\"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы\"  icon

"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы"

Название"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы"
Дата конвертации13.04.2014
Размер222.89 Kb.
ТипДокументы
источник

"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2013.02.09., № 64 (28003); "Казахстанская правда" от 09.02.2013 г., № 50-51 (27324-27325)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру»;
      3) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу»;»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттiк қызметтi алушы прокаттау куәлiгiн қағаз тасығышта алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, прокаттау куәлiгi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және уәкiлеттi орган басшысының мөрiмен және қолымен расталады.
      Қағаз тасығышта берiлген прокаттау куәлiгi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының жазбаша сұранысы бойынша прокаттау куәлiгi осы стандарттың 7-тармағында көрсетiлген мерзiмде қайта берiледi.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Мыналардың:
      1) «Әкетiлетiн және әкелiнетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 501-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 қыркүйектегi № 976 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 239-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1614 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2012 жылғы 17 қаңтардағы  
№ 83 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – мәдениет басқармасы) көрсетедi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкiмет» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15  желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 22) тармақшасының , «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының және «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында;
      2) ресми ақпарат көздерiнде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ғимаратында орналасқан стендiлерде, үлгiлерi бар ақпараттық тақталарда;
      3) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат «электрондық үкiметi» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң (1414) телефоны арқылы да берiлуi мүмкiн.
      5. Мәдениет басқармасының уәкiлеттi тұлғасының порталында ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) беру не электрондық құжат нысанында куәлiк беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.
      Егер мәдениет басқармасы белгiленген мерзiмде мемлекеттiк қызметтi алушыға куәлiк бермеген немесе куәлiк беруден дәлелдi бас тартпаған жағдайда, оларды беру мерзiмi өткен күнiнен бастап куәлiк берiлдi деп есептеледi.
      Мәдениет басқармасы куәлiк беру мерзiмi өткен сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi куәлiктi бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы куәлiктi қағаз тасығышта алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, куәлiк электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және мәдениет басқармасы басшысының қолымен және мөрiмен расталады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды мәдениет басқармасына өтiнiм тапсырылған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттармен қоса мәдениет басқармасына өтiнiм не электрондық сұрауды тапсыру кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды;
      4) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызметтi мәдениет басқармасы жұмыс күндерi осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жұмыс кестесi бойынша көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу талап етiлмейдi, жеделдетiлген қызмет көрсету көзделмеген.
      Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәдениет басқармасының ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру кiретiн бөлек есiгi бар рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бiржолғы рұқсат қағазы тiкелей қызмет көрсететiн лауазымды тұлғаның телефонмен берген өтiнiмi бойынша ресiмделедi.
      Құқықтық тәртiптi сақтау үшiн ғимаратта тәулiктiк күзет бекетi, өртке қарсы дабыл және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар. Подъездге кiреберiс дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жарақтандырылған.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша өкiлi) мынадай құжаттар және мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды ұсынады:
      1) мәдениет басқармасына:
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
      мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен талаптары туралы шарттың көшiрмесi;
      мәдени құндылықтардың А-5 форматындағы алдыңғы және артқы жақтары шолынған екi фотосуретi;
      заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр тұлғаға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар.
      Мәдениет басқармасына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау және өткiзу журналына тiркеледi.
      2) порталға:
      мемлекеттiк қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Сұрау салуда мынадай құжаттардың деректерi көрсетiледi:
      мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын сканерленген көшiрмелер түрiндегi құжаттары;
      қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен талаптары туралы сканерленген көшiрме түрiндегi шарты;
      электрондық форматтағы мәдени құндылықтардың А-5 форматындағы алдыңғы және артқы жақтары шолынған екi фотосуретi;
      заңды тұлғалар үшiн – мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр тұлғаға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысы бұйрығының сканерленген түрдегi көшiрмесi.
      Өтiнiш берушi сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды мәдениет басқармасына қолма-қол ұсынады.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтердi мәдениет басқармасы ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат порталда, сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар мен мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мәдениет басқармасының кеңсесiне тапсырылады.
      Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттiк қызметтi алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады. Таңдалған қызметке сәйкес сұрау салу автоматты түрде мәдениет басқармасына – адресатқа жiберiледi.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алушыға (не сенiмхат бойынша өкiлiне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың және заттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күнi мен уақыты, мәдениет басқармасы кеңсесiнiң құжаттар мен заттарды қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты-жөнi көрсетiледi.
      Мәдениет басқармасы мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды сараптау комиссиясының қарауына жiбередi. Сараптаманың қорытындылары бойынша осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресiмделедi.
      Портал арқылы жүгiнген уақытта мемлекеттiк қызметтi алушының порталдағы жеке кабинетiне мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiн мемлекеттiк қызметтi алушының алатын күнi мен уақыты көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Куәлiк электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтi алушының порталдағы жеке кабинетiне жолданады. Жеке келгенде дайын құжаттарды алушыға беру талон негiзiнде қолма-қол жүзеге асырылады.
      Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтiнiш берушiге қабылдау және беру журналына белгi қойылып, қайтарылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) мәдени құндылықтарды қалпына келтiру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетiлетiн мәдени құндылықтардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйi;
      2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттiк iздеуде болуы;
      3) мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсатының мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру қағидаларының 3-тармағымен сәйкес келмеуi;
      4) затта мәдени құндылықтың болмауы туралы қорытынды негiз болып табылады.
      Дәлелдi бас тарту электрондық құжат түрiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға порталдағы жеке кабинетiне мәдениет басқармасына не портал арқылы электрондық сұрау салуды тапсырған күнiнен бастап он жұмыс күн iшiнде жiберiледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мәдениет басқармасының қызметi мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушымен жұмыс кезiнде сыпайылық таныту;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толыққанды ақпарат беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды тұлға қызметiнiң ашықтығы;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мәдениет басқармасының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша мәдениет басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi түсiндiредi.
      Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiмет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң (1414) телефоны арқылы алуға да болады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағымды осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы орган басшылығының атына беруге болады.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым мекенжайлары және жұмыс кестелерi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мәдениет басқармасының не жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi арқылы жазбаша түрде поштамен не қолма-қол берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағым еркiн нысанда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беруге мәдениет басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметiнiң белгiсi бар өтiнiштiң көшiрмесiмен қоса берiледi. Мемлекеттiк қызметтi алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) жауап жiберiлуге тиiс пошталық мекенжайы;
      3) шағымның мәнiн баяндау;
      4) жеке қолы және күнi.
      25. Шағымды мәдениет басқармасының не жергiлiктi атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi.
      Шағым берген тұлғаға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушының (не сенiмхат бойынша өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша пошта арқылы не қолма-қол берiледi.
      Мәдениет басқармасы қызметкерлерiнiң заңсыз әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген мерзiмде қаралады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде электрондық шағым жiберiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызметтi алушының жеке кабинетiнде шағым туралы ақпарат қол жетiмдi, ол ақпарат мәдениет басқармасында өтiнiштi өңдеу барысында (қабылдау, тiркеу, орындау туралы белгiлерi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет көрсету туралы қосымша ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген интернет-ресурстарынан алуға болады.

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша            

^ Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелерi

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Электронды поштаның мекенжайы

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының мәдениет басқармасы

Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11, 751-бөлме

8(7172) 55-67-69, 55-67-64

dep_culture@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

2.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы

Алматы қ., Республика алаңы, 4, 423-бөлме

8 (727) 272-58-83, 271-65-63, 272-02-72, 272-10-01

culture_alm aty@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

3.

Алматы облысының мәдениет басқармасы

Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38, 3-бөлме

8(7282) 27-16-19, 27-14-49, 27-15-97, 24-77-22

kulture-tald@mail.online.kz

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

4.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1, 102-бөлме

8(7162) 25-76-60, 25-81-73, 25-81-60, 25-81-72

Kultura-kok shetau@yandex.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

5.

Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы

Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан даңғ., 40, 658-бөлме

8 (7132) 59-52-05, 56-03-12, 59-51-52, 56-47-58

aktobe_kulture@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

6.

Атырау облысының мәдениет басқармасы

Атырау қ., Азаттық даңғ., 9, 3-бөлме

8 (7122) 35-41-89, 35-42-84, 27-11-57, 32-41-37

ouk_atyrau@rambler.ru

Жұмыс күндерi: сағат 8.30-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейiн.
Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

7.

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Өскемен қ., Головков көш., 29, 302-бөлме

8 (7232) 26-28-30, 26-37-12, 26-30-63, 24-92-03

culturevko@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

8.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166/1, 7-бөлме

8(7112)

51-55-54, 50-09-46, 51-25-35, 50-45-89, 51-07-37

kultzko@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

9.

Жамбыл облысының мәдениет басқармасы

Тараз қ., Төле би даңғылы 35, 519-бөлме

8 (7262) 57-92-46, 57-92-25, 57-92-80

tarazkultura@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

10.

Қарағанды облысының мәдениет басқармасы

Қарағанды қ., Можайский көш., 13а

8(7212) 41-14-81, 41-14-68, 42-30-08

karkultura@yandex.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

11.

Қызылорда облысының мәдениет басқармасы

Қызылорда қ., Абай даңғылы, 27

8(7242) 23-93-54 23-46-81

info@uk.orda.gov.kz

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

12.

Қостанай облысының мәдениет басқармасы

Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 60

8(7142) 57-51-90, 57-53-53, 57-53-20, 57-53-21

kultura@kos tanay.kz kultura_kostanay@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

13.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы

Ақтау қ., 23-шағын ауданы, 1

8(7292) 42-66-10, 42-13-00, 42-77-62, 42-77-60

mook_od@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

14.

Павлодар облысының мәдениет басқармасы

Павлодар қ., Академик Марғұлан көш., 115, 2-бөлме

8(7182) 32-03-29, 32-22-37, 32-37-77

Dep_culture@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

15.

Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Петропавл қ., Кәрiм Сутюшев көш., 7

8(7152) 46-43-92, 49-26-79, 49-27-55

kultsko@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

16.

Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 2-а, 2-бөлме

8 (7252) 53-93-49, 53-91-81, 53-94-62, 55-10-88

oko_madeniet@mail.ru

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, үзiлiс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн. Демалыс күндерi: сенбi және жексенбi

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша            

^ Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Интернет-ресурстар

1

2

3

4

5

1.

Астана қаласының әкiмдiгi

Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11

8(7172) 55-64-06 55-64-82, 55-64-81, 55-64-85

www.astana.kz

2.

Алматы қаласының әкiмдiгi

Алматы қ., Республика алаңы, 4

8(7272) 71-66-47 ф.716647

www.almaty.kz

3.

Алматы облысының әкiмдiгi

Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38

8 (7282) 24-77-22 ф.247722

www.zhetysu-gov.kz

4.

Ақмола облысының әкiмдiгi

Көкшетау қ., Абай көш,, 89

8(7162) 25-48-37 25-02-59

www.akmo.kz

5.

Ақтөбе облысының әкiмдiгi

Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан көш., 40

8(7132) 93-20-79 56-31-66

www.akimat.infо

6.

Атырау облысының әкiмдiгi

Атырау қ., Әйтеке-би көш., 77

8(7122) 27-08-96 ф.27-11-57

www.atyrauobl.kz

7.

Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi

Өскемен қ., Горький көш., 40

8 (7232) 26-42-54 ф.26-42-54

www.culturevko.uka.kz

8.

Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi

Орал қ., Достық даңғылы, 201

8(7112) 50-02-36 ф.50-09-46

www.western.kz

9.

Жамбыл облысының әкiмдiгi

Тараз қ., Абай көш., 125

8 (7262) 45-73-97 43-27-18

www.zhambyl.kz.

10.

Қарағанды облысының әкiмдiгi

Қарағанды Бульвар-Мира көш., 39

8 (7212) 56-19-80 ф.56-19-79

www.karaganda-region.kz

11.

Қызылорда облысының әкiмдiгi

Қызылорда қ., Ы. Жақаев көш., 76

8 (7242) 27-63-73 27-89-66, 26-16-44

www.kyzylorda.kz

12.

Қостанай облысының әкiмдiгi

Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 66

8(7142) 57-51-90 ф.57-53-53

www.kostanay.kz

13.

Маңғыстау облысының әкiмдiгi

Ақтау қ., 14 шағын ауд., 1

8(7292) 42-66-10 ф.42-13-00

www.mangistau.kz

14.

Павлодар облысының әкiмдiгi

Павлодар қ., Академик Сәтпаев көш., 49

8(7182) 32-33-26

www.pavlodar.gov.kz

15.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi

Петропавл қ., Конституция көш., 53

8(7152) 46-36-35

www.sko.kz

16.

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi

Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 6

8 (7252) 53-45-44 53-00-24, 53-00-21

www.ontustik.kz

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру» 
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша             

_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы)

^ Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛIК

      ______ қаласы                            «___» _______ 20___ ж.

1. Өтiнiш берушi_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Өтiнiш берушiнiң деректерi: ______________________________________
                (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлiгiнiң нөмiрi,
_____________________________________________________________________
            оның берiлген күнi немесе заңды тұлғаның деректемелерi)
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiш берушiнiң қызметi _________________________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясының қорытындысы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы)
__________________________________№ 20____ ж.____ «___» __________
1)___________________________________________________________________
                    (мәдени құндылықтың атауы)
2)___________________________________________________________________
3)_______________________________________________________ мақсатында
4)___________________________________________________________________
                (елдiң атауы және ұйымның орналасқан жерi)
_____________________________________________________________________
20__ж. «____»____________ 20___ж. «______»______________ мерзiмiне
Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат берiледi.

Уәкiлеттi тұлға ________________________(Т.А.Ә. және қызметi)

М.О.                              Қазақстан Республикасы
                                  кеден органдарының белгiсi

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру» 
мемлекеттiк қызмет стандартына
4-қосымша             

Нысан

____________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
____________________________________________
астананың жергiлiктi атқарушы органы)    
____________________________________________
____________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

ӨТIНIШ

Мынадай мәдениет құндылықтарын 1) ___________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
4) __________________________________________________________________
5) ________________________________________________________мақсатында
_____________________________________________________________________
                  (елдiң атауы және орналасқан жерi)
уақытша әкету құқығына куәлiк беруiңiздi сұраймыз._____________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң деректерi:__________________________________________
(Т.А.Ә., туылған күнi, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлiгiнiң нөмiрi,
_____________________________________________________________________
оның берiлген күнi, тұратын жерi, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелерi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қолы __________________                    Мерзiмi __________________

      М.О.

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
5-қосымша             

_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi
сараптама комиссиясы

ҚОРЫТЫНДЫ
№ ____

_____________ қаласы                           «___» _______ 20___ ж.

1. Өтiнiш берушi_____________________________________________________
                  (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Өтiнiш берушiнiң деректерi:_______________________________________
                (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлiгiнiң номерi,
_____________________________________________________________________
           оның берiлген күнi немесе заңды тұлғаның деректемелерi)
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiш берушiнiң қызметi: ________________________________________
4. Әкетудiң (уақытша әкетудiң) мақсаты: _____________________________
5. Сараптамаға ____________________________________________ ұсынылды
                        (заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жерi, материалы және орындалу техникасы,
_____________________________________________________________________
                          өлшемi, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (мәдени құндылығы бар немесе жоқ,
_____________________________________________________________________
                 уақытша әкету мүмкiндiгi туралы ұсыным)

Сараптама комиссиясының               Комиссия мүшелерi:
төрағасы:                               ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.)           ____________________ (Т.А.Ә.)
                                        ____________________ (Т.А.Ә.)

М.О.

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
6-қосымша           

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

3.1. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

Похожие:

\"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы\"  iconДiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту
Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

\"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы\"  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы