Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген icon

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген




Скачать 135,43 Kb.
НазваниеЖаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации28.10.2012
Размер135,43 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /КАЗ Стратегический план НОВЫЙ.doc
2. /Приложение 1 каз.doc
3. /Приложение 2 каз.doc
4. /Приложение 3-1 каз.doc
5. /Приложение 3-2 каз.doc
6. /Приложение 3-3 каз.doc
7. /Приложение 4 каз.doc
8. /Приложение 5 каз.doc
9. /Приложение 6 каз.doc
10. /Приложение 7 каз.doc
Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштері
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсатының мемлекеттің стратегиялық мақсатына сәйкес келуі
Бюджеттік бағдарламаның үлгiсі
Бюджеттік бағдарламаның формасы
Бюджеттік бағдарлама формасы
Қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарлама
Бюджеттік шығындар жиынтығы
Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндет және бюджеттік бағдарламалардың шығындарын бөліп беру
Стратегиялық бағыттар, мақсат, міндет және бюджеттік бағдарламалардың шығындарын бөліп беру



Жаңақала аудан әкімдігінің

2009 жылы 25 желтоқсандағы

311 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары





Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің миссиясы мен көрінісі







Ағымдағы ахуалды талдау







Ішкі саясат бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, дамуының стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары







Бөлімнің функционалдық мүмкіндіктері және мүмкін болатын тәуекелдері







Нормативтік-құқықтық негіз







Бюджеттік бағдарламалар






I. МИССИЯ ЖӘНЕ КӨРІНІС


Ішкі саясат бөлімінің миссиясы қоғамдық демократиялық институттарды нығайту және дамыған ақпараттандырылған ортаны қалыптастыру арқылы қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.


Ішкі саясат бөлімінің көрінісі аймақта ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және жастарды елдің әлеуметтік –экономикалық дамуына тарту.

II. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ


Қазіргі уақытта аудандық ішкі саясат бөлімімен аудан әкімі және ауылдық округ әкімі аппараттары, қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды талдау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын уақытылы анықтау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен әріптестігін дамыту бойынша жұмыс жасақталған, мемлекеттік саясаттың мызғымастық, тұтасты бейнесін, тұрақты және позитивтік қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған аудан тұрғындарын ақпараттандыру жөніндегі көпдеңгейлі жүйе жасақталған.

Мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыстарының нәтижесінде жалпы алғанда, аймақта қоғамдық-саяси жағдай қалыпты деңгейде сақталуда, аудан тұрғындары жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдайды.

Сондай-ақ 2008 жылы шілдеде ішкі саясат саласында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған жаңа міндеттер аталған салада жұмыстарды ұйымдастыруда жаңаша көзқарасты талап етеді. Кейінгі жылдарда әлемдік дағдарыстың еліміздің экономикасына және қаржылық жүйесіне әсер етуімен байланысты тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйінің қалпы әлсіреуінің мүмкіндігі туындайтындықтан, жергілікті орындарда қоғамдық-саяси ахуалы мониторингісінің негізгі бағыттарын қайта қарауды талап етеді.

Сонымен қатар Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ-ге төрағалық етуімен байланысты қоғамды демократизациялаудың одан әрмен қарай үрдісін және алдағы болатын ел Президентін, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауына байланысты әртүрлі саяси күштердің жандандыруын ескеру қажет.

Осыған байланысты ішкі саясат бөлімінің жұмысы бірқатар беталыстармен шарттанатын болады.

Біріншіден, ел дамуының жаңа сатысында жалпыұлттық идеялар мен міндеттерді ескере отырып құрылады: 2009 жыл – Әлем діндерінің съезді, «Нұр Отан» ХДП 10-жылдығы, 2010 жыл — Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуі, 2011 жыл — қысқы Азиялық ойындар өткізілуі.

Екіншіден, соңғы жылдарда республиканың медиа-нарығында байқалатын бәсекелестіктің күшеюі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын аймақтық масс-медиалардың бәсекеге қабілеттілігін әрмен қарай арттыруды талап етеді.

Үшіншіден, соңғы жылдарда елдегі әлеуметтік шиеленістердің көбеюі, қоғамдық-саяси, этносаралық және конфессияаралық жағдай мониторингінің белдеулеріне, аймақтағы саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдарының қызметін бақылауға өзгерістер енгізуді талап етеді.

1. Қазақстан халқы бірлігін және ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғам бірлігін әрі қарай нығайтудың қажеттілігі

Саланың жағдайы.

Ауданымызда «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы, ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық «Жаңарған өңір» газеті бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді.

Саланың жетістіктері мен табыстары.

Қызығушылық танытқан құрылымдармен бірлесіп жергілікті жерде қоғамдық-саяси ахуал мониторингі, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау мен ескерту сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жүйесі қалыптастырылды.

Қоғамдық саяси, этносаралық және конфессияаралық ахуалды зерттеу үшін, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік рәміздерге қарым-қатынасын, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөнінде тұрғындардың ақпараттану дәрежесін анықтау үшін, жастар мәселесі, саяси күштердің орналасуы жөнінде тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Тұрғындарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен жаңа стандарттарға сәйкес ауыстыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін әртүрлі «диалог алаңдары» қолданылады:

- аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және бірлескен іс-қимыл жөніндегі Кеңес;

- аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес;

- аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес;

- «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық Кеңес.

Аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары жасақталып, жүзеге асырылуда:

- 2008-2010 жылдарға арналған Жаңақала аудандық ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасы;

- 2008-2010 жылдарға арналған Жаңақала аудандық жастар саясатының аймақтық бағдарламасы;

- 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды арттыру бойыынша Бағдарламасының іс-шаралар жоспары.

Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы негізгі басымдықтар бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары жасалды.

Саланы қаржыландыру

-2009 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 10 млн. 985 мың теңге жоспарланса, 2010 жылға – 12 млн. 209 мың теңге, 2011 жылға – 13 млн. 792 мың теңге, 2012 жылға – 14 млн. 474 мың теңге жоспарланды.

Саланың ағымдағы және келешектегі проблемалары

Оның өзіндік себептері халықтың жекелеген бөліктерінің жұмыссыздыққа ұшырауы салдарынан жағдайының нашарлауы, негізгі азық-түлік тағамдары мен қызметтер құнының өсуі және т.с.с. жалпы әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыстың экономикаға, бүкіл елдегідей ауданға да әсерін тизігіп отыр.

Кейбір діни ұйымдардың белсенді іс-қызметтері байқалып, ол дәстүрлі конфессиялық жолды ұстаушылардың әртектес кертарпалығын тудыруда.

Осыған орай, аталған проблемаларды шешуде келешекте атқарылатын істердің қатары анықталды:

  • «Диалог алаңдары» мен ақпараттық-насихаттық іс-шараларды дамыту арқылы барлық мақсатты топтар мен жалпы қоғамды мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеру қажет;

  • Жалпықазақстандық патриотизмді одан әрі қалыптастыру және елдің даму мақсаты айналасында аудан тұрғындарын топтастыру;

  • Қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешу ісінде үшінші секторды қатыстыруды кеңейту қажет;

  • Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу, конфессияаралық төзімділікті нығайту және сақтау.


2. Аймақтың ақпараттық кеңістігінің даму деңгейі

Инфрақұрылымның жағдайы


2009 жылдың 1-ші қаңтарына ауданда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

БАҚ-ның іс әрекеті қоғамдық-саяси тақырыпты қамтиды.

Аудан аумағында «Қазақстан» РТРК АҚ, «Хабар», «Еларна» телерадиохабарлары таратылады.

Қаржыландыру

2007 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге аудандық бюджеттен 3 млн. 601 мың теңге, 2008 ж. – 3 млн. 711 мың теңге, 2009 ж. –5 млн. 090 мың теңге бөлінді.

Саланың ағымдағы және перспективалық проблемалары

1. Қазақстандықтар арасында әлеуметтік оптимизімді қалыптастыру аясында мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін:

- аймақтық БАҚ-ның мемлекеттің даму Стратегиясы және мемлекет тарапынан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мақсатында өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты ақпараттық демеу жұмыстарын кеңейту және оның сапасын арттыру;

- журналист қауымы тарапынан этикалық нормалар мен ақпарат саласындағы заңдардың сақталуын, БАҚ-дың құқықтық мәдениетін арттыруын қамтамасыз ету қажет.

2. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін:

- мемлекеттік БАҚ-ды ұйымдастырушылық және кадрлармен қамтамасыз ету мақсатындағы шараларды қолға алу (кадрлардың біліктілігін арттыру, БАҚ-мен мақсатты шаралар дайындап, өткізу, оның ішінде танымал журналистердің қатысуымен өтетін журналистердің кәсіптілігін арттыратын мектептер, семинар-тренинг пен мастер-кластар ұйымдастыру);

- мемлекеттік БАҚ-ды әртарапты модернизациялау (БАҚ-ның сапалық деңгейін арттыру, интернет қорлар мен масс-медиадағы web-сайттардың бар болуы) қажет.

3. Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерінің жүзеге асуы толық қамтамасыз етілмеген.

Сала инфрақұрылымының жағдайы

Жаңақала ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 6,1 мың адамды құрайды.

Жастардың әлеуметтенуі мен өзекті проблемаларын шешуде белгілі бір роль ойнайтын «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелген. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуде консультативтік-кеңесші орган мәртебесі берілген жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңес пен жастардың ресурстық орталығы жүзеге асырады.

Саланың жетістіктері мен табыстары

Ауданда 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама аясында жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Нәтижесінде жастардың әлеуметтік-құқықтық бастамаларын жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалған; жастардың әлеуметтік маңызды инициативалары іске асырылуда; жастар арасында қазақстандық патриотизм деңгейі көтерілді.

Жастардың проблемаларын шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік маңызды жобалар конкурсы өткізіліп отырады.

Қаржыландыру

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2008 жылы – 1 млн. теңге, 2009 жылы – 1 млн. 500 мың теңге бөлінсе, 2010 жылы – 1 млн. 620 мың теңге қаржы бөлінеді.

Саланың қазіргі және перспективалы проблемалары

Жастар арасындағы өзекті проблемалар ретінде сапалы білім алу, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылу мәселелері қала береді.

Жастар саясатын жүзеге асыруда кадрлық, ғылыми, ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз. Аудандық деңгейде жастар саясатын жүзеге асыру және үйлестіру жұмыстарымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, жергілікті жерлерде ауылдық округ әкімінің аппараты ішкі саясат мәселелері жөніндегі маманы айналысады. Халықаралық жастар тәжірибе алмасулары дамымаған.

Бұл проблемаларды шешу үшін қажетті:

1. Жастарды дамыту және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту үшін жағдайлар жасау;

2. Жастарды азаматтық белсенділік, қазақстандық патриотизм, рухани және интелектуалдық даму деңгейін арттыру;

3. Жастар бірлестіктері қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.

III. Қызметтің стратегиялық бағыттары, Ішкі саясат бөлімі дамуының стратегиялық мақсаттары мен нысаналы шешуші өлшемдері.


1. Аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

2. Аймақтағы ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

3.Жастардың дамуына жағдай жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі ісіне белсендіріп тарту.

IV. Басқарудың әрекеттік мүмкіндіктері мен ықтимал қиындықтар.


Дамудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға ықпал ететін ішкі саясат бөлімінің әрекеттік мүмкіндіктері мыналар:

1. Қазақстандық қоғамды демократияландыру бойынша елімізде жүргізіліп жатқан реформалар;

2. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына жауапты құрылымдардың болуы;

3. Үкіметтік емес ұйымдармен (Ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы) ынтымақтастық.

Бөлімнің Стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін мына бағыттардағы бірқатар тактиқалық міндеттерді міндеттерді шешу қажет:

І. Аудандық ішкі саясат саласындағы басқару құрылымын одан әрі дамыту мен кадрлардың мамандығын жоғарлату:

  • ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына жауапты құрылымдар арасындағы байланысты нығайту, ауылдық (кенттік) округ әкімі - қалалық (аудандық) ішкі саясат бөлімі - ішкі саясат басқармасы тікелей қарым – қатынас ұстау;

  • электрондық құжат айналымына (электрондық үкімет) 100 пайыздай көшу;

  • бөлімді өзіне тән емес атқарушы функциядан босату;

  • ауылдық округ әкімі аппараттарындағы ішкі саясат мәселелері жөніндегі мамандарға тиісті бағдарлама, жоба мен стратегиялық бойынша мақсатты көрсеткіштерге жету үшін жауапкершілік жүктеу;

  • қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру, бөлім мақсаттарының төнірегіне топтасу жөніндегі шаралар алу;

IІ. Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қоғамды тартып, жұмылдыру :

  • аудан, ауылдық округ әкімдіктері жанындағы түрлі кеңес, комиссиялардың жұмысын жандандыру, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін шаралардың тиімділігін арттыру;

  • Ішкі саясат бөлімі өз қызметінде мақсатқа қол жеткізуге бірқатар қмындықтар пайда болуымен кездесуі мүмкін.


Мүмкін болатын қауіп-қатерлер мен оларды жою жолдары

Қиындықтар

Мазмұны

Қарсы тұру шаралар

Сыртқы

Макроэкономикалық

Саланы мемлекеттік қаржыландыру көлемінің төмендеуі

1. Болмашы маңызды бар шығындарды қысқарту

2.Бөлінген бюджеттік лимиттерді мерзімінде игеру үшін басқарудың ұтымды технологиясын енгізу

Ішкі

Мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарының жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдары мүдделігінің болмауы

Стратегиялық жоспардың нысаналы өлшемдері мен міндеттері көрсеткіштеріне қол жеткізе алмау

1.Ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысына мониторинг жүйесі мен бақылаудын енгізу.

Салалық

Қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері мен басқарма бөлімдерінің тиімсіз жұмысы

Бөлім жұмысына бақылау мен мониторинг жүйесін күшейту

Ведомствовалық бағынышты ұйымдардан кадрлардың кетуі



Қызметкерлердің қызметтіқ өсу тетіктерін жасау


V. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі №56-IV Конституциялық Заңы

  3. 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан - 2030» Елбасының халыққа арналған Жолдауындағы 2030-ға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы

  4. 2008 жылғы 6 ақпандағы «Халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты және 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Елбасының халыққа арналған Жолдаулары

  5. 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  6. 2002 жылғы 15 шілдедегі №344 «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  7. 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  8. 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  9. 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  10. 1992 жылғы 15 қаңтардағы №1128-ХІІ «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  11. 2006 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген №593 Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы

  12. 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  13. Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (2007 жылғы 5 желтоқсандағы №1185 ҚР Үкіметінің Қаулысы)

  14. 2006 жылғы 13 қазандағы №995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

  15. 2006 жылғы 25 шілдедегі №995 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы

  16. 2006 жылғы 30 қыркүйектегі №995 ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспары

  17. 2006 жылғы 18 тамыздағы №163 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы

  18. 2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл Ел» бағдарламасы (2007 жылғы 16 қазандағы №958 ҚР Үкіметінің Қаулысы)

  19. 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы (2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1260 ҚР Үкіметінің Қаулысы)

  20. Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №1216 Қаулысы)

  21. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қолдау жөніндегі 2008 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы №530 Қаулысы

  22. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарєа арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы №516 Қаулысы

  23. Батыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған жастар саясатының аймақтық бағдарламасы (2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4-26 Батыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімі)

  24. Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4-27 Батыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімі)

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген icon2009 жылғы 19 ақпандағы аудан әкімдігінің №20/2 қаулысымен бекітілген Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде айтылған сұрақтар мен өтініштерді орындауға арналған іс-шаралар
Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconКазталов аудан әкімдігінің 2011 жылғы № қаулысымен бекітілген
Пайымдау және кіріспе бет

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconБаянауыл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы «Баянауыл ауданында 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» №51/3 қаулысы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы...

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconКачир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы
Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XIX сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы “2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы”...

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconКачир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы
Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XIX сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы “2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы”...

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы № қаулысымен бекітілген

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconҚаратөбе аудан әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген icon«2009 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №3 санды қаулысы Қарауыл ауылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«2009 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №3 санды қаулысы

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconАудан әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген
«Мүгедектерге сурдо-тифлоқұралдар мен міндетті гигиеналық құралдар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconАудан әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жаңақала аудан әкімдігінің 2009 жылы 25 желтоқсандағы №311 қаулысымен бекітілген iconҚостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы №593 қаулысымен бекітілген
Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне жету

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы