«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



Название«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Дата конвертации22.10.2013
Размер275.06 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі);

2) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпараттарды – www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы алу.

5. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі


6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:

  1. көрсетілетін қызметті алушының өтініші уәкілетті ұйымның бөлімшесінде тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың (құжаттың) жоғы анықталған жағдайларда – 30 жұмыс күнінен аспайды, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы жоқ құжаттарды уәкілетті ұйымның бөлімшесіне ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

тапсырылған құжаттарда қателіктер анықталған жағдайларда – 5 жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымның бөлімшесі қателікті жойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

  1. көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  2. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемін тағайындау туралы не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама.

Зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру – көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

2) порталда:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған зейнетақы төлемін тағайындау туралы не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін дүйсенбіден сенбіге дейін, бұл ретте, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу көзделмеген.

2) порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші мына құжаттармен бірге ұсынылады:

  1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі;

  2. көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімдердің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғы үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеуге алу бөлімінің анықтамасы);

  3. зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

  4. осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы;

  5. зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек стажын растау үшін, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
    еңбек кітапшасы;

білімі туралы құжат;

әскери билет немесе аудандар мен қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;

балалардың тууы туралы куәліктері (немесе тууы туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:

жеке куәлігі;

неке туралы куәлік (азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) немесе некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама);

Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңінде сақтандыру жарналарының төленгені туралы салық органының анықтамасы ("Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) және 17) тармақшаларына сәйкес стажды есепке алу кезінде);

ақталу туралы анықтама;

әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ ауыратын он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат;

егер еңбек қызметі туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтама;

бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің және халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әйелдерінің (ерлерінің) шетелде тұрғанын растайтын анықтама;

әскери қызметшілердің әйелдерінің (ерлерінің) жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама;

неке және (немесе) некені бұзу туралы (тегін өзгерткен кезде) куәліктің көшірмесі не азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

  1. дербес деректері бар жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі.

  2. өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші адам тапсырған жағдайларда – сенімхат.

Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесіне өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар пакетін растайтын құжат мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон болып табылады.

13. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы мына жағдайларда:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағанда;

2) өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыда төлем тағайындау немесе зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш берген фактілерінің болуы анықталғанда осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қабылдаудан бас тартады және хабарлама береді:

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартылады:

1) ерлерге 63 жасқа толғанға дейін;

2) әйелдерге:

2001 жылғы 1 шілдеден бастап – 58 жастан;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанға;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанға;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанға;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанға;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанға;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанға;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанға;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанға;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастар – 63 жасқа толғанға дейін.

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелегендерге – 53 жаста;

  1. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек стажы алты айдан аз адамдарға.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымдардың бөлімшелерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: http://www.enbek.gov.kz; www.gсvp.kz орналастырылған;

  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

  4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  3. Шағымды қарау нәтижелері туралы қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.




  1. Өзге талаптар




  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

  3. Консультациялық қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.



__________________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша


____________________________________ тағайындау туралы

(төлем түрі)


_____ хабарлама


20___жылғы «____»________________


Азамат (ша) _____________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Туған күні ______ жылғы «____»_________________

Тағайындау туралы шешім № _________ 20___жылғы «___»______________

Тағайындалған сома:_________(________________________________)______ (сомасы жазбаша)

20___ жылғы «____» __________ бастап


Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған


______________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)


________________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша


___________________________________ тағайындаудан бас тарту туралы

(төлем түрі)


_____ хабарлама


20 ___ жылғы « ____» _____________


Азамат____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Туған күні 20___ жылғы «____» _______________

____________________________________________________


__________________________________________________________________

(негіздемені (себебін) көрсету)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

тағайындаудан бас тартылды.


Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған

______________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)


______________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметтің нысаны


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің

________________________________ бойынша бақылау

(облыс, қала атауы)

және әлеуметтік қорғау департаменті


Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

АҚПАРАТ


Азамат ____________________________________________________________

(ТАӘ, туған күні)

_____ жылғы «____» _____________ № ____________ шешімімен

__________ теңге мөлшерінде зейнетақы төлемі тағайындалды

_____ жылғы «____» _____________ № ____________ шешімімен

__________ теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі тағайындалды

Төлемді тағайындау күні _____ жылғы «____» _____________

Зейнетақы төлемін тағайындаудан ____________________________________

(бас тарту себебі)

бас тартылды


Базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан _____________________________

(бас тарту себебі)

бас тартылды


* штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

Штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша


Ауданның коды__________
Қазақстан Республикасы
__________________ облысы (қаласы)

бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау

департаменті


Өтiнiш


Азамат ________________________________________________________
                              (өтініш берушінің ТАӘ)

Туған күнi: ______ ж. «_____»________________

ЖСН: _____________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________

Құжат сериясы: __________ Құжат нөмірі ___________ Кім берген:________

Берілген күні: ______ ж. «_____»________________

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________________

Облыс ____________________________

қала (аудан) __________________ ауыл: ____________________________

көше (шағынаудан) ____________________________ үй ______ пәтер ______

Банк деректемелері:

Банктің атауы ______________________________________________________

Банк шотының № ________________________

Шот түрі: ағымдық __________________ карталық шот __________________

(қажетін сызу)


Маған _______________________________ (жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлем, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, №1, №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын. Әлеуметтік міндетті сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын

қайтыс болған асыраушы әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болған/болған жоқ _______________________________

(қажетін сызу)


Ескертпе:
мемжәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде ҚР тыс жерге шығуым), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2











Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны __________ ұялы телефон ______________ Е-mail ____________


Берілген күні 20 __ ж. «____»_________ Өтініш берушінің қолы__________


----------------------------------------------------------------------------------------------------
                           (қию сызығы)


Азамат ________________________________________ өтiнiшi қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20 __ ж. «___» ________
(қызметті алу күні өтінішті Орталықта тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні): 20 __ ж. «___» _____________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжат (құжаттар) жоқ екені анықталған жағдайларда қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі созылады.

__________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның ТАӘ, лауазымы және қолы


Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілдім _________________________________

(өтініш берушінің ТАӘ және қолы)


_______________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша


М.О.

200___ж."__" _______ шығ. № ___


_____ ж. _________ -нан (-нен)____ ж. _________ -на (-не) дейін
жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары
табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы
АНЫҚТАМА


Тегі |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

(болған кезде)

Негіздеме: ________________________________________________________
(бұйрық, жеке іс парағы, жалақы жөніндегі ведомосы, табельдер және т.б.)

Салымшының табельдік нөмірі________________________
ЖСН________________________________________________
Төлеуші ұйымның БСН-і мен орналасқан жері _____________________


Жыл, айлар

Жалақы (табыс) сомасы

Міндетті зейнетақы жарналары

Міндетті зейнетақы жарналары аударылған күн, төлем тапсырмасының №, қай кезең үшін аударылды (айлар көрсетілсін)

Ескертпе

Есептелген сомалар

Аударылған сомалар

Оның ішінде өсімақылар

1

2

3

4

5

6

7

Қаңтар



















Ақпан



















Наурыз



















Сәуір



















Мамыр



















Маусым



















Шілде



















Тамыз



















Қыркүйек



















Қазан



















Қараша



















Желтоқсан



















_______ ж. жиынтығы



















Қаңтар



















Ақпан



















Наурыз



















Сәуір



















Мамыр



















Маусым



















Шілде



















Тамыз



















Қыркүйек



















Қазан



















Қараша



















Желтоқсан



















_______ ж. жиынтығы



















Қаңтар



















Ақпан



















Наурыз



















Сәуір



















Мамыр



















Маусым



















Шілде



















Тамыз



















Қыркүйек



















Қазан



















Қараша



















Желтоқсан



















_______ ж. жиынтығы



















Барлығы ______ айда __________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)

Ескертпе:

1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңдегі табыстар туралы анықтамаға, олардан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың қағидасын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «___» ___________ № ____ қаулысына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жүргізілетін табыстардың барлық түрлері енгізіледі; егер өтініш иесінің табыс сомалары 1995 жылғы 1 қаңтардан 1998 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңге берілсе, анықтамадағы 3, 4, 5, 6-бағандар толтырылмайды.


Негіздеме: _______________________________________________________
(анықтаманы беру үшін негіздеме болған құжаттар)


М.О. Кәсіпорын басшысы ___________________ _______________
(ТАӘ) (қолы)

Бас бухгалтер ___________________ _______________
(ТАӘ) (қолы)


_____________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша


^ Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім


ЖСН: ____________________________

Өтініш берушінің ТАӘ: __________________________________________

Туған күні: ______ ж. «____» _____________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


20 ___ жылғы «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________


__________________________


«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша


___________________________________ тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы

хабарлама


20 ___жылғы « ___» _________________


Азамат _________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)


Өтініш берген күні 20 ___ жылғы «____» ________________


_________________________________________________________ себебінен

(себебін көрсету)

__________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.


Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған

_____________________________________ ____________________

(уәкілетті ұйымның бөлімшесіндегі немесе (ТАӘ)

ХҚКО-дағы жауапты адамның лауазымы)


________________________



Похожие:

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconЖүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconҚағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов