Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon

Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



НазваниеТуроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Дата конвертации19.11.2012
Размер94.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 210-құжат


      Ескерту. Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) туроператорлық, турагенттiк қызметке, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегi N 964 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиiс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2007 жылғы»11 маусымдағы
N 481 қаулысымен 
      бекiтiлген   

^ Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы
көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң) заңдарына сәйкес әзiрлендi және туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау тәртiбiн айқындайды.

      2. Туроператорлық, турагенттiк қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетi жүзеге асырады, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялауды жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу орны бойынша - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар (бұдан әрi - лицензиарлар) жүзеге асырады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23.  N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      3. Жүзеге асыруға арналған лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

^ 2. Лицензияны беру, қайта рәсiмдеу және оны беруден бас тарту

      4. Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны (бұдан әрi - лицензия) лицензиар "Лицензиялау туралы" Заңда және осы Ережеде белгiленген тиiстi құжаттар бар өтiнiш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
      Лицензиар осы тармақта белгiленген мерзiм iшiнде лицензия беруге немесе лицензия беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап беруге мiндеттi.

      5. Егер лицензиар белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензия бермеген жағдайда не өтiнiш берушiнi лицензия беруден бас тарту себебi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.

      6. Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге мiндеттi.

      7. Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны лицензиар бiр данада және оның қолданылу мерзiмiне шектеу қоймай (бас лицензия) бередi.

      8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттi тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен расталады.

      9. Лицензия берудi:
      1) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiге жеке куәлiгiнiң негiзiнде, оның уәкiлеттi өкiлiне - сенiмхат және жеке куәлiгiнiң негiзiнде;
      2) заңды тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат және жеке куәлiгiнiң негiзiнде лицензиар жүргiзедi.

      10. Туроператорлық немесе турагенттiк қызметтi жүзеге асыруға
арналған лицензияны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн - Жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде
мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған
көшiрмесi;
      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      6) туристiк қызметтiң өтiнiш берiлген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
      7) (осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) қызметкерлердiң бiлiктiлiгi, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi көрсетiле отырып, олардың қолдағысы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметке лицензиясы бар туризм нұсқаушысымен жасалған шарт;
      8) туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзiндi көшiрмелер;
      9) туроператорлық қызмет үшiн туристерге қызмет көрсету
бағдарламалары;
      10) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      11) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес әзiрленген туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi;
      12) туроператорлық қызмет үшiн - меншiктi немесе жалға алынған материалдық базасы болуын растайтын құжат және (немесе) туристiк өнiмге кiретiн жекелеген туристiк қызметтi ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар;
      13) турагенттiк қызмет үшiн - туроператормен оның турөнiмiн сатуға арналған шарт;
      14) туристiк жолдама мен туристiң жадынамасы;
      15) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      16) туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      11. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсету құқығына лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      5) туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету жөнiндегi қызметпен
айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төленгенiн растайтын
құжат;
      6) өтiнiш берушiнiң қолы қойылған кәсiби даярлығын, бiлiктiлiгiн және туристiк бағыттармен жүру тәжiрибесiн растайтын құжаттар;
      7) әзiрленген туристiк бағыттың сипаттамасы;
      8) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама;
      9) меншiктi немесе жалға алынған туристiк жарақтарының бар екендiгiн растайтын құжат.

      12. Лицензиат лицензияны жоғалтқан, бүлдiрген жағдайда оның
телнұсқасын алуға құқылы.
      Лицензиар лицензиат өтiнiш берген күннен бастап он күн iшiнде оның жазбаша өтiнiшi бойынша жаңа нөмiр бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензиялық алым төлейдi.

      13. Лицензиаттың тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны қайта ресiмдейдi.

      14. Егер:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады;
      3) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;
      4) өтiнiш берушiге қатысты оған өтiнiш берiлген қызмет түрiмен
айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi бар болған;
      5) қызмет түрiне өтiнiш берiлген жағдайда өтiнiш берiлген қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмеген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

      15. Турагенттiк, туроператорлық қызметтi, туризм нұсқаушысының
қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға арналған лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.

      16. Егер лицензия осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе
немесе лицензия беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол бұл iс-әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.

^ 3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      17. Лицензияның қолданылуын тоқтату тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      18. Лицензия мынадай жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тiзбесiнен туристiк қызметтiң жеке түрi алынып тасталса.

      19. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

^ 4. Есепке алу және бақылау

      20. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

      21. Лицензиар туристiк саланың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.

      22. Туристiк саланың мемлекеттiк тiзiлiмiнде Заңның 8-бабының
5) тармақшасында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 11 маусымдағы
N 481 қаулысымен 
      бекiтiлген    

^ Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Туроператорлық қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшiн - құрылтай құжаттарында туристiк қызметтi бекiтiп берудiң
      2) офиске арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайының
      3) туристiк бiлiмi, туризм нұсқаушысы қызметiн көрсетуге лицензиясы бар қызметкерлердiң, оның iшiнде гидтердiң (гид-аудармашылардың), экскурсияшылардың, туризм нұсқаушыларының
      4) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес әзiрленген туристiк қызмет көрсетуге арналған шарт үлгiсiнiң
      6) туроператорлық қызмет үшiн - меншiктi немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристiк өнiмге кiретiн жекелеген туристiк қызметтi ұсынатын тұлғалармен шартының
      7) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      8) туристiк маршруттар мен соқпақтар тiзiлiмiнiң
      9) туристерге қызмет көрсету бағдарламаларының
      10) туристiк жолдама мен турист жадынамасының
      11) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2. Турагенттiк қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) заңды тұлғалар үшiн - құрылтай құжаттарында туристiк қызметтi бекiтiп берудiң
      2) офиске арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайының
      3) туристiк бiлiмi кемiнде бiр қызметкердiң
      4) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шартқа сәйкес әзiрленген туристiк қызмет көрсетуге арналған шарт үлгiсiнiң
      6) туроператормен оның турөнiмiн өткiзуге арналған шарттың
      7) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi);
      8) туристiк жолдама мен турист жадынамасының
      9) (алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.23. N 879 Қаулысымен (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      3. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) кәсiби даярлығының, бiлiктiлiгiнiң және туристiк бағыттармен жүру тәжiрибесiнiң
      2) әзiрленген туристiк бағыттың
      3) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық
анықтаманың
      4) меншiктi немесе жалға алынған туристiк жарақтың болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2008 жылғы 23 қыркүйектегi
N 879 қаулысына   
қосымша       

Қызметкерлердiң саны және болуы туралы құжат

_______________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы)
 

Р/с

N

Тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке куәлiгiнiңнөмiрi және берiлген күнi

Лауазымы

Жұмыс өтiлi, оның iшiнде туризм саласында

Нотариалды куәландырылған құжатты растайтын көшiрменiң қосымшасы бар бiлiмi туралы дипломы, куәлiгi және басқа да құжаттары бойынша бiлiгi (мамандығы)

Мамандығы бойынша  санаты, разряды, сыныбы

1

2

3

4

5

6

 

                М.О.                           Басшының қолы



Похожие:

Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconБiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Дене шынықтыру және спорт туралы " 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconМедициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" газетi 15. 01. 2010 ж., №10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27. 01. 2010 г., №17 (26078); Қазақстан Республикасының...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан n 323-324
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconБайланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы
Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртiбiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconАвиациялық персоналдың бiлiктiлiк деңгейiн айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 28 қыркүйектегi №763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconЗият керлiк меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Зияткерлiк меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарын...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon"Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы №362 бұйрығына өөзгерiс енгiзу туралы
Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация...
Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconБұдан басқа, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізетін объектілерге фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары нақтыланды
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы