Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

НазваниеҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
страница1/4
Дата конвертации13.04.2014
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.09.05. № 582-587 (27660), 2012.09.08. № 592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05.09.2012 г., № 297-298 (27116-27117), 06.09.2012г. № 289-300 (27118-27119), 07.09.2012г. № 301-302 (27120-27121), 08.09.2012г. № 303-304 (27122-27123); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 893-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттамасын келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Казино қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Ойын автоматтары залы қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Букмекер кеңсесi қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Тотализатор қызметiмен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Cпорт шеберлiгiне үмiткер, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бiрiншi, екiншi және үшiншi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 27 шiлдедегi
№ 981 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Спорт құрылыстарына санаттар беру мемлекеттiк қызметiн 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мекенжайлары осы стандартқа 1,  2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталықтар) арқылы ұсынады.
      Мемлекеттiк қызметтiң шалғайдағы елдi мекендердiң тұрғындарына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтi мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      Бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттарды беру мемлекеттiк қызметiн осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталықтар) арқылы ұсынады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 17) тармақшасының, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 жылғы 14 сәуiрдегi № 02-02-18/59 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) уәкiлеттi органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендiлерде орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының 1414 телефоны арқылы берiлуi мүмкiн.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес спорт ғимаратына паспорттың үлгiлiк нысанында көрсетiлген санатты беру не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет спорт құрылыстарының басшыларына (бұдан әрi - алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы орталыққа жүгiнген сәттен бастап 7 жұмыс күнiнен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жол берiлетiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушыға жүгiнген күнiнде қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      уәкiлеттi органда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша оның жұмысы қамтамасыз етiлетiн кесте белгiленедi.
      Жергiлiктi атқарушы органдарда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес оның жұмысы қамтамасыз етiлетiн кесте белгiленедi.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтамалық бюро, күту үшiн арналған орындықтар, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар анықтамалық стендiлер орналасады. Ғимаратта мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендiлер) көзделген.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:
      1) спорттық құрылысқа санат беру туралы еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) спорт құрылысы паспортының толтырылған үлгiлiк нысаны;
      3) спорт құрылысының пайдалануға берiктiгi, құрылыс конструкцияларының орнықтылығы және қауiпсiздiктiң қажеттi дәрежесiн қамтамасыз ету бөлiгiнде техникалық тексеру актiсiнiң көшiрмесi.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi түпнұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      12. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерiн толтыру талап етiлмейдi.
      13. Орталықта құжаттар қабылдауды операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлерi жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi:
      1) сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi;
      2) сұрау жасалған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты, және олардың байланыс телефондары.
      15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға берудi орталықтың қызметкерi қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      Егер алушы көрсетiлген мерзiмде қызметтiң нәтижесiн алуға келмесе, орталық оның бiр ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн уәкiлеттi органға, жергiлiктi атқарушы органға бередi.
      16. Уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы орган аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.
      Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) заңдылық
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      4) мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңдiгi;
      9) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды алу үшiн оларды сақтау;
      12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиiмдiлiк;
      14) сыпайылық.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсететiн мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органдардың бұйрықтармен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты алу және шағым дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, алушы осы стандартқа 6-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жоғары тұрған инстанцияға жүгiне алады.
      Орталықтың қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс кестесi мен мекенжайлары осы стандарттың 26-тармағында және 1, 2, 3, 6-қосымшаларында көрсетiлген уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органдардың, әкiмдiктердiң, орталықтардың және «Орталық» РМК кеңселерiнде қолма-қол қабылданады.
      23. Уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органның, әкiмдiктiң, орталықтың және «Орталық» РМК өтiнiштiң қабылданғанын растау кеңсесiнде оның тiркелгенi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшiн шағымды қабылдаған адам талон бередi, онда нөмiрi, күнi, байланыс деректерi көрсетiле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегi көрсетiледi.
      24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      25. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      26. «Орталық» РМК мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

«Спорт құрылыстарына
санаттар беру»  
мемлекеттiк қызмет
стандартына   
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң мекенжайы мен жұмыс кестесi

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң кеңсесi

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)753427

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

2.

Бұқаралық спортты дамыту басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1605-кабинет

8(7172)753290, 751028

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi Төрағасының қабылдау бөлмесi

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндерi: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi №981 Қаулысы

Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов