Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon

Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының



НазваниеЖоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының
Дата конвертации11.12.2012
Размер48.42 Kb.
ТипДокументы
источник

ЖОБА

Федоров аудандық мәслихатының

41 ШЕШІМІ


Федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр


«Федоров ауданының

2012 – 2014 жылдарға

арналған аудандық бюджеті

туралы» мәслихаттың

2011 жылғы 22 қаңтардағы

508 шешіміне өзгерістер

мен толықтыру

енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Федоров ауданының 2012 – 2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 508 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-206 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 7 наурызда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
^

1) кірістер – 2475954,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 572129,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 11699,0 мың теңге;


негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 781,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 1891345,0 мың теңге;
^

2) шығындар – 2575724,9 мың теңге;


3) таза бюджеттік кредиттеу – 54110,0 мың тенге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 58248,0 мың тенге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 4138,0 мың тенге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 153880,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 153880,9 мың теңге.»;

Көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«3. 2012 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық және облыстық бюджеттерден алынған ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған ағымдағы трансферттердің және кредиттердің есебінен шығындар қарастырылғаны ескерілсін:

облыстық бюджеттен бөлінген:

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер-8400,0 мың теңге;

дамуға арналған нысаналы трансферттер:

коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 8500,0 мың теңге;

мектептерде автоматты өрт дабылын орнату – 4434,0 мың теңге;

Федоров ауданының Федоров селосында ескі апатты «Центральный» және «Красноармейский» қазандықтардың орнына қазандықтың құрылысы – 8000,0 мың теңге;

Федоров селосында жоспарланған қазандықтан Советский, Фрунзе, Легкодухов, Красноармейский, Кравцов, К. Либкнехт көшелері бойынша жылу магистралінің құрылысы – 11000,0 мың теңге.

Республикалық бюджеттен бөлінген:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымының оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 1324,0 мың теңге;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруда ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 3684,0 мың теңге;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 12774,0 мың теңге, оның ішінде:

жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету – 8010,0 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялау – 2906,0 мың теңге;

жастар тәжірибесі – 2788,0 мың теңге;

эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 13567,0 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттер және кредиттер – 50882,0 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер – 8312,0 мың теңге;

кредиттер – 58248,0 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 77185,0 мың теңге;

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 12291,0 мың теңге, оның ішінде негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;

жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлеуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 10171,0 мың теңге;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайтуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 10712,0 мың теңге.

Жергілікті бюджеттен бөлінген:

5 коммуналдық пәтерлерді қайта жаңартуға – 12000,0 мың теңге;

Педагог қызметкерлеріне арналған 4 пәтерлі үйдің құрылысына-15000,0 мың теңге;

«Жастар» мәдениет үйі МКК ғимаратының ағымдағы жөндеуіне – 10000,0 мың теңге;

аудандық әкімдігінің кіреберісін, мәжіліс залының жөндеуіне – 8285,5 мың теңге;

Дамытуға арналған нысаналы трансферттер:

Қостанай облысы Федоров ауданының Федоров селосындағы мемлекеттік тілде оқытатын 300 орынға арналған орта мектептің құрылысы – 371266,0 мың теңге;

Қостанай облысындағы «Федоров – Ленин – Вишневый» автомобиль жолын қайта жаңғырту – 245443,0 мың теңге;

Лесное селосындағы «Федоров ауданының білім бөлімі Қоржынкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының төбесін күрделі жөндеуге – 15000,0 мың теңге.

2012 жылға арналған аудандық бюджетте аудандардың тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарының жойылуына және «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құрылуына байланысты жоғары тұрған бджеттерге – 2131,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттің қарастырылғаны ескерілсін.»;

көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 3-3 тармақпен толықтырылсын:

«3-3. Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасы 1300,0 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Кезектен тыс сессияның төрағасы В. Вишневский


Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов


КЕЛІСІЛДІ


«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы

_______________ В. Гринак

«___» ____________ 2012 жыл



Похожие:

Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon«Федоров ауданының 2010 2012 жылдарға арналған аудандық бюджетi туралы»
«Федоров ауданының 2010 2012 жылдарға арналған аудандық бюджетi туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon2009 жылғы 1- желтоқсанға арналған жағдайы жөнінде кіріс көздерінің кесімінде аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуының талдауын Федоров ауданының қаржы бөлімі ұсынады
Федоров аудандық мәслихаттың шешімі негізінде 2009 жылға Федоров ауданының бюджеті 1111673 мың. теңге, сомада және соның ішіндегі...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon2009 жылғы 1- қазанға арналған жағдайы жөнінде кіріс көздерінің кесімінде аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуының талдауын Федоров ауданының қаржы бөлімі ұсынады
Федоров аудандық мәслихаттың шешімі негізінде 2009 жылға Федоров ауданының бюджеті 1111673 мың. теңге, сомада және соның ішіндегі...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының iconЖоба федоров аудандық мәслихатының шешімі мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы №380
Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Көрініс –«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің сапалы және өз уақытында...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының iconБекітемін федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы Л. Костенко
«Федоров ауданының 2010 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының iconБекітемін федоров ауданы әкімі аппаратының басшысы Л. Костенко
«Федоров ауданының 2010 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық...
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Федоров селосы – 2009 жыл Мазмұны «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі»
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көрінуі бет
Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon«Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Федоров селосы, Калинин көшесі, 53

Жоба федоров аудандық мәслихатының №41 шешімі федоров селосы 2012 жылғы 8 мамыр Федоров ауданының icon«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мм 2010 жылғы қазанға арналған жұмыс жоспары
«2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 23. 12. 2009 ж. №264 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы