Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы icon

Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы



НазваниеКонкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы
Дата конвертации19.02.2014
Размер172.51 Kb.
ТипКонкурс
источник

"Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 30 қарашада тiркелдi. Тiркеу N 986.


Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72 өкiмiн орындау үшiн Бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң ережесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 16 сәуiрде N 732 тiркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттiк қызметтiң бос лауазымын алуға байқау өткiзу туралы 1999 жылғы 15 сәуiрдегi N А-33 қағидасы бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.


Төраға


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет

iстерi жөнiндегi агенттiгi

1999 жылғы 24 қарашада

N А-202 бұйрығымен бекiтiлген


Ескерту: Қағидада бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк органның басшысы", "мемлекеттiк орган басшысының" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшы", ", ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .


Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға

орналасуға конкурс өткiзудiң

Қағидасы


Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.


1. Жалпы ережелер


1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.

Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98 бұйрығымен .

3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкiлеттi конкурс комиссиясын құрады.

4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс

4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жолдауы бойынша олардың қызметкерлерi үмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады.

Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.

5-1. Мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткiзудiң кез келген кезеңiнде ол туралы мiндеттi түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиiс.

Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .


2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi


6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:

1) жасы он сегiзден төмен емес;

2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:

1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;

2) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;

3) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгiлi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;

3-1) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

3-2) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

3-3) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3-5) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдар.

4) алынып тасталды .

Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

8-11. Тармақтар алынып тасталды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.

13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.

14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, үмiткерлермен әңгiмелесу өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган болып табылады.

15. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:

1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;

2) конкурс комиссиясын құру;

3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын

қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк

мемлекеттiк лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;

5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;

6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.

16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


3. Конкурс туралы хабарландыру


Ескерту: 17, 18, 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3 бұйрығымен .

17. Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда конкурс өткiзу кезiнде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.

Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

17-1. Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейiн "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсiмдерi аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берiлмейдi.

Ескерту: 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

18. Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:

1) мекен-жайы көрсетiлген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;

2) алынып тасталды ;

3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;

4) мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес

конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күн);

6) алынып тасталды ;

7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiлген сынақ өткiзудiң мерзiмi мен орны;

8) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

9) алынып тасталды ;

Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.

Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бұйрығымен , 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 бұйрығымен , 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен , 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

19. Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның ресми WEB-сайтында орналастырылады.

Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .


4. Конкурс комиссиясын құру


20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшы құрады.

21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) және комиссия мүшелерiнен тұрады.

22. Тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшы бекiтетiн конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттiк органның әр түрлi бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшының шешiмiмен өзге де адамдар енгiзiледi.

Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

23. Мемлекеттiк орган құрған және орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшенiң басшысына конкурстық iрiктеудi жүзеге асыратын конкурс комиссиясының құрамына орталық мемлекеттiк органның өкiлдерi, және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келiсiмi бойынша кiредi.

Ескерту: 23-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

23-1. Конкурстық комиссияның құрамына тиiстi бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кiре алмайды.

Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым үшiн сол лауазымға талаптанған үмiткерлерге мiндеттi тәртiпте және бiрдей көлемде қойылатын сұрақтардың тiзбесiн бекiтедi.

Ескерту: 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).


5. Құжаттарды қабылдау


24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (N 1 қосымша);

2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);

3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета (N 2 қосымша);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;

6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;

7) 3х4 үлгiдегi 1 фотосурет;

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.

Аталған құжаттардың бiреуiнiң болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Ескертпе : осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттiк қызметшiлер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың кадр қызметi куәландыра алады.

Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бұйрығымен , 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бұйрығымен , 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

25. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.

26. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкелiп берген немесе поштамен жiберген (қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлген құжат тiгiлетiн папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ескерту: 26-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде).

Ескерту: 27 тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бұйрығымен .


6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау


28. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

29. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және 24-тармаққа сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды.

30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады.

Ескерту: 30 тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бұйрығымен .

31. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен үмiткерлердiң тiзiмi түрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi.

32. Конкурс комиссиясы, хабарландырудың жарияланған сатысында, өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiмi бойынша, тестiлеу өткiзудiң кестесiн жасайды. Кестеге сәйкес конкурс комиссиясы үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң уақыты мен орны туралы хабарландырады.

33. Yмiткерлерге өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өту құқығы берiледi. Өкiлеттi органның өздерiнiң мекен-жайына жақын бөлiмшелерiнде тестiлеуден өткiсi келетiн үмiткерлер бұл туралы конкурс комиссиясына хабарлайды. Осының негiзiнде конкурс комиссиясы белгiлi үмiткердiң тестiлеуден өтетiн орны туралы өкiлеттi орган мен оның тиiстi бөлiмшесiне хабарлайды.

Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .


7. Yмiткерлердi тестiлеу


34. Тестiлеудiң мақсаты үмiткердiң бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.

35. Тестiлеудiң тәртiбiн өкiлеттi орган анықтайды.

35-1. Тестiлеуге қатысуға жiберiлген үмiткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi бес жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өтедi.

Ескерту: 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

36. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудiң әр түрлi бағдарламаларын белгiлеуi мүмкiн. Құжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әр түрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.

36-1. Үмiткердiң белгiлi бiр күрделiлiк бағдарламасы бойынша (нормативтiк құқықтық актiлердiң саны мен шекаралық мәнiнiң деңгейi бойынша) тестiлеудiң оң нәтижелерi соңғы тестiлеу бағдарламалары бiрдей немесе күрделiлiк деңгейi төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.

Ескерту: 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

37. Yмiткердiң лауазымның белгiлi бiр санаты үшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы күшiнде болады.

38. Yмiткердiң алдыңғы тестiлеуден соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы болады. <*>

Ескерту: 38-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60 бұйрығымен ; ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бұйрығымен .

39. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тестiлеуден өткен үмiткерлерге және тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.

Ескерту: 39-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

40. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты үшiн өкiлеттi орган белгiлеген түпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Бұған қоса, әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.

Ескерту: 40-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .


8. Yмiткерлермен әңгiмелесу


41. Әңгiмелесудiң мақсаты үмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

41-1. Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны тестiлеуден өткеннен кейiнгi бес жұмыс күнiнiң iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

Ескерту: 41-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен , 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

42. Yмiткердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң лауазымдық нұсқауларға сүйенедi.

42-1. Әрбiр үмiткермен әңгiмелесу барысы жеке түрдегi хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегiмен белгiленедi.

Үмiткермен әңгiмелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi, үмiткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.

Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгi жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.

Әңгiмелесу кезiнде үмiткер де техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.

Ескерту: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуiрдегi N 02-01-02/64 бұйрығымен .

43. Әңгiмелесуден өткен үмiткерлердiң құжаттарын конкурс комиссиясы өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.


9. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi


44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгiмелесу өткiзгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс үмiткерлердi берген құжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi iске асырады. <*>

Ескерту: 44-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бұйрығымен , 2003 жылғы 10 сәуiрдегi N 02-01-02/44 бұйрығымен .

45. Конкурс комиссиясының шешiмi үмiткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

46. Конкурс комиссиясының шешiмi егер мәжiлiске оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

47. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда үмiткер дұрыс баға алады. Дауыстар бiрдей болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ұсыныстама жасауға құқығы болады. <*>

Ескерту: 48-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154 бұйрығымен .

49. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

50. Конкурс комиссиясы мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне жiберiледi.

51. Егер конкурс нәтижесiнде конкурс комиссиясы берiлген бос лауазымдарға үмiткерлердi анықтамаса, мемлекеттiк орган қайтадан конкурс жариялауы мүмкiн.

52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен үмiткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 күн iшiнде хабарлайды.

52-1. Конкурс комиссиясының шешiмi мен конкурс комиссиясының оң шешiмiн алған үмiткерлердiң тiзiмi конкурс өткiзiлгеннен кейiн 7 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрiнетiндей жерлерге iлiнедi.

Ескерту: 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).


10. Үмiткердiң қызметке орналасуы


53. Мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшы конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие болған үмiткердi жарияланған қызметке қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметке түсу үшiн заңдарда қарастырылған талаптар сақталуға тиiс.

53-1. Жауапты хатшы мемлекеттiк орган басшысының келiсiмiмен, орталық атқарушы органының департаментi мен басқарма бастықтарына және аумақтық құрылымдық органдарының басшылары мен орынбасарларына жарияланған лауазымдар бойынша конкурстық комиссияның оң шешiмiн алған үмiткердi қабылдайды.

Ескерту: 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

54. Мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтерi анықталған конкурс комиссиясынан дұрыс қорытынды алған азаматты ұсыну тиiстi бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қабылдаудан бас тартуға негiздеме болады.


11. Шағым беру тәртiбi


55. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру құқығы бар.

56. Өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс комиссиясының шешiмiне келiп түскен шағымды қарайды және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы Қағиданы, мемлекеттiк қызмет туралы басқа да заңдардың бұзылғаны анықталған жағдайда, конкурс комиссиясына қабылданған шешiмдi жоюды ұсынады.

Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

57. Өкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысын конкурс комиссиясы бұрынғы құрамымен өткiзiлген өз мәжiлiсiнде қарайды. Осы мәжiлiсте конкурс комиссиясы бұрын қабылданған шешiмiн жояды және жаңасын енгiзедi, не болмаса оны еш өзгерiссiз қалдырады. Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм iшiнде, өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурсқа қатысушыға немесе үмiткерге хабарлайды.

58. Конкурс комиссиясының бұрынғы қабылдаған шешiмiн жоюы және жаңасын енгiзуi мемлекеттiк орган басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгiзiлген мемлекеттiк органдарда, жауапты хатшының тиiстi шешiмiн өзгертуi немесе қабылдауы үшiн негiздеме болады.

59. Егер конкурс комиссиясы бұрынғы қабылданған шешiмдi өзгерiссiз қалдырған жағдайда, өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ шағым берген конкурсқа қатысушы немесе үмiткер осы шешiмдi сот тәртiбiнде шағым беру құқығы болады.

60. Конкурсқа қатысушылар мен үмiткерлер өздерiне қатысты бөлiгiне, сондай-ақ өкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеудiң және әңгiмелесудiң нәтижелерiмен танысу құқығы болады.

Ескерту: Қағида N 1, 2 қосымшалармен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16 бұйрығымен .


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi

жөнiндегi агенттiгiнiң

төрағасының 2000 жылғы

25 ақпанындағы N 02-1-7/16

бұйрығына N 1 қосымша


__________________________________

(мемлекеттiк орган)


Өтiнiшi


Менi бос тұрған мынадай ________________________________________

________________________________________________________________

______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым

үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.

Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс

өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен

келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

__________________ _____________

Қолы Аты-жөнi

___ _____________ 2000 ж.


Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi

жөнiндегi агенттiгiнiң

төрағасының 2000 жылғы

25 ақпанындағы N 02-1-7/16

бұйрығына N 2 қосымша


Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).


АНКЕТА


(Өз қолымен толтырылады)

1. Тегi __________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесiнiң аты _____________________________________________________

2. Азаматтығы ____________________________________________________

Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз ______________________________

3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн _________________

4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз

Болған елiңiз ____________________________________________________

Болған уақытыңыз _________________________________________________

Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ______________________________

5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген

деп танылдыңыз ба, қашан және не үшiн ____________________________

6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметтi атқару құқынан

айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн _______________________________

7. Сiз мынадай:

1) Сiз үмiттенген лауазымға тiкелей бағынысты;

2) Сiз үмiттенген лауазым тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiнiң жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немересi, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба________________

__________________________________________________________________

_________________ 2000 ж. __________________

(қолы)



Похожие:

Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconКонкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconБос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconБос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconБос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы icon"Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы"
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconБос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconКонкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconКонкурс өткiзудiң Қағидасы
Азақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Қазақстан...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы. Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Азақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"...
Конкурс өткiзудiң Қағидасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бұйрығы iconБос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы n а-202 бўйрығы. Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы