Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
страница3/5
Дата конвертации03.12.2012
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5
Жол-көлiк қауiпсiздiгi

      Мақсаты: жол-көлiк жарақаттанушылығы мен одан болатын өлiм-жiтiмдi төмендету.

      Негiзгi мiндет: халық пен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2 898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету.
      2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14 788 адам) 8 %-ға, 2015 жылға қарай 10 %-ға қысқарту.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар
      Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк роликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейiн арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауiптi учаскелердi жою жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлiк оқиғаларының (бұдан әрi - ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлiк жүйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда.

      ^ Төтенше жағдайлар кезiндегi шұғыл медициналық-құтқару көмегi

      Мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.

      Негiзгi мiндетi: табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ кезiнде шұғыл медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейiн және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн төмендету (2009 ж. - 26%);
      келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсетудiң басталуын ЖКО туралы дабыл келiп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейiн қысқарту.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар
      Кәсiптiк медициналық авариялық-құтқару құралымдарын құруды және жарақтандыруды қоса алғанда, апаттар медицинасы қызметiн материалдық-техникалық жарақтандыруды жетiлдiру арқылы төтенше жағдайлар кезiнде шұғыл медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн ұйымдастыру: Алматы - Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару пунктiн (бұдан әрi - ТМҚП) және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трассасының қазақстандық бөлiгiнде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы қызметiн аэромобильдi госпитальмен жабдықтау; апаттар медицинасы қызметiн көп бейiндi ұтқыр госпитальмен жабдықтау; ТЖ қызметiнiң медицина және құтқару құрылымдарын санитариялық тiкұшақтармен және реанимобильдермен жарақтандыру.

      ^ Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы

      Мақсаты: пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету.

      Негiзгi мiндеттер:
      қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi — ҚАЖ) мекемелерiнде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру;
      пенитенциарлық жүйе контингентiн туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесi бойынша ақпараттандыруды арттыру.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      түрмедегi 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшiн 2013 жылы 643-ке дейiн, 2015 жылы 642,9-ға дейiн (2009 жылы - 643,9) төмендету;
      1000 адамға шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлiм-жiтiмдi 2013 жылы 2,89-ға дейiн және 2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы - 2,91) төмендету;
      2015 жылға қарай сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың таралу деңгейi 5 %-дан аспауы тиiс.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар
      Тергеудегi және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру мақсатында жоғары деңгейдегi ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi) бiрiншi басшыларын енгiзу жоспарлануда.
      ҚАЖ мекемелерiнде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмектi жақсарту үшiн мыналар жоспарлануда: қажеттi медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерiн материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейiн арттыру; пенитенциарлық жүйенiң туберкулезге қарсы мекемелерiне күрделi жөндеу жүргiзу; медициналық және медициналық емес бейiн мамандары үшiн кәсiби стандарттарды әзiрлеу.
      Туберкулездiң, АИТВ/ЖИТС-тiң таралу мәселелерi бойынша пенитенциарлық жүйедегi адамдар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмысы үшiн мыналар жоспарлануда:
      туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөнiндегi ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату;
      ҚАЖ медициналық қызметiне тартылған медициналық және медициналық емес бейiн мамандары үшiн ақпараттық-әдiстемелiк сүйемелдеудi қамтамасыз ету;
      пенитенциарлық жүйедегi адамдар арасында әлеуметтiк мәнi бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк қызметкерлерi мен психологтарды тарту.
      Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын iске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету бағдарламаларын жүргiзу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды iздестiру және емдеудi жалғастыру тетiктерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленетiн болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiндегi наркологиялық жағдайдың мониторингi мен бағалау жүйесiн құру жоспарлануда.

      ^ Аса қауiптi инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрi - КҚГҚ) профилактикасы

      Мақсаты: халықтың КҚГҚ-мен сырқаттанушылығын төмендету.

      Негiзгi мiндетi: кенеге қарсы iс-шаралар кешенiн жоспарлы түрде және уақтылы өткiзу.

      Нәтижелер көрсеткiшi: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын деңгейде ұстау.

      Қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар
      КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиiстi профилактикалық шаралар кешенi жетiлдiрiлетiн болады, оның барысында эндемиялық өңiрлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өңдеу жүргiзу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елдi мекендердiң айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда.
      Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жүргiзудiң бiрыңғай әдiснамасын әзiрлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсiндiру жұмысын күшейту жөнiндегi iс-шаралар жалғасатын болады.

5.2. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру

      Бағдарлама шеңберiнде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара iс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазiргi заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту, кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiру, неонаталдық технологияларды белсендi енгiзу жоспарлануда.
      Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектiкке және өлiм-жiтiмге алып келетiн ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, олардың жас, физиологиялық ерекшелiктерiне және ДДҰ ұсынымдарына негiзделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенi әзiрленедi және енгiзiледi.
      Осы бағдарламаның шеңберiнде негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулездi, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндiк ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндiрiстiк жарақаттар, күйiктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдiстерi жетiлдiрiлетiн болады. Көрсетiлген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесiнде алынған:
      таралуы жоғары және тез өрбитiн, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бiрiншi орындарды алады;
      өлiм-жiтiм және мүгедектiкке шығу себептерi құрылымында елеулi үлесi бар;
      ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмiр сүру сапасын төмендетедi, функциялық белсендiлiгiн шектейдi) және жағымсыз нәтиженiң жоғары ықтималдығы;
      бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiне елеулi әсер ету.
      Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесiнiң айтарлықтай артуының күтiлiп отырған үрдiсiн ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетiлдiрiлетiн болады.

      Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрi нығайту және негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттардың деңгейiн төмендету.

      Негiзгi мiндеттер:
      1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту;
      2) аурулардың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасына тәсiлдердi жетiлдiру, скринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру;
      3) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру;
      4) егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру.
      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейiн (2009 ж. - 36,9) төмендеуi;
      ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға щаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн (2009 ж. - 29,2) төмендеуi;
      мүгедектiкке бiрiншi рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейiн, 2015 жылға қарай 28-ге дейiн (2009 ж. - 29,4) төмендеуi;
      қанайналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейiн (2009 ж. - 416,4) төмендеуi;
      онкопатологиядан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейiн, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейiн (2009 ж. - 112,7) төмендеуi;
      туберкулезден өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейiн, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейiн (2009 ж. - 12,9) төмендеуi;
      жарақаттанушылықтан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 94,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейiн (2009 ж. - 108,4) төмендеуi;
      15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегiнде ұстау.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар
      1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейдi:
      1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрi - АБДС) қызметi ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектiң және БМСК деңгейiнде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын, қолжетiмдiлiгiн және сабақтастығын арттыру:
      қазiргi заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердiң туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтiк бағдарламаларын жетiлдiру;
      ғылыми дәлелдi медицина негiзiнде әзiрленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа бiткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгiзу;
      денсаулықты және толыққанды өсудi, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейiнде ерте жастағы балаларды (дамудың туа бiткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтудi және қадағалауды жетiлдiру;
      АБДС ұйымдарының қызметiнде сапаны үздiксiз арттырудың қазiргi заманғы әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу;
      АБДС қызметi ұйымдарында медициналық көмектiң мониторингi, бағалау және сабақтастық тетiктерiн жетiлдiру;
      ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру;
      балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;
      отбасында ерте жастағы балалардың өсуi мен дамуына оңтайлы күтiмдi қамтамасыз ету жөнiнде халықтың бiлiмдерiн арттыру;
      мектеп жасындағы балаларға, әсiресе ауылдық жерлерде медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсетудi жақсарту;
      медициналық көмектi психологиялық қолдаумен, жасөспiрiмдердiң құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын жасөспiрiмдер қызметiн дамыту;
      АБДС қызметiн ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
      2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнiнде тиiмдi тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу:
      отбасын жоспарлау, оның iшiнде әйелдердi гравид алды (жүктiлiкке дейiн) дайындау, отбасын жоспарлау жөнiндегi ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негiзiнде) әзiрлеудi қамтитын қауiпсiз ана болуы, жасөспiрiмдер мен жастардың қауiпсiз жыныстық тәрбиесi жөнiнде қызметтер көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектiң барлық деңгейiн отбасын жоспарлау жөнiндегi консультация беру дағдыларына оқыту;
      дәлелдi медицина негiзiнде ұрпақты болу жүйесi аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудiң, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және енгiзу;
      денсаулықтың гендерлiк көрсеткiштерiн статистикалық есепке алуды жетiлдiру.

      2. Аурудың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасы жүйесiн кринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру төмендегiлердi болжайды:
      1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу:
      халықтың нысаналы топтары үшiн жыл сайын жалпы халық санының кемiнде 30 %-ын қамти отырып ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенiн әзiрлеу және енгiзу;
      БМСК деңгейiнде СӨС-тi ынталандыру тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу;
      2) профилактикалық iс-шаралардың қолжетiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету:
      дәрiгерге дейiнгi (SСОRЕ) және дәрiгерлiк скринингтiң халықаралық тиiмдi әдiстемелерiн енгiзу;
      нысаналы топтардың ерекшелiктерiне сәйкес профилактикалық тексерудi жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелерi бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру;
      3) диспансерлiк байқау үшiн халықаралық стандарттарды және тиiмдi тәсiлдердi енгiзу:
      дәлелдi медицинаға негiзделген диспансерлiк байқау жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу;
      созылмалы ауруы бар науқастарға, оның iшiнде мүгедектерге (ересектер мен балалар) диспансерлiк бақылау әдiстемесiн жетiлдiру;
      4) профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу:
      өткiзiлетiн профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      шығындардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу және әзiрлеу.

      3. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру:
      1) диагностикалау мен емдеудiң кешендi бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу:
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау мен емдеудiң халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдiстемелерiн енгiзу;
      ТМККК шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтiң тiзбесiн кезең-кезеңiмен кеңейту;
      ТМККК-ге енгiзiлген дәрiлiк заттардың тiзбесiн кеңейту;
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу;
      денсаулық сақтау жүйесiне арнайы әлеуметтiк жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгiзу;
      әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердiң мониторингiн жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың аталған науқастар контингентiн, оның iшiнде мүгедектердi емдеудегi iс-қимылын үйлестiру;
      аталған науқастар контингентiнiң бiрыңғай ақпараттық базасын құру;
      2) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды оңалтуды жетiлдiру:
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердi, оның iшiнде мүгедектердi оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдiстемелерiн енгiзу (медициналық, әлеуметтiк, психологиялық оңалту);
      науқастарды оңалту бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу;
      3) науқастарға паллиативтi көмек көрсетудi жетiлдiру:
      паллиативтi көмек көрсетудi және мейiрбикелiк күтiмдi қажет ететiн науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеу;
      дәрiгерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтiк қызметкерлерге арналған паллиативтi көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзiрлеу және енгiзу.

      4. Егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру:
      егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтiк, психологиялық мына аспектiлерiн кешендi шешу, ол мыналарды қамтиды:
      нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу және жетiлдiру;
      дәлелдi медицина негiзiнде егде және кәрiлiк жасындағы пациенттердi диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзiрлеу және жетiлдiру;
      медицина персоналына, оның iшiнде ұйым деңгейiн ескере отырып әлеуметтiк қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiк стандарттарын, жүктеме нормативтерiн әзiрлеу;
      геронтологиялық және гериатриялық көмектiң тиiмдiлiгiн бағалау (индикаторлар) жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.

^ 5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру

      Бағдарламаның шеңберiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қазiргi заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестiру бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн жетiлдiру және одан әрi енгiзу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
      Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу бойынша iс-шаралар жалғасатын болады.
      Халыққа профилактикалық егулер жүргiзудiң ұлттық күнтiзбесiн одан әрi жетiлдiру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгiзiледi.
      Бағдарламаның шеңберiнде тамақ өнiмдерiнiң, қоршаған орта объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тиiмдi жүйесi құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның iшiнде аса қауiптi инфекцияларды жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшiн аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желiсi ұйымдастырылатын болады.
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдiстер енгiзу жоспарлануда.

      Мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

      Негiзгi мiндеттер:
      1) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру.
      2) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң инновациялық бағыттылығын дамыту.

      Нәтижелер көрсеткiштерi:
      100 мың адамға шаққанда обамен сырқаттанушылықты кемiнде 0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау;
      100 мың адамға шаққанда қызылшамен сырқаттанушылықты 0,08-0,1 деңгейде ұстау;
      жiтi В вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейiн төмендету (2009 ж. - 5,4);
      жiтi А вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейiн төмендету (2009 ж. - 67,0);
      балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5 %-ға, 2015 жылға қарай 95 %-ға дейiн ұлғайту;
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерi органдарының жоспарлы тексерулерiнiң санын жыл сайын 2 %-ға төмендету, 2015 жылы - 256 100 тексеру.

      Қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар
      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру шеңберiнде мыналар көзделедi:
      көлiктегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды жүргiзу;
      қалалық және аудандық деңгейдегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыру жүргiзу;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн одан әрi енгiзу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
      кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтiң стандарттарын үйлестiру;
      стандарттарды қазiргi заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтiру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер);
      қызметтi стандарттау тетiктерiн жетiлдiру (әзiрлеу, бекiту, мониторинг, енгiзу, тиiмдiлiктi бағалау).

      2. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
      1) инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды көздейдi:
      денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiне инфекциялық бақылау жүйесiнiң халықаралық стандарттарын бiрлесе отырып енгiзу;
      эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралар жүргiзу алгоритмдерiн және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негiзiнде тексеру алгоритмдерiн жетiлдiру;
      егу күнтiзбесiне пневмококк инфекциясына қарсы балаларға вакцина егудi енгiзу;
      жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 аймақтық вирусологиялық зертхана және мамандандырылған зертханалар желiсiн ұйымдастыру;
      2) инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды қамтиды:
      Халықтың кәсiптiк ауруларының мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастыру;
      кәсiптiк патологиялық қызметтi одан әрi дамыту;
      медициналық емшаралардан өту кезiнде пациенттердiң сәулелiк жүктемелерiн бақылау жүйесiн енгiзу.
      3) өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ол мыналарды көздейдi:
      халықаралық талаптарға сәйкес өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылаудың халықаралық стандарттарын енгiзу;
      тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi зертханалық қызметтi дамыту, оның iшiнде:
      - ДСҰ талаптарына сай келетiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi мамандандырылған зертханалар құру;
      - елiмiзде сатылатын темекi бұйымдарының қауiпсiздiгiн токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен республикалық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру;
      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу.

      3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң инновациялық бағыттылығын дамыту үшiн:
      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндiрудi кеңейту және жаңғырту;
      санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазiргi заманғы технологияларын әзiрлеу және енгiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      мыналарды:
      - зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеудi;
      - санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi;
      - санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесiн енгiзудi көздейтiн санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдiстерiн енгiзу жоспарлануда.

1   2   3   4   5



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов