863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon

863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже



Название863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата конвертации14.02.2013
Размер71.72 Kb.
ТипДокументы
источник

Шымкент қаласы әкімиятының

3 наурыз 2005 ж.

«Шымкент қаласы әкімінің аппараты

мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

863 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


    1. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

    2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, осы Ережеге және қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

    3. Аппарат құрылтайшысы Шымкент қаласының әкімдігі (одан әрі - Құрылтайшы) болып табылады. Аппараттың құрылтайшылық құжаты осы Ереже болып табылады.

    4. Аппарат заңды тұлға – мемлекеттік мекеме болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, дербес балансы, банктерде есеп шоттары және басқа шоттары, валюталық операциялар жүргізуге құқығы бар, мемлекеттік тілде «Шымкент қаласының әкімі аппараты», орыс тілінде «Аппарат акима города Шымкента» деген өз атауы жазылған бланкілері болады.

    5. Аппарат өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

    6. Аппарат егер оған заңға сәйкес өкілеттік берілсе қала әкімдігі мен әкімі атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түсуге құқылы.

    7. Орналасқан жері; ОҚО Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 49 үй.

    8. Аппараттың толық атауы:

- мемлекеттік тілде «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- орыс тілінде «Государственное учреждение «Аппарат акима города Шымкента».

    1. Аппарат қызметі қалалық бюжеттен қаржыландырылады.



ІІ.Құқықтары мен мақсаты


2.1. Апараттың негізгі міндеті Шымкент қаласының әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

2.2. Аппарат негізгі міндетіне сәйкес келесідей міндеттерді жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің, Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің Қаулыларының, облыс және қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, анықталған заң бұзушылықтарды, оның себептері мен орындалмау жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

2) «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық даму талдауы, қаланың маңызды проблемаларын шешу;

3) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімімен, Шымкент қалалық мәслихатымен өзара іс-әрекетке ие болу;

4) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қаладағы аудан әкімдерінің мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, қала әкімінің іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі кеңестер мен ұсыныстарды дайындау;

5) мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау механизмін әзірлеу, мемлекеттік тәртіп пен қаладағы қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

6) қаладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың тұрақтылығы, ұлтаралық келісім және қоғамдық бірігуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;

7) қала әкімін қаладағы қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі ақпараттық-аналитикалық материалдармен қамтамасыз ету, қалада жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар жөнінде қоғамдық пікірді зерттеу, экономикалық және қоғамдық өмірде болып жатқан жағымсыз құбылыстардың алын-алу және болдырмау жөнінде іс-шаралар әзірлеу және әлеуметтік бағдарламалар мониторингін жүзеге асыру;

8) қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, оларға құқықтық сараптама жасау;

9) әкімдік пен қала әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, БАҚ-мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, халық арасында қала әкімі жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатты түсіндіру;

10) қала әкімінің жергілікті өкілді органдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, қалада қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту жөнінде бірлескен іс-шаралар әзірлеу:

11) қала әкімімен тағайындалатын кадрларды іріктеуді, кадрлар резервін жасақтауды жүзеге асыру, оларды лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға материалдар рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің оқуын ұйымдастыру және олардың біліктілігін көтеру;

12) қала әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

13) қала әкімдігі мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамсыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, оның ішінде орыны мен тұрғылықты жері бойынша, құжат айналысына талдау жасау, іс жүргізуді жетілдіру, жұмыс тәсілі мен әдістерін жақсарту;

14) белгіленген тәртіпте аппарат қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу;

2.3 Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен аппарат өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзіреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардың қаладағы аудан әкімдерінен қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ, оларға өз құзіреті шегінде орындалуға міндетті тапсырмалар беруге;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының, облыс және қала әкімиятттарының, қала әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, себептері мен орындалмау жағдайларын анықтауға;

3) мемлекеттік органдарда бар деректердің ақпараттық бланкілерін пайдалануға;

4) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және канализация құралдарын пайдалануға;

5) ғылыми мекемелерді, ғалымдар мен мамандарды, құқық қорғау және бақылаушы органдардың өкілдерін, соның ішінде келісім-шарт негізінде жұмысқа тартуға;

6) қала әкіміне қаладағы аудандар әкімдері, қалалық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату, сондай-ақ, тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар беруге;

7) қала әкіміне қалалық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс беруге;

8) қала әкімдігінің мәжілістеріне, қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін кеңестерге қатысуға;

9) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен аппараттың жүргізетін мәселелері бойынша қызметтік хат жазысуға;

10) аппарат, қалалық атқарушы органдар қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қала әкімдігі мен әкімінің қарауына жататын мәселелерді дайындауға қатыстыру үшін атқаруға құқылы;

2.4. Аппарат міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.


ІІІ.Аппаратты басқару


3.1. Аппаратқа жалпы басшылықты әкім жүзеге асырады.

3.2. Қала әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аппарат басшысын лауазымға тағайындайды және оған келесідей өкілеттіктерді береді:

Аппарат басшысы:

  1. аппарат жұмысын ұйымдастырып басшылық жасайды, аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз міндеттерін жүзеге асыруларына жауапты болады;

  2. дара басшылық принцпінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен белгіленген оған берілген құзыретіне сәйкес аппарат қызметіне қатысты мәселелерді дербес шешеді;

  3. Аппарат атынан барлық органдар мен ұйымдарда білдіреді;

  4. Аппарат мүддесін барлық органдар мен ұйымдарда білдіреді;

  5. Заңмен белгіленген жағдайларда және шекте Аппарат мүлкіне иелік етеді;

  6. Аппарат қызметкерлеріне орындалуға міндетті нұсқаулар береді;

  7. Қала әкіміне әкімият қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және басқа материалдарды ұсынады;

  8. Аппарат туралы Ереже жобаларын әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуге ұсынады;

  9. әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылықты жүзеге асырады және олардың әділет органдарында тіркелуін бекітуді шешу үшін қызметтік құжаттарға қол қояды;

  10. құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыстық және қалалық әкімияттардың қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

  11. Қала әкіміне мемлекеттік қызметшілерді сыйақыландыру, лауазымдық үстеме ақы қосу, тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар береді;

  12. Қала әкімдігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережеге сәйкес аппараттың құрылымдық штаттарын бекітуге ұсынады;

  13. Аппарат басшысының құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

  14. Оған Заңмен, қала әкімімен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


ІV. Аппарат мүлкі


4.1. Аппарат шұғыл басқару құқығында жинақталған мүлікке иелік етеді.

4.2. Аппарат мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ, құны Аппарат балансында көрсетілген өзге мүліктерден тұрады.

4.3. Аппаратқа бекітілген мүлік қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігіне жатады.

4.4. Аппараттың өзіне бекітілген мүлкін оқшаулауға немесе басқа тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.


V. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы


5.1. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар құрылтайшы шешімі нгегізінде қабылданады.

5.2. Осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.


^ VI. Аппаратты қайта құру және тарату


6.1. Аппаратты қайта құру және тарату мынадай жағдайда жүргізіледі:

- құрылтайшы шешімімен;

- сот шешімінің негізімен;

- қолданыстағы заңдармен белгіленген өзге де жағдайларда;

6.2. Таратылу бітті деп, ал аппарат өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде заңды тұлғалар біріңғай мемлекеттік регистріне жазылған кезден бастап есептеледі;

6.3. Тарату аяқталған соң мүліктер құрылтайшының қарамағына өтеді.


Қала әкімі аппарат

басшысының

міндетін атқарушы Т.Сәрсенбаев



Похожие:

863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«5» қаңтар 2005 жылғы «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы №27 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме», қалалық бюджеттен қаржыландырылатын...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconӘкімиятының «5» қаңтар 2005 жылғы «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» №27 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының Енбекші ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме», қалалық бюджеттен қаржыландырылатын...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Cенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon2012 жылғы 5 қаңтардағы №8 қаулысымен бекітілген
«Қостанай ауданының Глазунов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы