№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы icon

№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы



Название№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы
Дата конвертации19.11.2012
Размер71,13 Kb.
ТипДокументы
источник



№ 26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі


Екібастұз қаласындағы

№ 26 жалпы орта білім

беретін қазақ мектебінің

директоры А.Б.Абелкасимова.


Профилді мектеп жағдайында бітірушілерді әлеуметтендіруде педагогикалық әдіс-тәсілдер


2010 жыл


Профилді мектеп жағдайында бітірушілерді әлеуметтендіруде педагогикалық әдіс-тәсілдер


Екібастұз қаласындағы

№ 26 жалпы орта білім

беретін қазақ мектебінің

директоры А.Б.Абелкасимова.


Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмектесетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп.

Қазіргі өмір талабы мектеп жаңа әлеуметтік сұранысқа, басқа да мақсаттарға, міндеттерге, формаларға, білім беру сапасына бағытталуы қажет. Сондықтан бейінді білімнің мектептегі мақсаты – жеке сұраныс бойынша мектеп бітірушілерге өз келешегінің кәсіби бейнесін қалыптастыруда бағдарламалар құрастырып, енгізуге жағдай жасау.

Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.

Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін:

  1. ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі,

  2. білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік және дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді,

  3. ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

Базалық және бейіндік оқытудың оқу жоспарымен таныстыру мақсатында келесі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар мен ата- аналардың әлеуметтік сұраныстарын қалыптастыруға болады. Атап айтқанда, оқушылар мен ата-аналар жиналыстары, «Ашық есік» күндері, «Профилді жәрмеңкелер» т.б. әрбір арнаулы және элективтік курстар бойынша жарнамалық мәліметтер беріледі. Сондықтан бейінді білімнің міндеттері мындай :

  • мектеп бітірушілердің бейінді дайындығының және жалпы білімінің жоғары сапалы жетістіктерге жету;

  • оқушылардың ғылыми ізденіс-дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жүйелі білім алу;

  • өзін-өзі тануына көмектесетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлғаны дамыту;

  • салт-дәстүрлерді және адамгершілік қасиеттерді қабылдау, қазіргі қоғамға тез бейімделу.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептің ең маңызды принципі – оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту, тиімді білім технологияларын қолдану. Басты түйіні – оқушының оқу әрекетінде өз бетімен жұмыс істеуінде мұғаліммен қарым-қатынасының пікір-талас арқылы жүргізілуі және жобалау іс-әрекетін тиімді қолдану.

10 -11 сыныптарда арнайы курстар болашақ мамандықтары негізінде оқушылар мен ата-аналардың тілектеріне байланысты екі бағдарға бөлініп оқытылады. Жаратылыстану – математикалық бағытында 10 м және 11 м сыныптары математика-физика бағдары бойынша және 10 б және 11 б сыныптары биология – географиялық бағдары бойынша оқытылады.





Оқушылардың дұрыс мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында төмендегідей курстар енгізілді:







География-биологиялық бағдар




Оқушылардың дұрыс мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында төмендегідей курстар енгізілді:

Математика-физика бағдары бойынша арнайы курстар:

  1. «Шектер теориясы» курсы 10 сыныптарға арналған, ПМБАИ, 2008 жылы рецензияланған.

  2. «Қолданбалы математика» курсы, 10-11 сыныптарға арналған ПМБАИ 2008 жылы рецензияланған.

  3. «Дифференциалды интегралдау» курсы, 11 сыныпқа арналған, ПМБАИ, 2009 жылы рецензияланған.

  4. «Физикадан күрделі есептер шығару» курсы, 10-11 сыныптарға арналған, ПМБАИ 2008жылы рецензияланған.

Биология - географиялық бағдары бойынша арнайы курстар:

  1. «Адам және қоршаған орта» курсы, 10-11 сыныптарға арналған, ПМБАИ 2008 жылы рецензияланған.

  2. «Туризм және өлкетану» курсы, 10-11 сыныптарға арналған, ПМБАИ 2009 жылы рецензияланған.

  3. «Адам генетикасы» курсы, 10-11 сыныптарға арналған, ПМБАИ 2009 жылы рецензияланған.

Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша тарихи-қоғамдық бағдармен 10- 11 г сыныптарында қолданбалы / элективтік / курстар «Азаматтану» және «ХХІ ғасыр тарихындағы жеке тұлғалар» курсы, «Саясаттану» курсы бағдарламалары рецензияланды. «Азаматтану» және «ХХІ ғасыр тарихындағы жеке тұлғалар» атты қолданбалы курстарға арналған бағдарламалар облыстық ПМБАИ ұйымдастыруымен өткен сайыста 2, 3 орындарды иеленді.

Оқушылардың кәсіби мамандыққа қызығушылықтарын арттыру және білім сапаларын көтеру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылады:

  • Әр сала мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастырып, өткізу. Мысалы, қаламыздағы «Богатырь», «Шығыс» разрезінің және «ГРЭС-1» станциясының белгілі мамандарымен кездесулер өткізу.

  • Қаламыздың кәсіби өндірістері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыстың көрсеткішінің бірі – оқушылармен саяхат жасау.

  • Оқыту үрдісінде жаңа технологоияларды қолдану: жобалау, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, нәтижесінде оқушылардың жеке және топпен жұмыс істеуде слайдтар, аудио-, видеокассеталар құрастыру, өз жобаларын қорғау дағдылары қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.

Оқушылардың шығармашылық іс-ірекетін ұйымдастыруда ата-аналар мен мұғалімдердің алдында көрмелер, презентациялар, өз жұмыстарын демонстарциялау жүйелі өткізу дәстүрге айналған.

^ Жоғары оқу орындарымен байланыс және нәтиже:

Оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауда жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Павлодар мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және қаламыздағы Екібастұз инженерлік техникалық институты мен колледждерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда. Жыл бойы осы оқу орындарына экскурсиялар жасалып, кездесулер, ашық есіктер ұйымдастырылады. Аталған оқу орындарынан арнайы оқытушылар дәрістер өткізеді, олар Б. Сағындықұлы, Аймұхамбетов. Мубараков А.М., Жандыгулов А.Р., Хуан Матей, Али Р.А. Хамитов М. Х.


^ Мектеп түлектерінің ЖОО таңдауындағы салыстырмалы көрсеткіші




Арнайы курстардың оқытылуы барысында оқушылардың жетістіктері:

2007-2008 оқу жылында 11 сынып оқушысы Закарин Думан Уранұлы

«Сәулет өнеріндегі - киіз үй құрылысының математикалық моделі» атты тақырыпта оқушылардың облыстық «Технология» ғылыми жобалар сайысында бас жүлдені иеленді. Жетекшісі Шарбеков Қ.Ж.

2008-2009 оқу жылында 11м сынып оқушысы Бабаева Сандуғаш «Екібастұз қаласы бойынша автокөліктердің қоршаған ортаға келтіретін зиянын зерттеу» атты тақырыпта өз жобасын қорғап, облыс бойынша ІІ орын, республика көлемінде ҚазҰУ-ң грантының иегері атанды. 11 м сынып оқушысы Долдашев Медғат «Дәстүрлі емес энергия түрлерін зерттеу» атты тақырыпта облыстық сайыста ІІІ орынды иеленіп, ИнЕУ-дің білім грантын жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі Бабаева Саулен Кабдырқызы.

2009-2010 оқу жылында қалалық ғылыми жоба сайысына физика пәнінен 11 м сынып оқушысы Арман Балкембаев «Екібастұз қаласындағы жанармай станцияларының қоршаған ортаға келтіретін зиянын бағалау» тақырыбындағы жұмысымен қатысып, облыстық жобалар сайысының іріктеу турына қатысты.

11 м сынып оқушысы Абдуллинов Нұрсұлтан облыстық ПМПИ ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп оқушыларының ғылыми жобалар» сайысында сертификатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі - Бабаева С.К.

10 б сынып оқушысы Зейнулина Гүлзия «Саз әуендерінің жасөспірімдер ағзасына тигізетін әсері» атты тақырыпта облыстық ПМПИ ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп оқушыларының ғылыми жобалар» сайысында сертификатқа ие болды. Жетекшісі Диханбаева К.К. Арнайы курстардың жүйелі жүргізіліуінің нәтижесінде терең білім алған оқушылар қалалық, облыстық олимпиада, ғылыми жобалар сайыстарының, дистанционды олимпиадаларының жүледегерлері: 11 м сыныбының оқушысы Шуленова Жанна, Жанадилов Ерболат – физика пәнінен, 10б сынып оқушысы Қабидентегі Абылайхан география пәнінен, 10 б сынып оқушысы Зейнуллина Гулзия биология пәнінен.

Барлығымызға белгілі, егер оқушы мамандығын дұрыс таңдауда қателессе, онда келешегіне, тағдырына нұқсан келеді. Мұндай жағдайдан сақтандыруда қазіргі таңда бейіндік бағдар берудің маңызы зор. Сондықтан мектеп бітірген оқушыларымыз өмірде өз жолын тауып, кез келген мәселені шығармашылықпен шеше білетін, өз ісіне жауап беретін тұлға болып қалыптасады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. Алматы. 2005. 33- б.

  2. А. Хуторской. Ключевые компетенции. Технология конструирования. //Народное образование, №5, 2003. 55-64-б.

  3. М.Ж. Жадрина. Образование, ориентированное на результат как новая модель школьного образования // Открытая школа, №2, 2003. 3-6-б.

  4. Шолпанқұлова А. Кәсіби құзырлылықтың мәні // Қазақстан мектебі, №2, 2007, 42-44-б.

  5. Жумагалиева Б.К. Компетентности и компетенции: Основные направления концепции 12-летнего образования Республики Казахстан // 12-летнее образование, №2, 2006, 16-19-б.

  6. Айсина М.А. Жаңа мектепке – жаңа мұғалім // 12-жылдық білім, №6, 2005. 3-5 –б.



Похожие:

№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы icon«Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм
Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы орыс тілінде жалпы білім беретін орта мектеп болған
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы icon26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі бойынша көктемгі демалыс уақытында өткізілетін іс-шаралар жоспары
Мүсіреповтың туғанына 110 жылдығына арналған кітап көрмесі, библиографиялық шолу
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта жјне жалпы орта білім беруЄдіѕ жалпы білім беретін оќу баєдарламаларын іске асыратын білім беру ўйымдарына...
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconСаран қаласының білім ұйымының визит карточкасы Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі»
Білім ұйымының атауы: «Саран қаласы әкімдігінің «№13 орта жалпы білім беретін мектебі» мм
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconҚазақ тілі. 8 сынып. №27 жалпы орта білім беру мектебі
Егер қазақ театрын Жұмат Шанинмен байланыстырсақ,қазақ киносы да белгілі актер,режиссер,жерлесіміз,кино атасы деп айтуға болады
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Екібастұз қаласындағы iconЖоба Келісім шарт № Жаңақала ауылы 2008 ж. Осы Келісім шарт «Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі»
«Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы 105 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы