сонымен қатар, веб-порталда тіркелгенде көрсетілген электронды мекенжайға мемлекеттік органның өтінішті қабылдағаны туралы қабылдау уақыты көрсетілген ескерту жіберіледі.

15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауапты беру осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол (жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкіліне) жүзеге асырылады.

16. Егер де тұтынушымен осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі тапсырылмаған жағдайда Орталықпен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған кезде Орталық қызметкерімен тұтынушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген ескерту беріледі.

Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

3) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;

4) өтiнiш берушiге лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеген;

5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған;

7) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателер табылған және құжаттар сапасыз ресімделген жағдайларда, құжаттардың пакеті алынғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды қайтару себебін (лицензияларға – Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңының 43-тармағына сәйкес) жазбаша негіздей отырып, Орталыққа немесе «жеке кабинетке» (веб-портал арқылы өтініш берілген жағдайда) қайтарады.

Орталықтың қызметкері құжаттар қайтарылған жағдайда, олар алынғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыға хабарлайды және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.

Егер, тұтынушы құжаттарын алуға мерзімінде келмесе, Орталық олардың 1 ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.


^ 3. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


^ 4. Жұмыс нәтижелерi

18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндері жыл сайын 1-тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушылар осы Стандарттың 2-қосымшасында телефоны көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.

Сондай-ақ Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпаратты- анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден сағаттан 14.30-ға сағатқа дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағаттан бастап 17.00 сағатқа дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 1- қосымшада көрсетілген.

Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00 сағаттан 14.30 сағатқа дейін, түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері 9.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, №1601 кабинеті, телефоны: 8(7172)24-27-08, факс: 8(7172)24-28-05, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz..

Веб-порталға өтініш берілгенде:

Мемлекеттік қызметті тұтынушы тиісті мемлекеттік органға өтінішті «виртуалды қабылдау бөлмесі» арқылы жібере алады.

22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарайтын «Орталық» РМК-ға беріледі.

Орталық басшыларының мекенжайы мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РММ мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, №43 «А» үй, телефон: 8 (7172) 94-99-93, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiнің электрондық поштасының мекенжайыі: ktk@mtc.gov.kz) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда немесе осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолмен қабылданады.

Қажет болған жағдайларда тұтынушылармен шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз орындағанын немесе Орталық қызметкерінің дөрекі қызмет көрсетуін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Веб-портал арқылы өтініш берілгенде.

Веб-портал арқылы электронды өтінішті жібергеннен кейін тұтынушыға «жеке кабинетінен» өтініштің мемлекеттік органдағы өңделу барысы туралы ақпарат қол жетімді болады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Мемлекеттің органның жауабы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес беріледі.

25. Қолма-қол да және пошта бойынша да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның немесе Орталық кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi журналында тiркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады ) болып табылады.

Тұтынушыға оның шағымы қабылданғаны туралы растауға шағымды қабылдаған адам байланыс деректерін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, нөмірі мен күні көрсетілген талон береді.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға пошта бойынша жазбаша түрде хабарланады.

__________________


«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет

стандартына 1- қосымша


Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi

Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8-(7132) 54-29-03
ktk_@aktb mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8-(7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8-(7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8-(7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8-(7272) 76-93-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, «10A»

8-(7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz


8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш/а, 1

8-(7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8-(7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесi, 1

8-(7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24А

8-(7162) 25-69-93
ktk_kost@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8-(7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105A

8-(7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8-(7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8-(7212) 77-22-40
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8-(7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz



«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет

стандартына 2- қосымша

  1   2   3



Похожие:

«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растайтын құжаттардың...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
Шiлiк қалааралық және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon"Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті
Жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
...
«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»

«Теңіз, өзен және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов