Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon

Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы



НазваниеӘ. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы
страница2/4
Дата конвертации31.10.2014
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4
^

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді

олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі

мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу


29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Егер неғұрлым функционалды және өзге де сипаттамалары бар қызметтер, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер ұсынылатын болса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшеліктерінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмеуіне жол беріледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті жеткізушінің және ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның  9-бабының 1-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Конкурстық комиссия соманың 1 (бір) пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

2) конкурстық комиссияның:

- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

- қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

- өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

3) конкурсқа (лот) бөлінген сомадан 1 (бір) пайыздан кем емес мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге енгізу.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

32. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

- конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

- Заңның талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

34. По результатам рассмотрения заявок на участие в конкурсе конкурсная комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық мәнін қолданады;

2.1) Әлеуетті жеткізушіде келесі болуы тиіс:

- өткізілетін мемлекеттік сатып алуларының мәні ретінде болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі.

- Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар шығарушысы үшін еркін сертификаттауын жасағаның растайтын құжаты;

- сатып алынатын жұмыстары бойынша мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі (серификатталған жүйелері)

- мемлекеттік стандартының және (немесе) техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына талаптарына сәйкес табиғи таза өніміне сәйкестігін растауларына қоршаған орта басқармасының менеджментінің сертификатталған жүйесі (серификатталған жүйелері)

2.3) Жергілікті мазмұны.

Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Сонымен қатар конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбауы осындай өтініштен бас тартуға негізі болып табылмайды.

35. 34 тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша бағалау мына жағдайда жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын Қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға 0,5% (жарты пайызға), бірақ 5% (бес) пайыздан асырмай азайтады. 1 (бір) жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер 5% (бес) пайыздан аспауға тиіс.

2) Отандық тауар шығарушысы үшін еркін сертификаттауын жасағаның растайтын құжаттары болуы кезінде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады

3) сатып алынатын жұмыстары бойынша мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауын растайтын құжаттары болуы кезінде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады;
4) сатып алынатын жұмыстары бойынша мемлекеттік стандартының және (немесе) техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына талаптарына сәйкес табиғи таза өніміне сәйкестігін растауларына қоршаған орта басқармасының менеджментінің жүйесін сертификаттауын растайтын құжаттары болуы кезінде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады;

5) конкурстық комиссия жергілікті мазмұны болуын қарастыру кезінде конкурстық өтінімінің бағасын 0,1 % (онның бір пайызға) шартты түрде азайтады.

6) Жергілікті мазмұны CT-KZ сертификатымен расталынады.

Көрсетілетін қызметтердің әлеуетті жеткізушінің жергілікті мазмұны: мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін көрсетілетін қызметтерді (тауарларды) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес сатып алынатын қазақстандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия отандық жеткізушінің конкурсты өтінімнің бағасын швртты түрде бес пайызға азайтады.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

36. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің www.con.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
 ^ 6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

37. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс. Конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген бөлек мерзімде ұсынылады.

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

38. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҰЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ – КЕЛЕСІ МЕРЗІМІНЕ ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурске қатысуға рұсат беру туралы хаттамамен белгіленген конкурстық баға ұсыныстарын ашу күнін және уақытын көрсету)» .

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, біреуден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
^ 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын

конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы

және конкурс жеңімпазын анықтау

39. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгіленген тұлға:

- конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

- конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

- конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

40. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте, конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру барысын жеңілдету үшін конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарының түрлі валютада көрсетілген барлық бағаларын конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушылардың) бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының мерзіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен белгіленген ресми бағамы – Қазақстан Республикасының валютасы теңгеге ауыстырады.

43.Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды;

4) конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды;

44. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
 ^ 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

47. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
 ^ 9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

48. Мемлекеттік сатып алулары туралы шарты әулетті жеткізушімен мемлекеттік сатып алулары туралы шартының жобасына қол қойю үнін жіберілген күнінен отыз күнтізбел күнінен астам емес умерзімінде жасалыну қажет.

48-1 Мемлекетік сатып алулары туралы шарттың Қазақстан Республикасының емес резидентімен жасасу жағдайларында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ексепке алуымен онымен ұсынылатын нысанында мемлекеттік сатып алулары туралы шартын ресімдеуіне жол берілінеді.

49. Жеткізуші мемлекеттік сатып алулары туралы шартын жасасу кінінен он жұмыс күнінің ішінде осы конкурстық құжаттамасына 7 қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулары туралы шартынның орындауын қамтуын енгізуге міндетті.

50. Жеткізуші мемлекеттік сатып алулары туралы шартын орындау қамтамасыз етуінің келесі түрлерінің бірін тандауына құқылы.

1) тапсырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақша жарнасы.

2) Конкурстық құжаттамаға 7 қосымшаға сәйкес банктік кепілдеме.

51. Заказчик возвращает внесенное обеспечение исполнения договора о государственных закупках поставщику в течение пяти рабочих дней с момента полного и надлежащего исполнения поставщиком своих обязательств по договору.

52. Заңның 37 бабының 5,6 және 7 тармақтарымен көзделген жағдайларында шарт бір қаржы жылынан асатын мерзіміне оны жасасу туралы ережелерін қамтуы қажет.

53. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

53-1. Отандық жұмыс жеткізушілерімен жасалған шартында атқарылған жұмыстарына алдын ала төлеу және толық төлеу туралы тараптары болу қажет. Сонымен бірге толық төлеуінің мерзімі осы шарттың міндеттемелерін орындау күнінен оты күнтізбелік күнінен аспау қажет.

54. Келесі фактерілерінің бірі анықталынған жағдайында қандай болсын кезеңінде мемлекеттік сатып алулары туралы шартында оны бұзу жағдайлары туралы мәліметі болу қажет:

1) Заңның 6 бабмен көзделген шектеулерін бұзу;

2) Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысымен әлеуетті жеткізушіге осы Заңмен көзделмеген жәрдемдесуін көрсету.

55. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынбаса мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

56. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурстық құжаттамаға

1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы бөлімдерінің үй-жайларына ағымдағы жөндеуін жасау бойынша конкурс әдісімен сатып алынатын жұмыстардың тізімі


Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмыстардың атауы

Өлшеу бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізудің шарттавры (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Тауарлардың жеткізу , жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарлардың жеткізу , жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Алдын ала төлеудің мөлшері, %

Конкур әдісімен мемлекеттік сатып алуларына бөлінген сомасы (№ лоты бойынша), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының қалалық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі

нысан

1,

Жобалақ-сметалық құжаттамасына сәйкес

ИНКОТЕРМС 2000

2012 ж. тамыз-қазан

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 72

30 %

717940,00

2

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл с., Д.Сыздыков көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Айыртау аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеу

нысан

1,

Жобалақ-сметалық құжаттамасына сәйкес

ИНКОТЕРМС 2000

2012 ж. тамыз-қазан

СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл с., Д.Сыздыков көшесі, 4

30 %

3810843,00

3

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

СҚО, Аққайын ауданы, Смирново с., Труд көшесі, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Аққайын аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі

нысан

1,

Жобалақ-сметалық құжаттамасына сәйкес

ИНКОТЕРМС 2000

2012 ж. тамыз- қазан

СҚО, Аққайын ауданы, Смирново с., Труд көшесі, 11

30 %

3395730,00

4

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл с., Институт көшесі, 1 «В» мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қызылжар аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі

нысан

1,

Жобалақ-сметалық құжаттамасына сәйкес

ИНКОТЕРМС 2000

2012 ж. тамыз- қазан

СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл с., Институт көшесі, 1 «В»

30 %

5401013,00

5

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша с., Қазақстан Конституциясы көшесі, 208 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қызылжар аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі

нысан

1,

Жобалақ-сметалық құжаттамасына сәйкес

ИНКОТЕРМС 2000

2012 ж. тамыз-қазан

СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша с., Қазақстан Конституциясы көшесі, 208

30 %

6276980,00

1   2   3   4



Похожие:

Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconӘ. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы директорының...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы
Бесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 18 маусымдағы №5/1-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconАудан әкімдігінің 2012 жылғЫ 14 маусымдағЫ №131 Қаулысы тасқала ауданы бойынша 2012 жылға нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 07 маусымдағы n 132 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon2-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 2 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 2-бөлім
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon1-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 1 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 1-бөлім
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon1-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 1 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 1-бөлім
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов