Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon

Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы



НазваниеӘ. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы
страница1/4
Дата конвертации31.10.2014
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Бекітемін:

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы директорының міндетін атқарушысы

_________________ Ә. Жолдасов
2012 жылғы «18» маусымдағы

01.1-02/66 бұйрығы



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы бөлімдерінің үй-жайларына ағымдағы жөндеуін жасау бойынша конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алулары жөніндегі

^ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тасырыс беруші: Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны,

^ Астана қ., Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 43 үй,

СТТН 620 300 348 763

БСН 111 240 004 906

ЖСК KZ55 6010 1110 0015 3090

БСН HS BK KZ KX «Қазақстан халық банкі» АҚ-нда

Тапсырыс берушінің өкілі: Төлеген Базарбайұлы Умаров Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының мемлекеттік сатып алулары бойынша маманы, тел.: +7 (7152) 33-17-71, e-mail: kense_con_sko@mail.ru

Мемлекеттік сатып алуларының ұйымдастырушысы: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы

СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157

СТТН 480 100 253 105

БСН 111 241 020 913

ЖСК KZ25 6010 2510 0015 4011

БСН HS BK KZ KX «Қазақстан халық банкі» АҚ-нда

Мемлекеттік сатып алуларының ұйымдастырушысының өкілі : Төлеген Базарбайұлы Умаров Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының мемлекеттік сатып алулары бойынша маманы, тел.: +7 (7152) 33-17-71, e-mail: kense_con_sko@mail.ru

Конкурсттық құжаттама тегін ұсынылады (электрондық жеткізушісіне жіберілінеді).
1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы бөлімдерінің үй-жайларына ағымдағы жөндеуін жасау бойынша жеткізушіні таңдау мақсатымен өткізілінеді.

- № 1 лот – СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының қалалық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі;

- № 2 лот – СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл с., Д.Сыздыков көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Айыртау аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі;

- № 3 лот – СҚО, Аққайын ауданы, Смирново с., Труд көшесі, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Аққайын аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі;

- № 4 лот – СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл с., Институт көшесі, 1 «В» мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қызылжар аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі;

- № 5 лот – СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша с., Қазақстан Конституциясы көшесі, 208 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Қызылжар аудандық бөліміндегі үй-жайларына ағымдағы жөндеуі;

2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы бөлімдерінің үй-жайларына ағымдағы жөндеуін жасау бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсына бөлінген сомасы: 19 602 506,00 теңге (Он тоғыз миллион алты жүз екі мың алты жүз алты теңге 00 тиын)

- № 1 лот– 717 940,00 (Жеті жүз он жеті мың тоғыз жүз қырық теңге 00 тиын);

- № 2 лот – 3 810 843,00 (Үш миллион сегіз жүз он мың сегіз жүз қырық үш теңге 00 тиын);

- № 3 лот – 3 395 730,00 (Үш миллион үш жүз тоқсан бес мың жеті жүз отыз теңге 00 тиын);

- № 4 лот – 5 401 013,00 (Бес миллион төрт жүз бір мың он үш тенге 00 тиын);

- № 5 лот – 6 276 980,00 (Алты миллион екі жүз жетпіс алты мың тоғыз жүз сексен теңге 00 тиын);

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:

1) Конкурстық құжаттамаға 1 қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

2) Конкурстық құжаттамаға 2 қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасын, техникалық ерекшеліктерін қосуымен, сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

3) Конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4 қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;

4) Конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес жұмыстарды жасау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

5) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17 бабының 4 тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес неғұрлым сапалы жұмыстарды жасап отырған конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде әр өлшемнің пайыздық мәні есепке алынған, конкурстық комиссиямен ескерілетін міндетті өлшемдердің тізбесі;

6) конкурсқа қатысуына өтінімді қамту формасы (Банк кепілі) (6 қосымша);

7) мемлекеттік сатып алу туралы шартын қамтамасыз ету туралы нысаны (Банк кепілі) (7 қосымша);

8) қарызы жоқ туралы банк анықтамасының формасы (8 қосымша);

9) Конкурстық құжаттамаға 9 қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын, жұмыстарды орындау жөніндегі бірлесіп орындаушылар туралы, сондай-ақ бірлесіплқы мердігердің бірлесіп орындаушыларға беретін жұмыстары туралы мәліметтер;

10) әлеуетті жеткізушінің бағалар кестесі (10 қосымшаға);

11) бар шарттарын көрсетуімен мемлекеттік сатып алулары туралы шарттың жобасы (11 қосымша).

4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтініммен конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуге төменде көрсетілген нысандардың біреуі бойынша жұмыстарды сатып алу үшін конкурсқа бөлінген сомадан 1% (бір пайыз) мөлшерінде мыналарды енгізеді:

1) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының келесі банктік шотында СТТН 480 100 253 105 БСН 111 241 020 913 ЖСК KZ25 6010 2510 0015 4011 БСН HS BK KZ KX «Қазақстан халық банкі» АҚ-нда орналасқан ақшаларының кепілдік ақша жарнасында

2) Конкурстық құжаттамаға 6 қосымшаға сәйкес банктік кепілдеме.

Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық өтінім ұсынылып отырған лоттарға ғана енгізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі осы конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.

Конкурсқа бірнеше лоттары бойынша қатысу жағдайында әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді әр лотқа бөлек ұсынады.
^ 2. Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуеттік жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанша дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет:

150000, СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157, №16 каб.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрай салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

 1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін www.con.gov.kz тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанша дейінгі 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасы немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі конкурстық құжаттама бекітілген тәртібінде ресімделінеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуі бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келесіні жасауға міндетті:

1) өтеусіз негізінде осы заңының 19 бабының 2 тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген мәліметтері бар тұлғаларына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларының мәтінін жолдау;

2) тапсырыс берушінің www.con.gov.kz интернет-ресурсында енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларын көрсетуімен белгіленген конкурстық құжаттаманы жариялау;

Түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн мерзіміне ұзартады.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 13 шілде күні жергілікті уақыты бойынша сағат 10-00 СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157, №16 каб. мекен-жайы бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін тіркеу журналына енгізілген мәліметтері бар тұлғаларының уәкілетті өкілдерімен кездесуін өткізуге құқылы.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен кездесуінің хаттамасын жасайды, онда олардың көзін көрсетусіз конкурстық құжаттамасың түсіндіру туралы әлеуетті жеткізушілерімен ұсынылған сауалдары және олар бойынша жауаптары көрсетілінеді.

Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттамасын ресімдеу және оған қол қойылған күнінен бір жұмыс күнінен артық емес мерзімінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы келесіні жасауға міндетті:

1) конкурстық комиссияға және осы заңының 19 бабының 2 тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген мәліметтері бар тұлғаларына көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсыну;

2) көрсетілген хаттаманың мәтінің тапсырыс берушінің www.con.gov.kz интернет-ресурсында жариялау.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті жеткізушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қызметтерді ұсынуды жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті жеткізуші осы Конкурстық құжаттамаға ^ 3 және 4 қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті жеткізуші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

Құқықтық қабілеттігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субьектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:

- заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

- әлеуетті жеткізушінің Қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензияларлардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалды куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалды куәландырылған үзінді;

^ Төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

- Конкурстық құжаттамаға 8 қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар, әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнсұқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы 1 (бір) айдың ішінде берілуі тиіс;

- конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы 3 (үш) айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттамаға 7 қосымшасына сәйкес әлеуетті жеткізуші конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттерінің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті жеткізушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

Әлеуетті жеткізуші өзінің, сондай-ақ тартылатын бірлесіп орындаушылардың мынадай құжаттардың біреуін беруі арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқылы:

- әлеуетті жеткізуші халықаралық рейтинг ұйымының рейтінгін беру туралы құжат;

- әлеуетті жеткізуші ресми биржа листингіне енгізу туралы қор немесе тауар биржасынан үзінді.

Лицензиялауға жататын қызметтердің түрін жүзеге асыратын әлеуетті жеткізушінің құқық қабілеттілігін Қазақстан Республикасы лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариуспен расталған көшірмесін тапсыру әдісімен жүзеге асырылынады.

3) Әлеуетті жеткізушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

Конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтер;

Егер әлеуетті жеткізуші қызмет көрсетулердің бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Өтінім конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемдер болған жағдайда, оларды растайтын құжаттардан тұруы қажет.

- Конкурстық құжаттамаға 9 қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындаушыларға бірге орындауға беруге тиым салу шарты;

4) көрсетілетін жұмыстардың тізбесі, оның ішінде Қызметтердің және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшеліктері;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті жеткізуші – жеке тұлғаның өтінімі, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органмен берілген, заңды тұлғаның білімінсіз ақ кәсіпкерлік қызметті көрсету құқығын беретін нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесінен тұруы қажет (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау үшін азаматтық құқықтық мүмкіншілігін растау үшін).

Егер әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, онда оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резиденті емес – әлеуетті жеткізуші біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер бар құжаттар беріледі.


^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен, мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізушінің қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

14. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

15. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҰЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС және 2012 ЖЫЛҒЫ 23 ШІЛДЕСІ 11 САҒАТ 00 МИНУТҚА ДЕЙІН АШПАҢЫЗ»
^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе 150000, СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157, №16 каб. Төлеген Базарбайұлы Умаров мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2012 жылдың 23 шілдедегі, 10.00 сағаттан бастап қоса алғандағы мерзімге дейін береді.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің ұсынылатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімді ашу мерзімінен 45 күннен кем болмауы тиіс.

Конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен қолданылу мерзімі кем конкурстық өтінім кері қайтарылады.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

18. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

19. Осы Конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
^ Конкурстық өтінімнің тілі

20. Әлеуетті жеткізушімен әзірленген конкурстық өтінім, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілде жасалады және ұсынылады. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын ілеспе құжаттамалар мен баспа әдебиеттер, конкурстық өтінім тілінің тиісті бөлімдерінің нотариалды куәландырылған нақты аудармасы оған қоса ұсынылған жағдайда ғана, басқа тілде жасалуы мүмкін, бұл жағдайда конкурстық өтінімнің түсіндірілуі мақсатында, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалған құжаттардың басымдығы артық болады.

Конкурстық құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.
^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

  21. Әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті жеткізуші қол қойған және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті жеткізуші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

24. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
 ^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер

салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен 2012 жылдың 23 шілдедегі, жергілікті уақыты бойынша 11.00 сағатта СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157, №16 каб. мекен-жайы бойынша жүргізілінетін болады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, СҚО, Петропавл қ., Әуэзов к., 157, №16 каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылдың 23 шілдедегі, жергілікті уақыты бойынша 10 сағат 30 минутына дейін олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

28. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілердің саны;

- әлеуетті жеткізушілердің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі сұранымдарының бар немесе жоқ екендігі;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

- тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның аталған отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның аталған отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

  1   2   3   4



Похожие:

Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconӘ. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы директорының...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы
Бесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 18 маусымдағы №5/1-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconАудан әкімдігінің 2012 жылғЫ 14 маусымдағЫ №131 Қаулысы тасқала ауданы бойынша 2012 жылға нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconҚаулы етеді
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №224 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы iconМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 07 маусымдағы n 132 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 шілдеде...
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon2-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 2 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 2-бөлім
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon1-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 1 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 1-бөлім
Ә. Жолдасов 2012 жылғы «18» маусымдағы icon1-бөлім Электрондық кестелер 2012 жылғы қаңтар-маусым Мониторинг развития аула (села) Часть 1 Электронные таблицы Январь-июнь 2012 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы электрондық кестелер 1-бөлім
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов