«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



Название«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
страница1/11
Дата конвертации27.03.2014
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу».

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

  1. халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);

  2. уәкілетті орган.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер;

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілер;

  3. ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған басшы және қатардағы құрамының адамдары;

  4. жалпы аурулардан мүгедек болғандар;

  5. бала кезінен мүгедектер;

  6. мүгедек балалар;

  7. жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті алушының өтінішін уәкілетті органда қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

  2. көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні сол жерде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу:

  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушы жергілікті жеріндегі уәкілетті органға өзі барған кезде не пошталық хабарлама арқылы;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жергілікті жеріндегі орталыққа өзі барған кезде қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, орталық бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Уәкілетті органның және орталықтың жұмыс кестесі осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес көрсетілген.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге ұсынады:

  1. көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

  2. мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме үзінді;

  3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;

  4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – тұрғылықты жері бойынша протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттігі туралы медицина ұйымының қорытындысы;

  5. жұмыс беруші – дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

  1. Мыналар:

  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының тіркелген және мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген талон;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), өтініш беру күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

13. Орталықтың немесе уәкілетті органның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері мынадай:

1) тұтынушының протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмағанда, орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда;

4) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылмаған жағдайда.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. уәкілетті органның, орталықтың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің тікелей басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: http://www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

  2. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің, облыстың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, орталық басшыларының блогына;

  3. жазбаша шағыммен уәкілетті органның, орталықтың, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппаратының кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

  1. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, және аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  2. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  3. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  4. Шағымды қарау нәтижелері туралы қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар




  1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың тапсыруы протездік-ортопедиялық көмекті алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады, сонымен қатар осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес көрсетілген;

  3. Консультациялық қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы көрсетіледі.


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін

оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан


__________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

__________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Хабарлама


______________________________________________________________,

(уәкілетті органның/орталықтың атауын көрсету)

протездік-ортопедиялық көмек ұсынуға берген Сіздің құжаттарыңызды қарап, мынаны хабарлайды:

  1. Сіздің құжаттарыңыз ресімделді және протездік-ортопедиялық көмек осы хабарламаны берген сәттен бастап бір күнтізбелік жыл аралығында ұсынылатын болады.

  2. мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеуден мына себеп бойынша (себебін көрсету):

_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бас тартылады.


____________________________________ _________________

(уәкілетті орган/орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)


____________________________

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін

оларға құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


^ Уәкілетті органдардың

тізбесі


Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері



Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau.online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы,Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. Online.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Похожие:

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент)...
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша (көрсетілетін қызметті
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан...
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының атауы
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу»
Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан...
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов