«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon

«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»



Название«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»
Дата конвертации06.01.2013
Размер84.92 Kb.
ТипДокументы
источник

Курчатов қаласы әкімдігінің

2010 жылғы «07» желтоқсан

№ 529 қаулысымен бекітілді


«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Бөлімнің мемлекеттік орган мәртебесі бар.

3. Бөлімнің құрылтайшысы Курчатов қаласы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып табылады.

4. Бөлімнің уәкілетті органы Курчатов қаласының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

5. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Шығыс Қазақстан облыстық әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

6. Бөлімнің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Курчатова Восточно – Казахстанской области».

7. Бөлім туралы Ереже Курчатов қаласының әкімдігімен бекітіледі.

8. Бөлімнің штат санының лимиті мен құрамы Курчатов қаласының әкімдігімен бекітіледі.

9. Бөлім жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылады.

10. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы Тәуелсіздік көшесі 4.


^ 2. БӨЛІМНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ


11. Бөлім Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді.

12. Бөлімнің оқшауланған мүлкі, дербес балансы, мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық органдарында есеп – шоттары бар.

13. Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

14. Бөлім заңнамаларға сәйкес өкілетті болған жағдайда, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқылы.

15. Бөлім басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ құрылтайшы бола алмайды.

16. Бөлім өз міндеттемелері бойынша өзінің басқаруындағы ақшаларға жауап береді.

17. Бөлім мемлекеттік тапсырыстың толықтай орындалуы, оған жедел пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің сақталуы үшін жауапкершілік алады.


^ 3. БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


18. Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

1) аймақтағы саяси жоспарлауды ұйымдастыру, ішкі саясаттың барлық саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

2) аймақтағы қоғамдық – саяси жағдайды болжау, талдау және оған мониторинг, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктер қызметін ұйымдастыру, басқару шешімдерін қабылдау үшін тәжірибелік ұсыныстар шығару;

3) аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, оны өткізуге мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) қызметін үйлестіру;

4) үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін үйлестіру, мемлекеттік билік органдарымен әріптестік ету және өзара қарым – қатынасты ұйымдастыру, өңірдегі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде ҮЕҰ тарту, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

5) гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарушы билік органдарының жұмыстарын үйлестіру;

19. Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) қалада ішкі саяси мәселелер бойынша мемлекеттік органдар жұмысын стратегиялық, мерзімді, жедел және арнайы жоспарлау, ішкі саясат саласындағы бірыңғай өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлейді және келіседі;

2) ақпараттық – идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық – саяси жұмыстар кешенін ұйымдастыру үшін жылсайынғы және тоқсансайынғы бірқатар саяси маңызды шараларды құрады;

3) қала әкімінің жұмыс кестесін құруға қатысады;

4) мемлекеттік ішкі саясаттың, Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Президенттің Қазақстан халқына Жолдаунының, әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының негізгі басымдықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды әзірлеудің жұмысын үйлестіруге қатысады;

5) жергілікті атқарушы органдармен қарым – қатынасты ұйымдастырады;

6) концептуалды құжаттарды әзірлеуге, бөлімнің құзырына енетін мәселелер бойынша әкім шешімдері мен өкімдерін, әкімдік пен әкімнің акт жобаларын әзірлеп сараптауға қатысады;

7) ішкі саясат мәселелері бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларды әкімгерлеуді қамтамасыз етеді;

8) әкімшілік мемлекеттік бос қызмет лауазымына конкурстар өткізу жөнінде конкурстық комиссия қызметін; Бөлім мамандарына аттестация өткізу үшін аттестациялық комиссияны; еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссияны; тәртіптік комиссияны ұйымдастырады;

9) құжаттардың уақтылы және сапалы түрде орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер – Министрінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер – Министр Кеңсесінің тапсырмаларын, Премьер – Министр, министрліктер мен ведомстволардың, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының Жарғылары мен өкімдерінің, Мемлекеттік бағдарламалар мен Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша іс – шаралардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырады;

11) Бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына ақпараттық материалдарды ұсыну кестесіне сәйкес мониторинг және талдау ұйымдастырады, сондай-ақ сол ақпараттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

12) қала әкімі, Шығыс Қазақстан облысытық Ішкі саясат басқармасы үшін ішкі саясат мәселелері бойынша талдау материалдарын, мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады. Маңызды саяси жағдайлар, сондай-ақ қоғамдық - саяси саладағы, мемлекеттік органдардың ақпараттық – насихаттық және идеологиялық жұмысындағы, діндердегі, әлеуметтік қысым ошақтарындағы және т.б. жағдайлардың өзгеруі туралы басшылықты уақтылы ақпараттандырады;

13) саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық – саяси қозғалыс, діни ұйымдар, тәуелсіз ғылыми – зерттеу орталықтары, қоғамдық ой деректерінің компьютерлік базасын құрастырады және жедел режимде ұстайды;

14) Бөлім құзырына енетін мәселелерді сапалы түрде өңдеу үшін кезеңдік баспаның, анықтамалықтың және өзге де әдебиеттің тақырыптық материалдарын құрастырады;

15) ішкі саяси үдерістерді, өңірдегі қоғамдық көзқарас жағдайын, азаматтардың сайлаушылардың көңіл – күйін, мемлекеттік органдар жұмысын жан – жақты зерделеп, талдау жасайды;

16) ішкі саясат саласындағы жағдайлар мен іс-қимыл жоспарын есепке ала отырып, өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық талдаулық жұмысын медиа – жоспарлауды үйлестіреді және жүзеге асырады;

17) өңірлік БАҚ қызметін, олардың заңнамалардың сақталу жағдайына, лицензиялық шарттардың орындалу жағдайына мониторингті жүзеге асырады;

18) өңірлік БАҚ-та ақпараттық саясатты өткізу үшін мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруды ұйымдастырады;

19) мемлекеттік органдардың өңірлік БАҚ – мен өзара әрекетін үйлесітіреді және ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдардың қызметін жариялау бойынша БАҚ- мен мақсатты іс – шаралар дайындайды және өткізеді;

20) Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық топтардың қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық – түсіндіру топтарының жұмысын үйлестіреді;

21) мемлекеттік органдардың ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады, ақпараттық – насихаттық сұрақтар бойынша семинар – тренингтер, сабақтар өткізеді;

22) Қазақстан Республикасының ҮЕҰ мемлекеттік қолдау Тұжырымдамасына сәйкес ҮЕҰ – мен өзара қарым – қатынасты жүзеге асырады;

23) өңірдегі қоғамдық үдерістерді демократизациялауға бағытталған өңірлік ғылыми – тәжірибелік шараларды дайындайды және өткізеді;

24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Бөлім негізгі тапсырмалар мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте құқылы:

1) мемлекеттік орган құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомствосына қарасты мекемелерден және лауазымдық тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;

2) құзыры аясында ведомствосына бағынышты мекемелердің міндетті орындау лары үшін актілер (бұйрықтар) шығаруға;

3) ведомствалық мекемелердің бұйрықтарының бір бөлігін тоқтатуға немесе толықтай күшін тоқтатуға;

4) өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға, аталған мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

5) өз құзыры шегінде ведомствосындағы мекемелерді, оларды ұстауға және мемлекеттік тапсырыс төлеміне бөлінген бюджеттік қаражаттардың дұрыс, тиімді жоспарлануын, орналасуын және жұмсалуын тексеруге;

6) қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты, сондай – ақ мемелекеттік органның құзыры шегінде мемелекеттік және өзге де бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сала аралық және аймақ аралық үйлестіруді жүзеге асыруға;

7) осы ережемен, қолданыстағы заңнамалармен және бекітілген келісім – шарттармен белгіленген құзыры паясында басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен өзінің қарым – қатынасын құруға;

8) заңнамалға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.


^ 4. БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР

МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІПТЕРІ


21. Бөлімнің құрылтайшы құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.


^ 5. БӨЛІМНІҢ МҮЛКІ

22. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

Мүлік құрылтайшыдан қабылданып алынған мүліктер есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ Бөлімнің балансында құны көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.

23. Бөлім өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз еркінше басқаруға немесе өзге тәсілдермен иеленуге құқылы емес.

24. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.


^ 6. БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


25. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Курчатов қаласының әкімі лауазымға тағайындайтын және одан босататын бастық басқарады.

26. Бөлім бастығы өз қызметінде Курчатов қаласының әкіміне және Бөлім қызметінің мәселелерімен айналысатын қала әкімінің орынбасарына толықтай бағынышты.

27. Бөлім бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ Бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына, әрі өз қызметінің жүзеге асуына жеке жауапкершілік алады.

28. Бөлім бастығының және Бөлімнің қызметін қамтамасыз ететін, техникалық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептемегендегі мамандардың мемлекеттік қызметкерлер мәртебесі бар.

29. Бөлім бастығы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес:

1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің міндеттемелері мен

өкілеттіктерін белгілейді;

  1. бөлім қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады және

оларды көтермелейді;

  1. барлық жұмысшыларға міндетті бұйрықтар шығарады және

тапсырмалар береді;

  1. Бөлім актілеріне қол қояды;

  2. Келісім – шарттар бекітеді;

  3. Банкте есеп айырысу шоттарын ашады, қаржылық тәртіптің сақталуына жауапкершілік алады;

  4. Бөлімді барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға

таныстырады;

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына

сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.


  1. БӨЛІМДІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ


30. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.


«Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының ішкі

саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Н.Утенкова








Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты»
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі әкім аппараты)...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі уақытша бос әкімшілік лауазымға орналасуға ( ішкі саясат бөлімінің бас маманы е-r-4 санатына,
Е-r-4 санатына, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы мерзіміне 1 бірлік лауазымдық еңбек ақысы қызмет еткен жылдарына...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетік мекемесі туралы ереже
...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм (бұдан әрі – Бөлім)...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ереже «ШҚо курчатов қаласының қаржы бөлімі»
Республикасының Заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, облыс әкімдерінің өкімдері мен шешімдері,...
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі жөнінде Ережесі Жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі»
Шектік заңмен қарастырылған, сауда, туризм, шағын және орта кәсіпкерлік, өнеркәсіп әлеуетін дамытуда, индустриялық – инновациялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы