Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon

Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы



НазваниеКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Дата конвертации28.12.2012
Размер211.7 Kb.
ТипДокументы
источник






Курчатов қаласының

2011-2015 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық

даму болжамы


Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай - әлеуметтік –экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік –экономикалық даму болжамына әлеуметтік параметрлер болжамы, бес жыл кезеңіне арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен беталыстары, бюджет саясатының негізгі бағыттары, қалалық бюджет болжамы, және де бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің 2011-2013 жылдарға арналған болжанған шығыстар көлемі кіреді.

Әлеуметтік –экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлері жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу үшін негізі болып табылады.


^ Экономиканың даму беталысы


Ақырғы жылдары қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтандырылды және өсімнің нақты беталысы бар.

Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп өндірісінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, бірақта айта кету керек, қаладағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының даму жағдайы бүгінгі күннің және келешектің талаптарына сәйкес келмейді.

2009 жылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1068,2 млн. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 13,6 % қысқарды.

Қаланың тау-кен өнеркәсібінде ұсақ тастар өндіру «Дегелен Семей тау» ЖШС және «Қаражал» флюоритивті кенді қайта өңдеу кен байыту фабрикасына ұсынылады. 2009 жылы тау кен саласында 634,6 млн. теңге сомасында өнім өндірілді, ол болса 2008 жылдың деңгейінен 7,6 % төмен.

2009 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 117,7 млн. теңге сомасында өнім өндірілді.

Электрмен жабдықтау, газ беру және ауаны кондициялауда 2008 жылға 12,8 % өсімімен 245,6 млн. теңге сомасында өнім өндірілді, су жабдықтауда: канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндірістік қызмет 70,2 млн. теңгеге көрсетілді, 2008 жылдың деңгейінен 15,8 % өскен.

2009 жылғы қаланың өнеркәсіп өндірісінің құрылымы келесідегідей: тау кен өнеркәсібінің үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 59,4 %, өңдеу өнеркәсібінде - 11 %, электрмен жабдықтау, газ беру және ауаны кондициялауда - 23 %, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 6,6 % құрайды.

2009 жылы толықтай өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 43 % құрады, алайда тау кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 154,5 % құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімін 2 шаруа қожалықтары және 55 жеке қосалқы шаруашылықтар жүзеге асырады. Қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындар жоқ.

Негізгі етті өндіретін екі шаруа қожалықтары болып табылады (66,8%). Тұрғындардың үй шаруашылығында сүт пен жұмыртқаны өндіреді. 2009 жылы үй шаруашылығында 72,7 % сүт, 56,6 % жұмыртқа өндірілді.

2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі 168,9 млн. теңгені құрады, 2008 жылдың деңгейінен 8,1 % төмен.

Өсімдік шаруашылығының өнімі 113,7 млн. теңгені құрайды, өткен жылға қарағанда өсу қарқыны 106 % құрайды. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2008 жылға қарағанда 27,8 % қысқарып, 55,2 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру құрылымында өсімдік шаруашылығының үлесі 67,3 % алады, жалпы нақты өндірістен 32,7 % мал шаруашылығы алады.

2009 жылы 2,7 % ірі қара мал басының, 18 % қой мен ешкінің, 45,7 % шошқа, 5,9 % жылқы басының 4,2 құстың санының ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда көбеюі байқалады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3329,5 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 33,4 % көбейді.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында 63,9 % -республикалық бюджет қаражаты, 28,1 % - кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаттары, 2,0 % - жергілікті бюджет қаражаты, 3,5 % - шетел қаражаты, 2,5 % - несие қаражаттары ең үлкен көлемді алады.

Пайдалану бағыты бойынша ең үлкен салмақты жылжымайтын мүлік, жалға беру және тұтынушылар қызметін ұсыну инвестициялары - 80,9 % (2693,3 млн. теңге) алады, өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар 10,5 % (350,0 млн. теңге) құрайды.

2009 жылы қалада барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын ғимараттың жалпы алаңы 228 шаршы метр пайдалануға берілді.

2009 жылы қаладағы экономикалық даму тұрақтылығы негізгі әлеуметтік қорғау көрсеткіштеріне ықпалын тигізді.

Сонымен, 2009 жылы аз қамтылған азаматтардың саны 2008 жылға қарағанда 3,4 % қысқарды және 230 адамды құрады.


Азаматтар және аз қамтылған отбасыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен, және де заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен көмектің әр түрлері көрсетілді.

Азаматтар мен аз қамтылған отбасыларын қолдауға 2009 жылдың ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен, 2008 жылға қарағанда 1% жоғары 5086,1 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мекенжай әлеуметтік көмек алушылардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 1 % азайды.

2009 жылы аз қамтылған отбасыларының балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлемі үшін 1126,0 мың теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде 846,0 мың теңге – республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінді. Жәрдемақының бұл түрін 139 бала бар, 79 отбасы алды. 18 жасқа дейін жәрдемақы алатын балалар саны 2008 жылмен салыстырғанда 6 % көбейді. Тұрғын үй көмегін 168 отбасы алды, 2008 жылға қарағанда 5 % жоғары. Жәрдемақы мөлшері орташа 1459,33 теңгені құрады, 2008 жылдың көрсеткішінен 44 % жоғары.

Қалада Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 5/73-IV (әрі қарай – жұмыспен қамту бағдарламасы) шешімімен бекітілген, 2008-2010 жылдарға арналған тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

2009 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көмегімен тұрақты жұмысқа – 503 адам орналастырылды. Жоспардан 136,8 % немесе 426 жұмыс орындары (Жол картасы есебінсіз) құрылды.

2009 жылы кәсіптік оқу орындарының бітірушілері үшін «Жастар практикасы» бағдарламасы әрі қарай жалғасуда, оған 12 адам қатысты, 2009 жылға жоспарланған жоспарға 100 % сәйкес келеді.

2009 жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 34 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды, жоспардан 2 % жоғары.

Кәсіптік оқудан, біліктілікті көтеруді қайта оқудан 30 жұмыссыздар өтті. Бұл көрсеткіш 2008 жыл деңгейінен 50 % жоғары.

Жұмыспен қамту бағдарламасымен 2009 жылы жұмыссыздар үшін қоғамдық төленетін жұмыстарды ұйымдастыру қарастырылды және 2009 жыл деңгейіне 172,4 % немесе нақты 202 жұмыссыздар қатысты.

2010 жылдың басынан қала экономикасында оң динамика байқалады. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 46,7 % өсті, оның ішінде тау кен - 56,7 %, өңдеу - 42,5%.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңіне 19,4 % ұлғайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі капиталға инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,3 есе өсімімен 2876,0 млн. теңгені құрады.

Жалпы алаңы 4347 шаршы метр тұрғын жай ғимараттары пайдалануға берілді.


Болжам бойынша 2010 жылғы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,5 % өседі, соның ішінде тау кен - 53,5%, өңдеу - 6,4 %.

Бағасы бойынша 102,0% құрайтын ұсынылатын транспорт қызметінің көлемін ұлғайту болжамдалды.

Тұтынушылар сұранысын қайта құру бағасы 18,7% деңгейінде анықталатын сауда көлемінің өсіміне ықпалын тигізеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4,3 % өсімімен 176,2 млн. теңгені құрайды.

Барлық санаттағы шаруашылықтарда 5 % өсімімен 121,1 тонна ет (тірі салмақта), 7,5% өсімімен 700 тонна сүт өндіріледі, жұмыртқа – 46,6 мың дана, өсімі - 1,3% болады. Мал басы мен құс өсімі 0,2%-дан 4 %-ға дейін өседі.

Негізгі капиталға инвестициялар 2009 жылдың деңгейіне 3,1% көбейеді. Жалпы алаңы 8,0 мың шаршы метр тұрғын жай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Кедейшілік шегінен төмен тұратын тұрғындардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 10,9% қысқарады немесе 205 адамды құрайды.

Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 350 жаңа жұмыс орындары құрылады, 580 адам жұмысқа орналастырылады, қоғамдық жұмыстарға – 160 адам, кәсіптік дайындыққа және қайта даярлауға 37 адам, жастар практикасына – 17 адам жолданады.

^ Факторлары және экономиканың даму жағдайлары


Аймақтың экономикасы ортамерзімді кезеңде бүкіл әлемдік экономикалық жүйе беталысына тәуелді болмайды.

Ең негізгі міндеттері бәсекеге қабілетті өндіріс үшін алдағы қол жеткізген ғылым мен техниканың есебімен, өндірісті техникалық және технологиялық жетілдіру болып табылады.

Бүгінгі күні қалада «Ядролық технологиялар паркі» технопарк саласын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол алдағы уақытта Ортаазиялық аймақта ядролық физика негізінде жоғары технологиялар орталығы болады.

Технопаркті құру мақсаты Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуына көмек көрсету, ядролық және оған жақын технологияларды дамыту үшін заманауи инфрақұрылымды құру, ғылыми өндірісті құру, нарыққа жоғары технологияны әзірлеуді қамтамасыз ету, оны өнеркәсіп өндірісіне ендіру болып табылады.

Қала экономикасының индустриалды сектордағы негізгі міндеті болып базалық өнеркәсіп қондырғыларын құру және жоғары технологиялық өндіріс базасында оларды дамыту, және де іске асырылып тұрған өндіріс есебінен өнеркәсіп түрдегі қызметті және өнеркәсіп өндірісі көлемін кеңейту болып табылады.

Экономиканы әртараптандыруға және шикізат емес саланы дамытуға 2010-2014 жылдарға арналған ел экономикасын индустриалды-инновациялық дамытатын мемлекеттік бағдарламасы көмек көрсетеді, оған Курчатов қаласы бойынша төрт инвестициялық жобалар енді.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту жаңа өндірістерді құру есебінен және кеңейту, жұмыс істеп тұрғандарын жаңашалау есебінен жоспарланды.

Ауыл шаруашылығын дамытуда 2015 жылға дейінгі кезеңде негізгі мақсаты өндіріс өнімінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету және соның негізінде аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Өсімдік шаруашылығында ең басты міндеті тұрғындарды картоппен және көкөністермен қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін картоп пен көкөністер өсетін алаңды ұлғайту қажет. Бұл міндетті орындау үшін 2011 жылы көкөніс шаруашылығы бригадасын құру жоспарланды.

2015 жылы картопты 2,0 мың тоннаға дейін және көкөністерді 0,3 мың тоннаға дейін өндіру жоспарланды.

Мал шаруашылығын дамытуда 2015 жылға дейін етті (тірі салмақта) 133,1 тоннаға дейін, сүтті 850,1 тоннаға дейін, жұмыртқаны 51,3 мың данаға дейін жылдық деңгейде өндіру жоспарланды. Ет өндіру 2010 жылдың бағасымен 9,9 % өседі, сүт 21,4 %, жұмыртқа 10,1% өседі.

2015 жылдың аяғында ірі қара мал басының саны 2010 жылдың бағасымен 8,1% кюбейеді және 1,0 мың басты құрайды, қой мен ешкі– 3,0 мың басты (10,3% өсімімен), жылқы – 0,5 мың басты (14,3% өсімімен), шошқа – 0,2 мың басты (24,3% өсімімен), құстар – 0,8 мың басты (9% өсімімен) құрайды.

Табиғатты қорғау кешенін іске асыру 2015 жылға дейінгі кезеңде қоршаған ортаны қорғау ортасының сапасын тұрақтандыру үдерісіне ықпалын тигізеді. Бұл шаралардың ішіне канализацияны тазалау имараттары құрылысы бойынша, тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтарының полигоны, № 4 қазандықты қайта жаңарту, ағынды сулар мен атмосфераны тазалау технологиясын жетілдіру, технологиялық қондырғыларды, циклондарды, қазандықтарды және күл жинағыш қондырғыларын қайта жаңарту және ауыстыру бойынша іс шаралар енеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жағынан дағдарысқа қарсы дамуға өтуге және экономикадағы дағдарыс жағдайларының алдын-алуға жолданған, дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау және іске асыру нәтижесінде, адамдардың әлеуметтік жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштерді жақсарту күтілуде.

Жұмысқа орналастырылатын азаматтар санының беталысы тұрақтандырылады және жыл сайын орташа 300 адамды құрайтын болады.

Аз қамтылған азаматтар санының көрсеткіші беталысы төмендетіліп және 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 0,9% төмендейді.

Өмірдегі ең қиын жағдайда болған азаматтарға (босатылғандар, басқа да себептермен) мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіншілік жасалады.

Болжамдалған кезеңде әлеуметтік саланы дамыту (білім, мәдениет, спорт) экономикалық тұрақтылықты сақтау жағдайында, инфляцияны ұстау және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдық бағыттары бойынша бюджеттік инвестицияларды жоғары деңгейде сақтап, жақсы инвестициялық жағдайды тудырғанда жүзеге асырылады.


^ Мақсатты индикаторлары және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы


Өнеркәсіп өнімі көлемінің өсімі жыл сайын 5 % ұлғайтылатын болады, соның ішінде тау кен өнеркәсібі - 6,%, өңдеу өнеркәсібі 5,0 %, электрмен жабдықтау, газ беру және ауаны кондициялауда 3,0 % ұлғаятын болады.

2011-2015 жылдары жұмыссыздық деңгейі 4,2 %-ға дейін төмендету жоспарланды.

Жұмысқа орналастырылатын азаматтар санының беталысы тұрақтандырылады және жыл сайын орташа 500 адамды құрайтын болады.

Аз қамтылған азаматтар санының көрсеткіші беталысы төмендетіліп және 2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 7,2% төмендейді.


Үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамы


2007-2009 жылдарда Қазақстанның салықтық-бюджеттік саясаты басымдық емес шығыстарды қысқарту арқылы бюджеттің шығыс салмағын төмендетіп, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін жүзеге асырып, және де қаржы секторын тұрақтандыру бойынша шараларды енгізіп, жылжымайтын нарық мәселелері шешімі енгізіліп, ел экономикасының дүние жүзілік және қаржылық дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауға жолданған.

Шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекет және ұлттық холдингтер күштерімен жүзеге асыруға аса назар аударылған.

Көрсетілген мерзімде нақты тікелей мемлекеттік жоспарлауға сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыратын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар басталды: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардағы стратегиялық міндеттер – тактикалық міндеттері – іс шаралар – ресурстары – бюджет.

2010 жылы қаланың алдағы уақытта дамуы үшін негізін құру, жұмыссыздықты болдырмау және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған, әлеуметтік мәселелерді шешу саласында ертеде қабылданған шараларды жүзеге асыру жүргізілуде.

Алдағы ортамерзімді кезеңдегі бюджеттік саясат теңестірілген бюджетті қамтамасыз етуге, экономикаға оң жағдай туғызатын, бюджеттік қаражат көлемі және шараларды анықтау негізінде құрылады.

2011-2015 жылдардағы салық саясатының негізгі бағыттары мемлекеттік функциялардың толық орындалуын қамтамасыз ететін және экономиканың негізгі бағыттарының дамуын ынталандыратын, салықтардың әлеуметтік-маңыздағы функцияларын нығайту қажеттілігі есебімен, міндеттерін шешуге жолданады:

Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты, салықтық әкімшілікті жетілдіру;


Қазақстан Республикасындағы халықаралық салық салу жүйесін жетілдіру.

Салықтық заңнамасын жетілдіру бойынша жоғарыда аталған міндеттерді шешу жақсы инвестициялық жағдай туғызуға, елдер арасындағы бос капиталдың келуі және халықаралық бәсекелестікті күшейту жағдайында шикізат емес экономика секторындағы бизнесті дамытуға ынталандыруға, бәсекелестікті дамытуға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және тұрғындардың экономика жағынан белсенділігін өсіруге ықпалын тигізеді.

Мемлекет қабылдаған міндеттер мен жаңа мүмкіншіліктерді жүзеге асыру фискалды салмақтың ұлғайтылуын қажет етеді.

Ортамерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдаланып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен қарастырылған, жақсы нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен туындаған, бюджетті әзірлеу және орындау арқылы мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижесін көтеруге бағытталған.

Бұл мақсатта 2011 жылы тиімділік және нәтижелік индикаторларына негізделген, бюджетті қалыптастыру және орындау жүйесі енгізіледі, және де астана, республикалық маңыздағы қала, облыстағы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі енгізіледі, ол болса тиімділік көрсеткіштері мен ақырғы нәтиже, тура көрсеткіштерге қол жеткізуді талдау, қызмет ететін саладағы/аймақтағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесін анықтайды.

2011-2013 жылдарға арналған қаланың кіріс бюджеті Қазақстан Республикасы салық кодексінің ережесі және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есебімен ортамерзімді кезеңге арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдалған параметрлері негізінде анықталды.

Кірістер есебінде мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік басқару қызметкерлерінің еңбек ақысы 2011 жылдың 1 шілдеден 30% көтеруге, еңбек ақы мөлшеріне (кірістер 250 мыңға дейін - 10%, 250 мың теңгеден жоғары - 15%, 500 мың теңгеден жоғары — 20% ) қатысты жеке табыс салығын есептеу бойынша прогрессивті шкаланы 2011 жылдан бастап Қазақстанда ендіру жоспарланғанға және 2011-2013 жылдары ең төмен еңбек ақы мөлшерінің көбеюіне байланысты жеке табыс салығының ұлғаюы есепке алынды.


млн. тенге

^ Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Кірістер

554,6

590,5

588,0

Салықтық түсімдер

507,0

539,8

583,0

Салықтық емес түсімдер

3,6

3,3

3,3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

1,7

1,7

1,7

Трансферттер түсімі (субвенциялар)

42,9

45,7

0



Бюджет түсімдері көлемінің 2011-2013 жылдарға арналған болжамы ағымдағы жағдайды талдау және өткен жылдардағы түсімдердің макроэкономикалық көрсеткіштері динамикасының болжанған параметрлері негізінде құралған.

^ 2011-2013 жылдарға арналған меншік кірістер түсімінің болжамы





Жергілікті бюджет болжамы


Үш жылғы кезеңге арналған

млн. теңге

^ Тіркеу нөмірі

Көрсеткіштер атауы

2010 жыл (баға)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

Түсімдер

526,1

554,6

590,5

588,0

2

пайызбен

0,052%

0,054%

0,056%

0,054%

3

Кірістер

525,7

554,6

590,5

588,0

4

Салықтық түсімдер

476,9

507,0

539,8

583,0

5

Салықтық емес түсімдер

4,8

3,6

3,3

3,3

6

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

4,7

1,7

1,7

1,7

7

Трансферттер түсімі (субвенциялар)


39,2

42,9

45,7

0

8

^ Бюджеттік несиені өтеу

0

0

0

0

9

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

2,4

0

0

0

10

Несиелер түсімі

0

0

0

0




шығыстар (нысаналы трансферттерсіз)

537,0

554,6

590,5

588,0




^ Нақты өнімге пайызбен

0,052%

0,054%

0,056%

0,054%




Шығыстардың номиналдық өсімі, %

127,5%

114,6%

106,5%

99,6%




Тапшылық

0

0

0

0




Нақты өнімге пайызбен

0

0

0

0



Бюджеттік параметрлер және әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің болжамына 1 қосымша


^ Бюджеттік параметрлер және әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің болжамы



^ Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

бағасы

Болжам










2011

2012

2013

2014

2015

Нақты сектордың көрсеткіштері

1

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, өткен жылға %-бен

104,3

101,8

101,3

101,6

104,2

102,9

2

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылға, %-бен

138,5

105,1

105,2

105,3

105,4

105,6

3

Тау-кен өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі өткен жылға, %-бен

153,5

106,0

106,1

106,2

106,3

106,4

4

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі және карьерлерді әзірлеу өткен жылға, %-бен

106,4

105,0

105,1

105,2

105,3

105,4

5

Электр энергияны, газ бен суды өндіру мен бөлуде, ауаны кондициялауда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі өткен жылға, %-бен

125,8

103,0

103,1

103,2

103,3

103,4

6

Құрылыс, өткен жылға %-бен

102,4

103,0

104,0

104,0

105,0

105,0

7

Транспорт қызметі өткен жылға, %-бен

102,0

102,5

103,0

103,5

104,0

104,5

8

Сауда қызметі өткен жылға, %-бен

118,7

110,1

110,2

110,5

110,6

110,7




^ Төлем тепе-теңдігінің көрсеткіштері

9

Негізгі капиталға инвестициялар, %-бен

103,1

103,2

103,8

104,4

105,1

105,7




Әлеуметтік сала көрсеткіштері

10

Экономика жағынан белсенді тұрғындардан %-бен жұмыссыздық деңгейі



4,5

4,4

4,4

4,3

4,3

4,2


Бюджеттік параметрлер және әлеуметтік-экономикалық даму негізгі көрсеткіштерінің болжамына 2 қосымша


^ Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлері бойынша үш жыл мерзімге арналған болжамдалған шығындар көлемі

мың. теңге

^ Бюджеттік бағдарламалар әкімгері

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5




БАРЛЫҒЫ

554573,0

590474,0

587987,0

112

Қаланың мәслихат аппараты

13000,0

14396,0

14895,0

122

Қаланың әкім аппараты

55560,0

56340,0

58211,0

451

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

34959,0

39228,0

40956,0

452

Қаланың қаржы бөлімі

13802,0

15044,0

14842,0

453

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

5600,0

6362,0

6494,0

455

Қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

38650,0

43684,0

44724,0

456

Қаланың ішкі саясат бөлімі

7398,0

8151,0

8335,0

458

Қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі

50085

53532,0

55338,0

463

Қаланың жер қатынастары бөлімі

5490,0

6172,0

6320,0

464

Қаланың білім бөлімі

273227,0

307642,0

313738,0

466

Қаланың сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

50333,0

33117,0

17299,0

475

Қаланың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

6469,0

6807,0

6835,0



Похожие:

Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЛисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат 2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1251 27 тамыз 2009 ж. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаудың Ережесін бекіту туралы»
Республикасының даму болжамы және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен Қазақстан...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЗайсан ауданының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconКурчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Курчатов қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы»
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЗайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Туралы қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЗайсан адунының 2013 -2015 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы