Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы icon

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

НазваниеДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Дата конвертации13.04.2014
Размер153.05 Kb.
ТипДокументы
источник

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1294 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi шеңберiнде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдардың (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым) электрондық форматты www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы дәрiгердiң (учаскелiк терапевт/учаскелiк педиатр/жалпы практикалық дәрiгер) қабылдауына жазылу қызметiн ұсынуды регламенттейдi.
      Мемлекеттiк қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкiлi уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетiледi, ол уәкiлеттi ұйымның тiркеу журналында тiркеледi.
      2. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi ұйым – күн сайын дүйсенбiден жұма аралығында үзiлiссiз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi күнi сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндерi: жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндерi;
      2) портал – тәулiк бойы.
      3. Электрондық форматтағы мемлекеттiк қызмет нысаны толық автоматтандырылған болып табылады.
      Электрондық емес форматтағы мемлекеттiк қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi кодексiнiң және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекiту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысының негiзiнде ұсынылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      6. Мемлекеттiк қызметтi алушылар жеке тұлғалар (бұдан әрi – тұтынушы) болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыға:
      1) тiкелей жүгiнген кезде – уәкiлеттi ұйымның ғимаратында;
      2) электронды форматта – порталдағы жеке кабинетте;
      3) телефон байланысы бойынша көрсетiледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz;
      2) уәкiлеттi ұйымдардың үй-жайларында;
      3) порталда;
      4) ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы да ұсынылады.
      9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерi:
      1) уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы - уәкiлеттi ұйымның дәрiгерiнiң қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазу және дәрiгерлердiң қабылдау кестесiне (бұдан әрi – кесте) сәйкес дәрiгердiң қабылдау күнiн, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға жүгiнген кезде электрондық форматта – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уәкiлеттi ұйымның электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған нысан бойынша электрондық түрде дәрiгердiң қабылдауына жазылу туралы анықтама беру;
      3) мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      Бұл ретте, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұрау салу қабылданған соң көрсетiлген мерзiмде тұтынушыға медициналық көмек көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет кестеге сәйкес тұтынушыға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген (өртке қарсы қауiпсiздiк, күтуге арналған демалыс орындары) уәкiлеттi ұйымда көрсетiледi.
      Уәкiлеттi ұйымға тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi таңдағанда кестеге сәйкес дәрiгердiң бос уақытын таңдау мүмкiндiгi берiледi.
      Порталда электронды форматта тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi таңдау кезiнде кестеге сәйкес дәрiгердiң бос уақытын таңдау мүмкiндiгi берiледi.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алуы үшiн:
      1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi);
      2) тiркелген халықтың тiркелiмiне сәйкес осы уәкiлеттi ұйымға тiркеуiнiң болуы қажет.
      Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыда:
      1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi);
      2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы;
      3) тiркелген халықтың тiркелiмiне сәйкес аталған уәкiлеттi ұйымға тiркеуiнiң болуы қажет.
      12. Уәкiлеттi ұйымға тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштердiң бланкiлерiн толтыру талап етiлмейдi.
      Мемлекеттiк қызметтi электрондық форматта алу үшiн тұтынушы порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында жүйелi сұрату салуларды толтырады.
      13. Уәкiлеттi ұйымға тiкелей немесе телефон байланысы арқылы жүгiнген кезде жауап беру (растау немесе бас тарту) мерзiмi 10 минуттан аспайды, осы уақыт iшiнде тұтынушыға ауызша жауап берiледi.
      Тұтынушының сұрау салуы бойынша порталда электрондық форматта жауап беру (растау немесе бас тарту) мерзiмi 30 минуттан аспайды, осы уақыт iшiнде тұтынушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта жауап берiледi.
      14. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi тiкелей уәкiлеттi ұйымнан немесе телефон байланысы арқылы алуға сұрау салуы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда қабылданбайды.
      Тұтынушының электрондық форматта мемлекеттiк қызметтi алуға сұрау салуы:
      1) Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамаған;
      2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабымен көзделген нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданбайды.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      15. Уәкiлеттi ұйымның тұтынушыға қатысты қызметi мына қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс iстеу кезiнде этика және деонтология қағидаттарын сақтау;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң уақтылығы мен сапасы;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымдық тұлғалар қызметiнiң айқындылығы.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      16. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      17. Уәкiлеттi ұйымдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      18. Осы стандартқа 3-қосымшада уәкiлеттi ұйым қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiретiн және шағымдарды әзiрлеуге жәрдемдесетiн лауазымдық тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген.
      19. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағымдар тұтынушының таңдауы бойынша мыналарға жүгiну арқылы:
      1) электрондық мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының тiкелей басшыларына жiберiледi;
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрi – басқармалар) басшыларының азаматтарды қабылдауы осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналасқан кесте бойынша жүзеге асырылады;
      2) (8-7172)-74-32-40, 74-32-45 нөмiрi бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «сенiм телефондарына»;
      3) осы Стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген басқармалардың «сенiм телефондарына»;
      4) www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң блогына (www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң блогы» бетi);
      6) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 5-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiктер арқылы;
      7) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, 5-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң кеңсесiне жазбаша шағым арқылы жiберiледi.
      20. Порталда мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсетуге арналған шағымдарды тұтынушы порталдың call-орталығының телефоны бойынша (1414) жолдайды.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      22. Мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсетуге шағым құзыретiне шағымда көрсетiлген мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымдық тұлғаға жiберiлуi тиiс.
      Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi және тұтынушының қолы қойылады. Шағым беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе әрекеттерiне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, шағымдану дәлелдерi мен талаптар көрсетiледi.
      23. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң ақпаратты есепке алу журналында (электрондық форматта) тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген мерзiмдерде қаралады. Өтiнiш иесiне күнi және уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Өтiнiш иесiне шағымды қарау нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша           

^ Дәрiгердiң қабылдауына жазылуды тiркеу туралы анықтама
(электрондық түрде)

      1. Расталған жағдайда:
      «Құрметтi _____________________________________________________
Ciздiң өтiнiмiңiз қабылданды.
      Сiзге «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызметi
көрсетiлетiн болады.
      Дәрiгердiң болу кезеңi 20__ жылғы « » ____ сағат ____ сағат
___ дейiн.
      Кабинетi № ________
      Дәрiгердiң Т.А.Ә. _____________________________________________

      Уәкiлеттi ұйым басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы».

      2. Бас тартылған жағдайда:
      «Құрметтi _____________________________________________________
Сiзге «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк қызметiн көрсетуден бас тартылды.
      Бас тарту себебi: _____________________________________________

      Уәкiлеттi ұйым басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы».

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша           

^ Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң алдағы жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. Электрондық деректердi толтырған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100

2. Сапасы

2. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

3. Қолжетiмдiлiк

3. Қызмет ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

4. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)

0

4. Шағымдану үдерiсi

5. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

5. Сыпайылық

6. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
3-қосымша           

^ Шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн облыстардың, Алматы және
Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының лауазымдық
тұлғаларының байланыс деректерi

Р/с

Уәкiлеттi лауазымдық тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану және шағымды әзiрлеуге жәрдемдесу бойынша органның атауы

Электрондық поштаның мекенжайы

Уәкiлеттi лауазымдық тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды әзiрлеуге жәрдемдесетiн тұлғаның лауазымы

Уәкiлеттi лауазымдық тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды әзiрлеуге жәрдемдесетiн лауазымдық тұлғаның телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы

db@uz.astana.kzs.kurmanova@uz.astana.kz

Бастықтың орынбасары

8(7172) 556825

2

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы

mail@dzalmaty.kzigisinova@dzalmaty.kz

Бастықтың орынбасары

8(7272) 274-98-55

3

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

oblzdrav@kokshetau.online.kz

Бастықтың орынбасары

8(7162) 256877

4

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

lech.aoblzdrav@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7282) 273314

5

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы

e.tatimov@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7132) 540756

6

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы

oblzdrav_atyrau@ mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7122) 354581

7

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

uk_oblzdrav@mail.ru

Басшының орынбасары

8(7232) 241878

8

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы

uzo_zhambyl@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7262) 430930

9

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

dzzko@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7112) 505592

10

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

info@zdravkrg.kz

Бастықтың орынбасары

8(7212) 411413,
411461

11

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы

odzkost@yandex.ru

Бастықтың орынбасары

8(7142) 390503

12

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

info@uzdr.orda.gov.kz

Бастықтың орынбасары

8(7242) 235333

13

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

oblzdrav_kanz@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7292) 302050,
302034

14

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

gimadieva.dz@ pavlodar.gov.kz

Бастықтың орынбасары

8(7182) 510207,
559652

15

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

zdrav@sko.kz

Бастықтың орынбасары

8(7152) 463739

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

arnur-2003@mail.ru

Бастықтың орынбасары

8(7252) 565327

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
4-қосымша           

^ Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау
басқармалары басшыларының азаматтарды қабылдау кестелерi

Р/с

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының атауы

Азаматтарды қабылдайтын тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау уақыты

1

2

3

4

1

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Бейсенбi
14-00-ден бастап 16-00-ге дейiн

2

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Жұма
15-00-ден бастап 18-00-ге дейiн

3

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Жұма
16-00-ден бастап 18-00-ге дейiн

4

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Сәрсенбi
16-00-ден бастап 18-00-ге дейiн

5

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Барлық жұмыс күндерi
10-00-ден бастап 17-00-ге дейiн

6

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

2, 4 дүйсенбi
11-00-ден бастап 12-30-ге дейiн

7

Шығыс Қазақстан облысының денсау ық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Бейсенбi
14-00-ден бастап 16-00-ге дейiн

8

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Сейсенбi, бейсенбi
15-00-ден бастап 17-00-ге дейiн

9

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Сейсенбi, бейсенбi
15-00-ден бастап 16-00-ге дейiн

10

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Жұма
16-00-ден бастап 18-00-ге дейiн

11

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Төртiншi сейсенбi
15-00-ден бастап 17-00-ге дейiн

12

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Күн сайын
15-00-ден бастап 17-00-ге дейiн

13

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Сәрсенбi
17-00-ден бастап 18-00-ге дейiн

14

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Жұма
11-00-ден бастап 13-00-ге дейiн

15

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Бейсенбi
15-00-ден бастап 17-00-ге дейiн

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

Бастықтың орынбасары

Сейсенбi
17-00-ден бастап 19-00-ге дейiн

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
5-қосымша           

^ Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау
басқармаларының сенiм телефондары

Т/б

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының атауы

Сенiм телефонының нөмiрi

1

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы

8(7172) 556823,
556825

2

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы

8(7272) 2755890,
2755960

3

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7162) 255187,
251655

4

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7282) 273314,
210763

5

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7132) 563055,
540756

6

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7122) 354571,
354581

7

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7232) 523202,
241878

8

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7262) 433636,
430930

9

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7112) 512888,
513500

10

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7212) 411413,
411461

11

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7142) 390506,
390503

12

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7242) 235341,
238090-3041

13

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7292) 302050,
302034

14

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7182) 513021,
559652

15

Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7152) 469355,
463739

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

8(7252) 560047,
565325

Похожие:

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885); "Казахстанская правда" от 08. 12. 2012 г., №427-428 (27246-27247)

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconДiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту
Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы iconДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов