«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме icon

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме




Скачать 63,41 Kb.
Название«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме
Дата конвертации07.01.2013
Размер63,41 Kb.
ТипДокументы
источник

«Көп бейінді №3 мектеп – гимназиясы»

Мемлекеттік мекеме


12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектеп мұғалімінің өз білімін жетілдіру және өзіндік даму бағытындағы жұмысы


Баяндамашы:

Көп бейінді №3 мектеп – гимназия

бастауыш сынып мұғалімі Тожыбаева Р.И.

Елімізде ұрпаққа білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасалып жатқаны баршамызға аян. Ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және иновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсетті. (Слайд №2) Әлемдік білім кеңістігіне енуге жасалған алғашқы қадамдардың бірі: 12 жылдық білім беруге көшу және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» болып отыр. Осы аталған бағдарламада «Білім беру «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясының баспалдақтарының бірі болып танылды» делінген.

Бағдарламада орта білім берудің мақсаты мен міндеттері айқындалған.

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі дамыған және рухани жетілген азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттігін қанағаттандыру. Еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу делінген. (Слайд №3) Бағдарламада орта білім берудің бірқатар міндеттері белгіленген.

Солардың бірі: 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру делінген. Құзіреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандарты әзірленуде. Бүгінгі күні 12 жылдық білім беруге бағытталған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік және проблемаларды шешу құзіреттілігіне де ерекше көңіл аударған. Бұл мәселе педагогика ғылымында жан-жақты қарастырылған. Мәселен, В.А. Кальней мен С.Е. Шишов «Мектеп: білім сапасының мониторингі» атты еңбегінде құзырлылыққа « Оқу арқылы меңгерілген білімге, тәжірибеге, құндылыққа, икемділікке негізделген жалпы қабілет» деп анықтама берген.

12 жылдық білім беруге көшуде оқушылардың құзіреттілігін жетілдіру барысында мектебімізде жүйелі түрде жұмыс атқарылуда. Мектеп – гимназия жағдайында оқу тәрбие үрдісінің субьектілірінің түпкілікті құзіреттілігін дамыту мәселесі өзекті тақырып ретінде алынып, қалыптастыру кезеңін өткізудеміз. Біз түпкілікті құзіреттілікке А.Ә. Жайтапованың берген анықтамасын негізге алдық. Ол кісінің ойынша «Түпкілікті құзіреттілікті дамыту – іс әрекеттің белгілі бір түрін, танымдық белсенділік, сыни шығармашылық ойлауын терең білім, ерекше дарындылық арқылы нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке дара қасиетін дамыту» делінген. (Слайд №4) Мен осы мәселеден туындайтын «Өзімнің кәсіби құзіреттілігімді дамыту арқылы шығармашылыққа бейінді оқушы тәрбиелеу» деген тақырыпта жұмыс істеудемін. (Слайд №5) «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» деп К.Д.Ушинский айтқандай ұстаз өзіндік білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Мен өз білімімді әріптестерімнің сабағына қатысу арқылы, курстарда білімімді жетілдіру арқылы,білім беру саласында пайда болған оқытудың жаңа технологияларын оқып үйрену арқылы, педагогикалық басылым беттеріне жарияланған еңбектерді оқып үйрену арқылы үнемі жетілдіріп отырамын. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мен өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап, оқытудың жаңа технологиясын үйрендім.

«Соростың Демократиялық Білім беру орталығы» енгізген «Оқу мен жазуды сыни тұрғыда ойлауды дамыту» жобасын оқып - үйреніп, өз іс - тәжірибемде қолданып жүрмін. Соның әсерінен болған оқушылардың білім сапасының өсу динамикасын слайдтан көруге болады. (Слайд №6)

Оқу жылы

2005-06

2006-07

2007-08

2008-09

2009-10

Білім сапасы

75%

78%

80%

84%

85%


Осы технологияны үнемі қолдану арқасында оқушылардың білім сапасы 75 пайыздан 89 пайызға өсті, оқушылардың сөйлеу мәдениеті артты. Өз бетімен білімді меңгере алатын деңгейге жетті. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларына зерттеушілік жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру, ерте жастан балалардың шығармашылық, интелектуалдық, іздемпаздық қасиеттерін дамытуды басты мақсат етіп алдым.

Облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастырған Зерде атты конкурста бір оқушым ғылыми зерттеу жұмысын қорғап, ІІ орынға ие болды, «Қара жорға» биінің тарихын және оның денсаулыққа пайдасын зерттеп шықты. Джон Дьюи «Білім еркіндікке барар жол: біз қоғам өміріне араласа отырып, өзгеше ойласақ, өз тәжірибеміздің нәтижелерін сараптай алсақ, басқалардың біздің өмірімізді басқаруына жол бермесек, жаңаны байыппен қабылдап, зерттеп, оның нәтижесін өз іс - әркетімізді басқару үшін пайдалансақ, біз соншалықты еріктіміз» - дейді. Осы ойларды жүзеге асыру үшін оқушыларымды зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, сараптай білуге, нәтижесін пайдалана алатындай болуға үйретудемін. Оқушы бағдарын анықтаудың бір жолы портфолио. Оның мақсаты өз әрекетін жоспарлау, мақсат қоя білу, ұйымдастыруды үйрету, рефлексия жасауға үйрету. Білім беруді дамытудың бағдарламасында «Қазақстандық білім беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйде қалып отыр» делінген. Сондықтан қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – мектеп түлегенің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу болып отыр. Кәсіби құзыреттілігі дамыған,шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз еңбегінің нәтижесі –оқушы білімінің сапасымен анықталатыны белгілі. Ондай ұстаз үнемі ізденісте болады,өз білімін жетілдіріп отырады. Сондықтан мен «Педагогтың кәсіби және жеке тұлға ретінде даму бағдарламасын» жасадым. Осыған дейінгі өз іс әрекетіме жан – жақты, терең талдау жасадым. Жұмысымдағы шешімі табылмаған мәселелерді анықтап, жетістігімді саралап, болашақ жұмыс жоспарымды белгіледім. Мектеп психологінің жүргізген зерттеулері бойынша менің кәсіби құзіреттілігімнің алтыншы, яғни басқарушылық компоненті ақсап жатқаны анықталды. Сондықтан мен оқушылардың жекелей қабілеттерін ескеретін басқару әдісін меңгеруім қажет деп ойлаймын. Л.С. Выгодский «Педагогикалық процесті зерттеу – педагогтың өзінің ісі» деген екен. (Слайд №7) Мен кәсіби шеберлігімді өзіндік жетілдіруге көп мән беремін. Ол үшін мен семинарларға қатыстым,ашық сабақтар бердім, кәсіби сайыстарға қатыстым, өз іс тәжірибеммен бөлістім және жас маманға тәлімгер болдым. Міне осы әрекеттерімнің бәрі менің өзіндік жетілуіме әсер етті. Өзіндік даму бағытында ақпараттық құралдарды меңгердім. Итернет желісіне ену арқылы қажетті мәліметтер жинақтасам, интерактивті тақтаның көмегімен оқу-тәрбие жұмысының сапасы арттыруға мүмкіндік алдым. Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі ұлғайды. Оны оқушыларымның түрлі сайыстардағы жетістіктерінен көруге болады.

12 жылдық білім беруге көшуде тәрбиенің алатын орны ерекше. Білім беруді дамыту бағдарламасында тәрбие мақсаты: «Оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және қолбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» деп көрсетілген.

Мен бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тану мүмкіндігімен қоршаған ортаның шынайылығын тануына ықпал етемін. Мағжан Жұмабаев «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, Һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие дұрыс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны» деген екен.

Өз іс-тәжірибемде мен отбасылық тәрбиеге зор мән беремін .Отбасы жағдайында бала өмірдегі әр-түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, үлкендермен, кішілермен қалай қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бала өміріндегі қажетті тәлім-тәрбие ата-ана арқылы салт-дәстүрге байланысты отбасында беріледі. Сондықтан мен жүйелі түрде ата-аналар оқуын өткізіп тұрамын.

Себебі мен бала тәрбиелеуде «жігітті тәрбиелеген - әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деген қанатты сөзді өз іс-тәжірибемде басшылыққа аламын.

2005 жылы «Ең керемет сынып жетекші» сайысына қатысу арқылы кәсіптік деңгейімді анықтап, өз жұмысыма басқа жағынан қарап іс-әрекетіме түзетулер жасадым. Осы себепті мен өз білімімді, кәсіби шеберлігімді жетілдіруге мүдделі болдым.

Сонымен, 12 жылдық білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің өзіндік білім жетілдіруі мен өзіндік даму бағытындағы әрекеті - оқушы білімін жетілдіруге, бәсекеге лайық азаматты дайындауға бағытталған. Мен еліміздің болашағы әрқайсымызға, соның ішінде мұғалімге, оның азаматтық көзқарасына, кәсіпқойлығына байланысты екенін түсінемін. Сондықтан өзімнің кәсіби деңгейімді үнемі жетілдіріп отырамын. Менің кәсіби құзыреттілігімнің дамуына алдымен мектептің әдістемелік қызметінің ықпалы зор болды. Себебі, мектепте өтетін әдістемелік шаралардың барлығы менің кәсіби өсуіме әсер ете білді, кәсіби қоржынымды толтырды. (слайд №8)

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқушы шығармашылығын жетілдірудің негізі екеніне көзім жетіп отыр. (слайд №9)

Құрметті әріптестер, барлығыңызға жас ұрпақты тәрбиелеуде табыс тілеймін!

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconТабиева Бакытгуль Алпысбаевна Көп бейінді №3 мектеп – гимназиясы Шифр секций вс-1 гэ ақпараттық оқушының құзыреттілігін дамыту
Соңғы кездері осы тіркес санаға үйреншікті болып сіңіп кетті. Тіптен біз мән беріп, мазмұнына үңілмейміз де. Ал, үңіліп ойланып көрсек...

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconБигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия
Тарих пәнін оқытуда оқушылардың ҚҰзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы дамыту жолдары

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» мкк

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы
А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын...

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconБаға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен мемлекеттік тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алудың қорытындысын шығару №14 Хаттама
«Қарағанды қаласының №95 мектеп – гимназиясы» мм 100001 Қарағанды қаласы, Магнитогорск,43

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме icon«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме)

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы жөніндегі конкурсқа жіберу туралы хаттама.№2
«А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын...

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме icon2009 жылғы мемлекеттік тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудің жылдық жоспары
Мемлекеттік мекеме №19 Көркем-эстетиканы дамытуға мамандандырылған жалпы білім беретін мектеп кешені

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconКөп тіл білу-өнер Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Көп тіл білу-өнер»
«Көп тіл білу-өнер» байқауы болып өтті. Байқау қаламыздағы №9 орта мектеп ғимаратында болды. Бұл дәстүрлі байқау осымен алтыншы рет...

«Көп бейінді №3 мектеп гимназиясы» Мемлекеттік мекеме iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурсының конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы. №1
«А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы