Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы icon

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы



НазваниеМедициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы
страница3/3
Дата конвертации31.01.2013
Размер361.78 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3
Мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін анатомиялық кемістіктердің тізбесі

      1. Мүгедектіктің бірінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
      1) екі қолдың буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
      2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;
      3) екі көздің де толық көрмеуі.
      2. Мүгедектіктің екінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
      1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері:
      біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;
      біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;
      екі қолдың буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы;
      екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы;
      қолды иық буынынан кесіп тастау;
      2) екі аяқтың анатомиялық кемістіктері:
      Шопар бойынша табан тұқылдары;
      тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау;
      жамбас санды буыннан кесіп тастау;
      протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің кесілуі;
      екі аяқтың жіліншіктің немесе санның буынының протезделген кесілген тұқылдары;
      3) аяқ-қол анатомиялық кемістіктерінің өзге де ақаулармен және аурулармен ұштасуы:
      тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі;
      бір қолдың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі;
      бір аяқтың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі.
      3. Мүгедектіктің үшінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
      1) қолдың тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:
      біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;
      біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;
      тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы;
      тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы;
      екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы;
      бір қолдың кесілген тұқылы;
      айқын білінетін контрактура (буындағы қозғалыс көлемі 10 градусқа дейін) немесе функционалдық қолайсыз қалыптағы (60 градустан кем немесе 150 градустан артық) немесе ең шеткі супинациядағы немесе ең шеткі пронациядағы жағдайда білектің қозғалуы кезіндегі шынтақ буынының анкилозы;
      резекциядан кейінгі иықтың немесе шынтақтың бос буыны;
      жедел емдеуге болмайтын болса, иықтың немесе білектің екі сүйегінің жалған буыны;
      анкилоз немесе біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың немесе біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың функционалдық қолайсыз жағдайдағы айқын білінетін контрактурасы (қозғалыстың 5-8 градус шегінде шектелуі);
      2) аяқтың және омыртқаның тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:
      Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
      Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екі жақты тұқылдары;
      аяқтың 10 және одан да көп сантиметрге қысқаруы;
      айқын білінетін контрактура немесе жамбас-сан буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан артық және 150 градустан кем);
      тізе буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан кем);
      жедел емдеуге келмейтін санның немесе тізенің екі сүйегінің жалған буыны;
      резекциядан кейінгі жамбас-санның бос буыны;
      айқын білінетін контрактура немесе табанның ақаулы қолайсыздығымен қоса, тізе-табан буынының анкилозы немесе екі тізе-табан буынының анкилозы;
      операциялық араласу нәтижелері тиімсіз болғандағы жамбас-сан буынының туа біткен немесе пайда болған шығып кетуі;
      түзету операциясын жасауға болмайтын IV дәрежедегі кифосколиоз;
      ығысқан және ішкі органдардың анық білінетін функционалдық бұзылған қабырғалар анық майысқан IV дәрежедегі сколиоз;
      3) басқа да туа біткен және пайда болған кемістіктер мен аурулар:
      егер протездеу шайнауды қамтамасыз ете алмаса, операциялық емдеуге жатпайтын жақтың немесе қатты таңдайдың кемістіктері;
      кеңірдектің болмауы салдарынан тұрақты канюля киіп жүру;
      есту протезін қою мүмкін болмағанда IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі құлақтың кереңдігі, керең-мылқаулық, екі құлақтың кереңдігі (90 дБ астам);
      бір көздің толық көрмеуі немесе бір көздің болмауы;
      гастрэктомия;
      тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі пульмонэктомия;
      тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда 5 және одан көп қабырғаның резекциясымен торакопластика;
      гипофизарлы нанизм, остеохондропатия, аласа бойлылықты остеохондродистрофия (әйелдер үшін - 130 см-ден төмен, ерлер үшін - 140 см-ден төмен);
      қол буынының немесе қолдың сал болуы, аяқтың сал болуы, едәуір трофикалық бұзылған екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі: иық буынының гипотрофиясы - 4 см-ден жоғары; білек - 3 см-ден жоғары; сан - 8 см-ден жоғары; сирақ - 6 см-ден жоғары.

Медициналық-әлеуметтiк  
сараптама жүргiзу     
ережесiне 4-қосымша    

^ Мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін берілетін медициналық айғақтардың тізбесі

      1. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
      1) созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінің III дәрежесі;
      2) өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің III дәрежесі;
      3) гемиплегия, гемипарездің едәуір немесе айқын білінетін айқындалған түрі;
      4) параплегия, төменгі парапарездің айқындалған түрі;
      5) триплегия, трипарездің айқындалған түрі;
      6) тетраплегия, тетрапарездің айқындалған түрі;
      7) айқын білінетін атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
      8) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
      9) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
      10) аяқтардың туа біткен кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы;
      11) паркинсонизм, акинеттік-регидті түрі.
      2. Серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз етілетін медициналық айғақтар:
      1) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
      2) параплегия, төменгі парапарездің айқын білінетін түрі;
      3) триплегия, трипарездің айқын білінетін түрі;
      4) тетраплегия, тетрапарездің айқын білінетін түрі;
      5) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
      6) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
      7) аяқтардың туа біткен даму кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы;
      8) қан айналымының III дәрежедегі созылмалы жеткіліксіздігі.
      3. Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
      1) бір аяқтың сал болуы немесе өте айқын білінетін парезі;
      2) параплегия, аяқ парапарезінің айқын білінетін түрі;
      3) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
      4) аяқтардың тромбо-облитерация ауруларының күре тамырларының созылмалы жеткіліксіздігінің ІІІ-ІV дәрежесі;
      5) аяқтардың көк тамыр ауруларының созылмалы жеткіліксіздігінің ІІІ-ІV дәрежесі;
      6) бір аяқтың немесе екі бірдей аяқтың кемінде 2 ірі буынының қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бітуі;
      7) Шарп әдісі бойынша екі табанның бірдей келтелілігі (табан сүйектерінің басын кесіп тастау) және екі табанның одан да жоғарырақ келте болуы;
      8) аяқтың балтырдан келте болуы және аяқтың одан да жоғары кесілуі;
      9) жамбас пен сан буындардың кейіннен шығып кетуі;
      10) жамбас пен санның немесе тізенің жансыз болып қалған буындары;
      11) жамбас пен сан буындарының шор болып бітуі немесе айқын білінетін қолайсыз бітуі (қозғалу көлемі 10 градустан кем);
      12) тізе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық шор болып бітуі немесе айқын білінетін функционалды қолайсыз болып бітуі;
      13) екі аяқтың да сирақ буындарының шор болып қатып қалуы немесе айқын білінетін қолайсыз болып бітуі;
      14) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем дұрыс бітпеген сынықтары;
      15) аяқтардың 2 және одан да көп ірі сүйектерінің созылмалы жыланкөзбен іріңдеп-қабынуы (2 жылдан астам), жарықшақтанып шіруі, терең жара болуы;
      16) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем болып дұрыс бітпеген жалған буындары немесе ірі сүйек (сүйек аумағының жартысынан астамының көлденеңінен немесе шетінен бұзылуы бар) кемістігі немесе балтыр жілігінің ақауы;
      17) бір аяқтың 10 сантиметрге және одан да көбірек қысқаруы;
      18) жарақаттанудың салдарынан ұзақ уақыт бойы жазылмайтын (6 айдан астам) немесе жиі қайталанатын балтырдағы алаңы 20 шаршы сантиметр, табанның үстіңгі жағындағы алаңы 10 шаршы сантиметр, табандағы кемінде алаңы 2 шаршы сантиметр және одан да көп көлемдегі трофикалық жаралар;
      19) омыртқа сүйектерінің айқын білінетін бұзылуы бар IV дәрежедегі қисаюы.
1   2   3



Похожие:

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconБюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 қарашадағы n 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconНегiзгi құралдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қайта бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi n 226-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconСараптама жүргізу үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін алу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №701 Бұйрығы
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2006 жылғы 17 наурыздағы n 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconАзаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2009 жыл 21 желтоқсан №425-426 (25823) "Казахстанская правда" от 12. 2009 г., №281 (26025)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы