Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ icon

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ




Скачать 58.39 Kb.
НазваниеТүйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ
Дата конвертации26.01.2013
Размер58.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік.

Жұмағалиева Қ.Қ.

«№1қазақ орта мектебі»ММ

Ұзартылған күн тобы тәрбиешісі.


ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН ТОБЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.


Бастауыш сынып оқушыларын субъект ретінде қалыптастыруда оқу әрекетімен бірге ұзартылған күн тобы да айтарлықтай орын алады.Өйткені оқушының психикалық және тұлғалық қасиеттері сабақтан тыс уақытта да қалыптасады. Оқу әрекетінде және ұзартылған күн тобында оқушының өзіне,басқа адамдарға,қоғамға қарым-қатынасы қалыптасу арқылы оқу әрекетінің субъектісі бола алады. «Субъект» түсінігі адамды білу әрекетінің көзі ретіндегі категория. Бұл категория адамның өзіне, айнала қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасын білдіреді. Оқу әрекетіндегі субъект – осы әрекеттегі саналы өзіндік даму қабілеті жоғары қалыптасқан адам.Адамның субъектілік қасиеті тұлғаның дамуымен,оның өнімді шығармашылық әрекетінен көрінеді. Субъект ұғымы ерте қалыптасып, зерттелінген ұғымдардың бірі.№1қазақ орта мектебі субъект туралы төмендегі анықтаманың негізінде жұмыс істейді. Субъект – іс атқарушы, ойлап жасаушы, әрекет етуші.(қазіргі астаналық педагогтың терминологиялық сөздігі, интернет)

Ал, субъектілік қасиеттерін зерттеген ғалымдар: Г.И.Аксенова, М.Г.Ермолаева,В.В.Горшкова,Н.К.Сергеев. Мен басқа мектеп мұғалімдері сияқты Н.К.Сергеев тоқталған субъект қасиеттерін қалыптастыруға жұмыс істеймін. Олар:

  • Міндетті түсіну және қабылдау

  • Өзбетімен жұмыс істеу

  • Рефлексияға қабілеттілік

  • Белсенділік

  • Прогностикалық қабілет: өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, білімін көтеру

  • Көзқарастың тұрақтылығы

  • Өзін-өзі түзету

Оқушы субъектілігін дамытудағы ұзартылған күн тобы қызметіне тоқталсам... Қазіргі заманда ата-аналар отбасыларының әл-ауқатын қамтамасыз етуді өздерінің негізгі міндеті ретінде қарастырып,уақыттарының айтарлықтай бөлігін істеріне жұмсаған кезінде ,балаларының өмірін ұйымдастырудың ең озық түрі ретінде олардың интеллектуалды дамуы мен рухани өсуі үшін ұзартылған күн топтарының таңдаулары күмәнсіз жайт.

ҰКТ – сабақтан кейін мектепте арнайы тәрбиешінің бақылауы мен басқаруындағы балалар үшін ұйымдастырылған ұжымды білдіретін жиынтық ұғым.1950-1960 жылдары ұзартылған күн тобы алғаш құрылса,1970 жылдары ұзартылған күн топтары туралы алғашқы еңбектер жарық көре бастады. Ұзартылған күн тобында:

  • бала тұлға ретінде қалыптасады;

  • баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі;

  • бала үнемі педагогикалық қарауда болады.

ҰКТ – балаға деген мектептің тәрбиелік ықпалының өлшемсіз мүмкіндігі, бірақ ол тек ҰКТ жоғары деңгейде ұйымдастырылған және режиммен ұсынылған барлық мүмкіндіктер қолданылған жағдайда ғана жүзеге асады.ҰКТ-ның жұмыс істеу жағдайы мектебімізде дұрыс жолға қойылған.Олар:

  • Топқа сынып бөлмесінің берілуі;

  • Мектеп жиһазының талапқа сай болуы;

  • Демалыс орнының болуы;

  • Ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі (2 рет);

  • Топтың білікті педагог маманмен қамтамасыз етілуі;

Ұзартылған күн тобындағы оқушылардың жасына ,бір сыныпта оқуына байланысты құрылымы да әртүрлі болады.Оны төмендегі кестеден көруге болады.

1-кесте




Мен жұмыс істеп отырған топ аралас топқа жатады Өйткені онда бір жастағы,бірақ әр сыныптың балалары қатысады.

Ұзартылған күн тобының негізгі міндеттері:

  • Оқушылардың сабаққа өзіндік даярлығын қамтамасыз ету.

  • Олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

  • Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы белсенділігін көтеру.

Бұл міндеттер оқушының субъектілігін дамытуды көздейді.

ҰКТ тәрбиешісінің міндетіне келсек, баланы ойынмен айналдыру емес, оның бос уақытында дене, интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететіндей шаралар ұйымдастыру болып табылады. Сонымен бірге оқушыларды уақытында тамақтандыру және тамақтың сапасын қарау да тәрбиеші міндетіне кіреді.

ҰКТ оқушыларының жұмысын ұйымдастыруда үй тапсырмасын сапалы орындау мақсатында өзіндік даярлыққа қажетті жағдай туғызылып отырады.
Өзіндік даярлық – мұғалімнің тапсырмасын орындату мақсатында ҰКТ оқушыларының күнделікті оқуын ұйымдастыру.Өзіндік даярлықты ұйымдастыруда келесі факторларды ескеремін.Олар:

  • Пән бойынша оқушының даярлық деңгейі;

  • Әр оқушының жеке және психологиялық ерекшелігі;

  • Балалардың қызығушылығы мен икемін білу.

ҰКТ тәрбиешісі өзіндік даярлық барысында:

  • Жалпы үй тапсырмасын орындатады;

  • Жекелей, жұппен, топпен, жұмыс түрлерін жүргізеді;

  • Үзілісті ұйымдастырады;

  • Оқушылардың даярлық деңгейіне журналға баға қояды.

ҰКТ жұмысының режиміндегі маңызды талап оқушылардың сабақ және сабақтан тыс әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

Күн режимі – тәулік бойы демалу мен әрекет түрлерінің уақытпен дұрыс бөлінуі. Күн режимі әр мектептің оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалады. Ақыл-ой, еңбек және демалу, спорт сабақтарын кезектесіп келеді.Күн режиміне қойылатын гигиеналық талаптар:

  • Тамақтандыруды ұйымдастыру;

  • Таза ауада болу;

  • Тазалық жұмысы;

  • Қысқа үзілістер;

Мен жұмыс істейтін топта төмендегідей күн тәртібі бойынша жүргізіледі.

2-кесте

Күн тәртібі
1 сынып

Уақыты

Мазмұны

12.15-13.00

Таза ауада серуендеу

13.00-13.05

Оқушыларды қабылдау, тазалық жүргізу

13.05-13.35

Сауат ашу пәні бойынша өзіндік даярлық

13.35-14.05

Түскі ас

14.10-14.40

Математика бойынша өзіндік талдау

14.40-15.10

Дамытушылық шаралар

15.10-15.50

Басқа пәндер бойынша даярлық

15.50-16.50

Таза ауада серуендеу

16.50-17.00

Жұмыс орындарын реттеу, үйге қайтуға әзірлік


ҰКТ тәрбиешілерінің жұмыс нәтижесі оқушылардың білім сапасының өсу динамикасынан,нашар оқитын оқкшылардың білім деңгейлерінен, олардың тұлғалық дамуынан,тәрбиелік деңгейлерінен, достық,ынтымақтастық қарым-қатынастарынан көрінеді.

Сонымен бірге тәрбиеші төмендегі ғылым негіздерін меңгеруі тиіс.

  • Педагогика

  • Жас ерекшелік психологиясы

  • Гигиена талаптары

  • Құқықтану негіздері

  • Өнертану

  • Дене шынықтыру

  • Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру

  • Балалар әдебиеті

  • Ақпараттық технология

Ұзартылған күн тобының жұмысының тиімділігі көбінесе баланың мектепке деген көзқарасына,топқа бару ынтасына байланысты.Жағымды көңіл-күй баланың физикалық және өнегелік денсаулығының ,оның оқудағы және еңбектегі табыстарының кепілі.Сондықтан оқушы субъектілігінің қалыптасуына бағытталған төмендегі шараларды ұйымдастырамын. Музыкалық сабақта күй,халық әндерін тыңдап, олар туралы аңыз-әңгімелермен танысамыз. Музыкалық сабақтың аты «Ән-күй әлемінде» деп аталады.Оқушының субъектілігін дамытудағы келесі сабақ «101жұмбақ,1001 мақал». Аталған сабағымыз сайыс түрінде ұйымдастырылып,оқушылардың белсенділігі,таңдау мүмкіндігі ,өзіне жауапкершілігі,өзін дамыту сияқты субъектілік қасиеттерін ашуға пайдасы зор. Аптасына 1 рет кітапханамен байланыста «Ертегілер әлемінде» деп аталатын оқырмандар сабағын өткіземін.Бұл сабақта оқушылар әр халықтың ертегілерімен танысады.Оларды топта,жұппен талдап,ертегі мазмұны арқылы көзқарас қалыптасу сияқты субъектілік қасиеттері дамиды. Ал «Жануарлар әлемінде» атты үйірме сабағында олар өздерін қызықтырған жануарлар туралы мәлімет жинақтап,зерттеуге үйрене бастайды.Сөйтіп жоғарыдағы аталған жұмыс түрлері балалардың субъектілігінің қалыптасып,дамуына өз үлесін қосады.


Қолданылған әдебиеттер:


1.Примерное полпжние о группе продленного дня общеобразовательного учреждения//интернет//

2.Н.А.Касаткина Учебно-воспитателные занятия в группе продленног дня.-Волгаград:Учитель,2005

3Жесткова Н.А.Психолго-педагогические условия развития субъектной позиции первоклассника:диссертация...Самара,2004.

4.Ивашова А.Сотрудничество.Программа социального тренинга для дошкольников и младших школьников //Школьный психолог,2003.line 21

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТүйінді сөздер: сто технологиясы,ақпараттық технология,оқушы субъектісі
ОҚушының субъект ретінде қалыптасуындағы сто және ақпараттық технологисының маңызы

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconБілім беру ортасын субъектілік басқару- бәсекеге қабілетті субъект
Ойын арқылы шығармашылықты, ойлау қабілетін дамытудың –субъектілік белсенділікке әсері

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру шарты

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТүйінді сөздер: оқушы портфолиосы,оқушы субъектілігі. Дарыбаева Р.Қ
Мұғалім міндетті түрде ықпал объектісін ғана көріп қоймай, жасаған ықпалының нәтижесін де көргені абзал. Н. К. Сергеев тоқталған...

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconБілім беру ортасын субъектілік басқару. Бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру
ОҚушылардың Өзіндік даму дағдысын жетілдіру негізінде субъект ретінде қалыптастыру

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТүйінді сөздер:әлеуметтік қызмет,субъект,оқушы субъектілігі. Чуматанов А. М
Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі...

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТүйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио
Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің...

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТүйінді сөздер: дамыта оқыту технологиясы, оқушы субъектісі, субъектінің компоненттері

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconАқпараттық коммуникативтік технология негізінде зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру арқылы белсенді субъект қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру. Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге...

Түйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы