Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» icon

Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы»



НазваниеКүзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы»
Дата конвертации29.03.2014
Размер70.13 Kb.
ТипДокументы
источник



Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 Қаулысы


      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары күзет қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып белгіленсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов


^ Күзет қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі



Р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының басшысы лауазымына:
1) жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнаулы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;
3) денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ;
4) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

Дипломның көшірмесі

Дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрық және/немесе басшының қолы мен мөр қойылған қызметтік тізім

Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Еңбек кітапшасының көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі

Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы куәлік

Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар

Қазақстан Республикасы ДСМ АЖ алу

Соттылығы жоқ екені туралы анықтама

ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу

2.

Күзетші лауазымына:
1) жасы 19-дан төмен емес;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;
3) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің нашар көруіне, психикалық ауруына, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару қолдануға қарсы айғақтары жоқ) Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Жеке куәлік

ЖТ МДҚ-дан алу

Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәлік

Жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Соттылығы жоқ екені туралы анықтама

ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу

Медициналық анықтамалар

Қазақстан Республикасы ДСМ АЖ алу

3.

Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетшісі лауазымына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
2) жеке меншікке, мемлекеттік билік институттарына, белгіленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын күзет ұйымының басшысы немесе күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
3) кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау, сот және әділет органдарынан босатылған;

Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтамалар

ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ алу

Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрық және/немесе басшының қолы мен мөр қойылған қызметтік тізім

Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Еңбек кітапшасының көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі




4) кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі қызметінен босатылған адамдар қабылданбайды.





4.

Өздерінің қызметінде қару мен оқ-дәрілерді қолданатын жеке күзет ұйымдарында қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайлардың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған келісімшарттың) болуы.

Сақтау және/немесе жалға алу шартының көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі

Қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайды тексеру актісі

Талапқа сәйкестікті лицензиар заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жерде тексеру арқылы растайды


Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары



1.

Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарының 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптар





2.

Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісім-хаты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісім-хатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖТ МДҚ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе
ҚР БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
ҚР ДСМ АЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 1421 қаулысына  
қосымша      


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі


      1. «Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 320-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 461 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 156-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 55-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 599-құжат).
      5. «Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 699-құжат).
      6. «Күзет қызметін жүзеге асыруға, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 108-құжат).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



Похожие:

Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының жобасына с алыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 13 наурыздағы...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconӘзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 және «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» icon««Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 және «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconКелісу парағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
««Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» icon«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
Азақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы №1463 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» icon««Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 және «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconБайланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconБайланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
...
Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №1421 Қаулысы «Лицензиялау туралы» iconБілім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан
Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы