«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»



Название«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Дата конвертации22.10.2013
Размер67.88 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » .

№ қаулысымен

бекітілген


«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті.

4. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті органның бөлімшесі);

2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) бірінші рет өтініш беру бөлігінде;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу.

5. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің шекті ең ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің шекті ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

- уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сұрау салу түскен сәттен 30 минут аспайды.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және немесе қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы не себебі көрсетілген осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады.

Жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесіне немесе орталыққа өзі келгенде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтер нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайларда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

2) порталда:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жәрдемақыны тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

Портал арқылы өтініш берген кезде жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойын.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттармен қоса:

  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

2) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауыл әкімдерінің анықтамасын);

3) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

4) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда – сенімхатты;

5) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алуға құқығын растайтын құжатты ұсынады.

Құжаттар түпнұсқада салыстырып тексеру үшін көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың тұпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

12. Құжаттардың қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны – уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы немесе орталық қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады, осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алған кезде;

2) бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде;

3) медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрған кезде бас тартылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) тікелей көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың басшыларына.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» парағы);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

17. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

18. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

20. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


21. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek/gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

23. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны және уәкілетті органның сall-орталығының (1411) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.



Похожие:

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» iconАрнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама №
Тағайындалған сома (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы): ( ) теңге 20 ж
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» icon«Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов