Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon

Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



НазваниеБiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Дата конвертации03.12.2012
Размер79.26 Kb.
ТипДокументы
источник

Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1063 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 43, 502-құжат


      Қазақстан Республикасының " Дене шынықтыру және спорт туралы " 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi ;
      2) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi N 786 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, N 420-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2005 жылғы 28 шiлдедегi N 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1258 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, N 522-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2007 жылғы 9 қарашадағы
N 1063 қаулысымен
бекiтiлген   

^ Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету
жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Дене шынықтыру және спорт туралы " 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету саласындағы лицензиялау субъектiлерi болып табылады, олардың бiлiктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сай келедi.

      3. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметiн көрсету деп халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру мен белсендi демалысын қамтамасыз етуге бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстарда дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы көрсетiлетiн қызметтер ұғынылады.
      Спорт қызметi деп спорт түрлерiн дамытуға, спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге және түрлi спорт түрлерiнен спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлауға бағытталған қызмет ұғынылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтердi көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрi - лицензия) мынадай мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - лицензиарлар) бередi:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Спорт комитетi мынадай өтiнiш берушiлерге:
      республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктерге, одақтарға, қауымдастықтарға (федерацияларға);
      жоғары санаттағы спорт құрылыстарында бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға;
      2) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар мынадай өтiнiш берушiлерге:
      бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететiн дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарына, орталықтарға, секцияларға және басқа да ұйымдарға;
      бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы спорт құрылыстарында бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға;
      жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге, одақтарға, қауымдастықтарға (облыстық федерацияларға).

      5. Лицензия бас лицензия болып табылады және қолданысы шектеусiз мерзiмге берiледi.

      6. Лицензия қатаң есептегi құжат болып табылады және мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiр данада ресiмделедi.

^ 2. Лицензия алу тәртiбi

      7. Лицензияны алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн - жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      6) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      Қызметiн жүзеге асыру үшiн жеке меншiк немесе жалдамалы спорт құрылыстарын немесе жарақтандырылған үй-жайларды талап етпейтiн дене шынықтыру және спорт жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, қауымдастықтар (спорт түрлерi бойынша федерациялар) бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1), 4) және 5) тармақшаларына өтiнiш берушiнiң сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынбайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.02.20. N 200 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      8. Лицензияны беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi көрсетiлген органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).

      9. Санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшiн лицензиар лицензияны алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды ұсыну туралы сауал жiбередi.
      Санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдар лицензиардың сауалының негiзiнде жиырма бес жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн жетi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және тиiстi лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды жiбередi.

      10. Лицензияны лицензиар өтiнiштi өтiнiш берушiнiң өтiнiш берiлген қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келу шартымен тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қарайды және бередi.

      11. Лицензияға лицензиардың басшысы не оған уәкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырады.

      12. Өтiнiш иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне лицензия беру сенiмхат негiзiнде жүргiзiледi.

      13. Егер лицензиар лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны бермеген не өтiнiш берушiнi лицензияны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензияны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге мiндеттi.

      14. Лицензиясы жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi.

      15. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

      16. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тiзбесiнен бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет алып тасталса тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

      17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

^ 3. Лицензияны беруден бас тарту

      18. Егер:
      1) заңнамалық актiлермен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға тыйым салынған;
      2) осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
      3) қызметтiң лицензияланатын түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
      4) өтiнiш берушi заңнамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

      19. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.

^ 4. Лицензияны есепке алу және бақылау

      20. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
      Лицензиар лицензиаттан өзiнiң құзыретi шегiнде тиiстi құжаттарды ұсынуды талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.

      21. Лицензиар қайта берiлген, ресiмделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын тiзiлiмдi жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 9 қарашадағы
N 1063 қаулысымен 
бекiтiлген 

       Ескерту. Талаптарына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.02.20. N 200 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.     

Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету
жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтермен айналысу үшiн жарамды жеке меншiк немесе жалға беру құқығындағы және тиiстi санаттағы спорт құрылысының немесе үй-жайдың
      2) заңды тұлғалар үшiн - "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар жаттықтырушы-оқытушылар құрамының
      жеке тұлғалар үшiн - "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң немесе "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар қызметкермен еңбек шартының
      3) тұрақты бiлiктi медициналық қызмет көрсетудiң
      4) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметпен айналысу үшiн санатын көрсете отырып спорт құрылысының немесе үй-жай паспортының
      5) олардың пайдалану сенiмдiлiгi бөлiгiнде дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметпен айналысу үшiн жарамды спорт-құрылысының немесе үй-жайдың техникалық тексеру актiсiнiң болуын қамтиды.
      



Похожие:

Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconТуроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және " Лицензиялау туралы...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconМедициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" газетi 15. 01. 2010 ж., №10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27. 01. 2010 г., №17 (26078); Қазақстан Республикасының...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан n 323-324
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстар азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconҚаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconДене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу мен шарттарының ережесiн, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м а. 2011 жылы 5 наурыздағы №02-02-18/29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет...
Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылғы ақпан айында өткізетін спорттық бұқаралық және дене шынықтыру сауықтыру ісшараларының жоспары

Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың наурыз айына арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру –сауықтыру іс-шараларының жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы